Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есеб

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:57, курсовая работа

Описание

Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 13.11.96 жылғы №3 Ұлттық комиссиясы бекітіп, 01.01.97 жылғы күшіне енген қаулысына сәйкес №16 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарты бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты кәсіпорын, меншігіндегі немесе оның уақытша пайдалануындағы негізгі құралдар есебі методикасын анықтау, шаруашылық жұмысын жүргізу немесе жедел басқару болып табылады. №16 халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес негізгі құралдар есебінің негізгі сұрақтары келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау болып табылады:
Мойындау кезеңі;
Қызмет ету мерзімі;
Амортизация есептеу әдісі;

Содержание

Кіріспе.....................................................................................3
I.бөлім.Негізгі құралдардың жіктелуі...................................4
1.1Негізгі құралдардың бағалануы.......................................8
1.2Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру..................10
1.3Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі........................11
II.бөлім Негізгі құралдардың тозуы.....................................12
2.1Негізгі құралдарды жөндеудің есебі...............................16
III.бөлім Жалға алынған және жалға берілген негізгі
құралдардың есебі..................................................................18
3.1 Негізгі құралдарды істен шығару есебі..........................21
3.2 Негізгі құралдарды түгендеу...........................................22
Қорытынды.............................................................................24
Қолданылған әдебиеттер.......................................................25
Қосымша..................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Курсовая №№№.doc

— 162.50 Кб (Скачать документ)

Шаруашылық тәсілмен негізгі құралдарды жөндеу цехтан тыс жерлерде жүргізілсе, онда шығындар тікелей өндіріс шығындарына жатқызылады.

Шығын баптарының мынандайноменклатурасы бойынша есептеледі.

Материалдар – жөндеуге жұмсалғанматериалдардың, қосалқы бөлшектердің және басқалардың құны. Материалдар өндірістік шығындарға нақты өзіндік құны бойынша қосылады.

Жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу – жөндеу жұмысы үшін есептелген еңбекақы сомасы.

Еңбекақыдан есептелінген аударымдар – жұмысшылардың еңбекақысынан белгіленген процентпен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға, зейнетақымен қамтамассыз етуге арналған және басқа да қорларға аударылды (21%).

Электр энергиясы, жылу, газ, бу – жөндеу цехтарының технологиялық және басқа қажеттіліктеріне электр энергиясының, жылудың, газдың, будың шығыны.

Қосымша шығындар жөндеу цехтарының жалпы өндірістік мақсаттағы шығындары (цехтарды басқаруға жұмсалған  шығындар, цех жабдықтарының амортизациясы, оны ұстау, жөндеу және тағы басқа шығындар).

Жөнделіп әрбір обьектіге  кәсіпорынның жөндеу цехтарында көп  жолды карточкасы ашылады және оларда жөндеу бойынша шығындар жинақталады.

Жөндеу жұмыстарын бітіргеннен  кейін обьектілерді акт бойынша  табыстар берушілерге табыстайды.

 

Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодекс заңнамасы бойынша  «Мүлік жалдау туралы» заң 540-564 баптар аралығында жүргізілінеді.

Шаруашылық жасаушы  субьект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субьектілерден негізгі құралдар обьектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.

Кәсіпорындар өздеріне керекті, яғни уақытша қажет болған негізгі құралдарды басқа ұйымдардан жалға алуға болады. Сондай ақ кәсіпорындар өзінің балансында тұрған бірақ уақытша пайдаланбай немесе уақытша тоқтатылып тұрған қажет болмай негізгі құралдардың басқа ұйымдарға уақытша жалға берулерге болады. Жалға алушы және жалға берішулердің арасында келісім шарт жасалуы тиіс.Бұл келісім шартта жалға алынатын немесе жалға берілетін негізгі құралдардың аталуы, техникалық жағдайы, бастапқы құны, тозу құны, жалға берілетін немесе жалға алынатын мерзім.

Жалгерлік есеп №17 «Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және сонымен сәйкес жал мерзіміне байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді.

Ағымдағы жалгерлік.Ағымдағы деп қаржыландырылатын жалгерліктен басқа, кез - келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы болып табылады. Ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құқымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушінің өзінде қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы табысқа енгізіледі.

Қаржыландырылатын жалгерлік. Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады.

Қаржыландырылатын жал  мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуекелділіктің  де үлкен бір бөлігін жалға  алушы өз жауапкершілігіне алады. Бұл  кезде жалға алушы алынған мүліктерді өз балансында көрсетеді. Ал жалгерлік кезеңдегі құқықтың өзі берілуі немесе берілмеуі мүмкін.

Жалгерлік төлем: ағымдағы бағасы бойынша немесе дисконтталған  құн бойынша есептелінуі мүмкін. Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі қарастырылады.

Жал келісім шарты  қол қойылған күннен басталады.

Жал мерзімі көпке  дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен  ерекшеленеді және сол жалға алынған  мүлік келісім шартпен рәсімделеді, сондай - ақ кез - келген келесі кезеңге  оның ақысы төленіп немесе төленбей - ақ ұзартылуы мүмкін. Жалға алынған немесе берілген негізгі құралдар өздерінің жалға алынуы немесе берілуі мерзімінің ұзақтығына қарай 3 түрге бөлінеді: а)қысқа мерзімді жалдағы құралдар - рейтинг, чартер(1 жылға дейінгі уақытқа); б)орта мерзімді жалдағы құралдар – хайринг(1-3 жж.); в) ұзақ мерзімді жалдағы құралдар – лизинг (3 жылдан артық).

Лизинг есебі Қазақстан  Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңының 22бабына сәйкес жүргізіледі. Есеп тәртібі 27 «Жал есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарымен, оларға әдістемелік ұсыныстармен және 27 «Жал» ХҚЕС-мен белгіленген.

Лизингтік жалдама мынандай топтар бойынша жіктеледі:

1.Жалға алынған мүлікке байланысты:

а) таза лизинг шарты - мүлік бойынша қызмет етудің барлық шығындарын лизинг алушы өзіне алады;

ә) толық лизинг шарты - лизинг алушы өзіне техникалық қызмет жасауды және обьектіні пайдалануға байланысты басқа шығындарды алады;

б) ішінара лизинг шарты  кезінде - лизинг берушіге мүлікке қызмет көрсетудің тек кейбір функциялары ғана жүктеледі.

2. Қаржыландыру түрі бойынша:

а) қауырт - бір рет жалға алу;

ә) жаңартылатын (револьверлік) - бір мерзім өткен соң шарт келесі кезеңге ұзартылады.

3. Мәмілеге қатысушылар құрамына байланысты:

а) тікелей лизинг - мүлікті дайындаушы немесе иесі оны лизингке тапсырушы тұлға болып шығады.

ә) жанама лизинг - мүлікті тапсыру үшінші тұлға арқылы жасалады;

б) көп жақтар қатысатын  лизинг (жеке - жеке бөлінетін лизинг) - лизинг обьектісін сатып алуға қажетті соманың бірен сараңын ғана қамтамасыз етеді. Әр жерден кредиторлардың және лизинг берушінің сенім білдірген өкілдері қатысады.

4. Мүлік өтелім дәрежесіне байланысты:

а) толық немесе толық  өтеуге жуық болса - лизингтік шарттың іс - әрекет ету мерзімі ішінде мүліктің толық немесе толыққа жуық амортизациясы болады;

ә) түгел өтелмейтін лизинг - шарттың іс - әрекет ету мерзімі ішінде жарым жартылай, бірен - саран амортизация болады және инвестицияның тек бір бөлігі ғана өтеледі.

5. Өтелімдік тұрғысынан  қарағанда:

а) қаржылық лизинг;

ә) шұғыл (оперативті) лизинг.

6. Нарық секторына  қарай:

а) ішкі;

ә)сыртқы.

Негізгі құралдарды істен шығарудың есебі. Шаруашылықты жүргізуші субьект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал - жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал - саймандарды басқа субьектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай - ақ баланстан шығарып тастауына болады.

Негізгі құрал - жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа обьектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апараттардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.

Обьектілер толық немесе ішінара жойылады. Субьектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес, пайдалану  мерзімі біткен, табиғи зіл - залалының және апараттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші субьектіге беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал жабдықтар, сондай - ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.

Негізгі құрал – жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай - ақ қажетті құжаттарды дайындау үшін басшының бұйрығымен комисия құрамы тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе субьект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін комисиялар құрылады. Негізгі құрал - жабдықтардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комисияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады. Айталық, инженер - механиктер, инженер - энергетиктер, инженер - гидрологтар, мал дәрігерлері, мал шаруашылығы мамандары және тағы басқа мамандар.

Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшектері тозғанда, қайта қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар тек негізгі тетіктері, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі істен шыққанда; көп жылғы ағаштар биологиялық өсіп өнуі біткенде, өндірістік мәнін толығымен жоғалтқанда, сондай - ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде субьектілер үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, құрал - жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа мүлікті қалыптық пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен табиғи зіл - зала нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарылады.

Негізгі құралдарды түгендеу. Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде  1рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын обьектілерді үш жылда 1рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында түгендеу жүргізіледі.

Негізгі құралдардың бар - жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу тізіміне» жазылып, мүліктік түгендеу біткеннен кейін субьектінің бухгалтериясына өткізіледі. Тізімдемеде обьектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары болуы тиіс. Жалға берілген немесе жалға алынған, сақтауға немесе уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа құжаттардың заңдылығы тексеріледі.

Меншікті құралдарды түгендеумен бір уақытта жалға алынған және жауапты сақталуда тұрған негізгі құралдар да тексеріледі. Бұл обьектілер бойынша әрбір шаруашылық жүргізуші субьект бойынша жекелей түгендеу тізімдемелері жасалады, оларда бұл обьектілерді жалға алу немесе жауапты сақталуға қабылданғандығын растайтын құжаттарға сілтеме беріледі. Оларда белгіленген мәліметтерден басқа шаруашылық жүргізуші субьектінің атауы, жпл немесе сақтау мерзімі көрсетіледі. Түгендеу тізімдемесінің бір данасы осы шаруашылық жүргізуші субьектілеріне жолданады.

Түгендеу нәтижелерін  айқындау үшін бухгалтерияда есеп мәліметтерінен ауытқу табылған обьектілерді де қоса жазған «Негізгі құралдарды түгендеу нәтижелерін салыстыру тізімдемесі» жасалады.

Түгендеу комисиясы  негізгі құралдардың кем немесе артық шығу фактілерін анықтағанда материалға жауапты адамдардың айырмашылық себептері жазбаша түсініктер жинайды. Ескертілмеген негізгі құралдарға жетпейтін обьектілер. Баланс есебінен шығарылған, жаңа түгендеу карточкалары жазылады; карточкалар «архив» картотекасы бөліміне орналастырылады.

Түгендеу комисиясының хаттамасын субьект басшысы түгендеу аяқталғаннан кейін он күннен кем  емес мерзімде бекітеді. Қорытындылары  түгендеу біткен айдың есебінде көрсетілуі тиіс.

 

                      4 Бөлім. Негізгі құралдар шот корреспонденциясы

2400

Негізгі құралдар

2410

Жер

2411

Ғимараттар

2412

Машиналар мен жабдықтар

2413

Көлік құралдары

2415

Компьютерлер, перифириалдық  қондырғылар

2416

Кеңсе жиһазы

2417

өндірістік құрал саймандар  мен керек жарақтар

2420

Негізгі құралдардың тозуы және құнсыздануы

2421

Ғимараттардың тозуы

2422

Ғимараттардың құнсыздануы

2423

Машиналар мен жабдықтардың тозуы

2424

Машиналар мен жабдықтардың құнсыздануы

2425

Көлік құралдардың тозуы

2426

Көлік құралдардың құнсыздануы

2427

Компьютерлер, перифириалдық қондырғылардың тозуы

2428

Кеңсе жиһазының тозуы

2429

өндірістік құрал маймандар  мен керек жарақтардың тозуы


 

 

Қорытынды. Негізгі құралдар туралы бүкіл тақырыпты қорыту үшін алдымен бухгалтерлік есепбіндегі маңызы, пайдасы, талдаудың мақсатын атап өту қажет. Әрине, кез келген ұйым, мекеме өз жұмысын атқару үшін кәсіпорын негізгі құралдармен толық қамтылу керек. Бухгалтер кәсіпорынға қызмет етіп отырған негізгі құралдардың нағыз немесе адал бағасын біліп, сатып алу, жалға беру және сату операцияларын дұрыс жүзеге асыра алады. Ол үшін бухгалтердің біліктілігі, жұмыс қабілеттілігі, шеберлігі, жұмыс істеу мерзімі болуы міндетті.

Қазіргі таңда ғылыми техникалық прогресспен қатар халықаралық экономикада жоғары дәрежеде дамып келе жатыр. Осыған орай экономика саласына назар аударып, оны макро және микро деп бөлеміз. Микроэкономика макроэкономиканын туындауына үлкен ықпал тигізеді.

Сонымен, негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт  бойы, яғни бір жылдан артық пайдаланатын, өзінің басьапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

 

 

                        Қолданылған әдебиеттер

 

1. Қажамқұлов  Т. «Саяси экономия негіздері» 1991жыл

2. Кеулімжаев  Қ., Әжібаева З., Құдайбергенов Н., Жантаева А. «Қаржылық есеп» 2003жыл

3. В.Л. Назарова  «Бухгалтерлік есеп» 2005жыл

4. Халықаралық қаржылық есеп стандарты №16

5. Долан Дж. Э., Дэйвид Л. «Рынок: микроэкономическая  модель» 1996жыл

6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 2009жыл

7. «Мүлік жалдау туралы» заң. 2009жыл

8. Мостовая Е. «Основы экономической теорий» 1997жыл

9. Оразалин К., Жантаев М. «Орысша қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі» 2001жыл

10. Радостовец В., Ғабдуллин Т., Радостовец К., Шмидт О. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» 2003жыл

11. Баймұханова С. «Бухгалтерлік есеп» 2003жыл

12. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі» туралы заңы 24.06.2002жыл

 




Информация о работе Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есеб