Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 07:17, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып – салықтардың экономикадағы маңызы және мекемелердің бюджетпен есеп айырысу тәртіптері мен аудитін жетілдіру болып табылады.
Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар келесі міндеттерге аударылып отыр:
- салықтардың экономикадағы алатын орны мен мәнін анықтау;
- ҚР-ның салық салу жүйесі мен салық саясатын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;
- ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу тәртіптерін айқындау;
- салықтық төлемдерге аудит пен талдау жүргізу.
КІРІСПЕ ........................................................................................................
3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы ......................
5
1.2 Мемлекеттің салық салу жүйесі: дамуы мен болашағы...........................
1.3 Салық саясаты және оны дамытудың жолдары мен ерекшеліктері .......
13
18
2 ҰЙЫМДА БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есеп жұмысы ...............................................
23
2.2 Ұйымның тікелей салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысуы ........
33
2.3 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі ...........
51
3 ҰЙЫМНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ АУДИТІ
3.1 Ұйымдағы ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ..........................................................................
3.2 Бюджетпен есеп айырысу бойынша операциялар есебінің аудиті .........
3.3 Бюджетке төленген салықтарды және басқа міндетті төлемдерді талдау....................................................................................................................
58
61
65
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................
Корпорациялық табыс салығын есептеген кезде 7710 шоты дебеттетеліп, 3110 шоты кредиттеледі. Бұл салық жылдың соңына бір рет есептелінеді. Корпарациялық табыс салығын бюджетке төлеген кезде оның ішінде аванстық төлемін қоса алғанда 3110 шоты дебеттеліп, 1060 шоты кредиттеледі. 7710 шотының дебеті бойынша және 3110/1 шотының кредиті бойынша кейінге қалдырылған салықтың пайда болғанын немесе ағымдағы кезеңде уақытша айырмасының жойылғанын, болашақта бюджетке төленуге жататындығын көрсетеді. Жыл соңында табыс салығы бойынша жұмсалған шығыс сомасына 5430 шоты дебеттеліп, 7710 кредиттеледі.
Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар. Кейінге қалдырылған салықтардың есебі үшін 3110/1 «Кейінге қалдырылған корпорациялық табыс салығы» шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында қаралған және есеп стандарттарымен қарастырылған қағидасы бойынша қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.
Бұл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жиынтық жылдық табыстан (негізгі құрал жабдықтарды амортизациялау, негізгі құрал жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимарат-тарды) сату кезіндегі құнын сондай-ақ ақша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік қызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады.
Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің теңдігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтар болады.
Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ уақытша айырмашылықтардан салықтық тиімділік туындайды.
Тұрақты айырмашылықтар – бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен занды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындагы айырмашылықтар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындагы айырмашылықтар.
Тұрақты айырма ретінде келесі мысалды келтіруге болады:
- жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейінге абонементтерді алу, спорт кұрал-жаблықтарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жаткызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;
- бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;
- нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол шегерім құрамына енгізілмейді;
- қоршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол жылдық жиынтық табыстан шегеруге жатпайды;
- марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі;
- несие бойынша, соның ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландыру коэффициентінің 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, 2 еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді;
- сақтандыру пайдасы бухгалтерлік есепте ешқандай шектеусіз шығыска жаткызылады, ал салық есебінде - ол шегеруте жатпайды, егер ол шегеруге жатқызылған жағдайда класы бойынша өкілетті органдардың белгілеген шегінде ғана жүзеге асуы мүмкін;
- кәсіпкерлік қызметінде пайдаланбайтын объектілердің пайдалануы мен күтіп-ұстау шығыстары бухгалтерлік есепте толық көлемінде шығыс ретінде есептелінеді, ал ол салық есебінде шегерімге жатпайды;
- және басқа да шығыстары.
Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезенде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде басқа есептік кезенде есептелінеді. Сондықтан бірінде болған айырма, екіншіде жойылады. Мысалға: материалдық емес активтер мен негізгі кұралдар бойынша жасалатын амортизациялық аударымдар (Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде қабылданады. Салық есебінде тек қалдығын азайту тәсілі пайдаланылады. Сондай-ақ екі есептің пайдаланатын нормасы да болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша объекті толық амортизациялануы мүмкін, ал бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін);
- бухгалтерлік есепте негізгі құралды жөндеу шығындарын толық көлемде алады, ал салық есебінде оның құндық балансының 15% тең сомасын ғана алады;
- 15 % -дан асқан сомасы негізгі кұралдың құндық балансына қосылып, одан амортизация сомасы есептелінеді, яғни салық салынады, бухгалтерлік есепте тап бұндай операциялар көрініс таппайды;
- бағалы қағаздарды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде болады, сол пайда болған кезінде бухгалтерлік есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Салық есебінде өсім есебінен жабады (компенсацияланады), ал егер де ол жабымаса, онда оның жабу мерзімін үш жылға дейін созады;
- салық бойынша шығыстар (корпоративтік табыс салығын қоспағанда) бухгалтерлік есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде шегерімге тек салық алынады;
- теріс бағамдық айырма бухгалтерлік есепте толық көлемінде алынады.
Салық есебінде шегерімге жатқызу үшін шектеулер койылады, ал шектеулердің сомасын мынадай жолмен анықтайды:
Салық салынатын табыстың сомасынан 50 % алынады, ал ол жылдық жиынтық табыс пен оң бағамдық + шегерімнің (табыс пен шығыстың бағамдық айырмасы айырмасы есепке алынбайды) айырмасынан шығады.
Айырма сомасы негізінен шектеудің салдарынан пайда болады, ал ол келесі салықтық кезеңдердің іздестіру барысында компенсацияланады. Құрылыс салуға алған несие (қарыз) бойынша бағамның теріс айырмасы оны жүргізудің кезеңдік төлеміне байланысты пайда болады және салық есебінде оның объективтік құны ескерілсе, бухгалтерлік есепте ол шығыс ретінде танылады.
Тұрақты және уақытша айырма шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатына бухгалтерлік есептің де, салық есебінің де енгізген өзгерістерінің (түзетулерінің) салдарынан болуы мүмкін. Арада тұрақты айырманы келесі есептік кезеңде жоюға болмайды, ал уақытша айырма жойылады. Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңіл түрде табуға болады, егер де тиесілі бухгалтерлік регистрлеріне салықтық есеп қағидасының зерттеулерін жүргізсе, уақытша айырма сомасынан салықтық эффектіні бухгалтерлік ееепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын табады. Салық эффектісі төлеуге жататын немесе кейінге қалдырылатын төлем болып саналады.
Халықаралық тәжірибеде жалпы кабылдаған пікір бойынша табыстан алынатын салықты сол табысты табу үшін жасалатын шығыс деп санайды, ал ол шығыс есептеу қағидасына сәйкес, өз кезеңіне қарап, тиесілі пайда болған табыстармен бірге танылады.
Есептік уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық эффектісі 4310 «Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» шотында көрініс табады.
Салықтық төлем міндеттемесінің әдісіне сәйкес олар өзіне мынаны енгізеді:
- салық салынатын төлеуге табыс салығын, ал ол әрекет етіп тұрған сәйкес есептелінеді;
- уақытша айырманың салықтық әффектісі сол есептік кезеңде не төленеді, не жойылады, оның мөлшерін ағымдағы кезеңнің салықтық мөлшерлемесі бойынша жалпы уақытша айырманың сомасынан анықтайды. Егер де келесі жылға корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өзгеретін болса, онда ол сол өзгерген мөлшерлемесі бойынша алынады;
- кейінге қалдырылған салықтарды осы есептік кезеңге сәйкес келетіндей етіп түзетеді. Түзету сомасы шотта көрініс табады.
