Зерттелетін кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және есеп саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 12:50, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастарға көшу арқылы кез-келген қызметтің жауапкершілігі күшейіп келеді. Осыған байланысты әр кәсіпкер немесе ұйымдар өзінің қолында бар мүмкіншіліктерін ұтымды пайдалану арқылы табысты молайту жолдарын іздеуде. Бұл ізгі ниетке жету үшін тек мақсат қою аз. Ендігі жерде олар қандай мәселе болсада экономикалық тұрғыдан болжап отыруды есептеуді және бағалауды керек етеді. Яғни әркімге экономикалық білім, оның ішінде есеп қажет.

Содержание

I. Зерттелетін кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және есеп саясаты...........................3
1.1. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы....................3
1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты........................................................................6

II. КӘСІПОРЫННЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ......................................................................................9
2.1 Еңбек ақының мәні мен ерекшеліктері................................................9
2.2 Негізгі құралдар есебі...................................................................................13
2.3. Тауарлы-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы, олардың жіктелуі..................................................................................................................19

II. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.................21

Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............21



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................25

Работа состоит из  1 файл

отчет ИП ВиГ.doc

— 214.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ 
 

I. Зерттелетін кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және есеп саясаты...........................3 

1.1. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық  сипаттамасы....................3

1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты........................................................................6 
 

II. КӘСІПОРЫННЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ......................................................................................9 

2.1   Еңбек ақының   мәні мен ерекшеліктері................................................9

2.2 Негізгі құралдар  есебі...................................................................................13

2.3. Тауарлы-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы, олардың жіктелуі..................................................................................................................19 
 

II. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.................21 
 

    1.   Қаржылық жағдайдың  мәні және оны  талдаудың мақсаты...............21
 
 
 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................25 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I. Зерттелетін кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және есеп саясаты 

1.1. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы 

    Кәсіпорынның  экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштер қолданылады. Олар Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, деңгейін жан-жақты анықтап беруге көмектеседі.

      Нарықтық қатынастарға көшу арқылы  кез-келген қызметтің жауапкершілігі  күшейіп келеді. Осыған байланысты  әр кәсіпкер немесе ұйымдар  өзінің қолында бар мүмкіншіліктерін ұтымды пайдалану арқылы табысты молайту жолдарын іздеуде. Бұл ізгі ниетке жету үшін тек мақсат қою  аз. Ендігі жерде олар қандай мәселе болсада  экономикалық тұрғыдан болжап отыруды есептеуді және бағалауды керек етеді. Яғни әркімге экономикалық білім, оның ішінде есеп қажет.

    Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты  қамтуда. Сол себепті қалыптасқан  құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол  ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшірді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.

    Жалпы Кәсіпорынның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштерді пайдаланамыз«ВиГ» ЖК-дің

    негізгі көрсеткіштері төмендегі № 1 кестеде көрсетілген. 
 
 

    1-ші  кесте  

    «ВиГ ЖК-дің

    Қаржы- шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

    2007-2008ж.ж.

    (мың.тг.)

                                                                                                                   №  

    Көрсеткіштер

Өл-шем бірлігі Өткен жыл Есепті жыл Ауыт-қулар Өсу темпы
А

    Б

В 1 2 3 4
1. Сатудан түскен табыс  мың.тг 43382000 45405901 2023901 104,6
2. Өнімнің өзіндік  құны мың.тг  
41658945
 
43587448
 
1928503
 
104,6
3. Жалпы табыс мың.тг  
1723055
 
1818453
 
95398
 
105,5
4. Кезең шығындары мың.тг 2875452 3049160 173708 106
5. Негізгі емес қызметтен түскен табыс    
2277119
 
2527787
 
250668
 
111
6. Салық салынғанға дейінгі табыс  мың.тг  
1124722
 
1297080
 
172358
 
115,3
7. Табыс салығы мың.тг 337416,6 317245 -201716 94,1
8. Негізгі құралдардың  орташа жылдық құны мың.тг  
885806
 
824190,5
 
-61615,5
 
93,1
9. Қор қайтарымдылығы мың.тг 48,9 55 6,1 112,4
10. Қор сиымдылығы мың.тг 0,02 0,01 0,01 50
11. Активтердің айналымдылығы 
рет
10,4 11,5 1,1 110,5
12. Сату рентабельділігі % 3,9 4 0,1 102,5
13. Активтер рентабельділігі % 15 14,9 -0,1 99,4
14.
Таза  табыс
мың.тг 787305,4 979835 192529,6 124,4
 

    Кәсіпорынның  қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасай отырып келесі мәліметтерді байқауымызға болады. “ВиГ” ЖК-дің

      есепті жылы сатудан түскен кірісі 45405901мың. тг. болып, өткен жылмен салыстырғанда 2023901 мың. тг. яғни 4,6 % өскен. Ал, өнімнің өзіндік құны өткен жылы 41658945 мың.тг. құрап, есепті жылы 43587448 мың тг. болған. Ауытқу сомасы  1928503 мың. тг. құраған. Бұл есепті жылы өткен жылға қарағанда сатудан түскен кірістің ұлғаюы нәтижесінде болып отыр. Осыған байланысты кезең шығындары да 173708 мың. тг. жоғарылаған.

      Кәсіпорынның  салық салынғанға дейінгі табысы есепті жылы  1297080 мың.тг. болса, табыс салығы 317245 мың. тг. құрап, осы жылы табыс салық сомасы өткен жылмен салыстырғанда – 317245 мың.тг. Бұл табыс сомасы өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғанмен салық салынатын табыс (шегерімдер алынған) аз болып отырғандығын көрсетеді.

      Негізгі құралдардың орташа жылдық сомасы есепті жылы 824190,5 мың. тг. Ол өткен жылмен салыстырғанда - 61615,5 мың.тг. азайған. Тиісінше қор қайтарымдылығы 6,1 мың.тг. өсіп, қор сиымдылығы 0,01 айырмашылықты көрсетеді. Активтер мен сату рентабельділігіне қарап, Кәсіпорынның сату деңгейі мен активтерді пайдалану мөлшерінің пайдалылығының қаншалықты дәрежеде екендігін байқаймыз. Яғни активтер рентабельділігі өткен жылмен салыстырғанда –0,1 болып, сату рентабельділігі 0,1 құрайды. Бұған қарап Кәсіпорынның сату бөлімінің немесе менеджерлердің сатуды дұрыс жоспарламағандығын көреміз. Сонымен Кәсіпорынның таза табысы есепті жылы 979835 мың.тг. болған. Өткен жылға қарағанда 192529,6 мың.тг. өскен. Бұл жақсы көрсеткіш, өйткені осыған қарай өнімнің өзіндік құны өскенімен ол жалпы табысты көп өзгертпей, нәтижесінде таза табыстың артқандығын көрсетеді.  
 

1.2.Кәсіпорынның есеп саясаты

   “ВиГ” ЖК-дің есеп саясаты Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына және Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есеп стандарттары мен әдістемелік ұсынымдарына сәйкестендіріліп жасалынған. Тиісті заңдылықтардың өзгеруіне байланысты “ВиГ” ЖК-дің өзінің есеп саясатының ережелеріне шұғыл түрде өзгеріс енгізіп, құжатты пайдаланушыларға ескертеді.  Есеп саясатының жалпы ережелерінде бухгалтерлік есебін жүргізудегі және қаржылық есеп беруді құруда Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына және Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес талаптарға сүйеніп, Типтік жоспар шоттарын қолданып, сондай-ақ олардың  қағидалары, негіздері, жағдайлары, тәртіптері жазылған.

      Есеп  саясатының келесі бөлімі Кәсіпорынның заңды статусы мен ұйымдастырылу  құрылымын қарастырады. Қоғам жекеменшіктік  заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорынның негізгі қызметтеріне төмендегілер жатады: геодезиялық приборлармен қызмет көсету және көтерме сауда. Есеп саясатының келесі бөлімінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен ішкі бақылау жүйесі келтіріледі. Ұйымдастыру негізіне қарай:

-қабылданған  есеп саясатын есепті мерзім  бойы бақылау;

-қаржылық  міндеттемелер мен мүліктерді  инвентаризациялау нәтижелерін  сондай-ақ барлық шаруашылық операцияларын  түгелдей есепте қамтылғанын;

-есепті  мерзімге шығындар мен табыстардың  дұрыс жатқызылғандығын;

-аналитикалық  және синтетикалық есеп нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

   Серіктестік бухгалтерлік есебін активтер, меншікті капитал, міндеттемелер т.б. шаруашылық операцияларын екі жақты жазу әдісімен, Типтік жоспар шоттарына  сәйкес және де Қазақстан Республикасының  “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына, Бухгалтерлік есеп стандарттарына, есеп саясатына және басқа да Серіктестіктің бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға байланысты бұйрықтары мен ережелеріне, нұсқауларына  сәйкес іске асырады.  Барлық бухгалтерлік жазбалар Серіктестіктің бухгалтерлік есеп жүйесіндегі Типтік жоспар шоттарына сәйкес жасалынған Жұмыс шоттар жоспары жіктемесіне қарай жасалынып, Серіктестіктің қызмет ерекшелігіне байланысты құрылады. Жалпы бухгалтерлік жазбалар келесідей тәртіппен жасалады:

  1. Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операцияларының мазмұнына қарай алғашқы құжаттарға жазылады;
  2. Алғашқы құжаттардағы мәліметтер екі жақты жазумен

корреспонденцияланып, журнал-ордерлер, ведомостерге немесе машинограммаларға жазылады;

  1. Осы құжаттардың негізінде қаржылық есеп құрылады. /16/

Серіктестікте шаруашылық операцияларының құжатталу  тәртібі, құжаттардың айналымы, бухгалтерияға  немесе архивке түсу уақыты, өңделуі  ішкі есеп аппаратының құжат айналымына сәйкес жүргізіледі.  Серіктестікте  бухгалтерлік есептің келесідей әдістері қолданылады:

-аналитикалық  және синтетикалық есеп регистрлары  мен қаржылық есеп беру  үшін  дербес компьютерлер беріліп  – есеп жартылай автоматтандырылған  немесе журнал-ордерлік нысанда  жүргізіледі яғни екі нысанда  да жүргізіліп отыруға болады ; 

-барлық  жасалынған құжаттардағы мәліметтер  Серіктестіктің  қызметінің коммерциялық  құпиясына жатады;

-құжаттардағы  мәліметтермен танысуға Серіктестіктің  басшысының рұқсатын алу керек;

-серіктестікте  келесідей ішкі ұйымдық құжаттар  жасалынады: ережелері, қызметкерлердің қызметтік нұсқаулары, іс және іс- жүргізу нұсқаулары, мүліктерге инвентаризация жүргізу нәтижелерін рәсімдеу мен талаптар, материалдық емес активтер, тауарлы-материалдық қорлар, негізгі құралдар, есеп айырысу құжаттары, инвестициялар, қатаң есеп берудегі құжаттар т.б. туралы инвентаризациялық жеке құжаттар;

-қаржылық  есеп нәтижелеріне аудиторлық  тексеру жүргізіп отыру;

Серіктестікте Типтік жоспар шоттарының негізінде  жұмыс шоттары қарастырылған. Онда барлығы да  Типтік жоспар шоттарын қамтиды.

    Есеп  саясаты 13-бөлімнен тұрады, олар 1-4 бөлімдер жоғарыда айтылып өтті. 5-бөлім. Түгендеу.

    2- тарау. Әдістемелік бөлім. 1-бөлім.  Негізгі құралдар есебі. 2-бөлім.  Материалдық емес активтер есебі. 3-бөлім. Ақша қаражаттар есебі. 4. Еңбек және еңбек ақы есебі. 5-бөлім. Тауарлы-материалдық қорлар есебі. 6-бөлім. Дебиторлармен есеп айырысу есебі. 7-бөлім. Міндеттемелер есебі. 8-бөлім. Кезең шығындары. 9-бөлім. Сату және табыстар есебі. 10-бөлім. Корпоративтік табыс салығы есебі. 11-бөлім. Меншікті капитал. 12-бөлім. Қаржылық есеп беру.

(Есеп  саясаты қосымшада тіркелген)

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    II. КӘСІПОРЫННЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 

    2.1   Еңбек ақының   мәні мен ерекшеліктері 

    Қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдерінің  тәжірибесі нақтылы экономиканың тепе-теңдігін қамтамасыз етуде және оны ұтымды пайдалануда экономикалық әдістің тиімді екендігін дәлелдеп отыр. Халық шаруашылығының барлық салаларын алып қарастырсақ та еңбекақы негізгі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Кез келген еңбектің тиімділігі белгілі бір операцияны орындау мерзіміне, жұмыс сапасына тағы басқа факторларға байланысты ауытқып отырады. Қоғам мүшелері арасында материалдық игіліктерді бөлу, оның еңбекке қарай бөлудің объективтік экономикалық заңы негізінде жүргізіледі.

Информация о работе Зерттелетін кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және есеп саясаты