Саясаттану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:18, лекция

Описание

Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж

Содержание

Саясаттанудың объектісі мен пәні
Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары

Работа состоит из  1 файл

6 лекция.doc

— 291.50 Кб (Скачать документ)

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі – кліссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері  белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады.

Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық  ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:

  • автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;
  • белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;
  • өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.

 

Тұлға саяси  субъект те объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін  қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды.Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.

Биік парасатты  адам қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін де жете түсінеді, соның нәтижесінде ол қоғам мүшелеріне міндетті деп танылған барлық талаптар мен міндеттерді бұлжытпай орындауға, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін мүлтіксіз жүзеге асыруға, парыздарын өтеуге әрдайым бейім тұрады.

Әрбір адамда саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары  болады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің  маңызы өте зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының  қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне  байланысты.

Адамның қоғамдағы  орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті  іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.

Осындай бір  немесе бернеше әлеуметтік белгілерімен бірлескен адамдар жиынтығын  әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, орыстар, немістер, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қала адамдары, ой еңбегімен шұғылданатындар және т.б.

Адам саяси  процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде  қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты  субъектісі болып табылады. Сондықтан  қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.

Қоғам үнемі  даму үстінде, соған байланысты кейбір әлеуметтік топтар құрып, жаңа топтар пайда болады.

Олардың барлығы  саяси үрдіске не белсенді не енжар  араласуы мүмкін. Әрине, мұның бәрі сол топтардың, қауымның мүдделеріне, талаптарына және мұқтаждықтарына байланысты.

 

Әдебиет:

1. Казахстанская  политологическая энциклопедия  А.,98

2. ҚР Конституциясы.  А., 1998 ж.

3. Смагулов Е.М.  Основы политологии А., 01

 

12- т а қ ы р ы п

САЯСИ САНА ЖӘНЕ САЯСИ МӘДЕНИЕТ

  1. Саяси мәдениет ұғымы
  2. Саяси мәдениеттің функциялары
  3. Саяси мәдениеттің типологиясы

 

  1. Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге жол береді.

 Саяси мәдениет  дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси  дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы  кез келген саяси іс-әрекетті  бағыттап, бақылай алады. Саяси  мәдениеттің бірнеше элементтері бар. Олар:

Саяси стереотип (қағида) – саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге  негізделген білімсіз түсінік.

Саяси сана –  саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмперикалық  сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.

Саяси менталитет – ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік- психологиялық сапалы тұрақты жағдайы.

Саяси белгі  – саясаттағы коммуникативті қызмет атқарушы.

Саяси әлеуметтену  – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын  меңгере отырып, сол ортаға бейімделу  процесі.

Бұдан басқа  саяси мәдениетке идеология, дін  және саяси ориентация кіреді. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай  орын алады. Бұрынғы Кеңес Одағы  кезінде  дін қудалауға түсіп, саяси өмірден  шететтілуінің, атеистік идеологияның үстемдік етуінің  салқыны өз сарқыншағын Қытай қоғамына да қалдырды.

Бұл жұмыста  көңіл аударатын бір мәселе –  мемлекет пен  діннің ара қатынасы.

  1. Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:
    1. Саясилану;
    2. Персонификация;
    3. Идеологизация;
    4. Институционализация.

Саяси әлеуметтену  агенттеріне жататындар:

  1. отбасы;
  2. дос, жолдастар;
  3. мектеп;
  4. БАҚ;
  5. саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.

Саяси әлеуметтенудің екі түрі бар: тікелей әлеуметтену  және қосалқы әлеуметтену.

Тікелей әлеуметтену  дегеніміз, мемлекеттің өзі мүдделі  болып келеді. Ол өз азаматтарын өзі тәрбиелеп, олардың саяси әлеуметтенуін өзі қадағалайды.

Ал қосалық  саяси әлеуметтенуде, бұған мемлекет араласпайды, тұлға өз қабылеті мен  тілегі бойынша сол қоғамына бейімделіп, сол мемлекеттің құндылықтарын  меңгереді.

 

Бақылау сұрақтары

    1. Саяси мәдениет ерекшелігі, құырылымы
    2. Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері

 

Әдебиет:

  1. Жамбылов Д.А. Саясаттану А., 01.
  2. Бурбаев Т.Қ. Ұлт менталитеі А., 2002.

3. Смагулов  Е.М. Основы политологии А., 01

 

13 тақырып

САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ КӨСЕМДІЛІК 

  1. Саяси элита: ұғымы, теориялары.
  2. Саяси элитаның функциялары
  3. Саяси элитаны қалыптастыру тәсілдері

 

  1.  «Элита» термині француздың elite деген сөзінен шыққан таңдап алынған, сұрыпталған деген мағына береді. Элитаның түрлері өте көп: саяси, басқарушы, экономикалық, рухани, әскери т.б.

