Саясаттану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:18, лекция

Описание

Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж

Содержание

Саясаттанудың объектісі мен пәні
Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары

Работа состоит из  1 файл

6 лекция.doc

— 291.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстанның  Шығыс пен Батыстың арасындағы байланысты орнатудағы орнының ерекшелігіне байланысты осы елдің саясаткерлерінің саяси ойларына шолу жасалық.

3.

Президент Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық ұйымына аса  назар аударады, ТМД-ні реформалауға дайын екенін ескертеді. Оның Шығыс елдеріне қатысты жаңа ойларының бірі Орталық Азия мемлекеттерінің достастығына байланысты.

XV ғасырдың аяғына  дейін Орталық Азия әлемдік  экономикадағы маңызды аймақтардың  бірі болды. Біздің аймақ Батыс  пен Шығысты байланыстырып отырды. Халықтар территорияларға, ұлттарға бөлінбеді. Жібек жолының тоқтауынан бұл аймақ арта қалды. Енді 500 жылдан кейін бұл жер қайтадан әлемдік экономика үшін маңызды экономикалық аймақ бола бастады. Біз өзіміздің транзиттік мүмкіндіктерімізді бекіте бастадық, әлемдік нарықта құнды тауарларды таситын елдің бірі бола бастадық. Ол: мұнай, газ, кен және ауылшаруашылық шикізаттары. Қазірден белгілі, бұрынғы Жібек жолын жаңғыртатын мұнай газ жолдары мен авто- және темір жодарды салу басты мақсат болып отыр.

Міне, осының бәрі Азияда сенім шаралары мен қауіпсіздік орнатуға бағытталған жемісті дипломатикалық қызмет болашағына айтарлықтай көлеңке  түсіреді. Кейбір азия елдерін мүдделері бойынша топтастыруға талпыныстар болған жоқ деп айтуға болмайды. СЕНТО, СЕАТО, АНЗЮС және басқа әскери – саяси блоктарға сілтеме жасасақ та жеткілікті. Алайда бұл ұйымдар егес сипатындағы нақтылы міндеттерді шешу үшін құрылғандықтан олардың қызметтері аймақта бұрынғыдан да үлкен тұрақсыздық туғызды. Екі алып держава АҚШ пен КСРО және екі бітіспес қоғамдық-саяси жүйелердің қарама  қарсы тұру дәуірінде әскери-саяси блоктардың қызметінен басқаша нәтиже күту мүмкін емес болатын.

Аймақтық интеграцияның  сәтті мысалдарын АСЕАН мемлекеттері неғұрлым анығырақ көрсеткен тәрізді. 1968 жылы Сингапур, Малайзия, Тайланд, Филиппин, Индонезия жаңа АСЕАН бірлестігін құрды. Осы ұйымды құру туралы мәлімдемеде оның басты мақсаты негізінен халықтардың экономикалық гүлденуіне жәрдемдесу, кооперация мен интеграция негізінде тиісті мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қалыпқа келтіру деп көрсетілген болатын. Алайда мұқият бақылаушылар үшін бұл бірлестіктің шын саяси мәні құпия емес те еді.

Бақылау сұрақтары

    1. Қазақстанның геосаяси жағдайы
    2. Қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы күрделі мәселелер

Әдебиет:

  1. Жамбылов Д.А. Саясаттану А., 01.
  2. Гаджиев К.С. Политическая наука М., 1997.

Қалмырзаев  Ә. Біз, қазақ ежелден еркіндік аңсаған  А., 1998

15- т а қ ы р ы п

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ

  1. Қазақстанда егемендікпен демократияның қалыптастыру кезеңдері
  2. ҚР – құқықтық демократиялық мемлекет

Президентіміз Назарбаев Н.Ә. былай деп өз ойын айтады: «Біздің басымдықтарымыз  сол күйі өзгеріссіз қалуы тиіс – белсенді, жан-жақты және теңестірілген сыртқы саясат, ол ХХІ ғасырдың үніне қарсы айтылған жауап, ұзақмерзімді ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған».

Саяси процесс  ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі  процесс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады.

Осындай саяси жүйенің бір қалыпты  жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс  дейміз.

Жалпыұжымдық  мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресмиұйымдар, ақпарат құралдары қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді саяси институттар атқарады. Себебі саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын солар.

Саяси жүйені тұтас  алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:

    1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынға мемлекеттік билікті ауыстыруы мүмкін, соның легитимдігін көрсетеді.
    2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.
    3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.
    4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау

Саясатта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесін  қалыптастыру екенідігі белгілі. Ал мұндай баламаны ойлау жүйесінің  бұған дейінгі тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары саяси және құқықтық жолда болашақты дұрыс таңдай білуі оның бұрынғы тарихын жақсы оқып, үйренуге байланысты.

2. Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде:

  • ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;
  • әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды қатаң қадағалау;
  • құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету;
  • ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу.

Бақылау сұрақтары

  1. Қазақстандағы демократиялық модернизация?

Әдебиет:

1.Бурханов К.Н.  Эктремизм в Центральной Азии  А., 2000.

2. Жамбылов Д.А.  Саясаттану А., 01.

3. Смагулов  Е.М. Основы политологии А., 01

Информация о работе Саясаттану