Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:18, лекция
Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж
Саясаттанудың объектісі мен пәні
Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары
1- т а қ ы р ы п
САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
1. Саясатты түсіну ежелден бастау алады. Оны ғылыми тұрғыда шешу кейінгі ғасырларға келеді.
Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Онда саясаттанудың негізгі мәселелерін, мәнін ашатын құжаттар қабылданды. Құжатқа сая саясаттанудың зерттеу және оқыту мәселелері анықталды. Олар:
Қазақстандағы саяси ғылымның негізгі пәніне бұдан басқа, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, геосаясат, ұлттық мүдде және ұлттық қауіпсіздік мәселелері кіреді.
2. Саясаттану басқа ғылымдар сияқты, келесі қызметтерді атқарады:
Саясаттану әдістері:
Саяси құбылыс пен үрдістер көптеген әдістер арқылы танылады. (грекше metodos – зерттеу жолы). Әдістер – бұл, теорияға баға беру жәнетексерудің тәсілдері, сараптау құралы.
Бақылау сұрақтары
Әдебиет:
1. Жамбылов Д.Саясаттану. А.02.
2. Смагулов Е.М.Основы политологии А.2002
3. Политология под ред. Нысанбаева А.Н А., 1998.
2- т а қ ы р ы п
САЯСИ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
1. Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптары үшін, олардың қандай мүдделерді қорғағандығын, бұл ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда ғана саяси және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.
Саяси ілімдер тарихын хронологиялық және мазмұндық тәртіппен ірі төрт кезеңге бөлуге болады:
Саяси ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік көзқарастары негізінде пайда болды.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп – білгісі келген. Ежелгі Шығыс ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құбылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездеге пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болғаны белгілі. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдыретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің бір ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, Қытайда сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік құдайдың құдыретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептеледі. Әрине, діни көзқарастар мен парадигмалар ғылыми болып саналмайды, бірақ біз мұны жоққа да шығара алмаймыз, себебі қазіргі кезде діннің қайтадан қоғамда үлкен орын ала бастағанына қарасақ, мемлекеттегі және мемлекет аралық саясаттағы діннің орны ерекше.
Ежелгі еврей
халқында адамдарды алғашында
Ежелгі Египетте «Птахотеп өсиеті» (б.з.д. ХХVIII ғ.), «Өлілер кітабы» (б.з.д. XXV-XXIV ғғ.) және т.б. жердегі әлеуметтік-саяси тәртіптер мен заңдар, адамдардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынастары құдайдың әділ істері ретінде мақталады.
«Птахотеп өсиеті» кітабында барлық адамдардың табиғи еркіндігі, туа біткен данышпандар мен оқымыстылардың болмайтындығы туралы көзқарастар кездеседі. Бұнда адамдардың мінез-құлқы «ка» принципіне – ізгілікті де қайырымды және әділетті мінез-құлық өлшеміне сәйкес келіу қажеттілігі негізге алынады. «Гераклепольдық патшаның өзінің ұлына айтқан өсиетінде» (б.з.д. ХХІІ ғ.) құдайларға айтылған мақтаулар мен перғауынның құдайлық билігі туралы сөздермен қатар, заң мен әділдікке қарсы ешқандай іс-әрекет жасамау керектігі, өйтпеген жағдайда адамдардың құдайдың қаһарына ұшырап, қайыршылық пен азапты өмір кешетіндігі туралы үндеулер кездеседі. Бұл өсиет кітапта патша сонымен бірге «әділдікті жасаушы және қорғаушы» ретінде дәріптеледі. Өсиет кітаптың авторы патша Ахтой өзінің ұлына, яғни мұрагеріне «Өзінің билігіңді жоғары ұста және оны одан әрі көтере түс, ол сенің заңдарыңды күшті етеді және мемлекетіңді қорғайды» деп, өсиет айтады.
«Өлілер кітабында» адамдардың өлгеннен кейінгі тіршілігі өлілер патшалығына ауысатындығы туралы баяндалады. Бұл патшалықта жылу мен жарық және адамдар тұрмысына қажетті нәрсенің бәрі бар. Бұл патшалыққы келгендерді Осирис құдайдың әділ соты олардың жер үстіндегі өмірінде әділ де қайырымды немесе қатыгез де сұрқия болғандығын таразылайды. Шындық құдайы – Ма-ат мүсіні жанында Осиристің әділ соты олардың барлық іс-әрекетін сұрайды. Сот алдына келгендер «Мен ешкімге қастық жасаған жоқпын, мен ұрлық жасаған жоқпын, мен ешкімді алдаған жоқпын, мен ешкімді жылатқан жоқпын, мен ешкімге қарыздар емеспін, мен құдайларды сөккен жоқпын» - деп, ант-су ішеді.
Египеттіктердің түсінігінше, адамдар жер бетіндегі сот жазасынан құтылғанымен, өлілер патшалығындағы Осирис құдайдың әділ сотынан құтыла алмайды. Жер бетіндегі өмірде әділдік пен шындық бола бермейді, бірақ түбінде оған жауап беруге тура келеді. Жер бетіндегі патшалықтағы теңсіздік пен заңсыздыққа адамдардың өздері жол берген. Мемлекет билеушісі – перғауын – құдайлар патшасы – күн құдайының ұлы. Сондықтан да ол адамдар патшасы болып тағаындалады. Ол жер бетіндегі барлық әрекетті, жамандық пен жақсылықты, қатыгездік пен әділдікті бүтіндей бақылай алмайды, адамдар арасындағы келіспеушіліктің орын алуы да осыдан пайда болады.
Билік пен заңның белгілі бір топтың ғана мүддесін қорғағандығы және оған мүдделі топтардың осы заңдар мен нормаларды да өз мақсаттары үшін пайдаланғандығы, оны қызғыштай қорғағандығы әділдік пен билік туралы жоғарыда айтылған ережелерден айқын көрінеді. Мақтанышпен айтылған әділ билік пен әділетті заңға халық бұқарасының наразылық білдіргендігі, қарулы күреске шыққандығы туралы мәліметтер де кездеседі. Осындай халық қозғалыстарының бірі туралы (б.з.д. 1750 жылдар шамасында) «Ипусердің сөздерінде» айтылады. Ол бұл қозғалысты «заң мен билікке қарсы әрекет етушілер» ретінде көрсетеді, бұл кезде елде адам айтқысыз өзгерістердің болғандығын, билік органдары мен сот палаталарының қиратылғандығын. Билеуші сарайындағы сақтаулы заңдардың көшеге шығарылып, аяққа тапталғындығын және жоылғандығын баяндайды.
Ежелгі Вавилон билеушілері өздерінің билігі мен заңдарының құдайлық сипатта екендігін дәлелдеуге тырысты. Б.з.д. ХVIII ғ. Хаммурапи заңдарының кіріспесінде «Аннуақтардың мәртебелі патшасы Анум мен ел тағдырын шешуші көк пен жердің әміршісі!... бүкіл адамзатты билеуді маған беріп, елге әділеттілікті орнату үшін, қылмыс пен жауыздықты құртып, әлді әлсізге қысым жасамау үшін және елге жарық беруге Анум мен Энлиль игілігіне халық мені шақырды, жерде әділдік пен тәртіп орнату үшін мені Шаман құдай жіберді, менің бұйрықтарым мен заңдарымды ешкімнің де өзгертуге құқы жоқ» деп айтылады.
Хаммурапи бірінші
Вавилон әулетінің алтыншы
Әділдіктің
қорғаушысы ретінде баяндалған бұл
заң еркін адамдар мен
Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зароастризмде көрініс тапты және дамытылды. Діни-этикалық бұл ағымның негізін қалаушы б.з.д. VIII ғасырда өмір сүрген Заратустра болып саналады. Кейбір тарихшылар оның туып өскен жері Сыр бойы деп есептейді. Қалй болған да ағым діни сипатта дамып, кейін едәуір территорияға ықпалын тигізді. Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия, Үндістан, Греция, Орта Азия елдеріне кең тарады. Зороастризмнің негізгі қағидасы бір-біріне қарама-қарсы екі күш – жақсылық пен жамандықтың өзара күресі мазмұнында өрбиді. Қайырымдылық пен жақсылықты жасаушы жарық дүние патшалығы Ормузда құдай, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы дүние патшалығы Ариман құдай құдыреті көп көрсетіледі.
Қайырымдылық пен жарық дүние адамдардың жауыздық пен қараңғы дүниеге қарсы күресіне көмектеседі. Адамдардың өмірі мен тұрмысы да күрес нәтижесінде айқындалады. Бұл күресте жауыздықтың уақытша билігінен кейін әрдайым жақсылық жеңіске жетіп отырады.
Зороастризм бойынша мемлекет аспан құдайы Ормузданың жердегі билігі болып табылады. Мемлекет билеушісі – монарх – жердегі Орузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.
Қоғамның әлеметтік құрылымы, зороастризм бойынша, әркімнің қандай кәсіппен шұғылдануы еркін таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік топтың әрқайсысының басында жетекшілік ролді атқаратын неғұрлым белсенді және беделді адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшілерін өзара сүйіспеншілік пен сыбайластыққа, бір-бірін кешіре білуге және бітімге шақырады.
Платон – антикалықзаманның ғана емес, бүкіл философия, саяси ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі (б.з.д. 407-399). Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуімен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады.