«Қазақалтын»ТМК» АҚ туралы жалпы мағлұмат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 13:08, курсовая работа

Описание

«Қазақалтын» Қазақстандағы алтын өндіру саласында ең ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. 1990 жылға дейін алтын өндіру көлемі жылына 7-7,5 тоннаны құрады. Бірақ Ресей және басқа ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың бұзылуы, жоғарғы инфляция деңгейі өндірістік шығындардың өсуіне және жұмыс көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келді.

Содержание

Кіріспе
Терминдер мен анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
1. «Қазақалтын»ТМК» АҚ туралы жалпы мағлұмат
1.1 Алтынның сипаттамасы, классификациясы және қызметтік тағайындалуы
1.2 Алтынды ажырату әдістері
1.3 Құрамында алтыны бар рудаларды өңдеу
2. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
2.1 «Қазақалтын» ТМК» өндірісін метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі
2.2 Алтынның өмірлік цикл кезеңдерін метрологиялық қамтамасыз ету
3. Алтынды талдауды
3.1 Алтынды талдаудың жалпы әдісі
3.2 Атом – абсорбционды талдау әдісі
3.3 Алтынды талдауда қолданылатын өлшем құралдары
Қорытынды
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Кіріспе.doc

— 1.63 Мб (Скачать документ)

Кіріспе.......................................................................................................................

Терминдер мен анықтамалар..................................................................................2

Нормативтік сілтемелер

1. «Қазақалтын»ТМК» АҚ  туралы жалпы мағлұмат

1.1 Алтынның сипаттамасы,  классификациясы және қызметтік  тағайындалуы

1.2 Алтынды ажырату  әдістері

1.3 Құрамында алтыны  бар рудаларды өңдеу

2. Өндірісті метрологиялық  қамтамасыз ету

2.1 «Қазақалтын» ТМК» өндірісін метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі

2.2 Алтынның өмірлік цикл кезеңдерін метрологиялық қамтамасыз ету

3. Алтынды талдауды

3.1 Алтынды талдаудың  жалпы әдісі

3.2 Атом – абсорбционды  талдау әдісі 

3.3 Алтынды талдауда  қолданылатын өлшем құралдары

Қорытынды

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

«Қазақалтын» Қазақстандағы  алтын өндіру саласында ең ірі  кәсіпорындарының бірі болып табылады. 1990 жылға дейін алтын өндіру көлемі жылына 7-7,5 тоннаны құрады. Бірақ  Ресей және басқа ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың бұзылуы, жоғарғы инфляция деңгейі өндірістік шығындардың өсуіне және жұмыс көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келді.

Қоғамды жасаудың және әрекет етуінің мақсаты қазіргі кәсіпорын  талаптарына сай келетін тиімді басқару моделі бар бәсеке қабілеттілігі жоғары кәсіпорынды құру болып табылады.

Кәсіпорын іс-әрекеті  Қазақстанның сыртқы және ішкі нарықтарына  бағытталған. Қоғам іс-әрекетіне  келесілер кіреді: құрамында алтыны бар кенді барлау, өндіру және өңдеу, алтын өнімін дайындау, алтын экспорты, алтынды өңдеу, сақтау және өткізу.

Алтын өндіру өнеркәсібінің  бірінші ерекшелігі – дайын өнімді өткізу стадиясында, алтын жоғары ликвидидті тауар болғандықтан, бәсекенің жоқтығы. Алтын өндіру өнеркәсібінің екінші ерекшелігі – кен орындарын әзірлеуге құқықтарды ұсынғанда бәсекенің жоғары деңгейі осы стадиядағы бәсекенің жоғары деңгейі экономикалық мақсатқа лайықты минералды ресурстар базасының шектелуі.

Берік және ерекше берік  алтын-мышьяк шоғырларын алдын-ала  дйындау тәсілі әзірленді. Ол алтын алудың дәстүрлі гидрохимиялық әдісімен қатар, мыс, қорғасын өндірісінде көміртек және силикатты құраушылар болғанда флюстеуші қоспа ретінде пайдаланыла отырып, пирометаллургиялық қайта өңдеу тәсілімен тізбекті өңделуге қажет өнім алуға мүмкіндік береді.

Байыту фабрикасындағы технологиялық үрдістерді бақылау 
Байыту фабрикасындағы технологиялық үрдістерді бақылау кеннің фабрикаға келіп түскеннен бастап дайын өнімді тиеуге дейінгі аралық «Қазақалтын ТМК» АҚ ЦЛА бөлімімен тығыз байланыс жасайтын техникалық бақылау бөлімімен жүзеге асырылады.   
Фабриканың ТББ (ОТК) фабрикаға келіп түсетін шикізаттың және өзі шығаратын байытылған өнімнің сапасы мен көлемін қадағалайды. Техникалық бақылау бөлімі барлық кен түрлерін байытудағы технологиялық үрдістердің параметрлері режимінің сақталуын, автомобиль және теміржол таразыларының дұрыс жұмысын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Терминдер мен  анықтамалар

 

Түсті металлургия кәсіпорындары - кен шығару және байытумен, түсті металдар мен олардың құймаларын өндіру және өңдеумен айналысатын өнеркәсіп саласы.

 
  Кивцэтті құйма - металдарды бір агрегатта ала отырып, шихтаны күйдіру және еріту циклондық пеш пен еріту камерасында жүргізу процесі, ал келесі кезекте құйма шикізаттары (металдарды қалпына келтіру, айдау және конденсациялау) агрегаттың электротермиялық бөлігінде тарамдалады.

 
  Мульда - жинаушы машинаның пешіне шихтаны тиеуге арналған құйма құрыш қорап.

 
Фурма - металлургиялық агрегаттарға үрлеуге арналған қондырғы.

 

Алтын - жұмсақ сары түсті, соғылғыш, созылғыш, жайылғыш, ауыр, жұмсак металл.

 

Метрология (грек. metron – өлшем және logos – сөз, ілім) – өлшеу туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.

 

Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402).

 

Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.

 

 Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.

 

Метрологиялық қамтамасыз ету – бұл өлшеудің талап етілетін дәлдігі мен біртұтастығына қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерді, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды бекіту мен қолдану. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нормативтік сілтемелер

 

Осы курстық жұмыста төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

МЕМСТ 27973.0-88 - Алтын. Талдауға жалпы талаптар

МЕМСТ 6902-75 – Сусальды алтын мен күміс. Техникалық шарттар

МЕМСТ 12562.1-82 – Алтын платиналы балқымалар. Алтынды анықтау әдістері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Қазақалтын» ТМК АҚ жалпы сипаттама беру

     «Қазақалтын»  тау-кен металлургиялық концерні»  акционерлік қоғамы Қазақстан  Республикасының Азаматтық Кодексіне  және Қазақстан Республикасының   «Акционерлік қоғамдар туралы»  2003 жылдың 13 мамырындағы заңға сәйкес құрылған.

Қоғам тарихы 1932 жылдан, Қазақстаның солтүстігінде алтынқұрамдас  кендер ашылғаннан басталады. Кеңестік Одақ уақытында кәсіпорын КСРО Түсті  металлургия министрлігінің құрлымына  кірді.

КСРО ыдырағаннан кейін  кәсіпорын заңды тұлға құқығында «Алтыналмас» АК құрамындағы жеке шаруашылық бірлік болып шығады. Қаржылық-өндірістік іс - әрекетті сауықтыру, инвестицияларды және алдыңғы қатарлы технологияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылдың 6 ақпанындағы №155 жарлығымен «Қазақалтынды»  «Гонд Пул»  атты біріккен қазақ – канадалық кәсіпорының сенімді басқаруына берілді.

Қоғам құрамына 4  кен  өндіру орны және  3 кен байыту фабрикалары  кіреді.

1999 жылы «Қазақалтын»  алтын өндірісінің қайта жандандырудың бағдарламасын жасады. Тау-кен жұмыстары 2000 жылдың мамырынан қайта басталды.

Қажетті кен көлемі жиналғаннан  кейін тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін кеніштердің 3 кен-байыту фабрикалары  бар. Бүгінгі күнде 1997-1999 жылдардағы тоқтап қалудан кейін тау-кен өндірісі қайта іске қосылып,  Бестөбе, Ақсу, Жолымбет кеніштерінде алтын кенінің алғашқы жүздеген тонналары шығарылды.

«Қазақалтын» Қазақстандағы  алтын өндіру саласында ең ірі  кәсіпорындарының бірі болып табылады. 1990 жылға дейін алтын өндіру көлемі жылына 7-7,5 тоннаны құрады. Бірақ Ресей және басқа ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың бұзылуы, жоғарғы инфляция деңгейі өндірістік шығындардың өсуіне және жұмыс көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келді.

Қоғамды жасаудың және әрекет етуінің мақсаты қазіргі кәсіпорын талаптарына сай келетін тиімді басқару моделі бар бәсеке қабілеттілігі жоғары кәсіпорынды құру болып табылады.

Кәсіпорын іс-әрекеті  Қазақстанның сыртқы және ішкі нарықтарына бағытталған. Қоғам іс-әрекетіне келесілер  кіреді: құрамында алтыны бар кенді барлау, өндіру және өңдеу, алтын өнімін дайындау, алтын экспорты, алтынды өңдеу, сақтау және өткізу.

Алтын өндіру өнеркәсібінің бірінші  ерекшелігі – дайын өнімді өткізу стадиясында, алтын жоғары ликвидидті тауар болғандықтан, бәсекенің жоқтығы. Алтын өндіру өнеркәсібінің екінші ерекшелігі – кен орындарын әзірлеуге құқықтарды ұсынғанда бәсекенің жоғары деңгейі осы стадиядағы бәсекенің жоғары деңгейі экономикалық мақсатқа лайықты минералды ресурстар базасының шектелуі.

Қазақстан республикасында алтын өндіру саласында өндірудің негізгі көлемін (77,5%) «Қазақалтын» «ТМК» АҚ, «Алтыналмас» АҚ, «Казцин» АҚ, «Қазақмыс» тобы.

Сонымен қатар, алтын өндіру секторында ірі кәсіпорындар болып  «Майконкалтын» АҚ, «АБС-Балхаш» ТБК, «Алтын Төбе»  ТБК АҚ, «Андас Алтын» ТБК АҚ, «Алел»АҚ, «Шаралтын» АҚ, «Васильновск алтын» ТНК, «Данк» ЖШС табылады. Бұл компаниялардың инвестициялары Қазақстан Республикасының алтын өндіру саласына салынған капиталдың жалпы көлемінің 85% құрайды. Олардың 80% бағалы металдың өндірілуіне кетеді.

Соңғы жылдың қорытындысы бойынша  «Қазақалтын» Қазақстан Республикасындағы  ұқсас компаниялар мен өткізілген өнімінің жалпы көлемінің 10% құрайды.

 

    1.  Алтынның сипаттамасы, классификациясы және қызметтік тағайындалуы

 

Алтын (латынша Aurum), Au – элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, әрі асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 79, атом массасы 196, 967, балқу температурасы 1063ْ С болса, қайнау температурасы 2947 0С. Таза алтын сары түсті, созылғыш болып келеді. Ол сыртқы ортаның химиялық әсеріне төзімді. Оттек, сутек, азот, және көміртекпен тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді. «Патша сұйығында» (1 көлем HNO3, 3 көлем HCl) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Алтын кентастарынан ұсақтау, байыту және циянды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алынатыны белгілі. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Алтынның, ұсақ түйірлері кварц ішінде, немесе кварц құмы арасында шашыраңқы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын теллуриді (калаверит) AuTe2 құрамында және мыстың, қорғасынның сульфид кендерінде болады. Бүгінде алтынды ажыратып алу үшін әр түрлі әдіс қолданылатынын айтуға тиіспіз. Ең оңай, әрі көне әдіс – құмды ағын сумен жуып, алтынды бөліп алу. Екінші әдіс алтынды сынап амальгасына айналдыру. Сынап көпшілік металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы алтынды шығарып алу үшін, амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді. Ал оның буын жинап, салқындатып қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі әдіспен де кұмдағы алтын түгел алынбайды, көп болса, 75 пайыз ғана алынады. Бұлардан гөрі тәуірірек әдіс цианид әдісі. Ішінде алтын қалған жынысты KCN тұзынын, 0,02 – 0,2 пайыз ерітіндісімен 2-3 рет қайталап шаймалап жуады.

1.2 Алтынды ажырату әдістері

Құмда шашылған аз алтынды (тоннасына 2 - 4 г) ажыратып алу үшін әр түрлі әдіс қолданады. Ең оңай, көптен қолданылып келе жатқан әдіс - құмды  ағын сумен жуу, сонда құм қиыршықтары  суға ілесіп кете береді де, алтын ауыр болғандыктан қалып қояды. Екінші бір әдіс алтынды амальгамаға айналдыру. Сынап көпшілік металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы алтынды шығарып алу үшін, амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді, оның буын жинап, салқындатып қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі әдіспен де кұмдағы алтын түгел алынбайды, көп болса, 75% ғана алынада. Бұлардан гөрі тәуірірек әдіс цианид әдісі. Ішінде алтын қалған жынысты KCN тұзынын, 0,02 - 0,2% ерітіндісімен 2 - 3 рет қайталап шаймалап жуады, сонда:

4Au + 8NaCN + 2H2O + O= 4Na[Au(CN)2] +4NaOH

Комплексті қосылыс құрамындағы алтынды мырыштың, жәрдемімен ығыстырып шығарады:

2Na[Au(CN)2] +Zn = Na[Zn (CN)4] +2Au

Бұл шыққан алтынды мырыштан тазалау үшін сұйық күкірт қышкылымен жуады, мырыш еріп кетеді. Күміс сияқты басқа қоспалардан тазалау үшін концентрленген ыстық күкірт қышқылымен жуады, онда күміс Ag2SO4-кe айналады. Кейде күмістен тазалау үшін электролиздеуді қолданады - анод - тазартылмаған алтын, катод - таза алтын, электролит ретінде Н[АuС14] ертіндісін қолданады сонда күміс анод шламы түрінде қалады.

Алтын - жұмсақ сары түсті, соғылғыш, созылғыш, жайылғыш, ауыр, жұмсак металл. Қалыңдығы, 0,0001 мм фольга жасауға болады.

Алтын жұмсақ болғандықтан таза түрде емес, мыс және күміспен араластырылған құйма түрінде колданылады. Түрлі алтын заттарды алтын мен  мыстың құймасынан жасайды, ол құймада  көбінесе 58,3% алтын болады (алтын  заттардың пробасы 583).

Алтын активтігі тіпті  нашар металл, активтік қатарында  ол ақырғы орында тұр. Оттекпен тікелей  еш жағдайда да қосылмайды. Сұйық заттардан  тек калий немесе натрийцианидының ерітіндісінде, хлор суында және «патша сұйығында» ериді.

«Патша сұйығы» үш көлем тұз қышқылымен бір көлем  азот қышқылының коспасы:

3HCl + HNO= 2Cl+NOCl+2H2O, 
Au + 2Cl + NOCI = AuCl+ NO, 
АuСl+ НСl = Н[АuСl]4

Алтын селен қышқылында да (күшті тотықтырғыш) ериді:

2Au + 6H2SeO= Au2(SeO)+ 3SeO+ 6H2O

Алтын ұсақ ұнтақ түрінде хлормен, 400 - 650° С фосфор буымен реакцияласады. Алтыннан монета (ақша) жасайды (тұтынуға шығарылған қағаз ақшаның қорғауышы ретінде банкта жатады); тіс салады, баска металдардың бетіне жалатады және әсемдікке тұтынатын әшекей бұйымдар жасайды.

Информация о работе «Қазақалтын»ТМК» АҚ туралы жалпы мағлұмат