1.
салық тек қана мемлекетпен,
оған уәкілеттендірілген органмен
белгіленеді;
2.
салықтың тек құқықтық нысанда
болуы;
3.
салық бір жақты мемлекеттік
бекітілім;
4.
салықты белгілеу салықтық міндеттемені
туғызады.
Қазақстан
Республикасында салықтар тікелей
және жанама болып бөлінеді. Жанама салықтарға
қосылған құн салығы мен акциз жатады.
Қазақстан Республикасының салық кодексі
бойынша 9 салық, 12 алым, 9 төлемақы, 4 кеден
бажы қарастырылған. Салықтар:
- Корпорациялық
табыс салығы;
- Жеке табыс
салығы;
- Қосылған
құн салығы;
- Акциздер;
- Жер қойнауын
пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы
төлемдері;
- Әлеуметтік
салық;
- Жер салығы;
- Көлік құралдары
салығы;
- Мүлік салығы
/ 1.26 /
Жанама
салықтардың 4 түрі бар. Олар:
1.
әмбебап жанама салықтар – ол барлық тауарлар
мен қызметтерге қолданылады. Оларға айналысқа
салық, сатып алуға салық, сатудан салық,
қосылған құн салығы;
2. жекелеген жанама
салықтар, яғни акциз;
3. фискалды монополия
жанама салығы – бұл өндірісі мемлекетпен
монополияландырылған тауарларға салынатын
жанама салық. Фискалды монополия жанама
салықтың обьектісі ретінде тауарды өткізуден
түскен түсім қарастырылады;
4. кедендік баж – салық
нысанына байланысты ақшалай және табиғи
салықтар болады.
Салық салудың құқықтық
негізі болып мемлекеттің шығарған
нормативтік актісі табылатын болса,
салық салудың субъективті бастамасы
болып келесілер табылады:
1.салық мемлекетпен
белгіленеді;
2.салықты белгілеу
мемлекеттің саналы, ерікті актісі;
3.салық мемлекеттің
табыс алуға ынтасын білдіреді;
4.салықты сәйкесінше
нормативиік – құқықтық актілермен анықталған
уәкілетті органдар жинайды;
5. салықтық қатынастар
үнемі құқықтық нысанда жүргізіледі.
Салықтық
қатынастар жалпы негізде 2 нысанда
жүргізіледі:
- материалдық
салықтық қатынастар;
- ұйымдастырушылық
салықтар қатынастар.
Мемлекетке салық
төлеушіден ақша қаражатының қозғалысын
білдіреді, яғни экономикалық мағынада
материалдық салықтық қатынастар дегеніміз
салықты алу мен төлеуді білдірсе,
құқықтық мағынада салық міндеттемесін
орындау, ұйымдастырушылық мағынада салық
органдары жүйесін құру мен олардың қызмет
етуін қамтамасыз ету. Материалды салықтық
қатынастарға сипаттама:
- қоғамдық
жиынтық өнімді өндіру, ацырбастау, тұтыну,
бөлумен байланысты туындайтын қатынастар
экономикалық қатынастар болып табылатындықтан,
салық қоғамдық жиынтық өнімді бөлу және
қайта бөлу негізінде туындайтын экономикалық
қатынастарға жатқызылады;
- материалды
салықтық қатынастар мемлекеттің ақша
қорына салық төлеушіден ақша қаражатының
қозғалуына негіз болатындықтан бұл қатынастар
ақшалық қатынастар деп танылады;
- материалды
салықтық қатынастар қоғамдық жиынтық
өнімді мемлекет пайдасына бөлуді ұсынатындықтан
бөлінгіштік сипатты иеленеді;
- материалды
салықтық қатынастар бір жақты құн қозғалысын
ұсынатындықтан эквивалентсіз сипатты
иеленеді;
- материалды
салықтық қатынастар көмегімен мемлекеттік
табыстар қалыптасатындықтан бұл қатынастар
мемлекеттік қаржылық қатынастардың бір
түрі болып табылады;
- материалды
салықтық қатынастар салықты төлету барысында
меншік нысанын өзгертетіндіктен меншік
нысанының ауысуына негіз болады
- материалды
салықтық қатынастар меншікті қайтарымсыз
алуға негіз болады;
- материалды
салықтық қатынастар мемлекет өмір сүруінің
негізі болғандықтан оның қаржы қарекетінің
өнімі болып табылады;
- салықты белгілеу,
жинау және төлеу нормативтік құқықтық
құжаттар негізінде жүзеге асырылатындықтан
материалды салықтық қатынастар құқықтық
нысанды иеленеді.
Сонымен, салық қатынастары
дегеніміз мемлекет салық қарекетін
жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық
қатынастар.
Салық
органдары – бюджетке төленетін
міндетті төлемдерді есептеуді және
жинауды жүзеге асыруға Қазақстан
Республикасының Үкіметі уәкілеттік
берген уәкілетті органдар. Салық
органдары Қаржы министрлігінің
құрамына енеді. Салық комитеті туралы
ереже 2002 жылы 9-қазанда қабылданып, соңғы
рет 2004 жылдың 13-тамызында өзгертулер
мен толықтырулар енгізілген, Қазақстан
республикасының Қаржы министрлігінің
салық комитеті Қаржы министрлігінің
ведомствосы болып табылады. Бұл ведомство,
яғни комитет мемлекет алдында салық кодексіне
сәйкес жұмыстардың орындалуын қамтамасыз
етуге өкілетті. Салық қызметі органдары
уәкілетті мемлекеттік орган мен салық
органынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық
салық комитеттері, Астана және Алматы
қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық
салық комитеттері, аудандар, қалалардағы
аудандар бойынша салық комитеттері жатады.
Арнайы экономикалық аймақтар құрылған
жағдайда, бұл аймақтардың аумағында салық
комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары
тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына
төменнен жоғары қарай тікелей бағынады
және жергілікті атқарушы органдарға
жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган
салық органдарына басшылық жасауды жүзеге
асырады. Салық органдарының бірініші
басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік
органның бірініші басшысы тағайындайды
/1. 8, 9/. Комитет өзінің қызметін заңдарға
сәйкес және ереже мен басқа нормативті
құқықтық актілермен жүзеге асырады. Комитет
– заңды тұлға, өз атынан азаматты-құқықтық
қатынастарға қатысады. Комитеттің құрылтайшылық
құжаты – оның ережесі болып табылады.
Салық комитетінің құрылымы:
- басшылық;
- әкімшілендіру
және ірі салық төлеушілердің мониторингтік
басқармасы;
- салықтық
әкімшілендендіру басқармасы;
- әдістеме
басқармасы;
- халықаралық
салық салу басқармасы;
- ішкі жұмыстар
басқармасы;
- анализдеу,
кірістерді болжау басқармасы;
- ақпарттық-технология
басқармасы;
- ұйымдастырушылық-қаржылық
қамтамасыз ету басқармасы;
- өндірістік
емес төлемдер басқармасы;
- заң басқармасы;
- акциздерді
әкімшілендендіру басқармасы /2. 24-36/
1.3
Салық қызметі органдарының
мақсаттары мен міндеттері
Салық
қызметі органдары:
- салық кодексында
көзделген нормативті-құқықтық актілерді
әзірлеуге және бекітуге;
- өз құзыреті
шегінде салық міндеттемелерінің туындауы,
орындалуы мен тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді
жүзеге асыруға және түсініктеме беруге;
- салық кодексінде
белгіленген тәртіппен салық бақылауын
жүзеге асыруға;
- салық төлеушінің
ақша құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарына,
сметаларына, ақшасының бар-жоғына, бағала
қағаздарына, декларацияларына және салық
міндеттемелерінің орындалуына байланысты
өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының
заң актілерімен белгіленген талаптарды
сақтай отырып, тексеру жүргізуге;
- салық төлеушіден
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген
нысандар бойынша салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді
есептеу мен төлеу жөнінде құжаттар, оларды
толтыру жөнінде түсіндірмелер, жинақтаушы
зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың
дұрыс есептелгендігін және дер кезінде
төленгендігін растайтын құжаттар беруді
талап етуге;
- Қазақстан
Республикасының заң актілерінде белгіленген
тәртіппен салық тексеруін жүзеге асыру
барысында салықтық құқық бұзушылықтар
жасалғанын айғақтайтын құжаттарды салық
төлеушіден алып қоюға;
- орналасқан
жеріне қарамастан табыс табу үшін пайдаланылатын
кез-келген салық салу объектілері мен
салық салуға байланысты объектілерді
тексеруге, салық төлеушінің мүліктеріне
түгендеу жүргізуге;
- Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе
бойынша уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген тәртіппен салық төлеушіден
электрондық құжаттар түріндегі ақпарат
алуға;
- тексерілетін
салық төлеушіге заңды тұлға мен жеке
кәсіпкерге салық салуға байланысты мәселелер
бойынша коммерциялық, банктік және заңмен
қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді
жария етуге Қазақстан Республикасының
заң актілерімен белгіленген талаптарды
сақтай отырып, банктерден немесе банк
операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардан Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен оның
банк шоттарының бар-жоғы және олардың
өмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның
қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер
алуға;
- салық кодексінің
ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда
салық төлеушінің салық міндеттемесін
жанама әдіспен айқындауға, салық тексерулеріне
басқа да мемлекеттік органдардың мамандарын
тартуға;
- Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес соттарға
талаптар қоюға құқылы;
- салық қызметі
органдарының Қазақстан Республикасының
заң актілерімен көзделген өзге де құқықтары
бар.
