Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 18:53, реферат
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық - әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып , жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ( бағытын ) ойластыруды терең түсіну ықпал етеді.
1. Кіріспе
2. Еңбек бөлінісі
2.1 Факторлары
2.2 Қарама қайшылықтары
2.3 Дамудың басты бағыты
3. Мамандану
4. Сыртқы сауда
4.1 Сыртқы тауар саудасы
4.2 Қазақстанның сыртқы саудасы
4.3 Сауда державалары
5. Халықаралық сауда
6. Пайдаланған әдебиет
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Халықаралық экономикалық байланыстар
Орындаған: ***
Тексерген: ****
Қостанай 2012
Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Еңбек бөлінісі
2.1 Факторлары
2.2 Қарама қайшылықтары
2.3 Дамудың басты бағыты
3. Мамандану
4. Сыртқы сауда
4.1 Сыртқы тауар саудасы
4.2 Қазақстанның сыртқы саудасы
4.3 Сауда державалары
5. Халықаралық сауда
6. Пайдаланған әдебиет
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік
шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол
үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде
болады. Өзара күрделі байланыстардың
нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы,
бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық
жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен
зерттеудің үлкен теориялық - әдістемелік
және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі
кезеңнің проблемаларын ғана түсініп
қоймай, оның әр аймағында болып жатқан
экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін
біле отырып , жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың
даму барысын ( бағытын ) ойластыруды терең
түсіну ықпал етеді.
Халықаралық экономикалық байланыстарды
зерттеу жұмысымен А. Смит , Д. Рикардо , К. Маркс , Ф. Энгельс
, В. Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты
екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы
және халықаралық экономикалық байланыстардан
тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты
байланыстыратын бірнеше элементтері
бар. Мысалы , егер бұл категорияға техникалық
– экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ
, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және
де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа
бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің
материалдық негізі машина техникасы
, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің
қандайы болсын , оның материалдық – техникалық
базасының негізіне байланысты болады.
Сондай – ақ , қоғамдық құрылымның сипаты
мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы
, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты
- оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының
бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың
әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді.
Дүниежүзілік шаруашылық дегенде , тек
бір ғана қарапайым байланысты ғана емес,
сонымен бірге, шаруашылық жиынтығынан
тұратын: халықаралық еңбек бөлінісі мен
еңбекті кооперациялау нәтижесінде туындайды
мемлекетаралық экономикалық қатынастарды
да сөз етеміз.
Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің
экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық
байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан
– жақты дами алады.
Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі , 160-тан
астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді
қамтиды. Әр ел өзінің тарихи – географиялық
, ұлттық , әлеуметтік – саяси құрылымы
бойынша , бір – бірінен ерекшеленеді.
Ұлттық экномикалық жүйелердің әлемдәк
щаруашылыққа бірте – бірте кіруі қажеттіліктен
туындап отыр , сондай – ақ оған XX ғасырдың
соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі
деп қажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде
болып жатқан экономикалық және саяси
реформаларға , әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне
байланысты сол елдрдің экономикасын
дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді.
Социалистік елдердің экономикасы жалпы
алғанда сыртқы әлемге жабық болды, мемлекеттік
принципті уағыздады, соған байланысты
ұзақ жылдар бойы ұлттық шаруашылықтың
артта және бір орында қалуы байқалды.
Бұның өзі кәсіпорындардың ғылыми техникалық
өзгерісті қабылдауын, сондай-ақ, бәсекелесу
механизмін төмендетті, ал ол ұсыныс пен
сұраныс заңдалақтарының құралы.
Бүгінгі таңда аталған мәселелер уақыт
ағымынан кейін артта қалып отыр, демек,
тағы да бір мойындайтын қағида : ұлттық
экономиканың дүниежүзілік шаруашылықтың
бір бөлігі деп қаралуының өзі, оны ХЭК-тар
пәнінде тереңірек қарастыруға бағыттайды.
ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың
негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында
және бұл шешуі фактор халықаралық экономикалық
байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.
Сонымен, әлемдік экономика – экономикадағы
жалпы зандылықтармен бірге, нақтылы болып
жатқан құбылымтарды да зерттейді.Бұл
ғылым дүниежүзілік шаруашылықтың даму
ерекшілігін (ұлттық экономиканы, аймақтық
экономикалық кеңістікті) қарастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы
ұзаққа cозылатын процесс.Ал өнеркәсіп
пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық
және экономикалық байланыстардың қалыптасуының
толық нәтижесі. Дүниежүзілік шаруашылық
жүйесі болса, дүниежүзілік сауда –экономикалық,
қаржылық және ғылыми –техникалық байланыстарды
біртұтас мақсатқа біріктіреді.
Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен
қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар.Кез
келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе
кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс
жүйесіндегі ең сезімтал тұсы-оның экономикалықсаясаттағы,
яғни халықаралық байланыстар жүйесінде
атқарып отырған қызметінде.Бұдан қоғамның
ішкі жағдайы, оның әлеуметтік –экономикалық
және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты
көрінеді.
Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің
сыртқы зкономикалық байланысы, оның көлемі,
құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы
– ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік
байланыстағы деңгейін көрсетеді.Дүниежүзілік
шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекет
арасында күрделі байланыстар және құрама
–қайшылықтар болып тұрады.
Дегенмен, өндірістің классыкалық капиталистік
әдісі өзінің даму заңдылықтарында ұлттық
шекарадан шығып халықаралық деңгейге
жетті.Еңбекі бөлудің интернационалдық
жүйесі машина индустриясының пайда болуына
байланысты болды.ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында
дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік
өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал
етті.1917 жылдарда дүниежүзілік шаруашылық
екі жүйе ауқымында дамыды.Бұл, бір жағынан,
өндірістік әдістің жеке немесе аралас
түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік
меншік жағдайында олардың өзара байланыс
жасауы еді.
Әрине, дүниедүзілік шаруашылықтың бұл
екі түрі күрделі байланыста дамыды.Дүниежүзілік
социалитік жүйенің ыдырауына байланысты
геосаяси кеңістікте үлкен өзгерістер
болды.Солтүстік пен Оңтүстіктің бұрыңғы
байланысы қайта жаңғырды.Ол байланыстардың
қандай болуын болашақ көрс етеді.Белгілі
бір нәрсе, шаруашылықтың дұрыс деңгейде
дамуының екі бастамасы бар: біріншіден,
мемлекетаралық экономикалық байланыстардың
объективті қажеттілігі; екіншіден, даму
барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы.
Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық
қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы
мүмкін емес. Бұларға : баға заңы, ұсыныс
пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу
және соған байланысты еңбекті бөлудің
тереңдеу заңыдары жатады.
Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік
шаруашылыққа , ХЭБ –ге кіруге итермелейді.Шаруашылық
өмірді интернаиализациялау мәселесі
бірнеше рет көтерілді.Оның негізгі күші
технологиялық революция еді.Әрине, интернаиализациялау
барысында елдер арасындағы байланыстар
жылжымайды, әрі күрделене түседі. Сыртқы
сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа
экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады.Бұлар
автоматты түрде өздегеннен іске аспайды,
сондайөақ саяси іс-қимылмен кедергілерді
жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта
хаос туындайды.
Әрине, әр ұлттық шаруашылық өзіне табыс
әкелетін айырбас түріне ұмтылуы керек.Бұндай
байланыстарды ұйымдастыруда мемлекет
өзіне табыс түсетін жағын ойластырады.Ал
бұл тек дайын өнім айырбастауға ғана
жүзеге асуы мүмкін.Сондықтан өндіріске
ең алдымен білікті маманның, ғалымның,
инженердің күрделі еңбегін қажет етеді.Тек
сонда ғана әр ұлттық экономиканың экономиканың
халықаралық экономикалық байланыстар
жүйесінде деген тең құқықтығы сақталады.
Экономикалық байланыстардың даму қарқынының
күшеюі:экономикалық саяси, мәдени, әскери,
экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық
байланыстың негізін терендете түседі.Бірақ
бұл формула түгел емес:бұл байланыстардың
сапа жағынан болуы қажет.Мысалы, егер
бір жағы шикізат және энергия, екінші
жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жеғдайда
екі ел тепе –тендікте дами алмайды.себебі
өзара тең түсетін базасы жоқ.Осындай
қарама-қайшылық бірте-бірте экономикалық,
содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі.Сонымен,
сыртқы экономикалық байланыс «екі функциялық» бірлестікте көрінеді.
Бұл, бір жағынан, жалпы саяси, глобалды,
ал екінші жағынан, ұлттық, халықшаруашылылығы
аспектіде көрінеді.
