Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 07:17, курсовая работа

Описание

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып – салықтардың экономикадағы маңызы және мекемелердің бюджетпен есеп айырысу тәртіптері мен аудитін жетілдіру болып табылады.
Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар келесі міндеттерге аударылып отыр:
- салықтардың экономикадағы алатын орны мен мәнін анықтау;
- ҚР-ның салық салу жүйесі мен салық саясатын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;
- ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу тәртіптерін айқындау;
- салықтық төлемдерге аудит пен талдау жүргізу.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................
3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы ......................
5
1.2 Мемлекеттің салық салу жүйесі: дамуы мен болашағы...........................
1.3 Салық саясаты және оны дамытудың жолдары мен ерекшеліктері .......
13
18

2 ҰЙЫМДА БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есеп жұмысы ...............................................

23
2.2 Ұйымның тікелей салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысуы ........
33
2.3 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі ...........
51

3 ҰЙЫМНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ АУДИТІ

3.1 Ұйымдағы ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ..........................................................................
3.2 Бюджетпен есеп айырысу бойынша операциялар есебінің аудиті .........
3.3 Бюджетке төленген салықтарды және басқа міндетті төлемдерді талдау....................................................................................................................
58
61

65
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................

Работа состоит из  1 файл

Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті. ДИПЛОМ.doc

— 647.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстанның салық  жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.

Салық салу мәселелерін  реттейтін нормативтік-құқықтық актілер  ресми басылымдарда міндетті түрде  жариялануға жатады.

Мемлекет салық саясатын - салық саласындағы шаралар жүйесінің оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік - экономикалық мақсаттар мен міндеттерге қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі. Мемлекеттік ақпарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.

Сонымен, салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады. Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда  болады.  Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мысалға, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады. Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқығынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.

Мемлекетке  түсетін салық түсімдерінің сипатты  ерекшелігі олардың сан алуан  қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдалану болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа да жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.

Мемлекет  салық саясатын  - салық саласындағы  шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

 

1.2 Мемлекеттің салық салу жүйесі: дамуы мен болашағы

 

Жалпы салық ұғымымен салық жүйесі ұғымымен тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды. 

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2001 жылғы 12 маусымда  №209-11 Қазақстан Республикасының  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық Кодексі қабылданды. 2008-2010 жылдар аралығында Салық Кодексіне біршама толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейді. Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазакстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжат болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылатын (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

Экономикалық жағынан  салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың  және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әртүрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.

Салық жүйесіне қажетті  негізгі талаптар мыналар [5, 113 б] :

- салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;

- салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;

- салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;

- салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.

Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.

Барлық  өркениетті елдерде  салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі принциптер бойынша жіктеледі:

- салық салу объектілері бойынша;

- салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;

- пайдалану тәртібі бойынша;

- объектінің экономикалық белгісі бойынша;

Салықтарды салу объектісі бойынша олар тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді.

Тікелей салықтар – салық  төлеушінің кірісі мен мүлкінен алынатын салықтар. Тікелей салықтардың ең соңғы төлеушісі (салық салынушы) болып мүліктің (табыстың) иесі табылады. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.б.) салынады. Жеке тікелей салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

Жанама салықтар –  бағаға не тарифке үстеме түрінде  белгіленген салық төлеушінің кірістері  мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

Жанама салықтар мемлекеттің  фискалдық мүдделерін білдіреді. Бұл  салықтардың ең соңғы төлеушісі  болып тауарды тұтынушы табылады. Жанама салық салудың мәні салықтың тауар бағасына (қызмет тарифіне) қосылатындығында. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды. Жанама салықтар салық салу объектісіне қарай былайша бөлінеді: жеке жанама салықтар – қатаң түрде белгіленген бір тауар топтарына салынады; әмбебап жанама салықтар – негізінен барлық тауарлар мен қызметтерге салынады;

Фискалды-монополиялық жанама салықтар – мемлекеттік құрылымдарда сатылатын өндірістің барлық тауарларына  салынады.

Кедендік баж –  экспортты-импортты операциялар жасау  кезінде тауарлар мен қызметтерге салынады.

Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай  салықтар жалпымемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.

Жалпымемлекеттік салықтар – барлық элементтері мемлекеттің  заңдарымен анықталатын және сол  елді жалпыға бірдей біртұтас қолданылатын салықтар. Бұл салықтарды бекітіп, жүзеге асыратын – Парламент. Бұл салықтар ірі деңгейдегі бюджеттерге бөлініп отырады.

Жергілікті салықтар – мемлекеттің заңдарына сәйкес жергілікті өкімет органдары жүзеге асыратын салықтар. Олар жергілікті деңгейде қабылданған шешім негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұл салықтар толығымен жергілікті бюджетке түсіп отырады.

Пайдалану тәртібіне  қарай барлық салықтар жалпы және арнаулы болып бөлінеді.

Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Арнаулы салықтардың нысаналы мақсаты болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).

Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

1991 жылға дейін, яғни  КСРО ыдырағанға дейін елде  көбінесе экономиканы басқарудың  әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға  қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес  келетін салық жүйесі қызмет  етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің  бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты [6, 116 б].

1991 жылдың 25 желтоқсанынан  бастап біздің елімізде тұңғыш  салық жүйесі қызмет ете бастады.  Ол «Қазақстан Республикасындағы  салық жүйесі туралы» заңға  негізделді. Бұл заң салық жүйесін  құрудың принциптерін, салықтар  мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елемізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық  жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не пайда емес, керісінше тұтыну болды.

Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық  түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер  салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.

ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте – бірте халықаралық  салық салу принциптеріне сәйкестендіру  көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады.

Бұл заңда қамтылған  барлық базалық принциптер  1995-1998 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация саясатына, айналымнан алынатын салықты жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге сәйкестендіруге қатысты еді. Осы уақыт ішінде экономика, экономикалық қатынастар құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынасы, тіпті адамдардың ділі (менталитеті) де айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мемлекет, бір жағынан, салық саясатының мақсатын, міндеті мен қызметін терең түсінді, екінші жағынан, экономикалық қатынастардың көптеген тұстары қолданыстағы салық заңдылығында қамтылмай қалды. Осы және Қазақстан экономикасында болып жатқан оң өзгерістер жаңа салық заңын талап етті.

Республикада салық  заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.

Бұл заң салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Уақыт  ағымының әсеріне, заман  талабына сай  қабылданған Салық кодексінде келесідей  мәселелерді шешуге басты назар  аударылған.

Біріншіден, барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең  жағдайын жасау. Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету. Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру. Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай  дамуы жағдайында салық жүйесінің  бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.

2008 жылы Қазақстан  Республикасы Президентінің дәстүрлі  жыл сайынғы халыққа жолдауында  Елбасы салық органдарына салық  заңын қайта дайындауды тапсырды. Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2008 жылдың 10 желтоқсанында қабылданды.

Қазақстанның қазіргі  салық жүйесі 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген ҚР «Салықтар  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен реттеледі. Аталған құжат мемлекет пен салық төлеушілер арасында сапалы жаңа қатынастарды реттемелейді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.

Салық кодексінің құрылымы үш үлкен бөліктен құралады:

1. Жалпы;

Информация о работе Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу