Дипломатическое право

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 19:55, курсовая работа

Описание

«Дипломатия» ұғымы грек сөзі diploma-екі бүктелген бет, құжат деген мағынадан шыққан. Бұл жерде «дипломды ұстаушы» деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім грамоталары.

Содержание

І. Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық құқық ұғымы және қайнар көздері.
ІІ. Сыртқы қатынас органдары.
ІІІ. Дипломатиялық өкілдіктердің міндеттері, артықшылықтары және иммунитеттері.
ІV. Сауда өкілдерінің, арнайы миссиялардың құқықтық мәртебесі.
V. Консульдық құқық ұғымы, қайнар көздері.
VІ. Консульдық артықшылықтар мен иммунитеттер.

Работа состоит из  1 файл

Курсовая работа-дипломатическое право.doc

— 98.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар 

І. Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық  құқық ұғымы және қайнар көздері.

ІІ. Сыртқы қатынас органдары.

ІІІ. Дипломатиялық өкілдіктердің  міндеттері, артықшылықтары және иммунитеттері.

ІV. Сауда өкілдерінің, арнайы миссиялардың құқықтық мәртебесі.

V. Консульдық құқық  ұғымы, қайнар  көздері.

VІ.  Консульдық артықшылықтар  мен иммунитеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І.Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық  құқық ұғымы және қайнар көздері. 

      «Дипломатия»  ұғымы грек сөзі diploma-екі бүктелген бет, құжат деген мағынадан шыққан. Бұл жерде «дипломды ұстаушы» деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім грамоталары.

      Кең  мағынадағы дипломатия ұғымы-бұл халықаралық құқық субъектілерінің өкілдері жөніндегі, бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру жөніндегі, халықаралық қатынас қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін бейбіт жолмен қорғау жөніндегі ресми қызмет. Дипломатия-бұл халықаралық құқықта рұқсат етілетін арнайы дипломатиялық шаралар, әдістер мен тәсілдер көмегімен мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың бір құралы болып табылады.

      Тар мағынадағы дипломатия ұғымы-бұл келіссөздер жүргізу мен шарттар, келісімдер жасау шеберлігі. Осындай шеберліктің қоғамның даму заңдылықтарын білуге, халықаралық қатынас тарихын, жеке елдер тарихын, халықаралық құқықты, жеке елдердің конституциялық құқықтарын, шет тілдерді зерттеп-білуге негізделетінін айту керек.

      Адамзат қоғамының даму тарихында мемлекеттердің сыртқы саясат мәселлерінде оның маңызды құралының бірі-дипломатия әрқашан бірінші орында келеді. Бір-бірімен жанжалдасып қалған мемлекеттердің, тұтастай халықтардың тағдыры осындай мәселелердің тиімді шешілуіне тікелей тәуелді болады.

      Барлық  мемлекеттердегі орталық және шетелдердегі орган түріндегі дипломатиялық  аппараттарды (Сыртқы істер министрлігі, елшіліктер, миссиялар, консульдықтар) дипломатиялық қызметтердің негігі жетекшісі және орындаушысы ретінде  айтуға болады, оларда арнайы жасақталған және дайындалған дипломатиялық кадрлар тұрақты  жұмыс істейді. Мұндай кадрлардың жұимыс жүйесі мемлекеттің дипломатиялық қызметін құрайды және ол мемлекеттік қызметтің маңызды бөлігі болып табылады. Дипломатиялық аппарат-бұл мемлекеттік аппараттың бір бқлігі, оның қызметінің бағыты мен мазмұны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымымен айқындалады.

      Дипломатиялық аппаратты жетілдіру, дипломатиялық  кадрларды іріктеу мен дайындауды жақсарту, дипломатияның ең озық тәжірибелерін  зерттеу және пайдалану, оның ғылыми негідерін дайындау және дамыту-халықаралық мәселелерді бейбіт жолдармен шешу үшін және бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүру саясатын нығайту үшін дипломатияны қолдануға мүдделі барлық мемлекеттердің алдына қойған маңызды міндеттері болып табылады.

      Дипломатия-бұл мемлекеттің сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің құрамдас бір бөлігі. Сыртқы саясат дипломатияның мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және сол арқылы іс жүзіндегі шаралар жиынтығын, сондай-ақ сыртқы саясатта қолданылатын нысандарды, құралдар мен әдістерді айқындайды.

      Өркениетті  әлемдегі дипломатиялық тәжірибе тәуелсіз мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мүдделерінде дипломатиялық қызметтің дәстүрлі әдістерінің және жаңа нысандар мен  әдіс-тәсілдерінің қолданылып келе жатқанын көрсетіп отыр. Дипломатиялық қатынас пен талқылаудың түрлі нысандары ерекше маңызға ие болуда. Оларға мемлекет басшыларының кездесуі, мемлекеттер арасында жүргізілетін жоғары  деңгейдегі  көп жақты келіссөздерді жатқызуға болады.

      Дипломатиялық қызмет нормативтік қамтамасыз етуге, халықаралық құқықтың басқа субъектілеріне қатысты олардың жүзеге асу тәртіптеріне мұқтаж болуда. Көптеген ғасырлар бойы осы құқықтық нормалар реттеу заты бойыншасалыстырмалы түрде тұрақты және дербес саланы жасап шығарды. Азіргі таңдағы дипломатиялық құқық халықаралық құқық салаларының ішіндегі анағұрлым жүйеленген және  үдемелі дамыған салалардың бірі. Дипломатиялық құқық-бұл құқықтың байырғы салалардың бірі. Ол ең алдымен елшілік құқық ретінде пайда болып, дамыған еді. ХХ ғ. басына қарай елшілік құқық дипломатиялық құқыққа айналды.

      Дипломатиялық құқық-бұл халықаралық қатынасқа қатысушы халықаралық құқық субъектілерінің еркін білдіретін қағидалар мен нормалардың халықаралық құқық субъектілерінің келісім және қамтамасыз ету нәтижелерінде бекітетін жиынтығы; бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүруді қолдау және нығайту мақсатындағы ресми органдарының жағдайы мен қызметін (функциялары мен мәртебесін) реттейді.

      Бірқатар  оқулықтар мен оқу құралдарында «сыртқы қатынас құқығы» деген ұғым кездесіп қалады. Сыртқы қатынас құқығы тұжырымдамасы халықаралық өмірдің  нақты жағдайлары объективті түрде осы саладағы халықаралық құқық нормаларының  жүйеленуі мен үдемелі дамуы осы саланың мемлекеттердің шетелдерде тіркелген дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің қызметін ғана емес, сонымен бірге сыртқы қатынастың ішкімемлекеттік органдарының, арнайы миссияларының, халықаралық конференциялардағы делегацияларының, халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттердің өкілдіктерінің және солардың жанындағы тұрақты бақылаушылар миссиясының қызметін реттеуге біртіндеп жол қойылатындығында. Міне, сол арқылы ғылыми айналымға «сыртқы қатынас құқығы» деген кеңірек ұғымды енгізуді түсіндіруге болады.

      Шарт  және салт-дәстүр дипломатиялық құқықтың негізгі қайнар көздері болып табылады. 1961 ж. дипломатиялық қатынас туралы Вена Конвенциясы дипломатиялық қызмет саласындағы негізгі қайнар көздің бірі. Сонымен қатар, дипломатиялық құқық мемлекеттердің арнайы миссияларының қызметін, сондай-ақ халықаралық конференциялардағы өкілдіктердің құқықтық мәртебесін реттейді. Ол, ең алдымен 1969 ж. арнайы миссиялар туралы Конвенция, мемлекеттер өкілдіктерінің әмбебеп сипаттағы халықаралық ұйымдарымен қатынастары тураы 1975 ж. Вена Конвенциясы.

      Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оның жариялауы шетел мемлекеттерімен саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да қатынастарын дамытты. Сондықтан халықаралық қауымдастықпен қатысу нысандары мен тәсілдерін жаңарту қажеттілігі пайда болды. Халықаралық қатынастардың ұлғаюы, шетелдерде қазақстандық өкілдіктердің көбеюі мен қазақстандық азаматтар санының артуы дипломатиялық және консулдық қызметтің мазмұнына сапалық өзгерістер енгізді. 1993 ж. көктемінде Казақстан сыртқы саясатты жүзеге асыру саласындағы халықаралық стандартқа қосылды. Дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Вена Конвенциясына және консулдық қатынас елшілік, миссия немесе консулдық аймақ деңгейіндегі  қатынастар орнатады. Дипломатиялық қатынастарда біз түрлі нысандарды қолданамыз. Мәселен, Қазақстан Республикасының Президентіне  мемлекет басшылыарының (АҚШ, Жаңа Зеландия) жеке жолдаулар, дипломатиялық қатынас орнату жөніндегі Сыртқы істер министрлігінің біріккен мазмұндамалары (ҚХР, Испания, Австрия), дипломатиялық қатынас орнату жөніндегі хаттамалар (Моңғолия, Франция, Үндістан), ноталар алмасу (ОАР, Египет, Израиль) дипломатиялық қатынастарды орнату нысандары болды. Консулдық қатынастар үшін консулдық конвенцияларға қол қою (Ресей Федерациясы, Венгр Республикас), визаларды өзара мойындау туралы келісімдер (Грузия Республикасы, ТМД елдері), азаматтардың өзара сапарлары және визалар берудегі өзара түсіністіктер туралы меморандумдар (Пәкістан Ислам Республикасы, Иран Ислам Республикасы), консулдық шарттар (Украина, Түркменстан) консулдық қатынастар орнатудың кең таралған түрлері.

      Шетел мемлекеттерінің тәжірибелерін  ескере отырып Қазақстан дипломатиялық  және консулдық қызметтерді ұйымдастыру жөнінде өз заңдарын қабылдауда, сыртқы саяси ведомство-Сыртқы істер министрлігінің жұмысын жетілдіруде, консулдық заңдастыру туралы арнайы нұсқаулық материалдарын жасауда; Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел адамдарының және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты құжаттарды Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы сұрату тәртібі туралы; Қазақстан азаматтарын шетелдерде есепке алу және тіркеу туралы; Қазақстан азаматтарының шетелде тұрғылықты тұруларына рұқсат  беруді ресімдеу туралы және т.б. жөнінде арнайы нұсқаулық материалдар дайындайды. Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызмет Ұлттық заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардағы азаматтардың кәсіби қызметі. Біздің мемлекетіміздегі дипломатиялық лауазымға тағайындау тәртібі халықаарлық стандарттарға сай. Мәселен, дипломатиялық қызметке жоғары білімі бар, шет тілдерін білетін, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті қабілеттері бар азаматтар тағайындалады. Біздің ойымызша, жақын болашақта, біз арнайы жоғары білім және мемлекеттік тілді білу сияқты талаптарды да қоса айтатын болармыз. Мұндай өзгерістердің болуы уақыт талабы. Сыртқы істер министрін тағайындау тәртібі, дипломатиялық қызметті өткеру және тоқтату ерекшеліктері, дипломатиялық қызмет қызметкерлерін қамтамасыз ету, кепілдік беру және өтемақылар, құқықтар мен міндеттер көлемі, жауапкершілігі мемлекеттік қызметтің осы бөліміне ерекше жағдайды қамтамасыз етеді.

      Біздің  мемлекетіміздің дипломатиялық  және консулдық қатынастарын шетел  мемлекеттеріндегі өкілдіктер мен  халықаралық ұйымдардағы өкілдіктер қаматамасыз етеді; Қазақстанның БҰҰ қызметіне қатынасуы, мемлекет мүддесін  сыртқы саясаттағы түрлі мәселелерінде қамтамасыз етеді. Дипломатиялық құралдар мен тәсілдер арқылы мемлекеттің халықаралық бейбітшілікті, ұжымдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әрекеттерін жүзеге асырады.

      ІІ. Сыртқы қатынас  органдары

      Сыртқы  қатынастарда мемлекет өзінің тәуелсіздігі арқылы халықаралық құқық субъектілікке  ие болатын бүртұтас құрылым ретінде  көрінеді. Сыртқы қатынас органдары  мемлекеттің шетелдегі өкілдіні ретінде болады және олардың құзыреттері  шегінде іске асырылатын барлық әрекеттері мемлекеттің шетелдегі өкілінің әрекеті ретінде қарастырылады және оған халықаралық құқық нормаларына орай жауапкершілік жүктейді. Кез келген мемлекеттің сыртқы қатынас органдары ішкі мемлекеттік (немесе орталық) және шетелдік болып екіге бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы сыртқы қатынастың ішкі мемлекеттік органдарына мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет басшысы және Үкімет, Сыртқы істер министрлігі-мемлекеттің сыртқы қатынасын тікелей жедел басқаратын орган.

      Мемлекеттің шетелдік сыртқы қатынас органдары, өз кезегінде тұрақты және уақытша  болып бқлінеді. Қазақстан Республикасындағы  тұрақты сыртқы қатынас органдарына  Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері (елшіліктер мен миссиялар); консулдық мекемелер, тұрақты өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты бақылаушылар миссиясы жатады. Осы топқа сауда өкілдіктері де жатқызылады.

      Мемлекет  басшысының өкілеттіктері-Қазақстан Республикасының Президентінің, Парламентінің, Үкіметі мен Үкімет басшысының өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Конституциясымен, тиісті нормативтік актілермен белгіленген. Бұл мәселелер конституциялық және әкімшілік құқықтарда егжей-тегжейлі зерттелген.

      Сыртқы  істер министрлігі-Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу  жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды және сыртқы қатынастар саласындағы мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі басшылығымен жүзеге асырады. Жалпы мәселелер жөніндегі министрліктің қызметіне Қазақстан Республикасының Премьер-министрі басшылық жасайды. Өз қызметінде Министрлік Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Срытқы істер министрлігі туралы Ережені, дипломатиялық қызмет туралы 2002 жылғы заңды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің негізгі міндеттері мыналар болып  табылады:

  • Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне тиісті ұсыныстарды тапсыру;
  • Қазақстан Респбликасының сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті үшін Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясын жасау, Президенттің халықаралық бастамаларын жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасынығ егемендегіні, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарындағы және халықаралық аренадағы мүдделерін қорғауды дипломатиялық құралдар мен әдістермен қамтамасыз ету;
  • Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен дипломатиялық және консулдық қатынастарын, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
  • Шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдарменқатынастарда Қазақстан Республикасының біртұтас сыртқы саяси бағытты жүргізуін  қамтамасыз ету мақсатында  атқарушы өкіметтің басқа да органдарының қызметін үйлестіру және жұмысына бақылау жасау.

      Мұнан басқа, Министрліктің қызметін мынадай  міндеттер кіреді: Қазақстан Республикасының құқықтық іс-тәжірибесінде халықаралық нормаларды жүзеге асыруға жәрдемдеседі, республика заңдарын жетілдіру, оларды Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық міндеттемелеріне сәйкес келтіру жөніндегі ұсыныстарды даярлайды.

      Министрлік Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен мемлекеттік қауіпсіздігі құқықтық тәртіпті қорғауды, айналадағы ортаны сақтауды қаматамасыз ету, Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттерменжәне халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық және қаржылық байланыстарын, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге де алмасуларын дамыту мен кеңейту жөніндегі нақты іс-шараларды әзірлеуге қатысады, халықаралыө бейбітшілікті, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті, сонымен бірге Қазақстан Республикасының БҰҰ мүшесі, жалпы еуропалық және басқа да аймақтық процестердің қатысушы ретінде қаматамасыз етеді, Қазақстан Республикасының БҰҰ, басқа да халықаралық ұйымдарының, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз етеді, аштық пен артта қалушылықпен, халықаралық терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен және есіркілердің заңсыз айналымымен күресу, сондай-ақ экологиялық жағдайы нашар және техногендік апаттар аймақтарындағы салдарды жою жөніндегі халықаралық акцияларға қатысады.

Информация о работе Дипломатическое право