Кейінге қалдырылған
табыс салығының сомасын
Сондықтан таңбаны дұрыс қою үшін, әр уақытта салық есебін бухгалтерлік есептің мәліметтерімен салыстырып отыру керек. Егерде жойылған кезде, онда оған қарама қарсы таңбасы қойылады да, оған келесі шоттар корреспонденциясы жасалады, демек 4310 шоты дебеттеліп, 3110 шоты кредиттеледі. 4310 бойынша көп кредиттік қалдық қалады, демек ол келешекте төленетін салықтың міндеттемесін көрсетеді. Сонымен қоса, оның дебеттік сальдосы да болуы мүмкін, егер де күні бұрын төлем жасалса. Бұл кезде оң айырма қалыптасады және ондағы салық эффектісі 4310 шоттың дебеті және 7710 шоттың кредиті бойыша көрініс табады. Егер де бұндай дебеттік сальдо күмән туғызатын болса, онда олар шығын ретіңде танылады, демек ол 7710 шотының дебеті мен 4310 шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Бухгалтерлік баланста
кейінге қалдырылған табыс
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде көрсетілгендей кәсіпкерлік қызметтен, сондай-ақ ғимараттарды, қондырғыларды сатқаннан шеккен зиянды алдағы үш жылдың салық салынатын табысынан өтеуге рұқсат етіледі.
Салық төлемдері бойынша алған үнем мына жағдайларды қоспағанда таза табысқа енеді:
1. Салық төлемдері бойынша алынған үнем келесі есептік кезенде өтелуі күмәнді болса және ол кезде алынатын табыс зиянды жабуға жеткіліксіз болса, онда бұндай зияндар есепке жатқызылмайды.
2. Салық төлемдері бойынша алынған үнем 4310 шоттын кредиттік сальдосынан асып кетсе, онда бұндай зияндар зачетқа жатқызылмайды.
Келешек табыс салығының есебінен өтелетін табыс салық сомасы есепте жеке көрсетіледі, яғни 4310 шоты бойынша жеке субшоты ашылады.
Басқа жағдайда қайта бағалаумен байланысты салық эффектісінің потенциалдық сомасы каржылық есеп берудің түсініктеме жазбасында көрсетілуі керек.
Қаржылық есеп беруде мына төмендегі ақпараттар ашып көрсетілуге тиіс: әдеттегі қызметінен түскен табысына қатысты теленетін салық телемдері (салық төлемі бойынша үнемделуі); елеулі қателіктеріне түзетулермен, сондай-ақ есеп саясатының өзгеруімен байланысты төленетін салық төлемдері (салық төлемі бойынша үнемделуі); төтенше жагдайларға жататын салық төлемі (салық төлемі бойынша үнем); қайта бағаланған активтерге жататын салық тиімділіктері; салықтөлемі мен бухгалтерлік кіріс арасындағы қатынасқа ықпал ететін турақты айырмашылыктары және осы сияқты басқа да факторлары, бұл есепті кезеңде колданылып жүрген салық мөлшерлемесімен (ставкаларымен) түсіндірілмейтін болса.
Жеке табыс салығы - жеке тұлғалардан алынатын салықтардың ішіндегі ең негізгісі. Бұл салықтан бюджетке түскен түсімдер барлық салықтық түсімдердің 11 пайызын құрайды. Жеке табыс салығының түскен түсім толығымен жергілікті бюджетке түсіп, сол аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге жұмсалады.
Жеке табыс салығы - тікелей салық болып табылады, оның ішінде жеке тікелей салық, өйткені жеке салықтарда тек табыс қана есептелінбейді. Сонымен қатар салық төлеушінің қаржылық жағдайы ескеріледі. Жеке табыс салығының ерекшелігі болып жеке тұлға ретінде салық төлеушілерді белгілеу болып табылады.
Жеке табыс салығын төлеушілеріне есепті жылда табыс табатын резидент және резидент емес жеке тұлғалар жатады. Табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға ҚР-ның азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар жатады.