Меншікке салықтардың құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:41, курсовая работа

Описание

Осындай салықтардың ішіндегі меншікке салынатын салықтарда өзіндік мәнге ие, сондай – ақ меншікке салынатын салықтарға негізінен жер салығы, көлік – құралдары салығы және мүлік салығы жатқызылады.
Аталған салық түрлері жергілікті бюджетке түсетіндіктен жергілікті салықтар ретінде де қарастырылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Бөлім. Меншікке салықтардың экономикалық мазмұны
1.1. Меншікке салықтардың экономикалық мазмұны...................................4
1.2. ҚР меншікке салықтарды қолданудың жағдайы......................................6
2 Бөлім. Меншікке салықтардың құрамы
2.1. Мүлікке салық.............................................................................................14
2.2. Жер салығы..................................................................................................17
2.3. Көлік құралдарына салық...........................................................................20
3 Бөлім. Меншікке салықтарды жетілдіру жолдары
3.1. Меншікке салықтарды қолданудағы кемшіліктер....................................23
3.2. Меншікке салықтарды жетілдіру жолдары...............................................24
Қорытынды мен ұсыныстар...............................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................27

Работа состоит из  1 файл

Меншікке төленетін салықтар және олардың бюджетті қалыптастырудағы рөлі.doc

— 158.50 Кб (Скачать документ)

Ауылшаруашылық мақсатында емес жерлерге салықтың ставкасы 1 га-ға бекітіледі.

Заңды және жеке тұлғалардың  кәсіптік әрекетіне пайдалануға  берілген ерекше қорғалатын табиғи территория жерлеріне салық салынады.

Орман қоры жерлері мынадай жағдайларда салық салуға жатады:

  1. Ауылшаруашылық мақсаттарына пайдалануға берілгенде
  2. Орман шаруашылығы органдарының ғимараты тұрған жерлер.

Су қорының жерлері  мынадай жағдайларда салық салуға жатады:

  1. Ауылшаруашылық мақсаттары үшін пайдаланғанда.
  2. Су шаруашылығы органдарының ғимараттары тұрған жерлер.

Жеке үй шаруашылығын жүргізу үшін жеке тұлғаларға берілген ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге салықтың ставкасы мынадай көлемде белгіленеді:

  1. Жердің ауданы 0,5 га шейін болғанда әрбір 0,01 га үшін 20 тг.
  2. 0,5 га-дан асқан ауданға әрбір 0,01 га-на 100 тг-ден.

Үй жанындағы жер  учаскесі бойынша жеке тұлғалар жер  салығын мынадай ставкалар бойынша  төлейді:

  1. Жер ауданы 5000 м2 шейін болғанда әрбір м2 –ке 20 тиыннан.
  2. 5000 м2 –ден асқан ауданға әрбір м2 үшін 1 тг-ден.

Автотұрақтар, АЗС-р, базалар  тұрған жерлер үшін жер салығының  ставкасы 10 есеге көбейтіледі.

Жергілікті атқарушы органдар өзінің өкілеттілігі шегінде  жер учакесінің орналасқан жерінде  сумен қамтамасыздандығына байланысты жер салығының базалық ставкаларын 50%-н артық емес мөлшерде кеміте немесе өсіре алады.

2) Жер салығы бойынша  салық салуға мынадай жерлер  жатпайды:

1.   Ерекше қорғалатын  табиғи территория жерлері.

2.   Орман қорлары  жерлері.

3.   Запасты жерлер.

Жер салығын төлеуден мынадай тұлғалар босатылады:

        1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер (шаруа қожалықтары).
        2. Түзету мекемелері.
        3. ҰОС-на қатысушылар, мүгедектер, бала кезінен мүгедек балалардың 1 ата-анасы, көп балалы аналар тұрғын үй тұрған жер учаскесі және үй жанындағы жер учаскесі бойынша босатылады.
        4. Діни ұйымдар.

Жер салығының сомасын  есептеген кезде салық төлеушілер салық ставкасына 0,1 түзету коэффициентін  қолданады:

    1. Балаларды емдеу мекемелері.
    2. Мемлекеттік табиғи парктер, ботаникалық бақтар, зоологиялық парктер.
    3. Коммерциялық емес ұйымдар.
    4. Әлеуметтік сферада қызмет жасайтын мекемелер.

 Жер салығын есептеу  әрбір жер учаскесі бойынша  бөлек салық базасына салық  ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.  Заңды тұлғалар жер салығының  сомасын өз бетімен есептейді.  Олар салық мерзімі ішінде  жер салығы бойынша ағымдық төлемдерін төлеуге міндетті оны төлеу мерзімдері мынадай: ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешіктірмей төленуі тиіс.

 

 

2.3. Көлік құралдарына  салық

Көлік – құралдары  салығы ҚР салықтардың бірі болып табылады.

Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік – құралдарынан салық төлейді. Бүгінгі таңда, көлік  салығы салық ретінде кең түрде  қолданылып келеді. Ертеректе көлік  салығы аттың күшімен есептелініп  келді. Бұл есеп түрі мемлекетке тиімсіз  болып келді, себебі көлік – құралдарынан түскен салық сомалары аз ғана болды. Қазіргі кезде көлік салығын есептеуде бірнеше тәсілдер аз ғана болды. Қазіргі кезде көлік салығын есептеуде бірнеше тәсілдер қолданылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі және қуатты көліктердің салық сомасы жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын көліктер орындық санына қарай көлік салығы есептелінеді.

ҚР – да көлік салығына көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Көлік – құралдары  салығы негізінен мақсатты салық  болып келеді, яғни түскен салық  сомалары жолды жөндеуге жұмсалады  және бюджетке түсуіне орай жергілікті салық болып саналады.

Көлік салығын төлеушілер:

  • меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар;
  • меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы салық салу объектілері бар заңды тұлғалар;
  • заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;
  • лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша;

Мемлекеттік тіркеуге жататын және уәкілетті органда есепте тұрған көлік – құралдары осы салық түрі бойынша салық салу объектісі болып табылады.

Салық салу объектісі  болып ҚР-ң территориясындағы  көлік құралдарының барлық түрлері  табылады. Көлік құралына салық жылына 1 рет төленеді және АЕК-мен есептеледі.

Жеңіл автомобильдің  двигатель көлеміне 1500-ден 2000 см3 дейін, 2000-нан 2500 см3 шейін, 2500-нан 3000 см3 шейін, 3000-нан 4000 см3 шейін аралықтарында орналасқан кезде алғашқы шектен асқан әрбір бірлікке қосымша 7 тг төлейді.

Жеңіл автокөлік құралдары  бойынша салықты есептеу мерзіміне  пайдалану уақытын 6 жылдан асып кеткен жағдайда оған төмендегідей түзету коэффициенттері  қолданылады:

  1. ТМД елдерінде шыққан машиналар үшін
    • пайдалану уақыты 6 – 15 жылға шейін 0,3
    • пайдалану уақыты 15 – 25 жылға шейін 0,2
    • пайдалану уақыты 25 жылдан жоғары 0,1
  2. Басқа жеңіл көліктері үшін двигатель көлеміне байланысты:

- 3000 см3 шейін 0,5

- 3000 – 4000 см3 шейін 0,7

- 4000 жоғары 0,1

ТМД елдерінде шыққан жүк көтергіш көлік құралдары  бойынша пайдалану уақыты 7 жылдан асып кеткенде мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

    • 7 – 14 жылға дейін 0,5
    • 14 – 20       0,3
    • 20 ж жоғары      0,1

ҚҚС төлеуден мыналар  босатылады:

1. Мамандандырылған ауылшаруашылық  техникасы бойынша ауылшаруашылық  өнімін өндіруші.

2.   Жүк көтерімділігі  40 т-дан асатын карьерлік автосамосвалдар.

3.  Шаруа қожалықтары  ҚР-ң Үк-мен белгіленген норматив  шегінде босатылады.

4.   Мүгедектер

5. Кеңес одағының батырлары,  социалистік еңбек ерлері, халық  қаһарманы, 3 деңгейлі Даңқ ордені, Отан ордені иегерлері, көп балалы аналар, ҰОС қатысушылар 1 автокөлік құралы бойынша босатылады.

5.   Мемлекеттік  мекемелер мен коммерциалық емес  ұйымдар.

6.   Мамандандырылған  дәрігерлік көлік құралдары.

ҚҚС салықты төлеушілер көлік құралының түріне, пайдалану уақытына, салық ставкаларына байланысты өз бетінше есептеп төлейді. Жеке тұлғалар кқс-ты төлеуді ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізу керек. Заңды тұлға кқс бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін тапсырады. Ал салықты төлеуді ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізеді.

 

 

3 Бөлім. Меншікке салықтарды  жетілдіру жолдары

3.1. Меншікке  салықтарды қолданудағы кемшіліктер

     Бүгінгі таңда Казақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында ҚР Үкіметіне келесі негізгі бағыттар жүктелген.

Салық реформасын жүргізу  қиындықтары, бірінде Қазақстанның экономикасы нарықтық қатынастарға негізделмеген өтпелі кезеңде, оның барлық қайшылықтарымен бірге болуымен байланысты. Осыдан қазіргі жағдайда   салық  жүйесінің  тұрақтылығын   қамтамасыз   етуі   мүмкіндігі болмайды. Қоғамдық экономикалық қатынастарының калыптасуы жағдайындай, салық саласында қателіктер мен тәжірбиелер әдісімен жүруге тура келеді. Мұнда есте сақтау керегі бұл  әр түрлі жақтарға қарай өзгеріп отыру, құрылғанда консервативті қатынастарға қарағанда неғүрлым қауіпті.

Жаңа салық жүйесіндегі  негізгі жаңалықтардың бірі халықаралық  салық салудың тәртібін енгізу болып табылады .

Аталып отырған жаңа салық жүйесі туралы заң өмір талабына сәйкес, сай одан әр қарай өзгеріп  дамуда.

