«Қазақалтын»ТМК» АҚ туралы жалпы мағлұмат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 13:08, курсовая работа

Описание

«Қазақалтын» Қазақстандағы алтын өндіру саласында ең ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. 1990 жылға дейін алтын өндіру көлемі жылына 7-7,5 тоннаны құрады. Бірақ Ресей және басқа ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың бұзылуы, жоғарғы инфляция деңгейі өндірістік шығындардың өсуіне және жұмыс көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келді.

Содержание

Кіріспе
Терминдер мен анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
1. «Қазақалтын»ТМК» АҚ туралы жалпы мағлұмат
1.1 Алтынның сипаттамасы, классификациясы және қызметтік тағайындалуы
1.2 Алтынды ажырату әдістері
1.3 Құрамында алтыны бар рудаларды өңдеу
2. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
2.1 «Қазақалтын» ТМК» өндірісін метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі
2.2 Алтынның өмірлік цикл кезеңдерін метрологиялық қамтамасыз ету
3. Алтынды талдауды
3.1 Алтынды талдаудың жалпы әдісі
3.2 Атом – абсорбционды талдау әдісі
3.3 Алтынды талдауда қолданылатын өлшем құралдары
Қорытынды
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Кіріспе.doc

— 1.63 Мб (Скачать документ)

 

«Қазақалтын ГМК» АҚ-да метрологиялық  қамтамасыз ету келесі нормативтік  құжаттарға негізделіп орындалады:

 

Номер

Атауы

МЕМСТ-тар

МЕМСТ 6835-2002

Алтын және алтын балқымалары. Маркілері

МЕМСТ 6902-75

Сусальды алтын және күміс. Техникалық шарттар

МЕМСТ 7221-80

Алтыннан, алтын балқымаларынан, күмістен және күміс балқымаларынан жасалған жапырақтар мен сызықтар

МЕМСТ 7222-75

Алтын, күміс және олардың  балқымаларынан жасалған сым

МЕМСТ 8400-57

Платина, алтын, күмістен және олардың балқымаларынан жасалған жапырақты фольга. Сортамент

МЕМСТ 8401-57

Платина, палладий, алтын, күмістен және олардың балқымаларынан жасалған жапырақты фольга. Техникалық шарттары

МЕМСТ 12562.1-82

Алтын-платиналы балқымалары. Алтынды анықтау әдісі

МЕМСТ 12562.2-82

Алтын-платиналы балқымалары. Спектрлік талдаудың әдістері

МЕМСТ 12563.1-83

Алтын-палладий балқымалары. Алтынды анықтау әдісі

МЕМСТ 12563.2-83

Алтын-палладий балқымалары. Спектрлік талдаудың әдістері

МЕМСТ 12564.1-83

Алтын- палладий – платиналы  балқымалар. Алтынды, палладиді анықтау әдісі 

МЕМСТ 12564.2-83

Алтын- палладий – платиналы  балқымалар. Спектрлік талдаудың әдістері

МЕМСТ 17234-71

Алтын балқымалары. Алтын мен күмістің массалық үлесін анықтау әдісі

МЕМСТ 17235-71

Алтын балқымалары. Висмут, сүрме, қорғасын және темірдің массалық үлесін анықтаудың спектрлік әдісі

МЕМСТ 22864-83

Бағалы металлдар және олардың балқымалары. Саралау әдiстерiне жалпы талаптар

МЕМСТ 24552-81

Алтын, күмiстен және олардың  балқымаларынан жасалған фольга. Техникалық шарттар

МЕМСТ 25475-82

Алтын анодтар. Техникалық шарттар

МЕМСТ 27973.0-88

Алтын. Саралау әдiстерiне жалпы талаптар

МЕМСТ 27973.1-88

Алтын. Атом - эмиссиялық талдаудың әдiстерi

МЕМСТ 27973.2-88

Алтын. Индукциялық плазмамен атом - эмиссиялық талдауды әдiс

МЕМСТ 27973.3-88

Алтын. Атом-абсорбционды талдау әдісі

МЕМСТ 28058-89

Кесекті алтын. Техникалық шарттар

МЕМСТ 51572-2000

Өлшеуіш алтын кесектері. Техникалық шарттар


 

 

    1. Алтынның өмірлік цикл кезеңдерін метрологиялық қамтамасыз ету

Алтын кені — бұл терең жер қойнауында кездесетін сирек металл кені. Алтын кені әдетте 2-9 блокты желімен 32 блоктан төмен биіктікте кездеседі. 

Алтын кенін темір  немесе алмаз киркамен өндіруге болады және алтын кесектерін алу үшін пеште  балқытуға болады.

Қопсыту үшін бурожарылғыш әдіс қолданылады, 

           

Алтынды өндіру кезінде экскаватор кенді күрейді де, жүк машинасы оны уақтау бөліміне жеткізеді. Кен карьерден уақтау бөлімінің ірі ұсақтау бункеріне түседі. Ол жерде кен 350 мм өлшеміне дейін ұсақталады да, бірінші ол ролл-престеріне жіберіледі, кейін шарлы диірмендерге жіберіледі. Уақтау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең жартылай ұсақтау диірменінде өтеді, ал содан соң ұсақталған кен елеуге жіберіледі. Ірі тастар қайта ұсақтауға жіберіледі, ал ұсақ кен екінші кезеңнін шарлы диірмендеріне жіберіледі. Ұсақтаудың барлық деңгейін өткен кен алтынды алу сатысына өтеді.

Алтынды сілтісіздендіру  – алтынның  бір немесе бірнеше  компоненттерін су немесе органикалық  еріткіш арқылы ерітіндіге аударуды айтамыз. Алтынды сілтісіздендіру  екі әдіспен жүргізіледі:

  • декантация – дисперсиялы жүйенің қатты фазасын сұйықтан ерітіндіні шөгуден құйып араластыру жолымен механикалық бөлу. Декантациядан кейінгі гидраттардың шөгімін фильтрлейді, сумен жуып, сілтісіздендіруге жібереді. А
  • адсорбция — ерітіндіден немесе газ қоспасынан бір затты екінші бір қатты не сұйық заттың өз бетіне сіңіруі. Бұл физика-химиялық құбылыс кенді флотациялау процесінде, химия және металлургия өнеркәсібі салаларында кеңінен қолданылады.

 

 

3. Алтынды талдау

 

3.1 Алтынды  талдаудың жалпы әдісі

 

Массалық үлесі 99.9 %-дан  кем емес алтынды талдау әдісі

Үлгілер осы өнімге арналған нормативті-техникалық құжатқа сәйкес таңдалады. Қалқалардың өлшеуінің қателігі:   
0,0002 г — алтынды алдын ала ерітуге негізделген әдістер үшін;  
0,002 г —атом-эмиссионнды әдісі кезінде көп болмауы керек. Талдауды жүргізу үшін дәдіктің екінші класынан төмен емес өлшеуіш ыдыс қолданылады.  Талдауды жүргізер алдында алтынның бетін тазалайды; үлгі қалқасын (лента, пластина, жапырақ және т.б. түрдегі) сыйымдылығы 50 — 100 см3 құтыға орналастырады 
10 — 20 см5 тұз қышқылын қосып 5—10 мин қайнатады. Ерінтіні төгіп, 6—7 рет декантация сұйықтығымен жуады. Талданатын ұлгіге куәліктін немесе спецификаци ясының болмаған жағдайында негізгі компоненттің мазмұндығына алтынға алдын ала талдау жүргізіледі. Талдау гравиметриялық әдіспен жүргізіледі. Ол үшін аналитикалық таразы, термореттуіші бар муфельді пеш, жабық спиралі бар электрлік плита, сыйымдылығы 200 см1 термотұрақты шыны құты МЕМСТ 25336 бойынша, МЕМСТ 4461 бойынша азот қышқылы, МЕМСТ 3118 бойынша тұз қышқылы, 6709 бойынша дистилденген су қолданылады.  

Талдауды жүргізу 

Массасы 100 — 200 мг-ға тең  металл қалқасын сыйымдылығы 200 см3 құтыға орналастырады және аздап қыздыра отырып,10 см3 жаңа дайындалған азот және тұз қышқылы (3:1) ерітіндісімен ерітеді. Металдың еріген соң ерітіндіні, азот оксидінің жоғалуына дейін, қыздырады және 70 см3 сумен араластырады. Ерітіндіге 20 см3 гидразин дигидрохдоридін қосады да, алтынның шөгімінің толық коагуляциялануына дейін моншада қыздырады (ерітінді мөлдір болу керек). Ерітіндіні суытып, екі фильтр арқылы фильтрлейді. Фильтрдағы тұнбаны ыстық сумен шаяды. Тұнбасы бар фильтрді алдын ала өлшенген фарфор тигельге қояды, кептіреді де 900 *С-та қатты қыздырып, тигельмен бірге таразыда өлшейді.

 

Нәтижелерді өңдеу 

Талданып отырған металдағы  процентпен берілген алтынның массалық үлесін мына формула бойынша анықтайды:

  
, мұндағы 
 
m2—тигельдің тұнбамен бірге массасы, г;

m1 —тигель массасы, г;

m —металл қалқасының массасы, г.

Атом-эмиссионды талдау әдісі кезінде градуирленген  графиктерді құрастыру үшін мемлекеттік  стандарттар үлгілерімен қоса, салалық  немесе өндіріс стандарттары үлгілерін  қолдануға болады. Ерекше нақты талдау үшін гралдуирленген графиктерді құрастыру үшін тек мемлекеттік стандарт үлгілерін ұолдану керек.  
Талдау нәтижесі ретінде араларындағы айырмашылық жіберілетін айырмашылықтан аспайтын (сенімді ықтималдығы Р=0.95  және тиісті стандарттарда көрсетілген) параллель өлшеулердің орташа арифметикалық мәні алынады. Егер параллель өлшеулердің үлкен және кіші мәндерінің арасындағы және талдау нәтижелерінің арасындағы айырмашылық жіберілетін айырмашылықтан көп болатын болса, талдау қайтадан жүргізіледі. Нәтижелердің дәлдігін алтынның мемлекеттік стандартты үлгілерін  (МСҮ) қолдана отырып қадағалайды. Талдау нәтижесі дұрыс деп саналады, егер анықталған массалық үлестің мәні МСҮ массалық үлесінен айырмашылығы жоғары болмаса. 
мұндағы:

Δ am—МСҮ аттестация қателігі; 
d — талдау нәтижесінің жіберілетін айырмашылығы.

 

3.2 Атом – абсорбционды талдау әдісі

 
Бұл әдіс сынама ерітіндісінің және газ шілтерінің немесе қыздырылатын графит пешінің жалынының булануы  мен даралануына және негізделген  Метод основан на испарении и атомизации раствора пробы и пламени газовой горелки или нагреваемой графитовой печи и анықталатын элементтердің резонансты сызықтардың атомдың сіңуінің өлшеуіне негізделген. Сіңіру өлшемінің ерітіндідегі элемент концентрациясымен байланысы градуирленген грфик арқылы орнатылады.

Бұл әдіс 1-кестеде көрсетілген аралықта қоспалардың массалық үлесін анықтауға көмектеседі.

1-кесте

Анықталатын элемент

Массалық үлесі, %

Анықталатын элемент

Массалық үлесі, %

Күміс

Мыс

Темір

Платина

Палладий

Родий

Висмут

0.0001-0.05

0.0002 - 0.05

0.0002 - 0.05

0.0002 - 0.05

0.0002 - 0,01

0.0002 - 0,02

0.0001 - 0.02

Қорғасын 

Сүрме

Мырыш

Марганец 

Никель 

Хром 

0.0003 - 0.02

0,0002 - 0,02

0,0002 - 0.02

0,0002 - 0.02

0,0002 - 0.02

0,0002 - 0.02


  
Ықтималдығы Р=0,95 болатын қоспаның массалық үлесімен анықталатын талдау нәтижесі қателігінің нормасы 2-кестеде көрсетілген  
                                                                                                                        2-кесте

