Меншікке салықтардың құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:41, курсовая работа

Описание

Осындай салықтардың ішіндегі меншікке салынатын салықтарда өзіндік мәнге ие, сондай – ақ меншікке салынатын салықтарға негізінен жер салығы, көлік – құралдары салығы және мүлік салығы жатқызылады.
Аталған салық түрлері жергілікті бюджетке түсетіндіктен жергілікті салықтар ретінде де қарастырылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Бөлім. Меншікке салықтардың экономикалық мазмұны
1.1. Меншікке салықтардың экономикалық мазмұны...................................4
1.2. ҚР меншікке салықтарды қолданудың жағдайы......................................6
2 Бөлім. Меншікке салықтардың құрамы
2.1. Мүлікке салық.............................................................................................14
2.2. Жер салығы..................................................................................................17
2.3. Көлік құралдарына салық...........................................................................20
3 Бөлім. Меншікке салықтарды жетілдіру жолдары
3.1. Меншікке салықтарды қолданудағы кемшіліктер....................................23
3.2. Меншікке салықтарды жетілдіру жолдары...............................................24
Қорытынды мен ұсыныстар...............................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................27

Работа состоит из  1 файл

Меншікке төленетін салықтар және олардың бюджетті қалыптастырудағы рөлі.doc

— 158.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................3

1 Бөлім. Меншікке салықтардың  экономикалық мазмұны  

1.1.  Меншікке салықтардың   экономикалық мазмұны...................................4  

1.2. ҚР меншікке салықтарды қолданудың жағдайы......................................6

2 Бөлім. Меншікке салықтардың  құрамы

2.1. Мүлікке салық.............................................................................................14

2.2. Жер салығы..................................................................................................17

2.3. Көлік құралдарына салық...........................................................................20

3 Бөлім. Меншікке салықтарды  жетілдіру жолдары

3.1. Меншікке салықтарды қолданудағы  кемшіліктер....................................23

3.2. Меншікке салықтарды жетілдіру  жолдары...............................................24

Қорытынды мен ұсыныстар...............................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................27

 

Кіріспе

Нарықтық экономиканың қалыптасуы кезінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының негізгі мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизімін іске асыру.

      Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Осындай салықтардың  ішіндегі меншікке салынатын салықтарда өзіндік мәнге ие, сондай – ақ меншікке салынатын салықтарға негізінен жер салығы, көлік – құралдары салығы және мүлік салығы жатқызылады.

Аталған салық түрлері  жергілікті бюджетке түсетіндіктен  жергілікті салықтар ретінде де қарастырылады.

Сондықтан курстық жұмыстың мақсаты -  меншікке салынатын салықтардың  экономикалық мазмұнын аша отырып, олардың жетілуі мен жетілдірілудің негізгі бағыттарын жүйелеу болып табылады.

Курстық жұмыстың алға қойылған міндеттері:

- меншікке салықтардың  экономикалық мазмұнының мәні мен мағынасын түсіндіру;  

- меншікке салықтарды  қолданудың әлемдік тәжірибесін салыстырмалы түрде мәлімдеуді жеткізу;

- меншіктік салықтардың құрамын көрсету;

- мүлікке салықтың салық салу объектілері мен салық салу ерекшеліктерін;

- жер салығы салық салу объектілері мен салық салу ерекшеліктерін;

- көлік құралдарына  салық салық салу объектілері мен салық салу ерекшеліктерін айқындау;

- меншікке салықтарды  жетілдіру жолдарының бағыттарын жеткізу;

- меншікке салықтарды  қолданудағы кемшіліктерді және

- меншікке салықтарды  жетілдіру жолдарын ұғындыру болып отыр.

 

1 Бөлім. Меншікке салықтардың экономикалық мазмұны

1.1.  Меншікке  салықтардың  экономикалық мазмұны    

Қандай да болмасын мемлекеттің  салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады.    

Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның  оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеуші ролі негізінен мынадай шараларға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.   

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі  даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің  негізгі байлық көзі шикізатты, соның  ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.

Меншікке салынатын  салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтарға жер салығы, мүлікке салынатын салық, көлік құралдарын салынатын салық жатады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.   

Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің  табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшерлері бойынша белгіленетіндіктен физкалдық мақсаттан басқа бұл салықтардың меншікті пайдаланудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.   

Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтыұ жауаптылықты біркелкі етіп, бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.   

Жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жерге  салынатын салықты енгізу мынандай мақсаттарды көздейді: экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану және жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болады. Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің аланы салық базасы болып табылады. Салық әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық  базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану жолымен есептеледі. Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін Үкімет белгілейді. Бюджетке жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша төленеді.   

Мүлікке салынатын салықтар тура нақтылы салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.    

Қазақстан Республикасының аумағында  меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық объектісі бар заңды тұлғалар мен меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүліктеріне салынатын салықты төлеушілер болып табылады. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрлымдық бөлімшелері салық төлеушілер ретінде қарастырылады.   

Мүлікке салынатын салықты төлеудің көзі табыстың мүлікті пайдаланудың нәтижесі болып табылатындығына  немесе өзге де әдістермен  алынатындығына  қарамастан олардың табысы болып есептеледі.   

 

1.2. ҚР меншікке салықтарды қолданудың жағдайы

1998 жылы Қазақстан  Республикасы Президентінің «Салық  және басқа да бюджетке міндетті  төлемдер туралы» заң күші  бар Жарлығына өзгертулер мен  толықтырулар енгізілді. Бұл Жарлықтағы  кейбір ұғымдардың салық салу ісінде қолданлуын нақтылай түсуі және жеңілдетуі қажет.

Заңды және жеке тұлғалардан  алынатын табыс салығы бөлімінде  жылдық жиынтық табысты есептеу  тәртібіне түзетулер енгізілген. Салық жүктемесін төмендетуге бағытталған  жеке тұлғалардың кірісіне салық салу шкаласында өзгертулер қабылданды. Компьютерлік қондырғылардың амортизациясының ең жоғарғы нормасы 30 пайызға дейін көбейтілді.

1999 жылы ішкі өндіріс  тауарлары бойынша қосымша құн  салығы мен заңды тұлғаларға  салынатын табыс салығына нақ  дәл болжам жасау мақсатында бірінші рет ірі кәсіпорындардың объектіивті есебі негізінде есептеме жасалды. Өйткені есептелген және төленген салықтардың, сонымен бірге артық төленген немесе алынбай қалған салықтардың да сомасының негізін осы кәсіпорындар құрайды.

Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер қайтарусыз қаржыландырылатын  ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан түсетін кірісі бар ұйымдар заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы төлеуден босатылады. Сонымен бірге кейбір өзгертулердің мәні салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту мақсатындағы нақтылау және редакциялау болып табылады. Департаменттің тағы бір маңызды міндеті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қазба байлықтарын пайдалануға және басқа келісімшарттардың жобаларына  салықтық сараптамалар жүргізу болып табылады. Салық заңдылығына қазба байлықтарын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдеріне қатысты әлемдік тәжірибелерді есепке ала отырып жасалған ережелер енгізілген.

Шетелдік инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында салық заңдылығында кіріс пен капиталға екі рет салық салынуын болғызбау жөніндегі екі жақты конвенциялар бекіту жолымен жеңілдіктер беру қарастырылған. Екі рет салық салу мен салық төлеуден жалтаруды болғызбау жөніндегі келісімдердің жобасын жасау, олардың мәтінін келісу, Үкіметтің деңгейінде қол қойылуына дайындау да фискальдық саясат департаментінің міндетіне кіреді. Бүгінгі таңда Ұлыбритания, Италия, Польша, АҚШ және басқа елдермен жасалған 14 конвенция күшіне енді. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасуда.

Салық саясатының негізгі мақсаты мемлекет пен салық төлеушілердің мүдделерін үйлескен түрде біріктіретін салық жүйесін құру болып табылады. Осыған байланысты салық заңдылықтарын жетілдіру жөніндегі шаралар қолға алынуда.

Департаменттің Қазақстан  Республикасы Президентінің стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі мәселелерді шешуі өтпелі процестерді табысты аяқтау ісіне және тұрақты дамудың даңғыл жолына шығуға, тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты Қазақстанды құруға қызмет етеді».

