Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 19:55, курсовая работа
«Дипломатия» ұғымы грек сөзі diploma-екі бүктелген бет, құжат деген мағынадан шыққан. Бұл жерде «дипломды ұстаушы» деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім грамоталары.
І. Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық құқық ұғымы және қайнар көздері.
ІІ. Сыртқы қатынас органдары.
ІІІ. Дипломатиялық өкілдіктердің міндеттері, артықшылықтары және иммунитеттері.
ІV. Сауда өкілдерінің, арнайы миссиялардың құқықтық мәртебесі.
V. Консульдық құқық ұғымы, қайнар көздері.
VІ. Консульдық артықшылықтар мен иммунитеттер.
Консулдық экзекватура-консулдық орналасқан мемлекеттің консулдық мекеме басшысының өз міндеттерін атқару үшін нақты консулдық округке баруына рұқсат беретін құжат. Консулдық экзекватура беру тәртібі консулдық орналасқан елдің ұлттық заңдарымен айқындалады.
Консулдық
қатынастарды тоқтату, әдетте, дипломатиялық
қатынастар үзілгенде орын алады, бірақ
ондай жағдайда консулдық қатынастар
автоматты түрде тоқтатылмайды. Консулдық
қатынастар тұрақты болып келеді, өйткені
саяси қатынастардың күрделенуіне
қарамастан, мемлекеттер бір-бірлерінің
аумақтарында өз мүдделерін қорғау мүмкіндігін
сақтауға мүдделі болып отыр.
VІ.
Консулдық артықшылықтар
мен иммунитеттер
Консулдық өкілдіктердің консулдық орналасқан мемлекеттегі қызметтеріне байналысты пайдаланатын барлық жеңілдіктері мен артықшылықтарының жиынтыңын консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер деп айтады.
Консулдық құқықта берілетін жіңілдіктер өкілдің өз отандастарын қорғаған кезде жергілікті билік тарапынан қысым көрсетпеуі үшін қызметтерін жеңілдетеді. Көпішлік мойындаған халықаралық салт-дәстүрлер мен консулдық конвенециялар ережелеріне сәйкес, мемлекеттер консулдық қызметтің лауазымды тұлғаларына белгілі бір артықшылықтар мен иммунитеттер береді.
Консулдың жеке басының артықшылықтары мен иммунитеттері. Консулдық конвенциялар мен ұлттық заңдарда консулды аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа, алдын ала қамау тәртібінеде ұстауға болмайды деп белгіленген. Консулды әкімшілік тәртіпте де ұстауға болмайды. Консулды аса ауыр қылмыс жасады деп ұстау оның экзекватурасынан айырумен байланысты болады.
Консулдық
конвенциялар мен көптеген мемлекеттер
іс-тәжірибесін саралап көргенде байқалғандай,
консулдық иммунитеттің көп жағдайларда
дипломатиялық иммунитетпен сәйкес келетінін
атап айту керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер: