Халықаралық экономикалық байланыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 18:53, реферат

Описание

Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық - әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып , жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ( бағытын ) ойластыруды терең түсіну ықпал етеді.

Содержание

1. Кіріспе

2. Еңбек бөлінісі
2.1 Факторлары
2.2 Қарама қайшылықтары
2.3 Дамудың басты бағыты

3. Мамандану

4. Сыртқы сауда
4.1 Сыртқы тауар саудасы
4.2 Қазақстанның сыртқы саудасы
4.3 Сауда державалары

5. Халықаралық сауда

6. Пайдаланған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

Халыкаралык экономикалык байланыстар.doc

— 253.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Сыртқы сауда

 

Дүниежүзілік экономиканы құрайтын қлттық шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық экономикалық байланыстар (ХЭБ) жүйесімен тығыз байланысқан. Бұл байланыстар халыкаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде дамиды.

Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық  экономикалық қарым-қатынастардың ең байырғы түрі — сыртқы сауда қатынастары орнай бастады. Дамыған елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты. Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңейе түсті. Соған қарамастан, сыртқы сауда халыкаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халыкаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие-каржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралық туризм, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты камтиды.

 

 

4.1 Сыртқы тауар саудасы

Елдер арасындағы экономикалық, қарым-қатынастардың сипаты мен  құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрінеді. Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына санаулы елдер ғана қатысты, тіпті қазіргі кезде дүниежүзіндегі басты сауда орталықтарының біріне айналған Еуропа елдерінің де сауда жасау аумағы шектеулі сипат алды. Бұған елдер мен дүние бөліктері арасындағы көлік қатынасының нашарлығы, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, басқа елдер жөнінде нақты ақпардың жетіспеуі себепші болды. Көбінесе басқа елдерден өте қымбат және сирек кездесетін тауар түрлері әкелініп, саудаға салынатын. Құрлықтағы негізгі халықаралық сауда жолдары қатарына Азия мен Еуропаны жалғастырған Ұлы Жібек жолы мен Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырған сауда жолы жатады. Орта ғасырларда арабтар Сахара арқылы өтетін сауда маршрутын жасады; бұл жол Арабияны Солтүстік Африкамен, одан әрі Оңтүстік Еуропамен жалғастырды.

Көлік құралдарының жетілуі, Еуропада өнеркәсіптің өркендеуі, жаңа жерлердің  ашылуы дүниежүзілік сауда қатынастарының ауқымын кеңейтті. Көп жүк көтеретін  ірі кемелер легі Жаңа Дүниеден Еуропаға шикізат пен алтын тасымалдады. Соның нәтижесінде XVIII ғасырда сауда көлемі бес есе артты. XX ғасырдың басына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда айналымындағы Еуропа елдерінің үлесі 50%-ға жетсе, Солтүстік Америка елдерінің үлесі 20%-ды құрады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда көлемі ғасыр басындағымен салыстырғанда 14 еседей өсті.

Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халыкаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану  дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17%-ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4%-ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10%-ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 2008 жылы 2,9% болса, импорты — 2,6%; Сингапурдың үлесі тиісінше 2,3 және 2,2%-ға тең.

XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік  сыртқы саудада дамыған 25 ел  жетекші орын алды. Оларға әлемдік  экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы  тиесілі болды. Дамыған елдер  өзара тауар айналымы, жөнінен  де жетекші орынға ие; АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік керсеткіштің 3,2%-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы FTP әсерінен үлкен өзгеріске түсті. Ел экономикасына ықпал ететін маңызды көрсеткіштің бірі — сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемінің айырмасы құрайды. Қытайдың сыртқы саудасына тұрақты оң сальдо (экспорт көлемі импорттан артық) тән болса, АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы теріс мәнге ие.

Сыртқы сауданы халыкаралық  дәрежеде реттеу бағытында 1947 жылы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім  деп аталатын халықаралық ұйым пайда  болды. Бұл құрылым негізінде 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы, құрылды. Қазіргі кезде кқрамында 132 ел бар бұл ұйым халықаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар қызмет көрсету, инвестиция және ақыл-ой меншігін қорғау саласында белсенді әрекет ететін үйлестіруші құрылым болып табылады. Бұл ұйым кұрамына кіруге Қазақстанда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. БҰҰ жанындағы сауда мен даму жөніндегі Комиссия да (UNCTAD) өз жұмысын елімізде белсенді жалғастыруда.

 

 

4.2 Қазақстанның  сыртқы саудасы

 

2008 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 109,1 млрд АҚШ долларын кұрады. Оның 65%-ы экспортка тиесілі болды. Еліміздің сыртқы саудасының географиялық құрылымы соңғы онжылдықта едәуір өзгеріске түсті. Кейінгі жылдары Қазақстан импортында ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады. Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңілдіктерге ие офф-шорлық зоналардыңүлесі артуда. Өйткені Қазақстаннан мұнай мен түсті металдар сатып алатын ірі компаниялардың кейбіреулері осындай аумақтарда тіркелген.. Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық қцрылымы соңғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесінің артуына немесе кемуіне байла- нысты едөуір өзгеріске түсті. Басты экспорттық өнім — мүнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемінде сыртка сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 11417 млн АҚШ долларына жетті. Керісінше осы уакыт аралыгында кемірді сыртка сату көлемі екі еседей кысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлік күралдарын сатып алуға жүмсалған каржы екі есе артты; табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемі бірнеше есеге кыскарды. Қазакстанның сырткы саудасының тауарлық құрылымы 50-сызбанүсқада көрсетілген. Сонымен, дцниежцзілік сыртқы сауда — халықаралың географиялық еңбек бөлінісі негізінде ірлттық шаруашылыцтарды өзара байланыстыратын маңызды сала; Қазақстанның сыртқы саудасы осы курделі жүйенің қурамдас бөлігі болып табылады.

 

 

 

4.3 Сауда державалары

 

Реті

Мемлекет

Экспорт + импорт

Мәлiмет уақыты

-

 Гонконг

$820,000,000,000

2010 жыл

1

 АҚШ

$3,173,000,000,000

2010 жыл

2

 Қытай

$2,813,000,000,000

2010 жыл

3

 Германия

$2,457,000,000,000

2010 жыл

4

 Жапония

$1,402,000,000,000

2010 жыл

5

 Франция

$1,086,400,000,000

2010 жыл

6

 Ұлыбритания

$952,100,000,000

2010 жыл

7

 Италия

$918,100,000,000

2010 жыл

8

 Оңтүстiк Корея

$884,200,000,000

2010 жыл

9

 Нидерланды

$859,700,000,000

2010 жыл

10

 Канада

$813,200,000,000

2010 жыл

11

 Сингапур

$666,800,000,000

2010 жыл

12

 Ресей

$614,000,000,000

2010 жыл

13

 Мексика

$609,000,000,000

2010 жыл

14

 Үндістан

$606,700,000,000

2010-11 [2]

15

 Испания

$592,900,000,000

2010 жыл

16

 Бельгия

$560,900,000,000

2010 жыл

17

 Тайуан (Кытай Республикасы)

$524,800,000,000

2010 жыл

18

 Швейцария

$453,000,000,000

2010 жыл

19

 Австралия

$411,100,000,000

2010 жыл

20

 Бразилия

$387,400,000,000

2010 жыл


 

 

5. Халықаралық  сауда

 

Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан  дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен  тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.

  1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
  2. Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
  3. Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.
  4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.

Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.

Сыртқы сауда - тауарды  әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.

Халықаралық сауданың тиімділігін  бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:

  1. Абсолюттік артықшылық теориясы – басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады.
  2. Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлеміде жоғары деңгейде болады.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.

1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:

  • Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.
  • Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).
  • Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.

2. Фритредерство немесе  еркін сауда саясаты, яғни ішкі  нарықта шетел капиталы мен  қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны  шектейді, өндіріс тиімділігі өседі,  бағалар төмендейді. Тауарларды  таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем  балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:

  • белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;
  • меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;
  • бір жақты аудармалар.

Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.

Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:

  1. Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие байланысқан және қаржылық деп бөлінеді.
  • байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер);
  • қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі.
  1. Ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп бөлінеді.
  1. Берілу мерземі бойынша қысқамерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, онкольдік деп бөлуге болады.
  2. Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады.
  3. Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді.

Халықаралық жұмысшы  күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың  интернациалануының тереңдеуі жағдайында капитал экспортының мәні өсуде. Капиталдың миграциясы – бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп:

Информация о работе Халықаралық экономикалық байланыстар