Салық жүйесін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 16:05, курсовая работа

Описание

Сондықтан, бұл курстық жұмыс салық жүйесі мен салық жүйесінің түсінігі, оның қызмет ету жағдайына талдау жасауға және жетілдірудегі кейбір мәселелерге арналған.Осыған байланысты бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі салық жүйүесін, оның құрылымын, түрлерін, салық қызметі органдарының мақсаттары мен міндеттерін нақты көрсету, салықтық төлемдер мен салық қызметі органдарын бақылау. Сонымен қатар салық жүйесін жетілдіру жолдарын табу.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
1. Салық жүйесінің қызмет етуінің теориялық негізі........................................5
1.1. Салық жүйесі туралы түсінік,оның құрылымы..........................................5
1.2. Салықтардың түрлері,салықтық қатынастар және салық органдары...............................................................................................................8
1.3. Салық қызметі органдарының мақсаттары мен міндеттері.....................13
2. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау...................................................................................................................17
2.1. Салықтық төлемдер – мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі..................17
2.2. Салық қызметі органдарының бақылау – экономикалық қызметіне талдау...................................................................................................................21
3. Салық жүйесін жетілдіру жолдары.......................................................... …24
Қорытынды..........................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................30

Работа состоит из  1 файл

салық жүйесі.DOC

— 177.50 Кб (Скачать документ)

                                             МАЗМҰНЫ

Кіріспе....................................................................................................................3

1. Салық жүйесінің қызмет етуінің теориялық негізі........................................5

1.1. Салық жүйесі туралы түсінік,оның құрылымы..........................................5

1.2. Салықтардың түрлері,салықтық қатынастар және салық органдары...............................................................................................................8

1.3. Салық қызметі органдарының мақсаттары мен міндеттері.....................13

2. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау...................................................................................................................17

2.1. Салықтық төлемдер – мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі..................17

2.2. Салық қызметі органдарының бақылау – экономикалық қызметіне талдау...................................................................................................................21

3. Салық жүйесін жетілдіру жолдары.......................................................... …24

Қорытынды..........................................................................................................28

Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................30 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                КІРІСПЕ

    Салық жүйесі – бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық шарттардың әсерінен сол  мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Салықтық жүйе мемлекеттің заң шығарушы актілеріне сәйкесетін алым-салықтарды өндіріп алу және құрудың нақты әдістерін бекітуімен негізделеді. Салықтық жүйеде ең маңызды элемент болып салық табылады. Салық дегеніміз – бұл бір жақты тәртіпте уәкілетті орган тұлғалары ретінде мемлекетпен белгіленетін және мемлекеттің табысына түсетін міндетті ақшалай және нақты төлемдердің құқықтық формасына жататын, анықталған мерзім және анықталған мөлшерде салық субьектілері жүргізетін, қайтарымсыздық, эквивалентсіздік, тұрақты сипат алатын, мемлекеттік еріксіз шаралардан қамтамасыз етілетін төлемдер.

    Бюджетте  қарастырылған шаралардың үздіксіз қаржыландыру республикалық және жергілікті деңгейлерде қаржылық ресурстардың жүйелі толтыруды талап етеді. Бұл негізінен жеке және заңды тұлғалардың салық және басқа төлемдерді төлеу есебінен жүргізіледі. Әрекет етуші заң шығару және басқа нормативтік актілерге сәйкес төлеушілер көрсетілген төлемдерді белгілі уақытта және белгіленген мөлшерде төлеуі міндетті.

    Бірақ, өкінішке орай, тәжірибеде жеке және заңды  тұлғалар салықты және басқа да міндетті төлемдерді объективті және субъективті  себептерге байланысты дер кезінде  төлемейді. Нарықтық қатынасқа өту кезінде экономиканың әр түрлі аяларында өзінің қаржылық – шаруашылық қарекетін жүзеге асыратын жаңа кәсіпорын құрылады. Олардың ішінде бухгалтерлік есеп саласындағы білікті мамандар жеткіліксіз. Ереже бойынша мұндай кәсіпорындар есебінде қателер жіберіледі. Есептік мәліметтердің зерделі бұрмалануы жиі кездесетін жағдай. Қазіргі уақытта әрекет етуші заңнаманы бұзбай – ақ және де заңмен тыйым салынған тәсілдермен салық салудан жартылай немесе толығымен бас тартуға мүмкін болғанда, салықтан бас тарту қалыпты жағдай болып отыр.

    Осының барлығы салық салынатын базаны азайтып жіберуге және бюджетке салық және басқа да оған теңесетін төлемдердің түспеуіне әкеп соғады. Сондықтан мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық кірістердің толығымен орындалуы салықтық бақылау арқылы қамтамасыз етіледі. /19. 3 /

    Сондықтан, бұл курстық жұмыс салық жүйесі мен салық жүйесінің түсінігі, оның қызмет ету жағдайына талдау жасауға және жетілдірудегі кейбір мәселелерге арналған.Осыған байланысты бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі салық жүйүесін, оның құрылымын, түрлерін, салық қызметі органдарының мақсаттары мен міндеттерін нақты көрсету, салықтық төлемдер мен салық қызметі органдарын бақылау. Сонымен қатар салық жүйесін жетілдіру жолдарын табу.

    Бұл жұмыстың тақырыпты зерттеу міндеті – Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің сипатын анықтау, салық органдарының міндеттері мен құқықтарын,атқаратын қызметтерін анықтау, салық бақылауының мәнін ашу, жүргізілген тексерістер нәтижесінің көрсеткіштерін талдау және Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін жетілдіру тиімділігін арттыруды көрсету болып табылады.

    Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде салық  жүйесінің мәні мен құрылымы жазылған, салық органдары мен оның мақсаттары мен міндеттеріне сипаттама берілген.

    Екінші  бөлімде 2003 – 2004 жылдардағы ҚР-ның салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау жасалған. 
 
 
 
 

1 Салық жүйесінің қызмет етуінің теориялық негізі 

1.1 Салық жүйесі туралы түсінік, оның құрылымы 

    Салық жүйесі – салықтар, оларды белгілеу, қолдану, төлеу және салықтық міндеттемелердің орындалуына бақылауды қосатын кешен. Яғни, салық төлеушілер мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында бір – бірімен өзара байланысты болатын салықтардың жиынтығынан құралған жүйе. Салық қаржы категориясы ретінде «Теория финансов» еңбегінде қарастырған Б. Н. Сабанти салық жүйесіне мынандай анықтама береді: «Салық жүйесі – салықтардың өзі және олардың қатысуымен байланысты туындайтын қатынастар мен осы қатынастарды реттейтін салық органдарының жиынтығы». Салық жүйесінің негізгі бағыттары (принциптері):

  1. табыстар тең болса, оған салынатын салық мөлшерлері де тең болуы керек;
  2. салық мөлшері барлық кәсіпорындарға, меншік формасына, қызмет түріне қарамастан бірдей болады;
  3. кешенді жүйеде салық салу әдістері тиімді қолдану керек;
  4. жүйеде салық жеңілдіктері болады;
  5. салық ерікті емес, нақты анықталған болу қажет, төлеу мерзімі, тәсілі, төлем сомасы әрбір салық төлеушіге және басқа тұлғаға анық болу керек;
  6. әрбір салық салық төлеушіге ыңғайлы уақытта және тәсілмен алыну керек;
  7. салықты минимумнан жоғары болған кезде ғана төлеу керек, яғни “төлем қабілеті” болуы қажет;
  8. салық жеңілдіктері экономикалық саясаттың стратегиялық бағыттарына негізделеді;
  9. салық жүйесі заңды түрде бекітіледі;

          Бұл принциптердің  бұзылуы салықтардың ауыртпалығына, инвестициялық процестердің тежелуіне, қоғамдық бөлініске әкеледі. Әрбір салықтық жүйеде салықтан басқа алымдар да бар. Егер салықтар тек бюджеттік қорға түссе, онда алымдар біртұтас мақсатты сипатты иеленеді және мақсатты ақша қорларын қалыптастырады. Салық жүйесінің теориялық негізін оның элементтері құрайды. Олардың негізгілері мыналар болып табылады:

    Төлеуші – салықты төлеу міндеттемесін  атқаратын жеке немесе заңды тұлға.

    Салық салу объектісі – табыс, жер рентасы, мүлік т. б.

    Салық салу бірлігі – салықты есептеуде негізге алынатын объект бөлігі.

    Салық салынатын табыс – бір салық төлеушіден алынатын жалпы салықтық сома.

    Салық жеңілдігі – салықтық ауыртпашылықтың  азаюы.

    Салық санкциясы – салық заңнамасын бұзған жағдайда, салық ауыртпалығының жоғарылауы.

    Қандай  да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізгі екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Салық жүйесінің құрамдас бөліктері:

  1. салықтар;
  2. салықтық қатынастар;
  3. салық қызметі органдары.

    Салық жүйесін белгілі бір кешен  ретінде қарастыратын болсақ, онда ол келесі элементтерден тұрады:

  1. заңдық және нормативтік база;
  2. салықтарды құру мен салық салу әдістері;
  3. салықтық бақылау түрлері мен нысандары;
  4. ұйымдар.

    Қазақстан Республикасының салық жүйесіне тоқталсақ, салық жүйесі Қазақстан  Республикасының салық кодексіне сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден салықтық қатынастарды реттейтін заңнамалық базадан және мемлекеттік салық қызметі органдарынан құралады.

    1. салықтар;
    2. алымдар ( мемлекеттік тіркеуге алғаны үшін );
    3. төлемақылар;
    4. мемлекеттік баж;
    5. кедендік төлемдер.
 

    Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын салық  жүйесін құру принциптерін Я.Корнай ұсынған:

  1. салық жүйесінің қарапайымдылығы, салық салу нысанын анықтайтын жағдайда салық төлеушілерге оңай, қиындық туғызбайтын нысандарды таңдау керек, себебі салық салу нысандары күрделі болса,салық төлеушілер түсінбеушіліктен салықтан бас тарту мүмкін;
  2. салық жүйесінің бейтараптылығы, салық жүйесі мемлекетті қолдап, салық төлеушілерді жазаламау керек;
  3. салық жүйесінің тиімділігі, салықтарды белгілеу, оның төленуін қамтамасыз ету экономиканың қызмет етуі мен капитал салымының өсуіне кедергі болмау керек;
  4. сызықтық пропорционалды салықтарды қолдану;
  5. салық жүйесінің ашықтығы немесе салыстырмалылығы, экономикалық қатынастар бойынша елдің әріптес елдерінің негізгі салық түрлері мен салық салудың әдістері мен белгілі бір салыстыруларды  қамтамасыз етуі керек.
 

    Мемлекетте  алынатын салық түрлерінің жиынтығы, олардың құрылу әдістері мен түрлері, салық қызметі органдары мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

    1.2 Салық түрлері, салықтық қатынастар және салық органдары 

    Кез – келген мемлекет өзінің белгілі  бір материалдық, қаржылық базасынсыз өмір сүре алмайды. Демек, мемлекет өзінің аппаратын ұстау, жүктелген функцияларын атқару процесінде туындайтын шығындарды жабу үшін ақшаны иелену тиіс. Қажетті ақшаны тауарларды сату жолымен алуға болады. Бірақ мемлекеттік қызмет өзінің табиғатында тауар түріндегі жаңа құнды қалыптастырмайтын басқарушылық қарекетке жатқызылады. Мемлекет өзіне қажетті ақшаны табуда көптеген әдістерді қолданады. Бір жағдайда меншік иелерінің мемлекетке өз еріктерімен ақшаны беруінде мемлекеттік займ әдісі қолданса, екіншіден мемлекет өз мүлкін қолдануға беруден табыс алатын болса, үшіншіден мемлекет қандай да бір тауарларды сатушы ретінде қызмет көрсетулерден төлем алады. Осындай әдістердің бірі салық болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде салықтар кең мағынада. Тар мағынада салық дегеніміз мемлекетпен белгіленген, оның пайдасына жүргізілетін және белгілі бір талаптарға жауап беретін анықталған төлемдердің алуантүрлілігі. Кең мағынада салық мемлекет табысына алынатын кез – келген ақша қаражаттары. Салық халыққа ертеден таныс мемлекетпен байланысты міндетті төлем болып табылады. Салық бір мезгілде материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде көп қырлы күрделі құрылыс. Материалдық мағынада салық дегеніміз белгіленген мерзім мен бекітілген тәртіпте салық төлеушінің мемлекетке беруі тиіс анықталған ақша сомасы. Салықтың материалдық белгісі ақшалай немесе табиғи нысанда болуы. Экономикалық мағынада салық – бұл бекітілген мөлшерде, белгіленген мерзім мен анықталған тәртіпте төлеушіден мемлекетке бір жақты құн қозғалысына негізделген ақшалай қатынас. Салықтың экономикалық белгілері:

    1. мемлекет иелігіне  қоғамдық жиынтық өнімді бөлуі, яғни бөлінгіштік сипат;
    2. ақшалай нысанда болуы;
    3. төлемнің қайтарымсыздығы;
    4. салық төлеудің эквивалентсіздігі;
    5. салықты төлеу кезінде меншік нысанының өзгеруі;
    6. салықты төлеу тұрақты экономикалық қатынас болып табылады.

       Құқықтық мағынада салық – бұл анықталған мөлшерде, белгіленген мерзімде, бекітілген тәртіпте мемлекетке тұлғаның ақша сомасын беру міндеттемесін туғызатын мемлекеттік бекітілім. Салықтың құқықтық белгілері:

Информация о работе Салық жүйесін жетілдіру жолдары