ТМД елдердің әлемдік нарықа шығуы, сондай-ақ
шетелдік крпорациялардың жаңадан қалыптасып
келе жатқан ұлттық нарыққа кіруі көптеген
пробремаларды тудырды.Олар шаруашылықта
бұрын-сонды кездеспеген қиындықтар еді.Егемендікке
қолы жеткен Қазақстан Республикасы да
осындай қиындықтарға тап болды.Қорыта
келгенде мұның барлығы ТМД елдерінде
нарық жағдайында теориялық жіне тәжірибелік
біліммен қаруланған халықаралық деңгейдегі
мамандардың жетіспеуінен деуге болады.
2. Еңбек бөлінісі
Еңбек бөлінісі – еңбек қызметі түрлерінің ара жігін
ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру
жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімді
Сонымен қатар аумақтық, халықаралық еңбек бөлінісі де болады.
Кәсіпорындарда:
Саяси экономияның негізін қалаушылардың бірі Адам Смит «Халықтар байлығы» (1776 ж.) атты еңбегінде, тұрмыстық жағдайдың еңбектің бөлінісімен байланысты болатынына көз жеткізіп, мынадай ой айтады: егер әр адам өздерінің жұмыс орындарында әртүрлі еңбек операцияларын орындауға толық маманданса, онда еңбек өнімділігі көтеріліп, оның бөлінісі тиімді түрде жүзеге асады, ал еңбектің бөлінісі дұрыс болуы үшін барлық өндіріс факторлары мен дайын өнім өзара байланыста болуы шарт.
Осы логиканы ұстанатын болсақ, онда еңбек бөлінісінің «тереңдеуі» алға қойылған өндірістік мақсатқа, оған жеткізу үшін қолданылатын материалдық құрал-жабдықтарға байланысты. Басқаша айтқанда, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы пайдалы еңбектің бөлінісіне тікелей байланысты.
Бір топ (Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Мейнард Кейнс, Милтон Фридман) ғалымдар еңбектің өндіргіш күшінің дамуының, жетістігінің және ептілік пен зеректілігінің белгілі бір бағытта болуының өзі оның бөлінісінің нәтижесінде көрінеді деген түйін жасайды.
«Неміс идеологиясы» атты еңбегінде К.Маркс және Ф.Энгельс осы байланысқа анықтама бере отырып, ұлттың өндіргіш күштерінің даму деңгейінің көрнектілігін ондағы еңбектің бөлінісі дәрежесінен білуге болады деп көрсетеді. Осы тұжырымға қоса олар еңбек бөлінісі үрдісінің қоғамдық, салалық және аумақтық астарларын да ғылыми тұрғыдан зерделеген болатын. Сонымен қатар, кез келген қоғамдық-экономикалық жүйенің тауарлы шаруашылық жағдайында қоғамдық еңбек жиынтығы жекелеген іс-әрекет және оның қосалқы түрлеріне, сфераларға бөлінетіні туралы да алғашқы дәлелдемелерді ғылыми еңбектерінде келтірген.
К. Маркстың пікірінше, еңбектің аумақтық бөлінісі аудандардың нақты өндіріс салаларына мамандануы болса, аймақтанушы Н.Н. Баранскийдің ұстанымында ол жалпы, жеке және бірыңғай еңбек бөлінісі түрлерінің кеңістіктегі өзарабайланысы. Ал, профессор И.С.Судеревский еңбектің аумақтық бөлінісі оның тек жалпы және жеке даму үрдісін көрсететін аумақтық астары десе, П.М.Алампиев, В.Е.Комаров, В.М.Москвич және басқалар оны тек жеке еңбек бөлінісінің бір түрі деп ұйғарым жасаған.
Осылайша, еңбек бөлінісінің
күрделілігі әртүрлі жағдайларм
Қоғамдық өндіріс өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардан тұрады. Өндірістік күштер жұмыс күшінен, өндіріс технологиясынан, өндіріс құралдарынан (өндіріс заты мен құралы) тұрса, өндірістік қатынастар әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық бөліктерден құралады.
Өндірістік қатынастарға кіретін бөліктер еңбектің бөлінісін (қоғамдық, салалық, аймақтық, халықаралық), өндірістің мамандануын (технологиялық, салалық, аймақтық, тораптық және заттық) және өндірістік байланыстардың кооперациясын (қарапайым және күрделі) қалыптастырады.
Соның ішінде еңбектің аумақтық бөлінісі қоғамдық еңбек бөлінісінің түрлері мен нысандарында ерекше орын алып, оның мәні мен қоғамдық ұдайыөндірістегі рөлі қоғамдық еңбек жиынтығының әралуан түрлерін өзарабайланыста қарастыру арқылы толығырақ ашыла түседі.
Сонымен, еңбектің аумақтық бөлінісі аумақты басқарудың объективті негізі ретінде ондағы шаруашылықтардың мамандануы мен маманданушы аумақтар арасында экономикалық байланыстардың даму дәрежесін білдіреді, яғни бұл үрдіс белгілі бір салаға маманданған ауданды қалыптастырудың басты элементі.
Осыдан келіп пайда болатын «маманданған экономикалық аудан» туралы пікірді аймақтанушы-ғалым Н.Н.Колосовский төрт негізгі топқа бөліп көрсетеді:
Сонымен, аудандарда еңбек бөлінісі негізінде экономикалық жүйелердің қалыптасу барысын зерделеудің мақсаты елдің өндіргіш күштерін ұйымдастыруда ең жоғары тиімділікке қол жеткізу болып табылады. Осылайша, еңбектің аумақтық бөлінісі өндірістің жекелеген салаларының белгілі бір аумақтарда болуын және оған тән табиғи, климаттық, экономикалық (географиялық орналасуы, жұмыс күшінің саны мен сапасы, шаруашылықтың қалыптасу тарихы) ерекшеліктерін сипаттайды. Егер осы мәселелерді жергілікті басқару және жергілікті шаруашылықпен байланыстыратын болсақ, онда оның қалыптасу заңдылықтарын еңбектің аумақтық бөлінісімен ұштастыра түсіндіруге тура келеді.
Әрине, еңбектің аумақтық бөлінісін оның салалық бөлінісінен ажырата қарастыру белгілі бір шарттылықты талап етеді. Өйткені еңбек бөлінісінің бұл екі түрі де өзара өте тығыз байланыста өрбитін құбылыс.
Сондықтан жергілікті шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуын зерделегенде аумақтық еңбек бөлінісінің «жетекшілік» рөлін ойда ұстағанмен, оның салалық астарын да есепке алып отыру ләзім. Ол екеуінің кемелдену дәрежесі оның еңбек бөлінісі деңгейімен анықталатындығын әлемдік тәжірибеден айқын көруге болады. Осыдан барып еңбек бөлінісінің аталмыш түрлерінің өзі қандай факторлардан туындайтыны жайлы сөз қозғалуға тиіс.
2. 1 Факторлары
Бұл факторлардың негізгілері ретінде мыналарды атап көрсету жөн:
Осы факторлар жергілікті өндіргіш күштер әлеуетін сипаттап қана қоймай, оған қоса сол аумақтағы шаруашылықтың даму болашағы мен құрылымына да үлкен әсер етеді. Айтылғандарға көрнекілік сипат беретін болсақ, онда оны 1-ші сурет арқылы келтіруге болады.
2.2 Қарама қайшылықтары
Сонымен бірге, еңбек бөлінісінде кездесетін кейбір қарама-қайшылықтар да жоқ емес, олардың бірқатары мыналар:
2.3 Дамудың басты бағыты
Осылайша, нарықтық экономикаға көшуге байланысты қоғамдық өндіріс дамуының аумақтық факторларын күшейтпейінше, интенсивті экономикалық өсуге қол жетпейтіні белгілі. Сондықтан еңбектің жоғарыда аталған аумақтық және салалық бөлінісі мынадай басты бағыттарға негізделуі шартты болып табылады:
Осыдан келіп, еңбектің аумақтық бөлінісі аймақ өндірісінің басты тетігі ғана емес, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыратын қуатты фактор болып табылады деп қорытынды жасауға болады.
3. Мамандану
Мамандану -
шаруашылықтың негізгі саласы. Аудан көлеміндегі
басқа салалар негізгі маманданған саланың
дамуына қосымша әсер етеді. Мысалы, Солтүстік
Қазақстанда маманданған салалардың біріне
егіншілік жатады. Бұл саланы интенсивті дамыту
үшін техника шығаратын өндіріс саласымен
байланыс орнату тиімді, яғни шаруашылыққа
Павлодар Трактор зауыты шығаратын трактор қажет.