Қазақстан Республикасының  Президентінің 1995 жылы 21 желтоқсанында  қабылданған заң күші бар. «Қазақстан Республикасының кей бір заң  актіліріне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» жарлығы 1996 жыл 1 қаңтарынан бастап салық жүйесіне бір қатар өзгерістер енгізді:

Енгізілген өзгерістермен  толықтырулардың қатарына мына төменгілерді жатқызуға болады:

    • салық салынбайтын минимумды анықтауда, ең төменгі жалақы орнына есептік көрсеткіш енгізілген ;
    • арнайы экономикалық аймақтарды тіркеліп, қызмет жасайтын заңды тұлғалар табыс салығы 20 проценттік ставка бойынша төлейтін болады;
    • заңды тұлғалардың жалақыға жұмсалатын шығындары шектеліп, белгіленген нормадан асқан жалақыға жұмсалған шығындарға салық салынады;
    • жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Үкіметімен контрактіге тұрар алдында бас салық инспекциясынан салықтық экспретизадан өтулері тиіс .

     Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайына мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы қзгерістермен байланысты едәуір орын алады.

    Меншікке салынатын  салықтарға жер салығы, көлік  құралдарына салынатын салық жатады.

    Меншікке салынатын  салықтар негізінен жергілікті  бюджетке есептеледі.

    Салықтардың  мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы  бойынша емес сыртқы нышандар  меншіктің мөлшерлері бойынша  белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан  басқа салықтардың меншікті пайдаланудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.

    Меншікке салынатын  салқтар қоғам алдындағы салықтың  жауаптылықты біркелкі етіп бөлуге  мүмкіндік береді. Мұның әсіресе  жер салығына, мүлікке салынатын  салыққа қатысы бар.

 

3.2. Меншікке салықтарды  жетілдіру жолдары

Елбасының тікелей  тапсырмасы бойынша Салық кодексі  жаңартылып жатыр. Президентіміз оны  жасаушыларға мейлінше әділетті болуды, жаңа Салық кодексі дамудың жаңа кезеңіне сай болуын ерекше тапсырған  еді. Қазіргі кезде сол тапсырманың  денін орындап, жаңа Салық кодексінің нұсқасын жасағандар оны Үкімет қарауынан өткізіп, Парламент қарауына жеткізді. Ал елде Салық кодексі «дәл осы күйінде жаңа заман талабына сай емес және әділеттен мейлінше аулақ кеткен» деген пікірлерді айтушылар көп.

Үстіміздегі жылдың басынан бері жаңа Салық кодексін жасаумен айналысқан топ бірқыдыру іс тындырды. Бірақ дәл осы күйіндегі нұсқа Қазақстанның жаңа даму кезеңінің талаптарына жауап бермейді. Дамудың бұл кезеңінде Қазақстан орташа тапты қалыптастырып үлгеруі керек. Дамудың бұл кезеңінде қалың бұқараның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мақсат тұтқан нысанымыз – әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 ел тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен шендесуі керек. Ең бастысы, қазақстандықтар өз жеке кәсіпкерлігін ашуға ынталы болуы қажет. Ал қазіргі Салық кодексінің нұсқасымен бұл ынта өмірге келмейді. Демек, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы әлі де болса мемлекеттің мойнындағы ауыр жүк болып қалады. Олай болса, депутаттарымыз кодекс нұсқасына ерекше екшеу жасауы керек. Бұл арада жеке топтың емес, мемлекеттің мүддесі бірінші орынға қойылмайынша, ізгі ниеттің өзі пайдасыз іс болып шығатынын ұмытпаған жөн. Ал әзірге депутаттар қарауына ұсынылған нұсқа Субханбердин, Машкевичтер төлейтін салыққа жарымаған халықты байғұстың қалтасын қағу арқылы тойындыруды мақсат тұтқан. Бұл, әрине, жалпы дамуымызды тежейтін іс қана.

 

Қорытынды мен ұсыныстар

Жоғарыдағы теориялық  ақпараттарға сүйене отырып, қорытындылар болсақ жалпы меншікке салынатын  салықтардың да бюджет мәнін жетілдіру үшін өте маңызды екенін ажырата білдік.

Меншікке салынатын  салықтар: жер салығы; көлік –  құралдар салығы; мүлік салығы деп  жіктеп айтуға болады.

Бірінші бөлімде жалпы  меншікке салынатын салықтардың  мәні мен мағынасы, экономикалық мәртебесі сипатталды.

Екінші бөлімде меншікке салынатын салықтар жіктеме түрде  жеткізілді. Қысқаша мәлімет келтірер болсақ:

 Мүлік салығы –  Қазақстан Республикасының аумағында  меншік, шаруашылық жүргізу немесе  оралымды басқару құқығында салық  салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.

Жер – белгілі бір  өлшемдегі пайдалану мүмкінлігі орасан зор табиғи байлық. Адамзат  жерді пайдалану арқылы өзінің қажеттіліктерін  қанағаттандырып келеді. ҚР – ның  кең байтақ жері бар. Жер салығы 1992 жылы енгізілді.

Информация о работе Меншікке салықтардың құрамы