Қоспаның массалық үлесі, %

Қателік нормасы, %

Қоспаның массалық үлесі, %

Қателік нормасы, %

0,00010

0,00030

0,0005

0,0010

0,0030

± 0,00004

± 0,00008

± 0,0001

± 0,0002

± 0,0005

0,0050

0,0080

0,020

0,050

± 0,0008

± 0,0010

± 0,0025

± 0,006


  
Бұл әдіспен талдау жүргізу үшін атом-абсорбционды спектрометр, қыздырылатын графит пеші, 2-ші класты аналитикалық таразы, спектральді лампалар қолданылады.

 

Нәтижелерді өңдеу

Анықталатын қоспа элементінің  массалық үлесі проценттік беріліспен келесі формула бойынша анықталады:

, мұндағы

С – градуирленген  график бойынша анықталған  элементтің массалық концентрациясы, мкг/см3;

V — сынаманың негізгі ерітінді көлемі,см3;

К— негізгі ерітіндінің  араластыру дәрежесіне сәйкес келетін  коэффициент;

m — қалқа массасы, г.

Талдау нәтижесі ретінде  екі параллель анықталған мәндердің  орташа арифметикалық мәнін алады.

 

3.3 Алтынды талдауда қолданылатын өлшем құралдары

 
  Атом-абсорбционды спектрометрлер (ААС) – жұтудың атомдық спектрі бойынша элементті  (70 элементке дейін)  сандық талдау жүргізуге арналған құралдар, бірінші кезекте тұз ерітінділеріндегі металдың құрамын табиғи және ағын сулардағы, консистентті өнімдердің минералдау ерітінділерінде, технологиялық және басқа ерітінділерінде.

Жұмыс істеу принципі:

Атомды-абсорбционды спектрометрдің жұмыс істеу принципі зерттеліп отырған сынаманың атом буы арқылы өтетін жарық сәулесінің жұтылу көлеміне негізделген. Зерттеліп отырған затты атом буына айналдыру үшін атомизатор қолданылады. Жарық көзі ретінде әртүрлі таржолақты жарық көздері қолданылады. Жарық сәулесі атом буы арқылы өткен соң монохроматорға түседі, содан соң сәулеленудің қарқындылығын тіркейтін қабылдағышқа түседі.

Аналитикалық – лабороториялық таразылар – мінсіз калибровкаланған және өте сезгіш аса қатты дәл құралдар.

Mettler Toledo XP 26003L  Масс-компараторлары

Масс-компараторлары массасы 13,3 кг дейінгі алтын кесектерін өлшейтін таразы

Артықшылықтары:

  • Шыны қорғау қаптырмасы 3 жақтан есіктермен жабдықталған;
  • Температураны ескере отырып, толықтай өздігінен калибровка жасалынады;
  • Level-matic құрылғысы сызықтық қателікті жояды;
  • Шамадан тыс жүктелуден және соғудан қорғалған өлшеуіш ұяшығы;
  • Тоқсыз, қосалқы дисплейі бар.

Метрологиялық және эксплуатациялық  сипаттамалары:

    • СКО шегі 3 мг (20кг), әдетте СКО 2 мг;
    • 15 кг диапазонындағы жіберілетін қателік шегі: 0,05 г;
    • НПВ – 26100 г;
    • дәлдік класы — l.

Бұл құралдар алтын бағалы металдарды өндіру мен эксплуатациялау  кезінде қолданылады. Бұл таразы арқылы алтынды талдау кезінде жоғарғы  дәлдік қажет болғанда қолданылады.  
 
Масс – компоратордың басқа таразылардан айырмашылығы оның көрсету дәрежесі жоғарлығы және нәтижелерді діл көрсетуі. Сондықтан Mettler Toledo компораторлары басқа таразылар анықтай алмайтын зерттеліп отырған алтынның эталондық үлгісінен көрінбейтін масса ауытқуын анықтайды.

Информация о работе «Қазақалтын»ТМК» АҚ туралы жалпы мағлұмат