«Қазақалтын»ТМК» АҚ туралы жалпы мағлұмат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 13:08, курсовая работа

Описание

«Қазақалтын» Қазақстандағы алтын өндіру саласында ең ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. 1990 жылға дейін алтын өндіру көлемі жылына 7-7,5 тоннаны құрады. Бірақ Ресей және басқа ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың бұзылуы, жоғарғы инфляция деңгейі өндірістік шығындардың өсуіне және жұмыс көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келді.

Содержание

Кіріспе
Терминдер мен анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
1. «Қазақалтын»ТМК» АҚ туралы жалпы мағлұмат
1.1 Алтынның сипаттамасы, классификациясы және қызметтік тағайындалуы
1.2 Алтынды ажырату әдістері
1.3 Құрамында алтыны бар рудаларды өңдеу
2. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
2.1 «Қазақалтын» ТМК» өндірісін метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі
2.2 Алтынның өмірлік цикл кезеңдерін метрологиялық қамтамасыз ету
3. Алтынды талдауды
3.1 Алтынды талдаудың жалпы әдісі
3.2 Атом – абсорбционды талдау әдісі
3.3 Алтынды талдауда қолданылатын өлшем құралдары
Қорытынды
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Кіріспе.doc

— 1.63 Мб (Скачать документ)

 

1.3 Құрамында алтыны бар рудаларды өңдеу

 

Алтынды айыру кәсіпорындарында амальгамация үрдісін қолдануға  жол берілмейді. Улылығы жоғары реагенттер (цианидтер, тағы басқалар) қолданылатын алтынды айыру кәсіпорындарының цехтары мен бөлімшелерінің едендері, қабырғалары, төбелері және құрылыс конструкциялары тығыз, тегіс етіп жасалады және ерітінділерді сіңірмейтін және жеңіл жуылатын гидрофобты жабынды болады.

Тұтас емес қабат аралық қабырғалардың бос шеттерінде қоршаулардан басқа, биіктігі 20 см кем емес ылғалды сіңірмейтін бөгеттер бар. Алтынды айыру кәсіпорындарының едендері (оның ішінде ыдыстар мен құрал-жабдықтардың асты да) дренаж арналары мен зумпфтары жағына ерітінділер мен пульпаның жиналуына жол бермейтін еңкіш болады. Алаңдар мен қабат аралық қабырғаларда орнатылған құрал-жабдықтарда, міндетті түрде, төменде орналасқан зумпфтар немесе ыдыстарға ағынмен дренаж жүйесі құрылғысы қаралады.

Сорғысы бар арналар  мен зумпфтардан тұратын едендердің дренаж жүйесі барлық ағындардың жиналуын және олардың технологиялық үрдіске қайтып келуін қамтамасыз етеді. Циандаудың бір ғимаратында қышқылды ортада өтетін үрдістерді, екі үрдіс те бірыңғай технологиялық тізбекті құратын үрдістен басқа, біріктіруге жол берілмейді. Мұндай жағдайда айрықша сақтандыру шаралары (барлық аппараттардың жұмысы вакуумда, жұмыс орындары ауа құрамын үздіксіз бақылау тағы басқа) қабылданады. Технологиялық үрдістер қышқыл ортада жүретін бөлімшелерде айрықша дренаж жүйелері болады: қышқыл дренаж сулары шығарылар алдында бейтараптандырылады.

Бұл бөлімшелердің едендері, қабырғалары, құрылыс конструкциялары  және құрал-жабдықтарында қышқылға тұрақты қабаттар болады.

Ауаны жергілікті сору қаралады:

1) кәсіпорынның ұсақтау бөлімшесінде – цианды ортада ұсақталатын ұсатқыштың тиеу және түсіру мойындарынан;

2) концентратты кептіру  бөлімшесінде – кептіру пештерінің (барабандарының) тиеу және түсіру  тесіктерінен;

3) цинк тұнбаларын  кептіру бөлімшесінде – кептіру  шкафтарының (пештерінің) тиеу люктерінен;

4) реагент бөлімшесінде  – улы реагенттері, реагенттер  қоректендіргіштер, араластырғыш  және жинақтау чандары бар  ыдыстарды ашу және босату  камераларынан;

5) өнеркәсіптік ағындарды  залалсыздандыру бөлімшесінде –  залалсыздандыру аппаратурасынан;

6) сорбциялық бөлімшеде  – шайыр бөлініп шығу үшін  електер мен пачуктардан;

7) қайта жаңғырту бөлімшесінде  – қайта жаңғырту колонкалары  мен реагенттер ыдыстарынан;

8) электролиз бөлімшесінде  – электролизерлерден және графиттелген  ватинді жағу пештерінен.Бөлініп шыққан газдарды шығару шарттары (мөлшері, орны, биіктігі тағы басқа) жобамен анықталады. Жоғары концентрациялы (сутегі, көмірсутегі, цианды сутегі тағы басқа) қопарылу қаупі бар және өртену қаупі бар заттардың бөлініп шығуы мүмкін аппараттардың тартқыш желдету жүйелерін қопарылудан қауіпсіз етіп жасау қаралады.

 

  1. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету

Метрологиялық қамтамасыз ету деп ғылыми және ұйымдық негізді, техникалық құрылғыларды, ережелер мен нормаларды қолдану және орнату түсініледі. Метрологиялық қамтамасыз етудің дамуындағы негізгі тенденция болып бұрыннан қалыптасқан бірлікті қамтамасыз ету және өлшеу сапасын қамтамасыз ететін өлшеу дәлдігі табылады.         

 Метрологиялық қамтамасыз  ету объектісі болып бұйымның  немесе қызметтің өмірлік циклінің барлық кезеңдері табылады. Өмірлік цикл ретінде үрдісті құрудың өзара байланысты кезектілігі түсініледі. Бұйымның жоғары сапасына жету үшін өнімді өңдеудің кезеңінде бақыланатын параметрлер, дәлдік класы, өлшеу шамалары, бақылау және сынау жүргізіледі. Метрологиялық қамтамасыз етуді өңдеу кезінде міндетті түрде жүйелік орын табу қолданылады, яғни, талап етілген өлшеу сапасына жету үшін біріктірілген берілген өзара байланысты үрдістерді қамтамасыз ету пайдаланылады.

Мұндай үрдістер болып  келесілер табылады: 
• өлшенетін параметрлер номенклатурасын орнату және өнім сапасын бақылау кезінде дәлдік класын оңтайландыру; 
• технико-экономикалық түсіндірме және СИ жүйесін таңдау;  
• қолданылатын бақылау-өлшеу техникаларын стандарттау, унификаттау және агрегаттау;  
• өлшеу,сынау және бақылау жүргізудің әдістемесін өңдеу, енгізу және аттестаттау; 
• кәсіпорында қолданылатын бақылау-өлшеу және сынау құрылғыларын калибрлеу, метрологиялық аттестаттау және тексеру; 
• өндірісті бақылау, сонымен қатар, кәсіпорындағы метрологиялық ережелер мен нормаларды бақылау;  
• кәсіпорындағы стандарттарды енгізуге және өңдеуге қатысу; 
• халықаралық, мемлекеттік және салалық стандарттарды, сонымен қатар, Мемстандарт нормативтік құжаттарын енгізу; 
• технологиялық, конструкторлық , нормативтік құжаттамаларда метрологиялық сараптама жүргізу; 
• өлшеуді жүргізу,оның негізінде өңдеу және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру; 
• қызметке сәйкес жұмыскерлерді дайындау.                

Метрологиялық қамтамасыз ету 4 негізді құрайды:ғылыми, ұйымдық, нормативтік және техникалық. Метрологиялық қамтамасыз етудің жеке аспектілері кіші кәсіпорындағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша  МИ 2500-98 ұсыныстарында қарастырылған. Метрологиялық қамтамасыз ету шараларын жүргізу және өңдеу метрологиялық қызметте көрсетілген. Метрологиялық қызмет –өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізу үшін заңға сәйкес метрологиялық бақылау және қадағалау қызметі.

Өндірістегі өнімді метрологиялық  қамтамасыз етудің негізгі есебіне  келесілерді жатқызуға болады:

  • Өңдеу кезінде өлшеу бірлігін қамтамасыз ету және өнімді сынау;
  • Өлшенетін параметр номенклатурасын орнату және талдау;
  • Өлшеу құралдарының метрологиялық қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру:тіркеу, сақтау,тексеру,калибрлеу,жөндеу;
  • Қажетті өлшеу дәлдігіне кепілдік беретін, өндірістік үрдісте өлшеу жүргізуді енгізу және өңдеу;
  • Тасымалдау шарттарында сыналатын құрылғыларды бақылау және қадағалауды жүзеге асыру;
  • Конструкторлық және технологиялық құжаттамаларда метрологиялық сараптама жүргізу;
  • Сыналатын құрылғылардың метрологиялық қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру:тіркеу,бекітілген шарттарға сәйкес аттестаттау,жөндеу;
  • Бақылау құрылғыларының метрологиялық қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру:тіркеу,аттестаттау,тексеру,калибрлеу;
  • Өлшенетін жүйелердің метрологиялық қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру:тіркеу,аттестаттау, тексеру,калибрлеу;
  • Дәлдік класын жүргізу және ұйымдастыру;
  • Өлшенетін жүйелердің автоматтандырылған бақылау-өлшеу құрылғыларын және өлшеу әдістерін және тәсілдерін ендіру;
  • Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік құжаттарын ендіру және өңдеу;
  • Метрологиялық қамтамасыз етуде шығындардың экономикалық тиімділігін бағалау.

Бұдан басқа негізгі  есеп болып метрологиялық қамтамасыз ету тиімділігін жоғарылату жұмысы табылады. Осыларды жүзеге асыру шаралары:

  • Өлшенетін, бақыланатын және сыналатын құрылғыларды оңтайландыру, “қажетті және жеткілікті” принципі бойынша;
  • Жаға құрылғылармен алмастыру, жаңа өлшеу тәсілдерін ендіру;
  • Өлшенетін үрдістерді автоматтау,ИСС,АСКУЭ ендіру;
  • Экономикалық критерий бойынша өлшеу дәлдігін оңтайландыру;
  • Өлшеу қателіктерін талдау;
  • Калибрлеу, тексеру үрдістерін жүзеге асыру:жаңа эталондар ендіру,метрологиялық қызметтерді аккредиттеу;
  • Кәсіпорындағы конструкторлық және технологиялық құжаттамаларға методологиялық сараптама жүргізу;
  • Персонал деңгейін жоғарылату;
  • Метрологиялық қамтамасыз етумен айналысатын қызмет құрылымын реттеу.

Өндірісті метрологиялық  қамтамасыз етуде келесі шаралар  орындалады: 

- өнімнің сапасын  анықтау үшін қолданылатын өлшемдердің нормалары мен дәлдік параметрлерін және технологиялық процесс пен құрал-жабдықтардың тиімді номенклатураларын белгілеу; 

- өлшеу құралдары  мен өлшем әдістемелерінің дұрыс  түрлерін қолдану туралы ұсыныстар  жасау; 

- өлшеу құралдарын  стандарттау

- өлшеу жүргізуді өлшем дәлдігін сақтайтын, жетілдірілген әдістемелермен қамтамасыз ету; 

- өлшеу жүргізудің  нормативті-техникалық құжаттарға  сай болуын қамтамасыз ету; 

- өндіріс қызметкерлері  мен жұмысшыларын өлшеу жүргізуге,  өлшеу құралының дәлдігін анықтап, жөндеулер жүргізуге, өлшеу құралының дәлдігін анықтап, жөндеулер жүргізуге үйрету.  

        Метрологиялық қамтамасыз етудің орнатылған талапқа сәйкестігін бағалаудың мақсаты кәсіпорынның метрологиялық қызметінің талап етілген сипаттамамен және тұрақты сапада өнім өндіруді қамтамасыз ету қабілетін анықтау болып табылады.   

       Метрологиялық қамтамасыз етуді бағалауда тексеріледі: 

1. Өлшем бірлігін  қамтамасыз етудің мемлекеттік  жүйесінің нормалары, ережелері  мен талаптарының орындалуы, сонымен  қатар сынау ретінің тапсырмаларының дәлдігі мен параметрлерді бақылау дұрыстығына талаптары. 

2. өзгеруде рұқсат  етілген шектер мен өлшенетін  (бақыланатын) параметрлер номенклатураларын  таңдаудың негізділігі. 3. Кәсіпрынның  өлшеу, тексеру (калибрлеу), жөндеу, өлшеу құралдарын сақтау, бақылау және сынау мен олардың орнатылған талаптарға сәйкестігін тексеру үшін қажетті жабдықтар және құралдармен қамтамасыз етілуі. 

