Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 07:17, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып – салықтардың экономикадағы маңызы және мекемелердің бюджетпен есеп айырысу тәртіптері мен аудитін жетілдіру болып табылады.
Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар келесі міндеттерге аударылып отыр:
- салықтардың экономикадағы алатын орны мен мәнін анықтау;
- ҚР-ның салық салу жүйесі мен салық саясатын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;
- ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу тәртіптерін айқындау;
- салықтық төлемдерге аудит пен талдау жүргізу.
КІРІСПЕ ........................................................................................................
3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы ......................
5
1.2 Мемлекеттің салық салу жүйесі: дамуы мен болашағы...........................
1.3 Салық саясаты және оны дамытудың жолдары мен ерекшеліктері .......
13
18
2 ҰЙЫМДА БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есеп жұмысы ...............................................
23
2.2 Ұйымның тікелей салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысуы ........
33
2.3 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі ...........
51
3 ҰЙЫМНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ АУДИТІ
3.1 Ұйымдағы ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ..........................................................................
3.2 Бюджетпен есеп айырысу бойынша операциялар есебінің аудиті .........
3.3 Бюджетке төленген салықтарды және басқа міндетті төлемдерді талдау....................................................................................................................
58
61
65
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................
3 сурет – Ұйымның меншікті капиталының құрылымы (%)
Демек, жоғарыдағы суреттен біз ұйымның меншікті капитал құрамында жоғары үлесті ұйымның бөлінбеген пайдасы, жоғары үлесті алып отырғанын анықтадық.
Зерттеу жүргізіліп отырған ұйымның қаржылық жағдайын әрі қарай талдай отырып, біз енді ұйымның қарыз капиталының көлемі мен құрылымына зерттеу жүргізуді жөн көріп отырмыз.
4 кесте - «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қарыз капиталының құрамы мен құрылымы
Капитал көздері |
2007 ж |
2008 ж |
Ауытқу (+, -) | ||
мың теңге |
үлесі |
мың теңге |
үлесі |
үлесі, | |
Ағымдағы міндеттемелер |
11 943 827 |
76,02 |
26 071 774 |
93,2 |
+17,18 |
соның ішінде: - салықтар бойынша қарыздар - кредиторлық қарыздар - банк несиесі - жабдықтаушылар - бюджеттен тыс қорлар - ұзақ мерзімді міндеттеме-лердің ағымдағы бөлігі - басқа міндеттемелер |
40 910 3 458 282 138 193 160 102 394 644 1 060 364 6 691 332 |
0,26 22,01 0,88 1,02 2,51 6,75 42,6 |
28 146 1 821 451 5 494 099 6 849 223 6 915 679 1 223 635 3 742 544 |
0,1 6,51 19,64 24,48 24,72 4,37 13,38 |
-0,16 - 15,5 +18,76 +23,46 +22,21 -2,38 -29,22 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
3 767 100 |
23,98 |
1 903 850 |
6,8 |
-17,18 |
соның ішінде: - қаржылық міндеттемелер - кейінгі қалдырылған міндет-темелер - ұзақ мерзімді қарыздық құнды қағаздар - ұзақ мерзімді кердиторлық қарыздар - кейінге қалдырылған салық - болашақ мерзім кірістері |
1 030 291 215 625
1 412 458
-
347 785 760 941 |
6,55 1,37 9,0
-
2,21 4,84 |
883 546 87 867 -
3 101
245 102 684 234 |
3,16 0,31 -
0,011
0,87 2,44 |
-3,39 -1,06 -
-
1,34 -2,4 |
Барлығы |
15 710 927 |
100 |
27 975 624 |
100 |
- |
Ескерту* – кесте ұйымның қаржылық есептілік мәліметтері негізінде жасалынды |
Жоғарыда берілген 4-кестенің мәліметтеріне сүйене отырып, біз зерттеу жасалған ұйымның тартылған қарыз қаражаттарының өсу қарқыны мен оның құрылымын анықтадық. Ұйым бойынша жалпы міндеттемелердің сомасы есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 27264697 мың теңгеге, яғни 78,06 %-ға жоғарылағанын көріп отырмыз. Соның ішінде ағымдағы міндеттемелер сомасы 14127947 мың теңгеге жоғарыласа, ал ұзақ мерзімді міндеттемелер 1863250 мың теңгеге дейін өсіп отыр. Жалпы ұйымның тартылған қаражаттарының ішінде қысқа мерзімді міндеттемелері жоғары үлес салмақты алады, оның орташа үлес салмағы 84,61 % -ды құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік-
Ұйымның тартылған қаражаттары ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелерден қалыптасады. Ағымдағы міндеттемелерге 1 жылға дейін банк несиелері мен басқа ұйымдардың қарыздары, жабдықтаушылар мен мердігерлерге, салықтық төлемдер, зейнетақы қоры мен әлеуметтік сақтандыру қорларына, еңбек ақы бойынша қарыздар мен басқа да 1 жылға дейінгі тез өтелуге тиісті қарыздар жатады. Ал ұзақ мерзімді қарыздарға 1 жылдан жоғары банк несиелері мен қаржылық жалдау ақылар мен мерзімі асып кеткен кредиторлық борыштар жатады.
Жоғарыда берілген 5 кестедегі ұйымның қарыз каптиталының деңгейін диаграммаға келтіре отырып, біз ұйымның қарыз капиталы құрамында басқа да қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары мен қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерінің жоғары үлес салмағы алып отырғанын анықтадық.
4 сурет – Ұйымның қысқа мерзімді қарыз капиталының құрылымы (%)
5 сурет – Ұйымның ұзақ мерзімді қарыз капиталының құрылымы (%)
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда маңызды тапсырмалардың бірі оның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштермен танысу болып табылады. Қаржы тұрақтылығын талдау кәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттарын қаншалықты дұрыс басқарып отырғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Қаржы тұрақтылығының мазмұны, қалыпты өндірістік-коммерциялық қызмет үшін қажетті ақша ресурстарының тиімді қалыптасуы мен пайдалануымен меншікті капитал қаржы ресурстарына ең алдымен таза пайда мен амортизациялық аударымдар жатады. Қаржы тұрақтылығының сыртқы белгісі ретінде шаруашылық субъектінің төлем қабілеттілігі көрініс табады. Ұйымның төлем қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның коммерциялық, несиелік және төлем түріндегі басқа операцияларынан туындайтын өзінің қаржылық міндеттемелерін орындай алу қабілеттілігі.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі ішкі және сыртқы серіктестіктер алдында, сонымен қатар мемлекет алдында қаржылық міндеттемелерді толық және уақытылы орындауға мүмкіндігімен сипатталады. Төлем қабілеттілік коммерциялық келісім-шарттарды іске асыру шарттарына және негізгі нысанға тікелей әсер етеді, сонымен қатар несие және займ алу мүмкіндігін қосады. Өтімділікті талдау тек кәсіпорындарды бағалау мақсаты мен қаржылық қызметіне болжам жасау үшін ғана емес, сонымен қатар сыртқы инвесторлар мен банктер үшін де маңызды болып саналады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есепті құрудың жауапты тұлғасы болып президентке бағына отырып, қоғамның бухгалтерлік іс-әрекетін басқаратын бас бухгалтер табылады.
Ұйымның бухгалтерлік есебі
ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік туралы» Заңымен ретт
Ұйымның есеп жұмысы қаржылық, өндірістік және салықтық есеп бөлімдерінен тұратын серіктестіктің есеп бөлімімен жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік есеп жұмыстары «1С.Бухгалтерия.8» бағдарламалық қамсыздандыру арқылы жүзеге асырылады. Ұйымның бухгалтерлік іс-құжаттарына есеп саясатымен қарастырылған алғашқы құжаттар, бухгалтерлік есептің тіркеулері және қаржылық есеп беру жатады.
Іс-құжаттарының айналымы қоғам дәлелдеген іс-құжат кестесімен жүзеге асады. Қоғам сұрақтарының туындауына байланысты өз бетінше талдамалық есеп операциялары мен жүйелерін енгізуді қарастырады.
Қаржылық есеп беру 2 ХҚҰС және ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен белгіленген қаржылық есеп беруді дайындау мен көрсетудің тұжырымдамалық негізіне байланысты құрастырылады. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасымен құрылады. Есепті кезең 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады.
Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай – ақ белгіленген нормалардың талаптарына және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау. Ұйымның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен бекітіледі.
Есеп саясатының басты міндеттері:
- ұйымның қаржы –
шаруашылық қызметін
- ұйым қызметін тиімді басқару мақсатында ұйым қызметі туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру.
Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері: бухгалтерлік есептің объектілерін анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін факторларды табу, талдау және бағалау; есеп саясатын құрудың бастапқы ережесін таңдау және негіздеу; нақты ұйым үшін бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын рәсімдеу.
Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру төмендегілерді қамтиды:
- шоттардың типтік жоспары;
- құжат айналымы тәртібі және есеп ақпаратын өңдеу технологиясы;
- түгендеуді жүргізу тәртібі;
- бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары.