Салық
қызметі органдарының міндеттері
1)
Салық қызметі органдары:
1.
салық төлеушінің құқықтарын
сақтауға;
2.
мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
3.
салық төлеушінің салық міндеттемелерін
орындауына, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорына әлеуметтік аударымдардың толық
есептелуіне және уақытылы төленуіне,
сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына
міндетті зейнетақы жарналарының дер
кезінде ұсталуына және аударылуына салық
бақылауын жүзеге асыруға;
4.
салық төлеушілердің, салық салу объектілері
мен салық салуға байланысты объектілердің
есебін, есептелген және төленген салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің есебін белгіленген тәртіппен
жүргізуге;
5.
белгіленген салық есептілігінің
нысандарын толтыру тәртібін түсіндіруге;
6.
салық тексеруін қатаң нұсқамалар
бойынша жүргізуге;
7.
салық кодексі ережелеріне сәйкес
салық құпиясын сақтауға;
8.
салық кодексінде көзделген мерзімдер
мен жағдайларда салық төлеушіге
салық міндеттемелерінің орындалуы
жөнінде хабарлама тапсыруға;
9.
салық төлеушінің өтініші бойынша
3 күн мерзімнен кешіктірмей салық
міндеттемелерін орындау жөніндегі
бюджетпен есеп айырысуларының
жай-күйі туралы оның жеке шотынан
көшірмені беруге;
10.
салық төлеушіге берілетін, салық
және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдер бойынша
салық міндеттемелерінің орындалу
фактісін растайтын квитанциялар
көшірмесінің 5 жыл бойы сақталуын
қамтамасыз етуге;
11.
мемлекет меншігіне айналған
мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау
және өткізу тәртібінің сақталуын, оның
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес тиісті уәкілетті органға толық
және уақытылы тапсырылуын, сондай-ақ
оны сатудан түскен ақшаның бюджетке толық
және дер кезінде түсуін бақылауды жүзеге
асыруға;
12.
салық міндеттемелерінің орындалуын
қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға
және салық төлеушіден салық
берешегін салық кодексіне сәйкес
мәжбүрлеп өндіріп алуға;
13.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексіне
сәйкес салық төлеушіге әкімшілік айыппұлдар
салуға міндетті.
2)
Салық тексеруі барысында салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді
төлеуден қасақана жалтару фактілері,
сондай – ақ қылмыс белгілерін көрсететін
әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған
кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының
заң актілеріне сәйкес іс жүргізу шешімін
қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарының
тергеуіне жататын материалдарды жібереді.
3)
Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының
салық заңдарымен көзделген өзге де міндеттерді
орындайды.
2
Қазақстан Республикасы
салық жүйесінің қызмет
ету жағдайына талдау
2.1.
Салықтық төлемдер
– мемлекеттік
бюджет кірістерінің
көзі
Салықтар
барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық
құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан
ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі
көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты
қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері
және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың
шешуші көзі болып табылады.Салықтарда
мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты
түрде көрінеді. Белгілі философ Фрэнсис
Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың
қасиетті борышы деген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
35-бабында: заңды түрде белгіленген
салықтарды, алымдарды және өзге
де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің
борышы әрі міндеті болып табылады, - деп
жазылған. /12.208/
2004
жыл бюджеттің сапалы орындалуымен
өтті. Оның бірден-бір себебі халықтың
мемлекет алдындағы міндетті төлемдерді
өз уақытында төлеуі және салық қызметтері
жұмысының дұрыс орындалуымен байланысты.
Бюджеттің табыс бөлігінің нығаюы жөнінде
жұмыстар жүргізіліп, салық органының
бақылау – экономикалық қызметінің көрсеткіштері
жақсарылды. Статистикалық мәліметтер
өткен жылдың нәтижесін көрсете отырып,
алдағы жылға жетілдірілген жоспар құруға
өзіндік үлесін қосады. Мемлекеттік бюджеттің
табыстары 2004 жылы 1286914 млн. тенгені құрады.
Жылдық жоспар 104,5 %-ға орындалды. Жергілікті
бюджеттердің табыстары 391727,8 млн.тг., жылдық
жоспар 102,2 %-ға орындалды. Мемлекеттік
бюджеттің табыс түсімдері негізінен
корпоративтік табыс салығы (382814,3 млн.тг),
жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы
төлемдері (135960,6 млн.тг), импортқа қосылған
құн салығы (7095 млн.тг) есебінен өсті.(Қосымша
А) /3.25/