4. Процестер  мен өнімдер, нормативті және  техникалық құжаттаманың метрологиялық  сараптамадан өткізу жұмыстарын және өлшеу жағдайын жүйелі түрде талдауды жүргізу. 

5. Метрология  бойынша талаптар регламенттелген  қажетті нормативті және техникалық  құжаттармен кәсіпорынның барлық  өндірістік процестері мен аймақтарының  қамтамасыз етілуі. 

 

    1. «Қазақалтын» ТМК» өндірісін метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі

 

Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік Стандарт жүйесі (ӨМС) – бұл метрологиялық қызмет талаптары, ережелері және нормалары, сонымен қатар олардың қызмет органдарының қызметтерін бекітетін стандарттар жүйесі.

Өлшеу техникасының дамуы, өлшеу құралдарының да, және оларды қолдану жағдайларының да күрделенуі, қосалқы өлшемдерді кең қолдану, тез өзгеретін өлшемдерді өлшеу қажеттілігі, техникалық өлшемдер, сонымен қатар, өлшеу кезіндегі қателіктерді бағалау аясындағы метрологиялық қызметтің кеңейтілу қажеттілігінің туындауына әкелді. 
 
Метрологиялық қамтамасыз етудің маңызды міндеттерінің бірі өлшемдердің бірлігіне қол жеткізу болып табылады. Бұл метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізін құрайтын стандарттар мен нормативтік құжаттарда бекітілген нормалар мен ережелерді сақтауды талап етеді, Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік Стандарт жүйесі мынандай міндеттерді орындауға арналған: өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету үшін бірдей терминдер мен белгіліеулерді, барлық жұмыстарды орындаудың біртұтас ережелерін бекіту, жоғарғы дәлдікпен өлшеу құралдары мен әдістерін, физикалық өлшемдердің мемлекеттік эталондарын жасау мен жетілдіру, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына үздіксіз бақылау жүргізу.

Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік жүйесінің  нормативті базасы КСРО кезінде 1800 құжаттардан  тұрған, соның ішінде 545 ГОСТ, 1100-ға жуық метрологиялық институттардың әдістемелік нұсқаулары, 119 басқарушы құжаттар және 60 нұсқаулықтар мен ережелер.  
 
Өлшемдер аясындағы негізгі базалық стандарт ГОСТ 8.417-81 «ГСИ. Физикалық өлшем бірліктері» болып табылады. Бірліктерді көрсету эталондар арқылы жүзеге асырылады. Базалық стандарт болып эталондардың міндеттері мен біліктілігін, жалпы ережелерін бекітетін 8.057-80 стандарты саналады. Басқа стандарттардың бірқатарымен эталондардың жасалу тәртібі, олардағы қателіктерді сипаттау әдістері бекітіледі. Бірліктердің өлшемдерін эталондардан өлшем құралдарына бару алты базалық стандарттармен бекітілген. Базалық стандарт ГОСТ 8.061-80 «ГСИ. Байқау сызбанұсқалары. Мазмұны мен тұрғызылуы.» байқау сызбанұсқаларын мемлекеттік – Мемлекеттік эталонмен басқарылатын және берілген физикалық өлшемнің барлық өлшеу құралдарын қамтитын, мемлекетте қолданылатын; ведомстволық – жұмыс эталонымен немесе жоғарғы қатардағы үлгілі құралмен басқарылатын; жергілікті – үлгілік құралдармен басқарылатын және белгілі бір мемлекеттік метрологиялық органдарда тексерілуге жататын өлшем құралдарына арналған. Базалық стандарттар тобымен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттарын нормалау тәртібі бекітілген: ГОСТ 8.009-84, ГОСТ 8.401-80 «ГСИ: Дәлділік кластары СИ » және т.б.  
 
Өлшемдердің нәтижелерін орындау мен рәсімдеу ережелері  СТ ҚР 2.18-2003 базалық стандартында бекітілген. Өлшем құралдарының бір түрлілігі мемлекеттік сынақтар, метрологиялық тексерістер (аттестация) бойынша базалық стандарттармен қамтамасыз етіледі.

Информация о работе «Қазақалтын»ТМК» АҚ туралы жалпы мағлұмат