Азаматтық партияның  жетекшісі Азат Перуашев «Салыққа – салауатты көзқарас керек» атты мақаласында мынадай оймен бөлісті: «Қазақстан экономикасы үшін бүгінгі таңда салық саясаты ең маңызды мәселе. Ұлттық өндірістің бет бейнесі болып табылатын өнеркәсіптің дамуы, бүкіл экономиканың өркендеуі осы салық саясатының сауатты жүргізілуіне байланысты болып отыр. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңды қайта қарау қажет. Кейбіреулер – жаңа Салық кодексі қабылданада, олай болса оның қажеттілігі қандай – деген пікірде. Бұл қиынсыз. Біріншіден, Кодекс жобасын  Парламентке сәуір-мамыр айында бергеннің өзінде ең бері дегенде қазан айына дейін қаралмайды. Ал кері жағдайда келер жылға таяу қаралмақ. Салықтың аса жоғары көлемі өндіріске  барар «ауаны» жауып, өз кезегінде жүздеген-мыңдаған  жұмысшылардың денсаулық сақтау, тұрғын үй алу мүмкіндіктерінен айыруда, тіпті келешекте жұмыссыз қалулары да мүмкін.

Өзара сауданы жақсартуда екіжақты салық салудан арылу  механизмі екі елде де жұмыс жасауы қажет. Бұған мүдделі елдер қашанда  да осыған сай шарттарға отырады. Теориялық тұрғыда «екі жаққа да тиімді» бұл шаралармен келіскенмен, біздің өміріміз теориялық өлшемдерге сай келмейді. Қалыптасқан ахуал әсіресе Ресеймен арадағы сауданың дамуына кері әсерін тигізуде. Бұл елмен екі жақты салықтан арылу жөнінде шарт жасалғанмен олар тарапынан қолдау таппай отыр. Соның салдарынан бұл жөніндегі міндеттеме тек Қазақстан тарапынан орындалуда. Осыны ескерсек,

парламенттің экспортталған  өнімдерге қосылған құнға салық  салуы әділдік сияқты.

Негізгі қорларды арттыру мәселесі, нәтижеде кәсіпорындарға салынатын салық көбейеді. Мәселен «құрылыс, ғимарат және амортизацияға жатпайтын активтерді сатудан түскен табысқа» салық салу базасын енгізген. Ал біздерде инфляция кезінде құн өсімінің нақты және жалған болатыны жақсы таныс. Инфляциялық процестерде аталған өзгерістер ұзақ мерзімді активтердің құнының алған өсуіне және кәсіпорынға салықтың нақты артуына апарады.

Өндірісті техникалық жаңартуға  баса мән беру жөніндегі Үкіметтің  ұстанған бағыттарға қарамастан кәсіпорындардың қаржылық мүмкіндіктері едәуір шектеліп отыр. Бұл тармақ жаңа машиналар мен жабдықтарды пайдалануға беруде, көтеріңкі нормалар бойынша кемінде үш жыл пайдалану шартының бірінші салық жылында амортизациялық аударымдар жасау мүмкіндігін шектейді. Сонымен бірге кәсіпорынның өндірістік мақсаттағы шығындары ЖЖТ (жылдық жиынтық табысынан) ескерілмей керісінше салық салынады. Заңның бұрынғы редакциясында салық мақсатында технологиялық жабдықтарды есептен шығаруға болады. Енді техниканы жаңарту түгіл, жөндеу жұмыстарының өзіне салық кедергі жасайды. Мұның бәрі біздің өндірісіміз алда да шетелдіктер үшін тек шикізат көзі болып қала береді деген сөз.

Келесі мәселе тобына салық төлеушілер (кәсіпорындар) мен  мемлекеттің арасындағы теңсіздікке  көзқарасымызды білдіреміз. Мәселен қосылған құнға салықты қайтару тәртібі төмендегідей. Салық төлеуші бюджетпен есептесу барысында экспортталған тауар табыс етілсе болды, одан қажетті ақша алынсын-алынбасын салық салуға жатқызылады. Басқаша айтқанда, шетелдіктер біздің өнімдерімізді сатып алатын болса, оны түсіру үшін сіз оның бағасының 20 пайызын бюджетке төлеуіңіз керек. Әйтпесе келісімдер іске аспай, өніміңіз ешқайда жіберілмейді. Толықтай ақшаңыз қолыңызға тимей сіз 20 пайызын өзіңізге қайтара алмайсыз. Мүмкін сіз алданып қаларсыз? Немесе шетелден ақша келу ұзаққа созылар? Бұл ешкімді ойландырмайды? Мен жоғарыда сөз арасында кәсіпорындарды тығырықтан шығару үшін екі жолды көрсеткем. Не заңды орындау арқылы келісімдерді бұзу керектігін немесе керісінше жағдайды ұсынғам. Сонымен бірге үшінші жолда да бар. Ол – қазіргі Заңды өзгерту болып табылады».

Информация о работе Меншікке салықтардың құрамы