«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо  Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік  басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда  олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.

2. Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:

  1. Еңбектік бөлінуі;
  2. Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;
  3. Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;
  4. Көпшіліктің билікке, саясатқа  қызықпауы.

Саяси элита  бірнеше түрге бөлінеді. Олар:

  1. Жоғарғы элита;
  2. Ортаңғы элита;
  3. Әкімшілік элита.

Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік.

3. Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.

Гильдия жүйесінде  үміткер билік сатысы бойынша  баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.

Антрепренерлік  жүйе көбіне демократиялық қоғамда  қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.

Бақылау сұрақтары

    1. Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары
    2. Саяси көсемділік: мәні, түрлері, қасиеттері

 

Әдебиет:

1. Сейдуманов  С.Т. Феномен многопартийности  в Казахстане А., 97

2. Булуктаев  Ю.О. Политические партии Казахстана  А., 2004.

3. . Кто есть  кто в Казахстане А., 00

.

 

 

 

14- т а қ  ы р ы п 

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЯСАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

  1. Дүниежүзілік саясат ұғымы
  2. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері
  3. ҚР сыртқы саясаты

 

 

  1. ХХІ ғасырда интеграциялық үрдістер әлемдік жүйедегі өзара байланыс пен өзара тәуелділікке алып келеді.

Терроризмнің  кең таралуына, оынң өте-мөте Азия құрлығында көбірек етек алуына байланысты бұл құбылыстың табиғаты жөнінде әр түрлі пайымдаулар пайда болуда. Кейбір саясаттанушылар тіпті әлде бір террористік өркениеттің пайда болғаны, қазіргі заманғы әлемді батыстық үлгіде жаңғыртуға, яғни, жаһандастыруға өзіндік жауап ретінде деген сәуегейлікті де айтады. Белгілі зерттеуші С. Хантингтонның пікірінше, терроризмнің тамырлары «батыс имперализмі» саясатында және оның жиырмасыншы ғасырдың басым көпшілігі бойына мұсылман әлемінде үстемдік жүргізуінде жатыр. Сонымен қатар, «бұл мұсылман халықтарының өз мемлекеттері ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа, үкіметтердің тиімсіз жұмысы, олардың қуғын-сүргін әрекеттеріне және өздері осы режимді қолдайды деп білетін батыс елдеріне қарсы жауабы».

2. Жаһандастыру жағдайында - әлемдегі экономикалық, мәдени және қаржылық байланыстардың бір біріне тартылысуы және бірігуі кең көлем алып, күшеюде – біз  көбіне «орын кеңістігінде» емес, «ағымдар кеңістігінде» өмір сүреміз. Бұл кеңістік «қысқарып» келеді, уақыт «жоғалып келеді», біз «қысылып бара жатырмыз» және сондықтан да бәріміз бірігіп те келе жатқандаймыз.

Алайда адамзат  қауымы өзінің даму барысындағы ең бір күрделі кезеңді басынан  өткеруде,  әлем бір жағынан ұйымдасқан, екінші жағынан хаосқа кірген, бір  жағынан жаһандасуда, екінші жағынан  локалдықты жақтайды, бір жағынан бірігеді, екінші жағынан бөлінеді.

Саясаттанушылар ескертеді: әлемде үлкен соғыс жүріп  жатыр, бірақ ол атыссыз, оқсыз, соғыс  тіршілік үшін соғыс. Бұл соғыстың жаңа түрі - әлемді билеу үшін психологиялық  және экономикалық соғыс. Бәсекелестік әлемде әмбебап кредоға, идеологияға айналған. Трансұлттық компаниялар планетаны тұтас бір жаһанды базар деп есептейді. Жаһандастыру мемлекеттер арасындағы өзара бейбітшілікке қауіп тудырады – осы жағдайда қарамағында, яғни қол астында жаңа технологиялар мен арзан, бірақ жоғары білікті жұмыс күшін иеленген кейбіреулер ғана бекіп, өзін өзі көрсетіп тұрақтап қала алады.

Сонымен бірге  кең таралған пікірлер де бар. Мысалы, жаһандастыру саяси билік пен  ұлттық мемлекеттерді басқаруды  құртуға әкеледі, бұл Д. Беллдің формуласы бойынша «үлкен тұрмыстық мәселелерге бұл кішкентай болуы, керісінше кішкентайларға- тым үлкен болуы мүмкін». Бұл жағайда жаһандастырудың бесігі – Батыс болғандықтан, олар жаһандастыру тенденцияларын ойлап шығаруда.

Информация о работе Саясаттану