Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 16:05, курсовая работа
Сондықтан, бұл курстық жұмыс салық жүйесі мен салық жүйесінің түсінігі, оның қызмет ету жағдайына талдау жасауға және жетілдірудегі кейбір мәселелерге арналған.Осыған байланысты бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі салық жүйүесін, оның құрылымын, түрлерін, салық қызметі органдарының мақсаттары мен міндеттерін нақты көрсету, салықтық төлемдер мен салық қызметі органдарын бақылау. Сонымен қатар салық жүйесін жетілдіру жолдарын табу.
Кіріспе....................................................................................................................3
1. Салық жүйесінің қызмет етуінің теориялық негізі........................................5
1.1. Салық жүйесі туралы түсінік,оның құрылымы..........................................5
1.2. Салықтардың түрлері,салықтық қатынастар және салық органдары...............................................................................................................8
1.3. Салық қызметі органдарының мақсаттары мен міндеттері.....................13
2. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау...................................................................................................................17
2.1. Салықтық төлемдер – мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі..................17
2.2. Салық қызметі органдарының бақылау – экономикалық қызметіне талдау...................................................................................................................21
3. Салық жүйесін жетілдіру жолдары.......................................................... …24
Қорытынды..........................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................30
Мемлекеттік бюджетке жоспар бойынша келесіден табыстар түспей қалды: заңды тұлғалардың мүлкіне салық, мемлекеттік баж бен консулдық алым, орманды пайдалану мен суға төлемдер.
Қосылған құн салығы, алкоголь өнімдеріне акциз, консулдық алым, мемлекеттік пакет акциясынан дивиденттері бойынша ставкалардың азаюына байланысты түсімдер азайды.
01.01.2004
жылдың жағдайы бойынша
Міндетті зейнетақы салымдары бойынша берешек 01.01.2005 жағдайы бойынша жыл басынан 4843 млн.теңгеге төмендеп, 9934 млн.теңгені құрады. (Қосымша Б) /3.26,27/
Мемлекеттік табыстар бойынша бюджет жоспарының толық орындалуына қарамастан, жергілікті бюджеттің жекелеген облыстары бойынша жоспардың толық орындалмағандығы байқалады. Мәселен, Ақтөбе облысының жергілікті бюджет жоспары 96.7, Атырау облысында 93.2%-ға орындалды. Ақтөбе облысы бойынша жергілікті бюджет жоспарының толық орындалмауы келесі салықтар мен төлемдер түрлері бойынша байқалады: Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік пен паспорттарды беру бойынша мемлекеттік баж және басқа да салықтық емес түсімдер. Атырау облысы бойынша жергілікті бюджет жоспарының толық орындалмауы келесі салықтар, төлемдер түрлері бойынша байқалады: жеке табыс салығы, заңды тұлғалардың мүлкіне салық, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы және басқа да салықтық емес түсімдер. (Қосымша В)
Диаграмма А көрсетіп отырғандай, республика бойынша жалпы түсімдердің ең үлкен үлес салмағы Алматы қаласы – 19, Атырау облысы – 19 және Астана қаласына – 10% тиеді.
Республика бойынша жалпы түсімдердің өсуіне қарамастан, аймақ ішінде түсімдердің азаюы байқалады. Батыс Қазақстан облысында түсімдер 1537,0 млн.теңгеге азайды. Бұл азаю корпоративтік табыс салығының, жеке табыс салығының, әлеуметтік салық және қосылған құн салығы түсімдерінің төмендеу есебінен болды. Маңғыстау облысында түсімдер 4243,0 млн.теңгеге азайды, бұл төмендеу корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, ішкі мұнайға акциз және бонустардың бюджетке толық түспеуінен қалыптасты.(Қосымша Г) /3.22/
01.01.2005
жылдың жағдайы бойынша
08.11.2005
жылдың жағдайы бойынша
2.2 Салық қызметі органдарының бақылау – экономикалық
қызметіне
талдау
2004 жылдың IV тоқсаны мен 2005 жылдың I тоқсанында қосылған құн салығы бойынша өткізілген камералдық бақылаудың нәтижесінде келесілер анықталды:
1.
жабдықтаушының декларациясы
2.тауарларды
сату айналымы көлемінің
3. 23331,1 млн.тенге сомасында, қосылған құн салығынан шот – фактураны жүзеге асыратын, салық есеп формаларын ұсынбайтын 9440 салық төлеушілер
4. “өзіне өзі” шот – фактура жазылымы бойынша бақылау – 2767 салық төлеуші, ол бойынша қосылған құн салығы – 221,8 млн.тенге
5. 27,16 млн.тенге қосылған құн салығы сомасына 241 бұзушылық 2004 жылдың IV тоқсаны мен 2005 жылдың I тоқсанында салық есептілігінде қателер жіберген 184336 салық төлеуші анықталды. 2005 жылдың 17 шілдесі мен 1 тамыз аралығында салық есептілігінде қателерді түзету мақсатында қосымша 16275 салық есептілігінің түрлері ұсынылды. Оның есебінен бюджет 490,3 млн.теңгеге ұлғайды. Бекітілген уақытта бұзушылықтарды жоймаған салық төлеушілер туралы материалдар салық тексерулерін жүргізу үшін аудит бөліміне беріледі. 2005 жылдың бірінші жарты жылдығында 3464 салық тексерістері жүргізіліп, бюджетке 9264 млн.тенге қосымша есептелінді. Салық тексерістерін жүргізу барысында салық органдарының қызметкерлерімен салықты төлеуден жалтару сызбанұсқасы келесілер арқылы анықталады:
1. салық есептілігі формаларында сатудан операцияларды көрсетпеу арқылы; “Жұлдыз” ЖШС-де жүргізілген салықтық тексеріс барысында тауарларды сатудан табыс анықталынды. Салық төлеушімен тұрмыстық техниканы, мүлікті жалға беруден алынған 102563615 тенге сомасындағы табыс көрсетілмеген. Бұл бұзушылық камералды бақылау нәтижесінде анықталған және қарсы тексерістермен куәландырылған. Камералды бақылаудың нәтижесінде қосылған құн салығы бойынша келесілер анықталған, кәсіпорын мәліметтерімен қосылған құн салығы ТОО“Азия”-2312,7 мың.тенге, “Ирбис” ЖШС-і 2200,4 мың.тенге, “Құрылыс” ЖШС-і 4620,3 мың.тенге сомасына азайтылған.
2.
ликвидацияланған
3. қосылған құн салығы бойынша төлеушімен жалған куәліктің көшірмесін ұсыну.
01.01.2005
жылдың жағдайы бойынша салық
қызметі органдарының
Астана қаласының салық комитетінде 13838 жеке кәсіпкерлер, 90 нотариустар мен адвокаттар есепте тұр. 9398 төлеуші салықты төлеуге тартылды, оның ішінде 9308 жеке кәсіпкердер. Қыркүйек айында жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер саны 298 адамды құрады, оның ішінде 218 – жеңілдетілген декларация, 72 – патент бойынша, жалпы бекітілген тәртіп бойынша – 4, бір реттік талон бойынша – 2. Арнаулы салық режимінен патентке – 11, бір реттік талон – 4, жалпы бекітілген тәртіптен патентке – 1. Патент бойынша жұмыс істейтін 21 жеке кәсіпкер есептен алынды. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс салығының жоспар – болжамы бойынша жыл басынан 133%-ға орындалды. 198462 мың.теңге түсті, алдыңғы жылы бұл төлем 127197 мың.теңгені құрады. Алдыңғы жылдың мәліметтерімен салыстырғанда, биыл түсімдер 156189 мың.теңгеге өсті.
31.10.2005 жылдың жағдайы бойынша, төлем көзінен алынбайтын табыс салығы бойынша берешек 44953 мың.теңге, 30.09.2005 жылдың жағдайымен салыстырғанда берешек 2649 мың.теңгеге ұлғайды. Келесі жеке кәсіпкерлер бойынша банкроттық процедуралар жүргізілді: Рамазанов М. З. 2554,1 мың.тг., Уватаев Д. К. – 7231,5мың.тг., Иваниди В. Г. – 1452,0 мың.тг. Төлем көзінен алынбайтын табыс салығы бойынша ең ірі берешек келесі жеке кәсіпкерлерде: Дүйсебаев У. 149,6 мың.тг., Омарова С. Ж. 193,1 мың.тг., Шевелева М. В. 614,0 мың.тг., Иваниди В. Г. – 2035,5 мың.тг., Абдулхакимов Р. Д. 1693,3 мың.тг.
30.09.2005
жылдың берешегі (42304 мың.тг.) 31.10.2005 жылдың
берешегімен (44953 мың.тг.) салыстырғанда
2649 мың.теңгеге ұлғайды, бұл салық
төлеушілердің ағымдық берешекті төлеу
жұмыстары салдарынан 2005 жылдың III
тоқсанының салықтарын уақтылы төлемеуінен
болды.
3
Cалық жүйесін жетілдіру
жолдары
Салық
жүйесін жетілдіруде үш фактор ескерілу
қажет: дамыған елдердің салық салу
жүйесіндегі позитивті
Бұл міндеттердің шешілуі Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Салық жүйесін жетілдіру инвестициялық процестердің барлық түрлерін активизациялауға бағытталу қажет. Бұл қаржы капиталы мен бағалы қағаздар нарығының дамуына өте қажет. Бюджетке түсетін салықтық түсімдердің ең тұрақтысы – қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығы. Сондықтан бұл салықтарды алу механизмі қарапайым болып, екі негізгі функцияны атқаруы керек: ынталандырушы және фискалды.
Нарықтық экономика жағдайында жеңілдіктің бір түрін ғана қалдыру тиімді - өндірістегі шаруашылық субъектілерге жеңілдіктер. Салық жүйесінің тиімділігі оны жүзеге асыратын субъектілер мен механизмге тәуелді. Қазіргі уақытта мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылымында салықтардың уақытында толық төленуіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік салық инспекция мен салық милициясы бар. Салықтардың мемлекеттік бюджетке уақытында түсуі қаржы нарығының тұрақтылық факторларының бірі болып табылады, сондықтан салық қызметін жетілдіру мен нығайту шараларын жүзеге асыру өте қажет. Ең біріншіден, салық жүйесінің құқықтық базасын өңдеу қажет. Салықтан жалтару үшін бапты енгізу, ондағы айыппұл сомасы мен қылмыстық жазалар қатал болуға тиіс. Салық инспекторларының мәртебесі туралы жағдайды қабылдау қажет. Барлық дамыған елдерде коррупцияны болдырмау мақсатында салық органдарының қызметкерлеріне жоғары жалақы деңгейі бекітілген. Салық органдарында әр жргандарында әр жліктілігін көтеріп, аттестациядан өтетін жоғары мамандандырылған қызметкерлер жұмыс істейді. Біздің салық органдары қызметкерлеріне де өз біліктілігін көтеру мақсатында, аттестациядан өту қажет. Салық қызметіне қабылдау жоғары мамандандырылған байқау негізінде жүзеге асырылу керек. Салық қызметі оперативті бақылау мен сараптаманы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жоғары деңгейлі техникалық қамтамасыз етілу қажет. / 4. 46 /
Салықтық қатынастар – қайта бөлу сипатын иеленетіндіктен, қоғамдық прогресс, олардың дамуына тәуелді. Салық жүйесін жетілдіру – билік органдарының ең қиын қарекет аумағы болып табылады. Әлемнің дамыған мемлекеттерінде салық жүйесінің унификациясы әлеуметтік, экономикалық, саяси қиындықтарды сәтті шешуді қамтамасыз ететін, халықаралық интеграциялық процестерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Салық жүйесін оптималды деңгейге шығару мақсатында, салық салудың методологиялық, методикалық негіздерін қайта қарастыру қажет. Салықтар тек бюджет теңгерілімін қамтамасыз ететін құрал ғана емес, мемлекеттің халық шаруашылығының дамуын ынталандыруда қажет. Дамудың жаңа сатысында мемлекет шығыстарының сипаты өзгеруде, халық шаруашылығын қаржыландыру бағытында олардың үлес салмағы төмендеуде. Бұл өз кезегінде мемлекет шығыстарының үш негізгі міндетті шешуге мүмкіндік беретін құрылымның қалыптасуына жол береді:
Салық жүйесін жетілдіруде келесі шарттар орындалу қажет:
Сонымен,
салық жүйесінің жетілуі қоғамдық
дамудың тұрақты саяси шарттары
мен мықты экономикалық базистың
құрылуымен тығыз байланысты.
А. Смит: « салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны»
Сонымен, салық салу субъектілері Қазақстан Республикасының бюджетінде анықталған мерзімде және көрсетілген мөлшерде салықтық төлемдерді енгізуге міндетті. Бірақ біздің мемлекетте, мемлекеттік құрылыс пен салық жүйесінің реформалану этапында және осы міндеттердің орындалуы әлі де жағдайды жақсартуды қажет етеді. Салықты төлеуден жалтару заңды және заңды емес әдістермен жүзеге асырылады, сондықтан салық жүйесін реформалау жүргізілді және Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексі енгізілді. Салықтық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуді реттейтін заңдық базаны жетілдіруде біздің жағдайға сәйкес келетін шетелдік озық тәжірибелер қолдануда.