Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 19:55, курсовая работа
«Дипломатия» ұғымы грек сөзі diploma-екі бүктелген бет, құжат деген мағынадан шыққан. Бұл жерде «дипломды ұстаушы» деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім грамоталары.
І. Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық құқық ұғымы және қайнар көздері.
ІІ. Сыртқы қатынас органдары.
ІІІ. Дипломатиялық өкілдіктердің міндеттері, артықшылықтары және иммунитеттері.
ІV. Сауда өкілдерінің, арнайы миссиялардың құқықтық мәртебесі.
V. Консульдық құқық ұғымы, қайнар көздері.
VІ. Консульдық артықшылықтар мен иммунитеттер.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратының құрылым мынадай болады:
Дипломатиялық
өкілдік орналасқан мемлекетке келген
елші Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік
хаттама басқармасының
Елшілік және миссия-бұл дипломатиялық өкілдіктің екі түрі. Қазақстан Республикасының Елшілігі сыртқы қатынастағы мемлекеттік орган және дипломатиялық өкілдік орналасқан еліндегі оның жоғарғы дипломатиялыққ өкілдігі болып табылады. Елшілік өз қызметінде дипломатиялық қатынас туралы 1961ж. Конвенкия ережелерін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының қаулылары мен бұйрықтарын, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің нормативтік құжаттары мен нұсқауларын басшылыққа алады.
ІІІ. Дипломатиялық өкілдіктердің міндеттері,
артықшылықтары және иммунитеттері.
Дипломатиялық өкілдік пен оның персоналының мәртебелерінің дамыған шарттық негіздерінің болуы дипломатиялық іс-тәжірибенің сұранысын толық қанағаттандырады деген тұжырымдама дұрыс емес деп ойлаймыз. Дипломатиялық өкілдік институты эволюциясының себеп-салдарына мыналар жатады:
Дипломатиялықөкілдік
дипломатиялық өкілдік
Иммунитетұғымы дипломатиялық және консулдық құқытағы негізгі ұғымдардың біреуі, immunitas деген латын сөзі тәуелсіз, тартылмайды деген мағынаны береді. Халықаралық келісімдерде белгіленген артықшылақтар мен иммунитет сөздерін айыра білу керек. Артықшылықтар деп мемлекет басшылары мен олардың өкілдіктерінің ерекше құқықтық артықшылығын айтамыз. Иммунитет деп мемлекет басшыларының, үкімет басшылары мен мүшелерінің, шетел мемлекеттерінің парламент мүшелері мен қкілдерін, сондай-ақ шетелдегі мүліктер мен мемлекеттік кемелердің дипломатиялық өкілдік орналасқан елдің сотының, қауіпсіздік қызметінің қаржылық аппараттының мәжбүрлі әрекеттерінен қорғалуын, оның ішінде талап-арыздан, қамаудан, тінтуден, жауап алудан және т.б. қорғалуын айтамыз.
Халықаралық
құқық доктринасында
Дипломатиялық, әкімшілік-техникалық және қызмет көрсетуші персоналдардың негізгі иммунитеттері мен артықшылықтары жүйесі. Мәселен, дипломатиялық персоналдың иммуниттері мен артықшылықтарын анықтауда жеке басына қол сұғылмаушылық, юрисдикциядан және дипломаттың қылмыстық жауапкершілікке тартылудан иммунитетті шектеу мүмкіндігінің иммунитеттері басты мәселлер болып табылады. Әкімшілік-техникалық және қызмет көрсетуші персоналдардың артықшылықтар мен иммунитеттері жөніндегі мәселерді қарастырғанда персоналдар санатын белгілеу қызметтік иммунитеттер проблемалары туралы мәселлерді айқындау қажет.
Дипломатиялық өкілдік мәртебесінің кейбір проблемалары.
Осы
заманғы қатынастардың іс-
Халықаралық дәстүрде дипломатиялық өкілдіктер ішкі өмірлерін өз қалаулары бойынша және өз елінің салт-дәстүрлеріне сәйкес ұйымдастыруына берілген артықшлықтарды пайдаланады. Осы артықшылыққа сілтеме жасай отырып, дипломатиялық өкілдіктің ішкі кұзетін құруға рұқсат беруді түсіндіруге болады. Дипломатиялық өкілдіктің ішкі күзетін ұйымдастыру бүгінгі таңда кеңінен таралғанын айту керек және оған мемлекет тарапынан қарсылық та жасалып отырған жоқ.
Дипломатиялық
іс-тәжірибеде тіркеуші мемлекет пен
дипломатиялық өкілдік
ІV. Сауда өкілдіктерінің, арнайы миссиялардың
құқықтық
мәртебесі
Бұрыңғы КСРО сыртқысаяси қызметін жүзеге асыруды бастаған кезде сауда өкілдіктері мемлекеттің шетелдегі сырқы экономикалық қызметтерінде монополия құқығын жүзеге асыру үшін құрылған болатын. Сөйтіп, сауда өкілдігі мемлекеттің шетелдегі өкілдігі болып табылады және осы мемлекеттің сыртқы сауда саласындағы қызметтерін жүзеге асырады. Сауда өкілдігі тиісті мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз қызметін елшінің жалпы жетекшілігімен жүзеге асырады. Сауда өкілдігін үкімет тағайындайтын сауда қкілі басқарады.
Сауда өкілдігінің негізгі міндеттер мынадай:
Жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, сауда өкілдіктері шетеле бірқатар қызметтер атқарады. Оларға мыналар жатады:
Елшіліктің бір бөлігі ретінде суда өкілдіктері дипломатиялық қатынас туралы 1961 жылы Вена Конвенциясына сәйкес, дипломатиялық өкілдіктерге берілетін барлық артықшылықтар мен иммунитеттерді толық көлемде пайдаланады.
Сауда өкілдіктерін мүдделі мемлекеттер халықаралық шарт негізінде құрады. Егер өкілдік орналасқан елде мемлекеттің елшілігі немесе консулдығы болмаса, онда сауда өкілдігі дербес жұмыс істейді.
Арнайы миссиялар-сыртқы қатынастардың шетелдегі уақытша органдардың бір түрі, ол араларында айқындалатын нақты міндеттерді орындауы үшін бір мемлекеттің екінші мемлекетке жіберетін өкілдерінен тұрады.
Дипломатиялық
қатынастардың даму тарихы осы арнайы
миссиялар дипломатиясы түрінде
пайда болған еді. Арнайы миссиялар
нысандары бойынша әр түрлі болйып
келеді., ал кейде өзінің әр түрлі
болуымен дипломатиялық өкілдікті толықтырады
немесе ауыстырады. Мысалы, арнайы миссиялар
туралы 1969 жылы Конвенцияның 7-бабына сәйкес,
арнайы миссиялар дипломатиялық өкілдіктер
болмаған жағдайда, сондай-ақ оны мемлекет
немесе үкімет мойындамаған жағдайда
қызмет етуі мүмкін.
V.
Консулдық құқық ұғымы,
қайнар көздері
Бүгінгі таңда, экономикалық байланыстардың дамуына орай, сыртқы саясатты жүргізуде сыртқы қатынастың мемлекеттік органдарына, оның ішінде консулдық қызметке маңызды рөл берілген. Мемлекеттер консулдық қатынастарды және консулдықтың лауазымды адамдардың артықшылықтары мен иммунитеттеріне байланысты қатынастарды реттеу жөнінде көптеген келісімдер жасады.
Консулдық қатынас мәселелері жөніндегі мемлекеттердің халықаралық келісімдері, дәстүрлі және ішік мемлекеттік заңдардың белгілі бір нормаларының жиынтығы консулдық құқықтың негізін қалайды.
Консулдық құқық-бұл консулдық мекеменің құқықтық жағдайын, сондай-ақ консулдықтың лауазымды адамдарын тағайындауды қызметтерін, артықшылықтары мен иммунитеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығы.
Консулдық
құқықтың қайнар көздері мемлекеттердің
халықаралық шарттары, салт-дәстүрлері
мен ұлттық заңдар жатады. Халықаралық
құқық іс-тәжірибесінде
Келісуші
мемлекеттер үкіметтері арасындағы
келісімге сәйкес консулық лауазымды
адам өзіне жүктелген міндеттерді
орындайтын консулдық мекеме орналасқан
мемлекеттік белгілі бір
Консул-бұл басқа бір мемлекеттің белгілі бір аумағына келісіммен тағайындалатын мемлекеттің лауазымды адамы, ол осы ауданда өз мемлекетінің, заңды және жеке тұлғаларының мүдделерін қорғайды, саяси, экономикалық, ,ылыми, мәдени және басқа да байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі. Консулдың қызметін өкілдігін жіберген мемлекет бақылау жасайды. Консулдардың бірнеше түрлері болады. Бас консул-бас консулдықтың басшысы, оның құқықтық жағдайы консул жағдайымен ұқсас келеді. Штаттан тыс консул-дипломатиялық қызметте тұрмайтын, бірақ өкілдігін жіберген мемлекеттің тапсырмасы бойынша және консулдық мекеме орналасқан мемлекеттің келісімі бойынша консулдық міндеттер атқаратын адам. Штаттан тыс консул өз міндеттерін орындаған кездерінде ғана берілетін жеке басына қол сұғылмаушылықты қоспағанда, штаттағы консулдар сияқты артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады. Жеке консул-дипломатиялық өкілдіктен дербес консулдық мекемені басқаратын адам. Оны арнайы құжат арқылы-консулдық мекеме басшысы қызметінде тағайындауды растайтын патент, құжат негізінде жұмысқа тағайындайды. Бөлім консулы-консулыдқ бөлімді басқару тапсырылған дипломатиялық қызметкер. Вице-консул бөлім консулы ретінде қызмет ете алады, алайда көбіне ол дәрежесі жоғары консулдық қызметкерлердің көмекшісі ретінде қызмет атқарады. Консулдық агент-атташе, әдетте қосалқы міндеттерді орындайды, ол кейбір мемлекеттердің іс-тәжірибесінде кездесетініндей, жеке постыда жұмыс істейтін болса, жақын консулдық немесе дипломатиялық өкілдікке бағынады.