Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есеб

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:57, курсовая работа

Описание

Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 13.11.96 жылғы №3 Ұлттық комиссиясы бекітіп, 01.01.97 жылғы күшіне енген қаулысына сәйкес №16 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарты бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты кәсіпорын, меншігіндегі немесе оның уақытша пайдалануындағы негізгі құралдар есебі методикасын анықтау, шаруашылық жұмысын жүргізу немесе жедел басқару болып табылады. №16 халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес негізгі құралдар есебінің негізгі сұрақтары келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау болып табылады:
Мойындау кезеңі;
Қызмет ету мерзімі;
Амортизация есептеу әдісі;

Содержание

Кіріспе.....................................................................................3
I.бөлім.Негізгі құралдардың жіктелуі...................................4
1.1Негізгі құралдардың бағалануы.......................................8
1.2Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру..................10
1.3Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі........................11
II.бөлім Негізгі құралдардың тозуы.....................................12
2.1Негізгі құралдарды жөндеудің есебі...............................16
III.бөлім Жалға алынған және жалға берілген негізгі
құралдардың есебі..................................................................18
3.1 Негізгі құралдарды істен шығару есебі..........................21
3.2 Негізгі құралдарды түгендеу...........................................22
Қорытынды.............................................................................24
Қолданылған әдебиеттер.......................................................25
Қосымша..................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Курсовая №№№.doc

— 162.50 Кб (Скачать документ)

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Жоспар

Кіріспе.....................................................................................3

I.бөлім.Негізгі құралдардың жіктелуі...................................4

1.1Негізгі құралдардың бағалануы.......................................8

1.2Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру..................10

1.3Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі........................11

II.бөлім Негізгі құралдардың тозуы.....................................12

2.1Негізгі құралдарды жөндеудің есебі...............................16

III.бөлім Жалға алынған және жалға берілген негізгі

құралдардың есебі..................................................................18

3.1 Негізгі құралдарды істен шығару есебі..........................21

3.2 Негізгі құралдарды түгендеу...........................................22

Қорытынды.............................................................................24

Қолданылған әдебиеттер.......................................................25

Қосымша..................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Кіріспе

Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 13.11.96 жылғы №3 Ұлттық комиссиясы бекітіп, 01.01.97 жылғы күшіне енген қаулысына сәйкес №16 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарты бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты кәсіпорын, меншігіндегі немесе оның уақытша пайдалануындағы негізгі құралдар есебі методикасын анықтау, шаруашылық жұмысын жүргізу немесе жедел басқару болып табылады. №16 халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес негізгі құралдар есебінің негізгі сұрақтары келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау болып табылады:                                                                                                                                                  

Мойындау кезеңі;

Қызмет ету мерзімі;

Амортизация есептеу  әдісі;

Кезеңдегі күрделі салым;

Бағалау әдісі.

Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар:

1) еңбек заттары (шикізат,  материалдар, сатып алынатын жартылай   фабрикаттар);

2) еңбек құралдары  (станоктар, машиналар) болып бөлінеді.

Қандай да болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады.

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп - өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Негізгі құралдарға мыналар  жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа обьектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал – саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.)

Көлеміне немесе бағасына (арзанды – қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдар қатарына жатпайды.

Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субьектінің нарықтағы  іс қимылын анықтап, бәсекейлес субьектіні айқындауға, сондай - ақ субьектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады. Сондықтан шот корреспонденцияларын дұрыс жүзеге асыру үшін негізгі құралдардың жүргізілу тәртібін, әзірлеп, жинақтап, топтастырып есепті жүргізу қажет. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен басқа да ресми актілерге сәйкес жүзеге асырылуы керек. Заң тәртібін сақтай отырып бухгалтерлік есеп адал жүргізілінеді. Сондай - ақ негізгі құралдарды жіктеу, бағалау, тозу есебін есептеу, жалға алу есебін сондай ақ түгендеуді дұрыс қамтамасыз ету үшін бухгалтер өз жұмысын толық білу керек. Бухгалтер экономикалық жаңалықтарды оқып, есептерді шешіп эрудит болуы қажет. Курстық жұмыс 7тараудан тұрады. Бірінші тарауда - негізгі құралдарға не жататыны, қалай жіктелінуі көрсетілген. Екінші тарауда - негізгі құралдардың бағалануы толық сипатталады. Үшінші тарауда - есептеуді ұйымдастырудың маңызы жазылған. Төртінші тарауда - шот корреспонденцияларын дұрыс орналастыру тәртібі көрсетілген. Бесінші тарауда -негізгі құралдар амортизациялантын жағдайда есеп қалай жүргізіленетіні жазылынады. Алтыншы тарауда - жөндеу есебі қандай кезде қарастырылынатыны көрсетілген. Ал ақырғы тарауда негізгі құралдар жалға алынған немесе жалға берілген операциялары қалай жүргізілінетіні сипатталады.

Осы тақырыптарды бақылап, маңызын ашу менің басты мақсатым болып табылады. Курстық жұмыста осы тараулар сипатталып, зерттеліп қарастырылатын болады.

Негізгі құралдардың жіктелуі: Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп - өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр - түрлі станоктар, двигательдер, құрал – саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалар жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй – жай (коммуналдық)шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады.

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай  меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы №16 Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес »Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептелінеді.

Сонымен қатар пайдалану  барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа  бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге  өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі  құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі  құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал – жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатып  алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептеледі:

а)негізгі құралдар;

ә)тауарлық – материалдық қорлар

б)қаржылық – инвестициялар.

Кәсіпорынға негізгі  құралдар мынандай жолдармен алынуы мүмкін: нақты ақшаға сатып алынуы, несиеге алынуы, кәсіпорынның жарғылық капиталына салым ретінде алынуы, басқа кәсіпорыннан сыйлық ретінде алынуы, салу, құру, жасау арқылы алынуы, басқа активтерге айырбастау арқылы.

Негізгі құралдардың  бухгалтерлік есебінің міндеті:

1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.

2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамассыз ету.

3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.

5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.

6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.

Заттық құрамы бойынша  негізгі құралдар былайша бөлінеді:

Инвентарлық – бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын обьектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар);

Инвентарлық емес – бұл жер, орман, су дақылдарына (ғимараттан басқа) арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учакелерін жоспарлау,егістік алаңдарын өңдеу).

Өнеркәсіп саласына экономиканың барлық салаларында өнеркәсіптік өнімдерді өндіру процесімен тікелей байланысты негізгі қорлар жатады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсаттарына және атқаратын қызметіне қарай мынандай топтарға бөлінеді:

а)үйлер (тұрғын үй, кеңсе  үйі, қойма);

ә)ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар);

б) өткізгіш тетіктер (жұмыс  машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, тағы басқалары);

в) машиналар (бумен жұмыс  істейтіндвигательдер, іштен жанатын  двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар мен тағы да басқалары);

г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары;

ғ) құрал – саймандар мен жабдықтар (шкафтар,бактар, контейнерлер тағы да басқа негізгі құралдар);

д) шаруашылық құрал жабдықтары (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтар, тағы да басқалары);

е) жұмыс және өнім малдары;

ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;

з) жер (ұйымның сатып  алған жер көлемінің құны);

и) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;

к) басқа да негізгі  құралдар (кітапхана қорлары тағы басқалары);

Негізгі құралдардың  бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады:

Күш беретін машиналар  мен жабдық машиналар, жылу және электр қуатын өндіретін генераторлар, әр түрлі қуаттарды механникалыққа, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина – қозғалтқыштар (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, турбинаның бу қозғалтқыштары, іштей жану қозғалтқыштары, электроқозғалтқыш).

Жұмысшы машиналар мен  жабдықтар – бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек заттарына механикалық, термикалық және әсер етуге арналған машиналар, аппараттар мен жабдықтар (токарьлық темір жонғыш станоктар, насостар, электрлі моторлар, эксковаторлар, грейдерлер).

Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зерттеухана жабдықтары – бұл өндіріс процестерін өлшеу мен реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар,водомерлер, манометрлер).

Есептеу техникасы –  процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғылар мен аспаптар (компьютерлер мен басқа да есептеу машиналары).

Өзге де машиналар  мен жабдықтар (телефон станцияларының, радио желілерінің жабдықтары, өрт  машиналары).

Көлік құралдары –  адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол, су көлігінің қозғалмалы құрамы).

Инвентарлық обьект – барлық тиесілі керек жарақтарымен және керек заттарымен бірге жекеленген обьект.

Темірді, ағашты өңдеуге арналған құрал сайман, қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған құралы немесе машиналарға бекітілген заттар (кесетін, ұратын, қысатын және тығыздайтын еңбек құралдары).

Инвестициялық обьект – басқа инвентарлық обьектінің құрамына кірмейтін заттар.

Шаруашылық инвентарь – кеңсеге және шаруашылыққа қажетті заттар (үстелдер, шкафтар, кілемдер)

Көп жылдық өсімдіктер – жасына қарамастан қолдан егілетін көп жылдық өсімдіктер (жеміс – жидектер, жүзімдіктер, көпжылдық өсімдіктері,роза плантациялары, тірі қоршаулар, қорғаныш өсімдіктер).

Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар – бұл ауылшаруашылығында пайдалану үшін жерлерді үстіртін жақсарту шараларына арналған, инвентарлық сипаты жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, тамырлардан тазарту, жерлерді тастардан тазарту).

Өзге де негізгі құралдар – бұл кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары.

Негізгі құралдардың  бағалануы. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы өте зор болып табылады. Негізгі құралдар өзіндік бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен, жойылу құнымен, амортизациялық тозу құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың  бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай – ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез - келген шығындардың жиынтығынан тұрады.

1)Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар (үйлер,жеңіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж).

2)Жеткізу, монтаждау,  орнату, пайдалануға қосу жөніндегі  шығындар.

3)Құрылыс мерзіміне  берілген несие үшін проценттер.

4)Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.

а) Жер учаскесінің бастапқы құнына:

Жерді  сатып алу  бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі  агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу сату жөнінде келісімшартты  ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар енгізіледі.

ә) құрал - жабдықтардың бастапқы құнына:

Құрал - жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал - жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар енгізіледі.

Алайда құрал - жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.

Информация о работе Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есеб