«Қаз пошта»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтерлік есеп журнал - ордерді формада жүргізіледі. Серіктестікте негізгі құралдар есебі 2 қаржылық есептіліктің ұлттық стандартына (ҚЕҰС) сәйкес жүргізіледі. Барлық негізгі құралдар типтік формадағы құжат үлгілерінде есепке алынады. Негізгі құралдар кірістелген сәтінде стандартқа сәйкес бастапқы құнымен бағаланады. Нысаналы бағыты мен орындайтын қызметіне байланысты, сондай-ақ шоттардың типтік жоспарына сәйкес серіктестіктің негізгі құралдары жіктеледі [15] .
Негізгі құралдардың бастапқы құнының өзгеруі тек екі жағдайда ғана болады:
- қайта бағалау;
- қосымша күрделі салымдарды жүзеге асыру немесе обьектінің белгілі бір деңгейде жойылуы.
Негізгі құралдарды есептен шығару қоғамының төрағасымен бекітілген «Негізгі құралдарды есептен шығару» тәртібі туралы нұсқауға сәйкес жүргізіледі. Негізгі құралдарды түгендеу «Уникум Казахстан» ЖШС-нің төрағасының бұйрығымен жылына бір рет өткізіледі. Ұйымда негізгі құралдардың амортизациясы бірқалыпты (түзу сызықты) әдіспен жүргізіледі. Салықтық есеп үшін серіктестік активтердің (негізгі құралдар және матераиалдық емес актив) амортизациясын есептейді.
Ұйымда құралдарды күрделі жөндеуге арналған жөндеу қоры құрылмаған. Күрделі жөндеу бойынша нақты шығыстар олар пайда болған сәтте шығындардың сәйкесінше шоттарына апарылады.
Күрделі салымдар, қайта құрылымдау мен модернизациялау серіктестікте негізгі құралдардың есептелген амортизациясына, таза табыс немесе ұзақ мерзімді несиелер есебінен жүзеге асырылады.
Материалдық емес активтер бастапқы құнына мыналар енеді:
- сатып алу бағасы;
- бағдарламалық өнімді орнату және реттеу бойынша шығындар.
Материалдық емес активтер
бойынша тозу ай сайын бекітілген
нормаға сай есептеледі. Материалдық
емес активтердің пайдалы қызмет
мерзімі олардың түрлеріне
Тауарлық-материалдық қорлар есебі №2 «Қорлар» ҚЕХС-на сәйкес жүзеге асырылады. Олардың есебі қойма карточкаларында және типтік құжаттарда жүргізіледі. Тауарлық-материалдық қорлардың өзіндік құны оларды сатып алу, транспорттық –дайындау шығындарынан құралады. Тауарлық-материалдық құндылықтардың орташа құн әдісімен бағаланады.
Сатып алынған тез тозатын заттар, құрылғылар, төсек жабдықтары, арнайы киімдер, қорғану заттары пайдалануға берілгенге дейін 1350 «Өзге де қорлар» шотында есепке алынады. Ал пайдалану мерзімі бір жылдан жоғары заттар негізгі құралдар ретінде 2940 «Өзге де ұзақ мерзімді активтер» шотында есепке алынады.
Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 3100 «Салық міндеттемелері» бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 3110 «Төленетін корпорациялық табыс салығы», 3120 «Жеке табыс салығы», 3110 «Қосылған құн салығы», 3140 «Акциздер», 3150 «Әлеуметтік салық», 3160 «Жер салығы», 3180 «Мүлікке салынатын салық», 3170 «Көлік құралдарына салық», 3190 «Өзге де салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер» шоттары кіреді.
«Уникум Казахстан» ЖШС-нің банктерде есеп айырысу шоттары бар. Ақшаның есебін жүргізген кезде қолданыстағы заңдылықтар мен нормативтік актілерді жетекшілікке алады.
2.2 Ұйымның тікелей салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысуы
Корпорациялық табыс салығы. Қазақстанда қабылданған салықтық есеп ережесіне сәйкес, табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны салық төлеуші мен сатып алушы немесе активтерді қолданушы арасындағы келісіммен анықталады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында заңды және жеке тұлғаларды қамтитын табыс салығының біртұтас конструкциясы енгізілді. Бірақ бұл субъектілер арсында олардың табыс түрлері мен оны алу әдістерінде айтарлықтай (едәуір) айырмашылық болуы бұл біріктірудің тиімсіздігін көрсетті және заңды және жеке тұлғаларға салық салудың екі режимі сақталды. Бұған қоса Қаржы Министрлігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеудің тәртібі туралы бөлек 2 нұсқаулық дайындады.