Қызметкерлердің
еңбекақысы алынған нақты өніммен
тығыз байланысты болуын қамтамасыз
ететін еңбек ақы төлеу жүйесі бұл заңға
неғұрлым сай келеді. Еңбек адам мен табиғат
арасында мақсаткерлікпен жасалатын тоқтаусыз
процесс. Сонымен қатар әрбір тіршілік
иесінің табиғат берген күш жігері, табиғатты
өзгерту арқылы қоғамның және жеке тұлғалардың
қажетін өтеуге жұмсалатын процесс. Әрбір
тарихи кезеңнің еңбек процесінің қоғамдық
дамуы мен өз әдіс-тәсілдері қалыптасуына
материалдық негіз қаланған.
Жалпы
еңбек ақының мәні мен ерекшеліктерін
ашып көрсететін болсақ бұған байланысты
экономикалық теорияда екі тұжырымдама
бар: біріншіден, еңбек ақы еңбектің бағасы
яғни еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы
ескерілмейді, оның дәрежесі мен динамикасы
нарықтық факторлар – сұраныс пен ұсыныспен
анықталады; екіншіден, еңбек ақы жұмыс
күші яғни тауардың құнының ақшалай
көрінісі бірақ еңбектің бағасы емес
өйткені еңбек тауар бола алмайды,
еңбек ақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс
күшінің құны), нарықтық факторлар сұраныс,
ұсыныспенде анықталады. Еңбек ақының
екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси
экономиясының классиктері А.Смит пен
Д.Рикардоның теорияларында негізделген.
Осы терияға байланысты еңбек ақының ерекшеліктерін
былай көрсетеміз: еңбек табиғи бағасы
бар немесе “табиғи жалақы” деп саналады.
Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен
анықталады, яғни жұмысшының және оның
отбасының тіршілігіне қажетті құнмен
есептеледі. Яғни еңбек ақы тарихи және
рухани элементтерді қамтиды, осыған байланысты
А. Смит еңбек ақы мөлшерінің ұлттық ерекшелігі
болатынын түсіндіреді. Қазіргі батыстық
экономика ғылымында еңбек ақыны еңбектің
бағасы деген көзқарас кең орын алуда.
Өйткені экономикалық теорияда еңбек
ақының анықтамасы мен мәніне әртүрлі
тұжырымдамалар беріледі. Еңбек ақы дегеніміз
– бұл нарықтық бағаның маңызды категориясы,
өйткені ол еңбектің бағасы.
Жалпы
еңбек және оған еңбекақы төлеу қай
кезде болмасын күрделі мәселе. Өйткені
еңбекақы мөлшері әрбір еңбекшінің тағдыры.
Мысалға, Интерфакс, ТМД мемлекетаралық
статистикалық комитетінің деректеріне
қарасақ ТМД елдеріндегі орташа айлық
жалақы мөлшері төмендегідей: (2005-2006ж.ж.).
1-ші сүретте ТМД елдеріндегі орташа айлық
жалақы көрсетілген.
Сүрет 1. ТМД елдеріндегі орташа айлық
жалақы. (АҚШ долларымен)
ТМД елдерінің салыстырмалы
диаграммасы
Қазақстандағы
орташа айлық жалақы графиктегі 9 елдің
ең жоғарғысы. Әрине, бұл цифрлар
еліміздің күн көріс жағдайы
біршама жоғары екендігін көрсетеді.
Мұнда ТМД елдеріндегі орташа
айлық жалақы көрсеткіштері АҚШ
долларына шағып алынған.
Сондай-ақ
Қазақстан Республикасының үкіметі
қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттен
қаржыландыратын мекемелер қызметкерлерінің
жалақысын 2006 жылы шілдеде 30% өсіруді
қабылдады. Тұтыну бағасының өсу
темпі еңбекақы темпінің өсуіне байланысты
өсіп отыр. Нәтижесінде нақты еңбекақының
базалық индексі, сатып алу қабілеттілігі
нақты оның деңгейімен сипатталатын деңгейден
төмен. Мысалға егер 2006 жылы Республикада
өнеркәсіптегі жұмысшылардың нақты орташа
жалақысы 120% өссе, онда осы мерзімдегі
нақты еңбекақы индексі 102,2%-ке ғана көтерілді.
Өнеркәсіптің машина жасау, электроэнергетика,
құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл,
орман немесе тамақтандыру өнеркәсіп
салаларында ол бірліктен төмен болып
отыр. Осы кезеңде тауарларға және қызмет
көрсетілуде тұтыну бағасының индексі
117,4%-ке дейін өскен. Мысалы тұтынушылар
үшін ақылы қызмет көрсету өрісінде баға
және тарифтер 38,8%-ке ғана өсіп отыр, сондай-ақ
балаларды мектепке дейінгі жасқа күтіп
қарау мекемелерінің төлемі 42%, байланыс
қызметтері 46%, көліктік тұтынушыларды,
денсаулық сақтауда және мәдениетте 18%.
Нәтижесінде үй коммуналдық реформа жүргізуде
электр энергиясын қолдану төлемі 60,5%,
суық су 48,9%, ыстық су 42,1%, көгілдір отын
28,4%-ті қамтиды және т.б. Ендігі үш бөлігі
пәтердің міндетті тұрғын үй коммуналдық
төлемінің шығыны 26,5%-ке жетіп отыр. Бұның
бәрі нақты жағдайда болуда, егер орташа
бір адамның айлық ақшалай табысы, еңбек
табысының құрамында 70% яғни 2848 теңгеге
теңесті немесе 37,7$, төменгі орташа айлық
күн көріс мөлшері, тұтыну деңгейінің
төменгі мөлшерінен есептеп алынған –
3505 теңгені құрайды (46,4$). Еңбекақының ең
төменгі нақты мөлшері 2005 жылға 7000 теңге,
зейнетақы – 6200 тенгені құрап, өндірістегі
жұмысшылардың орташа айлық нақты мөлшерінен
6,2 рет және Республиканың бір адамға шаққандағы
күнкөрістің төменгі мөлшерінен 39,9% төмен.
(Баспасөз материалдарынан алынды). Кез-келген
мемлекеттің ішінде әрқилы мамандықтағы
қызметкерлердің жалақысы әртүрлі болып,
экономика жағдайына байланысты өзгеріске
ұшырап отырады. Өйткені еңбек ақының
динамикасы күрделі, ол тұтыну тауарлары
мен қызмет көрсетудің баға динамикасымен
байланысты бірде жоғары, бірде төмен
өзгерісте болады. Еңбек ақы табыстың
көзі әрі тұрмыс дәрежесінің көрсеткіші
болғандықтан, оның мөлшері мен динамикасы
адамдардың ең бір мүдделі мәселесі болып
табылады.
Еңбек
ақы өндіріс жағдайымен нарықтық
конъюнктураға тәуелді. Еңбек ақы
дәрежесіндегі ерекшеліктер алдымен
өндіріс мөлшерінде анықталады. Экономикасы
дамыған елдердегі жоғары еңбек
ақы өндіріс пен еңбек өнімділігі
саласындағы жетістіктерге байланысты.
Еңбек ақының мөлшері мен динамикасына
ықпал ететін маңызды факторларға табиғи
ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс күштерінің
саны мен сапасы, техника мен технология
дәрежесі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру
жатады.
2.2
Негізгі құралдар
есебі
Бухгалтерлiк
есептiң 16 “Негiзгi құралдар”
деп аталатын халықаралық
стандарттарына сәйкес
негiзгi құралдар дегенiмiз
– кәсiпорында өнiм өндiру,
тауарларды тасымалдау
немесе қызмет көрсету
үшiн, басқа кәсiпорынға
жалға беру үшiн немесе
әкiмшiлiк мақсаттар
үшiн пайдаланылатын
және бiр кезеңнен (бiр
жылдан) артық мерзiм
iшiнде пайдаланылады
деп болжанатын материалдық
активтер.
Негiзгi
құралдарға қозғалмайтын
мүлiк, жер учаскелерi,
үйлер мен ғимараттар,
өткiзгiш тетiктер,
машиналар мен жабдықтар,
өлшеу және реттеу аспаптары
мен қондырғылар, есептеу
машиналары мен техникалары
және олардың бағдарламалық
құралдары, көлiк тасымалдау
құралдары, аспаптар,
өндiрiстiк және шаруашылық
құрал-саймандары, өнiм
және жұмыс малдары,
көп жылдық екпе ағаштар,
шаруашылықтың iшкi жолы,
тағы да басқалар жатқызылады.
Негiзгi
құралдардың есебiн
дұрыс ұйымдастырудың
басты шарты оны
жiктеу болып табылады.
Оны төмендегі
суреттен көруге
болады. (Сурет 1).
Өндiрiс
процесiне қатысу сипатына
байланысты негiзгi құралдар
өндiрiстiк және өндiрiстiк
емес болып екiге бөлiнедi./2/
Негiзгi
өндiрiс құралдарына
өндiрiс процесiне тiкелей
қатысатын обьектiлер
жатады, олардың көмегiмен
өнiмдi әзiрлеген кезде
еңбек құралдарына (машина,
құрал-жабдық, құрал-саймандар
т.б.) әсер ету жүзеге
асады немесе өндiрiстi
жүргiзу үшiн қажет материалдық
жағдайын жасайды (ғимараттар,
құрал-жабдықтар, өткiзгiш
қондырғылар). Негiзгi
өндiрiстiк құралдардың
пайдалануын сипаттайтын
шолушы экономикалық
көрсеткiш
I – қор қайтарымы болып
табылады, ол негiзгi
құралдардың бiр өлшемiне
шаққандағы өндiрiлетiн
заттай немесе ақшалай
түрiндегi өнiмдi көрсетедi.
Сурет
1- Негізгі құралдардың жіктелуі
Өндiрiстiк
емес негiзгi құрал-жабдықтар
– тұтынуға арналған құрал-жабдықтар.
Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар,
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық
сақтау мүлкi, т.б.) қажеттiлiктерiн ұзақ
мерзiм бойы өтеуге арналған.
Иелiгiне
қарай негiзгi құралдар: меншiктi және
жалға алынған болып бөлiнедi.
Меншiктi дегенiмiз – субьектiге тиесiлi
және оның балансында көрiнiс табатын негiзгi
құралдар. Белгiленген мерзiмге шарт бойынша
басқа субьектiден алынған негiзгi құралдар,
жалға алынған құралдар болып саналады.
Оларды жалға берушiнiң балансында есептейдi,
жалға алушы 001-шi “Жалға алынған негiзгi
құралдар” баланстан тыс шотында есептейдi.
Жалға алу мерзiмi аяқталған соң немесе
ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келiсiлген
бағамен сатып алуына болады. Оларды 2411-“Жер”,
2412-“үйлер мен ғимараттар”, 2413-“Меншiк
және құрал-жабдықтар, өткiзгiш қондырғылар”,
2414-“Көлiк құралдары”, 2415-“Басқа да негiзгi
құралдар” шоттарының тиiстi аралық шоттарында
есептейдi./3/
Заттық
құрамына қарай негiзгi құралдар: мүлiктiк
және мүлiктiк емес болып бөлiнедi.
Мүлiктiкке (заттай) көрiнiсi бар, яғни санауға
және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар,
машиналар, жабдықтар) жатады. Мүлiктiк
еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы,
су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделi
қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар
(жер учаскелерiн, егiстiк үшiн пайдаланылатын
жердi өңдеу, жалға алынған негiзгi құралдарға
күрделi қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Негiзгi
құралдар объектiсi төмендегi шарттарға
сай келгенде ғана актив ретiнде
танылуға (есепке алынуға) тиiстi:
а) егер
кәсiпорынның активпен байланысты келешек
экономикалық пайда алатындығына аса
үлкен ықтималдықпен сендiру мүмкiн болса;
б) егер
кәсiпорын үшiн активтiң өзiндiк
(бастапқы) құнын сенiмдi түрде бағалау
мүмкiн болса.
Негiзгi
құралдар есебiн ойдағыдай жүргiзу
үшiн алдымен оларды жүйелеп топтастыру
қажет.
Барлық
негiзгi құралдар өздерiнiң өндiрiске
қатысуына қарай өндiрiстiк және
өндiрiстiк емес болып екi топқа
бөлiнедi. Өндiрiстiк негiзгi құралдар
– деп өндiрiсте қызмет ететiн,
яғни пайдаланылатын негiзгi құралдарды
айтады. Оларға: өндiрiске арналған үйлер,
ғимараттар, өткiзгiш тетiктер, құрылыс
машиналары, көлiк тасымалдау құралдары,
әртүрлi станоктар, двигательдер, құрал-саймандар,
өлшеуiш аспаптар және тағы басқалары
жатқызылады. Өндiрiстiк емес негiзгi құралдардың
қатарына шаруашылықтың өндiрiстен басқа
салаларында пайдаланылатын негiзгi құралдар
жатқызылады. Оларға: тұрмыстық үй-жай
(коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық
сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм
беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын
негiзгi құралдар тағы да басқа негiзгi
құралдар жатады. Экономиканың салаларына
және iстейтiн қызметтерiнiң түрлерiне қарай
барлық негiзгi құралдар: өнеркәсiп, ауыл
шарушылығы, орман (тоғай) шаруашылығы,
тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық
жабдықтау және сату-өткiзу кәсiпорындары,
қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары,
әлеуметтiк сақтандыру, ғылым және бiлiм
беру, ғылыми көмек көрсету және тағыда
басқа салалар бойынша топтастырылады.
Негiзгi
құралдарды экономиканың салаларына қарай
топтастырған кезде олардың қатысуымен
шығарылған өнiмдердiң, болмаса орындалған
жұмыстар мен қызметтердiң шаруашылықтың
қай түрiне жататындығы негiзге алынады.
Егер
шаруашылық субъектiдегi негiзгi құралдардың
бәрi тек қана субъектiнiң негiзгi
шаруашылығының түрiне ғана қызмет көрсететiн
болса, онда бұл субъектiдегi негiзгi құралдардың
барлығы түгелiмен сол шаруашылық субъектiнiң
атқаратын қызметi саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы:
өнеркәсiптiк шаруашылық субъектiсiндегi
өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру процессiне
тiкелей байланысты негiзгi құралдардың
барлығы өнеркәсiп саласына жатқызылады.
Егер
кәсiпорынның балансында оның негiзгi қызметiнен
басқа салаларында қызмет атқаратын
өндiрiстерi мен бөлiмшелерi болса, онда
осы бөлiмшелер мен өндiрiстiң атқаратын
қызметтерiнiң сипатына сәйкес келетiн
экономика саласы қызметi түрiндегi топқа
жатқызылады.
Негiзгi
құралдар пайдалану мақсатына және
атқаратын мiндеттi қызметiне қарай
мынадай топтарға бөлiнедi:
Жер
(кәсiпорында пайдаланылатын барлық
жер) – субъект меншiгiндегi сатып
алған жердiң көлемi мен құны. Жерге меншiк
құқығы бар болса, онда олар құқық актiсiмен
расталуы керек. Ондай актiсi берiлген болса,
онда ондай жер учаскелерi мүлiктiк объектi
болып саналады.
Өндiрiстiк
ғимараттар мен құрылғылар (астық
қоймасы, мал қорлары, мұнай қоймалары,
автомобиль гараждары, мал азығын сүрлейтiн
мұнаралар, суландыру жүйелерi, көң қоймалары);
Машиналар
мен жабдықтар, өткiзгiш тетiктер
(тракторлар, күш бергiш қондырғылар,
электр двигательдерi, бумен жұмыс iстейтiн
двигательдер, топырақ өңдейтiн, егiн
салатын, тұқым себетiн және егiн жинайтын
машиналар мен құралдар, жем-шөп әзiрлейтiн
машиналар, мал фермасының жабдықтары,
электр жүйелерi, жылу энергиясын немесе
газ тәрiздi заттарды өткiзуге арналған
құралдар, телефон және радио жүйелерi);
Көлiк
құралдары (автокөлiктердiң барлық түрлерi,
автоприцептер, қайық және қатерлер, мотоциклдер,
велосипедтер, арба және шаналар);
Басқадай
негiзгi құралдар (құрал-саймандар, шаруашылық
құрал-жабдықтар, өндiрiстiк құрал-жабдықтар,
өнiм малы, көпжылдық екпе ағаштар,
тағы басқалар).
Сақтауда
тұрған негiзгi құралдардың қатарына
келешекте, яғни алдағы уақытта тозып
немесе басқа да жағдайларға байланысты
есептен шығатын негiзгi құралдардың
орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар
жатқызылады.
Бухгалтерлік
шоттарда есептелген негізгі құралдардың
бастапқы күндері тек мына жағдайларда
ғана өзгертіледі:
а) негізгі
құраддардың пайдалы қызмет атқаратын
мерзімін ұзартатындай немесе қыскартатындай
оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша
күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде,
жаңартқанда тағы да басқа) немесе ішінара
бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;