Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 12:50, курсовая работа
Нарықтық қатынастарға көшу арқылы кез-келген қызметтің жауапкершілігі күшейіп келеді. Осыған байланысты әр кәсіпкер немесе ұйымдар өзінің қолында бар мүмкіншіліктерін ұтымды пайдалану арқылы табысты молайту жолдарын іздеуде. Бұл ізгі ниетке жету үшін тек мақсат қою аз. Ендігі жерде олар қандай мәселе болсада экономикалық тұрғыдан болжап отыруды есептеуді және бағалауды керек етеді. Яғни әркімге экономикалық білім, оның ішінде есеп қажет.
I. Зерттелетін кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және есеп саясаты...........................3
1.1. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы....................3
1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты........................................................................6
II. КӘСІПОРЫННЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ......................................................................................9
2.1 Еңбек ақының мәні мен ерекшеліктері................................................9
2.2 Негізгі құралдар есебі...................................................................................13
2.3. Тауарлы-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы, олардың жіктелуі..................................................................................................................19
II. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.................21
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................25
ә) Қазакстан Республикасы Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уакыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады.
Негізгі
құралдарды қайтадан бағалау (индексациялау)
кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі
күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады.
Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру
құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда
негізгі құралдарды тиісті түрде қайта
бағаланғаннан (индексациялағаннан) бастап,
оларды баланста қалпына келтіру құнымен
есептейді.
2.3.
Тауарлы-материалдық
қорлар есебінің ұйымдастырылуы,
олардың жіктелуі
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы-материалдық босалқылар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Өндіріс барысындағы қызметтік ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына (мөлшеріне), технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.
Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін жаңа типтік шоттар жоспарына сәйкес 1300 «Запастар» бөлімнің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі аналитикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізат және материалдар», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқа да запастар», 1360 «Запастарды есептен шығару бойынша резерв».
1310
«Шикізат және материалдар»
1320
«Дайын өнім» шотында негізгі
және қосалқы цехтарының
1330
«Тауарлар» шотында қозғалыс
процесінде және сату мен
1340 «Аяқталмаған өндіріс» шотында аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады.
1350 «Басқа да запастар» өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б. есепке алынады.
1360
«Запастарды есептен шығару
Әрбір
шаруашылық жүргізуші субъектілер
қажеттігінше әрбір шоттар бойынша
субшоттар және материалдық есебі
бойынша аналитикалық (талдамалы) шоттар
аша алынады.
II.
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорнның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады», деп жазған.
Профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.»
Жоғарыда берілген анықтамада қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұғымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін біріңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорының сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куаландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытыл өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады деген сұраққа жауап береді. Қаржы ресурстарының жағдайы нарық талаптарына сай болуы және кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлемқабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаржының болмауына, ал көп болуы – дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер табылады:
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коомерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрылымына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдалануына есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасындағы тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметтің жетістігі, көбінесе оның өндірістік –сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұраптылымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсер тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсіуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процессінің тоқтауына әкліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процессінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісіше шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның
қаржылық қызметінің қалыпты болуы
әсіресе, өз кезеңіндегі өойылған мақсаттарға
қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды
туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің
кепілі болып табылатын өнім өндірудің
үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық
жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: