Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:57, курсовая работа
Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 13.11.96 жылғы №3 Ұлттық комиссиясы бекітіп, 01.01.97 жылғы күшіне енген қаулысына сәйкес №16 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарты бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты кәсіпорын, меншігіндегі немесе оның уақытша пайдалануындағы негізгі құралдар есебі методикасын анықтау, шаруашылық жұмысын жүргізу немесе жедел басқару болып табылады. №16 халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес негізгі құралдар есебінің негізгі сұрақтары келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау болып табылады:
Мойындау кезеңі;
Қызмет ету мерзімі;
Амортизация есептеу әдісі;
Кіріспе.....................................................................................3
I.бөлім.Негізгі құралдардың жіктелуі...................................4
1.1Негізгі құралдардың бағалануы.......................................8
1.2Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру..................10
1.3Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі........................11
II.бөлім Негізгі құралдардың тозуы.....................................12
2.1Негізгі құралдарды жөндеудің есебі...............................16
III.бөлім Жалға алынған және жалға берілген негізгі
құралдардың есебі..................................................................18
3.1 Негізгі құралдарды істен шығару есебі..........................21
3.2 Негізгі құралдарды түгендеу...........................................22
Қорытынды.............................................................................24
Қолданылған әдебиеттер.......................................................25
Қосымша..................................................................................26
Салынатын немесе салынып жатқан құрылыс үшін алынған несиеге есептелген пайыз сомасы бұған жатпайды. Сатып алынған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына шот бойынша сатып алу бағасы, ол үшін төленетін салықтар мен алымдардың сомасы және бұл құралдардың құжаттарын реттеу барысында заңгерге төленген төлемдер кіргізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар
жерді және сол жерге салынған
үйлер мен ғимараттарды біртұтас
ретінде пайдалануға сатып
Негізгі құралдардың ағымдағы (өтелмелі) құны - бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағындағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың жойылу (қалдық) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан обьектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың амортизациялық (тозу) құны - бұл бастапқы және болжамған жою құндарының арасындағы айырмашылық.
Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен сатып алушы арасындағы мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау (индексациялау) кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан (индексациялағаннан) бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.
Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субьект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____________Қаулысы мен Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттіктің _______ »Негізгі құралдардың құнын арттыру индекстері туралы» обьектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетілді.
Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру. Олардың аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір түгендеме обьектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме (инвентарлық) обьектісі деп - өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша жекеленген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорындарда негізгі
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей ету қажет.Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетіледі.
Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі.
Аналитикалық есеп әрқашан түгендеу карточкасында толтырылады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу нөмірі, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық нөмірі, келіп кіріске алуына және есептен шығарылуына байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) тағы басқа шартты белгілері мен керекті мәліметтері жазылады.
Ал синтетикалық есеп журнал - ордер №12 толтырылады. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методология департаментімен қабылданған. Журнал – ордер №12 «материалдық емес активтер«, »негізгі құралдар», «инвестициялар», «қаржылық инвестициялар», «басқа да кірістер» шоттар қарастырылады.
Негізгі құралдарды кіріске алу есебі. Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық обьектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.
Сатып алынған негізгі құралдардың
есебі. Үйлер мен жеңіл
Егер сатып алу бір қалада және бір күнтізбелік ай ішінде жүргізілсе, онда бухгалтерлік жазбаны 3310 шотта көрсетпестен жүргізуге болады, яғни Дт2412-2414, Кт1031,1030,1010,1011 тозу сомасына Дт2412,2414 Кт2421,2423. Бұл тәртіп бұзу болып саналмайды, өйткені ол қаржы нәтижелерінде көрсетілмейді. Өзге қалалық есеп айырысу жағдайында бухгалтерлік жазбаларды 3310 шот арқылы жүргізуге болады, егер үйлер мен автомобильдер жаңа болса, онда тозу операциялары болмайды.Егер негізгі құралдар нарықтық бағасы бойынша сатып алынса, онда ол негізгі құралдар бастапқы құны болып саналады.
Қабылдау актісінде мынандай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- Обьектінің аты;
- Обьектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
- Салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
- Құрылыстың салынып біткен уақыты;
- Амортизациялық аударым мөлшері;
- Бастапқы құны;
- Басқа да шартты белгілері.
Актімен бірге обьектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі
Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу. Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиетін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.
Амортизация тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету. Амортизациялық құн - бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде жою құнының арасындағы айырма. Мөлшер (норма) - амортизациялық аударымдардың негізгі құралдардың орташа жылдық бағасына шаққандағы жылдық сомасының қатынасы.
Тозу - бұл негізгі құралдардың физикалық және моральдік қасиеттерін жоғалту процесі.Негізгі құралдар мынандай түрлермен тозады: а)физикалық тозуы -пайданылған кезде жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты, сондай ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын табиғи климаттық жағдайлардың әсерінен басталды.б)негізгі құралдардың моральдік тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады.Соған байланысты пайдаланудағы құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздайды.
Негізгі құралдар кәсіпорыннан мынандай жағдайларда шығарылады: жеке және заңды тұлғаларға сатылғанда; моральдік және физикалық тозу нәтижесінде; төтенше жағдайлар нәтижесінде. №16 ХҚЕС сәйкес амортизация есептеудің 3 әдісі бар: бірқалыпты түзу сызықтық - жолмен есептен шығару әдісі. Обьектінің құны оның қызмет ету мерзім ішінде өндіріс шығындарын біркелкі нормасы бойынша есептейді; Орындалған жұмыстардың көлеміне - прапорционалды түрде есептеу әдісі.Негізгі құралдардың тозуын пайдалану нәтижесіне қарай есептейді; Жеделдетіп есептен шығару - бұл әдіс өндірістік мақсаттағы негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша есептелінеді: а)регрессия - (лат.regresus – қайтару, артқа шегіну) жоғарғы саты формасынан төменге қарай қозғалуы, жаман бағытқа ауысуы. Қалдықты азайту әдісі бойынша негізгі құралдардың амортизация нормасы есептелінеді. Бұл әдіс бойынша жойылу құны соңғы жылға дейін есептелінбейді, ал соңғы жылы ғана есептелінеді;б)кумулятивтік – (cumulatio - өсу) акция арқылы, алынбаған дивиденттің жинақталып қалуы. Сандардың қосындысы әдісі бойынша бірінші кумулятивтік сан анықталады екінші кумулятивтік сан негізінде коэфицент анықталады. Кумулятивтік әдіс ерекшілігі бастапқы жылдары анықталатын амортизация сомасы көп болып біртіндеп азаяды
Формуласы: S=N*(N+1)/2
S – кумулятивтік сан;
N – жылдар саны;
1,2 – тұрақты сандар;
Бірқалыпты есептен шығару әдісіне мысал: станоктың бастапқы құны бір миллион теңге, ал қалдық құны жүз мың теңгені құрайды. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 3жыл. Бір жылдық амортизациялық аударымды есептесек:
1000000 – 100000 = 900000. 900000 / 3 = 180000
Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 900000 теңге, яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасы, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 3жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% деп алайық 900000 * 20% = 180000
Станоктың бастапқы құны |
Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы |
Жинақталған тозу сомасы |
Станоктың қалдық құны | |
Сатып алынған кездегі |
1000000 |
--------------- |
------------ |
1000000 |
1жылдың соңында |
1000000 |
180000 |
180000 |
820000 |
2жылдың соңында |
1000000 |
180000 |
180000 |
640000 |
3жылдың соңында |
1000000 |
180000 |
180000 |
460000 |
Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)
әр жылдағы өндірілген өнім саны = 0.09 теңге * ө.ө.саны
Егер станок 1жылы 3 миллион
Егер станок 2жылы 3 миллион
Егер станок 3жылы 2 миллион
Егер станок 4жылы 1 миллион
Егер станок 5жылы 1 миллион
өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері
1 жылы 270000 тг = 3 миллион * 0.09 = 270000
2 жылы 270000 тг = 3 миллион * 0.09 = 270000
3 жылы 180000 тг = 2 миллион * 0.09 = 180000
4 жылы 90000 тг = 1 миллион * 0.09 = 90000
5 жылы 90000 тг = 1 миллион * 0.09 = 90000
сомаларына тен болады.
Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе тең мөлшерде есептен шығару әдісі бойынша амортизациялық аударым есептеу кестесі
Станоктың бастапқы құны |
Өндірілген өнім көлемі |
Бір жылдық тозу аударым сомасы |
Жинақталған тозу сомасы |
Станоктың қалдық құны | |
Сатып алынған кездегі |
1000000 |
--------- |
--------- |
----------- |
1000000 |
1жылдың соңында |
1000000 |
3000000 |
270000 |
270000 |
730000 |
2жылдың соңында |
1000000 |
3000000 |
270000 |
540000 |
460000 |
3жылдың соңында |
1000000 |
2000000 |
180000 |
720000 |
280000 |
4жылдың соңында |
1000000 |
1000000 |
90000 |
810000 |
190000 |
5жылдың соңында |
1000000 |
1000000 |
90000 |
900000 |
100000 |
Жылдамдатып есептен шығару әдісінің екі түріне мысал:
Кумулятивтік әдіске мысал : станоктың қызмет мерзімі мерзімі 6жыл, кумулятивтік сан = 1 + 2 + 3 + 4 +5 +6 = 21. Бұл орайда станоктың бастапқы құны =240000, жою құны – 18000, амортизациялық құны – 240000 – 18000 = 222000 болады.
Регрессия әдісіне мысал: станоктың бастапқы құны 260000, жою құны 80000, пайдалану мерзімі 5жыл, амортизация нормасы 20%.
Жыл |
Нқ. Обьектісінің құны жыл, бастапқысы, соңғы |
Амортизация нормасы |
Жыл ішіндегі амортизация сомасы |
Айға шаққанда |
1 |
260000 |
20% |
52000 |
4333 |
2 |
260000-52000=208000 |
20% |
41600 |
3467 |
3 |
133120 |
20% |
33280 |
2773 |
4 |
106496-80000 |
20% |
26624 |
2219 |
5 |
20% |
26496 |
2208 |
Негізгі құралдарды жөндеудің есебі. Негізгі құрал – жабдықтар уақытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөдеп тұру керек. Ұйымдастыру – техникалық белгілеріне қарап, жөндеуді күрделі және ағымдағы (жай) болып бөлінеді.
Күрделі жөндеу – бұл негізгі құралдардың обьектісін тұтастай алғандағымен салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады. Машиналардың, жабдықтардың көлік құралдардың күрделі жөндеуі деп бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектеп, барлық тозған детальдары мен бөлшектерін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады. Машиналардың негізгі агрегаттарына машина маркасына байланысты алдын ала белгіленген жолын жүріп өткеннен кейін күрделі жөндеу жұмысы жасалынады.
Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөнделу кезінде тозған детальдары толық ауыстырылады немесе олар неғұрлым мықты және үнемді, жөнделіп жатқан обьектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын детальдармен ауыстырылады.
Ағымдығы жөндеу дегеніміз – негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Негізгі құралдарды қызмет барысынан тоқтатпай жөндеу жасалынады.
Жөндеу есебінде атқарылған жұмыс түрі барлық түрі бойынша рәсімделеді, жұмыс көлемін және оның өзіндік құнын анықтайды, жөндеуге жұмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылайды.
Егер жөндеуді, қайта құруды және жаңартуды сыртқы кәсіпорын орындаған болса, онда актіні екі дана етіп жасайды. Екінші данасын жөндеу, қайта құру және жаңарту жүргізілген субьектіге береді.
Информация о работе Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есеб