Халықаралық экономикалық байланыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 18:53, реферат

Описание

Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық - әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып , жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ( бағытын ) ойластыруды терең түсіну ықпал етеді.

Содержание

1. Кіріспе

2. Еңбек бөлінісі
2.1 Факторлары
2.2 Қарама қайшылықтары
2.3 Дамудың басты бағыты

3. Мамандану

4. Сыртқы сауда
4.1 Сыртқы тауар саудасы
4.2 Қазақстанның сыртқы саудасы
4.3 Сауда державалары

5. Халықаралық сауда

6. Пайдаланған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

Халыкаралык экономикалык байланыстар.doc

— 253.50 Кб (Скачать документ)
  1. жеке меншік және мемлекеттік капитал миграциясы;
  2. ақша және тауар капитал миграциясы;
  3. қысқа және ұзақ мерзімдегі миграциясы;
  4. қарыз және кәсіпкерлік капитал миграциясы.

Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару – басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Кәсіпкерлік капитал екі түрге бөлінеді:

  • Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда т.б. салаларға бағытталған.
  • Портфельдік инвестиция – шетелдік облигация, акция мен басқа да құнды қағаздарға бағытталған.

Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.

  1. Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап отырады.
  2. Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын-доллор стандарты)
  3. 1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе - еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады.

Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады:

  1. Валюталық интервенция валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады.
  2. Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік валютаның көлемі кемісе, оған сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі нарықта қайта бөлуге кіріседі.
  3. Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді.
  4. Ішкі макроэкономикалық реттеудің әртүрлі шаралары бойынша валютаның айырбас пропорциясына мемлекет әсерін тигізеді.

Халықаралық экономикалық интеграция

Соңғы уақытта әлемдік  шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы –  ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен  өзара тығыз байланысуы негізінде  мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.

Еркін экономикалық зона (ЕЭЗ) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.

ЕЭЗ-ның негізгі  мақсаттары:Осы аймақты дамыту; Әлемдік тәжірибе алу; Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.

Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері  болуы мүмкін:

еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.); ашық аудандар мен қалалар.

Ғаламдық  проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі  мен өмір жағдайын төмендету болып  табылмақ.

Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады :

  • милитаризация мен қару-жарақтану;
  • қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;
  • қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.
  • дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;
  • ұлттық мәдениеттің жойылуы;
  • дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.

 

 

 

Протекционизм

Фритредерство

Мағынасы:

Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргізуді ұлттық өндірісті  қорғау үшін шектеу.

Ешбір кедергілерсіз  мемлекеттер арасында тауарлар мен қызметтердің еркін жүруі.

Артықшылықтары

Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды  қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін  ынталан-дырады.

Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Кемшіліктері:

Өндіріс тиімділігі төмендейді, бағалар өседі, тауарды таңдау мүмкіндігі болмайды, экспорт мүмкіншілігі азаяды.

Ұлттық экономиканы  шетелдің теріс әсерінен қорғау мүмкіндігі болмайды (демпинг, сапасыз тауарлар және т.б.).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Пайдаланған  әдебиет

 

1) ↑ Қазақ энциклопедиясы,10 том

2) ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

3) ↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

4) ↑ 1,0 1,1 1,2 География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9

5) ↑ http://www.thehindu.com/business/Economy/article2093933.ece

 

6) ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық. Ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

7) www.bauka.kz/index.php/2011.../602-2010-02-23-08-34-44

8) magister.kz/


Информация о работе Халықаралық экономикалық байланыстар