Қазақстан Қарулы Күштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 19:01, реферат

Описание

Военная сила Республики Казахстана

Содержание

Кіріспе ............................................................................................3
Қазақстан армиясы ........................................................................4
Қазақстан Армиясының қарулары ..................................................14
Ұлан туралы білесің бе? .................................................................17
Тұңғыш қазақ генералы .................................................................20
Қосымша №1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы ............22
Қосымша №2. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан
Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштері туралы .............24
Қосымша №3. Қазақстан Республикасының Заңы:
Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы ...............................35
Қосымша №4. Әбілқайыр хан ......................................................53
Қосымша №5. Бөгенбай батыр ......................................................56
Қосымша №6. Аңырақай шайқасы .............................................59
Қосымша №7. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында ....................62
Қосымша №8. Генерал Сағадат Нұрмағамбетов ............................65
Қосымша №9. Ауған соғысы: Саңлақ жауынгер .............................68
Қосымша №10. Қазбриг ...............................................................70
Қосымша №11. Даналық сөздер ...................................................73
Әдебиеттер тізімі .......................................................................76

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Қарулы Күштері.doc

— 372.50 Кб (Скачать документ)

1) келісім-шарт негізінде ерікті түрде әскери қызметке баруға;

2) қорғанысты нығайтуға жәрдемдесетін ұйымдардың қызметіне қатысуға құқылы.

2. Қазақстан Республикасының  азаматтары:

1) әскери міндеттілікті орындауға;

2) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

3) жұмылдыру кезеңінде және соғыс жағдайында өздерінің меншігіндегі мүлікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оның құнын кейіннен мемлекеттің тең бағада өтеуімен беруге міндетті.

5-тарау. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери  құралымдар

18-бап. Қарулы Күштер  және олардың мақсаты:

1. Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін қорғауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады.

2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президенті шешімінің негізінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға, сондай-ақ террорға қарсы операциялар жүргізу және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін тартылуы мүмкін.

3. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштерді қолдану Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда келісілген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамының бір бөлігі Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес біріккен қолбасшылықта болуы мүмкін.

20-бап. Қарулы Күштерді  жасақтау.

1. Қарулы Күштердің жеке құрамына әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдары кіреді.

2. Қарулы Күштер:

1)  азаматтарды аумақтан  тысқарылық және аумақтық принцип  бойынша әскери қызметке шақыру  арқылы және Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілеріне сәйкес  олардың әскери қызметке ерікті  түрде келуі арқылы әскери  қызметшілермен;

3) Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы  заңнамасына сәйкес азаматтық персоналмен жасақталады;

3. Қарулы Күштерді жұмылдыруды өрістеу үшін мемлекетте әскери оқып үйретілген резерв запасы құрылады.

21-бап. Қарулы Күштерге  басшылық және оларды басқару 

1. Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылықты Қазақстан Республикасының  Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы жүзеге асырады.

2. Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы) соғыс уақытында Қарулы Күштерге басшылық жасайтын жоғары әскери саяси орган болып табылады.

3. Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы Қарулы Күштерді басқаруды Штабтар бастықтары комитеті арқылы жүзеге асырады.

4. Қарулы Күштерді бейбіт уақытта басқаруды Штабтар бастықтары комитеті арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі жүзеге асырады.

6-тарау. Соғыс кезі. Соғыс жағдайы. Жұмылдыру. Азаматтық  қорғаныс. Аумақтық қорғаныс

  28-бап. Соғыс кезі

1. Соғыс кезін Қазақстан Республикасына басқа мемлекет (мемлекеттер тобы не коалициясы)  қарулы шабуыл жасаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Парламенті жариялайды.

2. Соғыс кезі жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бірақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды.

29-бап. Соғыс жағдайы және  жұмылдыру

1. Соғыс жағдайы режимі, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілерімен айқындалады.

2. Соғыс жағдайы кезеңінде Қарулы Күштер, сондай-ақ оның құрамына кіретін Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері , Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының басқару органдары мен қорғаныс бөлімдері  және арнаулы құралымдар соғыс кезінің жариялануына қарамастан, агрессияға тойтарыс беру жөнінде ұрыс қимылдары мен өзге де іс-қимылдарды жүргізе береді.

7-тарау. Қорытынды ережелер

32-бап. Қазақстан Республикасының  қорғаныс саласындағы халықаралық  ынтымақтастығы

1. Қазақстан Республикасының агрессиядан бірлесіп қорғануды қамтамасыз ету, бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік жөніндегі басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес құрылады.

2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Парламентінің Конституцияға сәйкес қабылдаған шешімі негізінде бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық міндеттерді орындайды.

3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде  бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға тікелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің осындай қатысу кезеңі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

33-бап. Қазақстан Республикасының  қорғанысы және Қарулы Күштері  туралы заңнамасын бұзғаны үшін  жауаптылық

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.

Астана, Ақорда, 2005 жылғы қаңтардың 7-сі. №29-ІІІ ҚРЗ

 

 

                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №3

 

Қазақстан Республикасының  Заңы

Әскери міндеттілік  және әскери қызмет туралы (үзінділер)

Осы Заң Қазақстан  Республикасы азаматтарының әскери міндеттілігіне және әскери қызметіне қатысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда  пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынандай негізгі  ұғымдар пайдаланылады:

1) әскери қызмет – Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери қызметшілердің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;

2) әскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

3) әскери міндеттілер - әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

4) әскери атақ - әскери қызметші мен әскери міндеттіге берілетін әскери айырым белгісі;

5) әскери міндеттілік – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеттілігі;

6) әскери киім нысаны - әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиістілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген погоны бар нысанды киім(киім-кешек) мен жабдықтар;

7) шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер – мерзімді әскери қызметке шақырылған, сондай-ақ офицерлер құрамы лауазымдарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;

8) келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер – Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке ерікті түрде кірген Қазақстан Республикасының азаматтары;

9) әскери лауазым – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесінің әскери атағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген лауазымдық өкілеттіктер мен міндеттер жүктелген құрылымдық бірлігі;

10) әскери жиындар - әскери қызметшілердің әскери даярлығы, әскери білімін жетілдіру жөнінде, сондай-ақ әскери міндеттілердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында оларды әскери бөлімдерге шақыра отырып, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен  әскери құралымдарда жүргізілетін іс-шаралар;

11) әскери есеп - әскери қызметшілердің, әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын ресурстардың есебін жүргізу және оларды талдау жүйесі;

12) әскери тағылымдама – практикалық дағдыларды меңгеру және жетілдіру, офицерлердің даярлау бағдарламасы бойынша алған білімдерін тереңдету және орнықтыру;

13) тәрбиеленушілер - әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, бастауыш және кәсіптік орта білім беру ұйымдарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары;

14) жалпыға бірдей әскери оқыту – соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтарын бастапқы әскери даярлыққа міндетті оқыту;

15) әскер жасына дейінгілер - әскери есепке алынғанға дейін әскери қызметке даярлықтан өтетін еркек жынысты азаматтар;

16) әскери міндеттілердің запасы(запас) – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толықтыра жасақтау, өрістету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын әскери міндеттілер;

17) әскери қызметті ерікті түрде өткеру туралы келісім-шарт (бұдан әрі келісім-шарт) – келісім-шарт бойынша әскери қызметті қамтамасыз ету және өткеру мүддесі үшін тараптардың міндеттемелері мен  жауапкершілігін белгілейтін шарт;

18) курсанттар – оқу-жаттығу бөлімдерінде (орталықтарында), орта немесе жоғары әскери оқу орындарында оқитын сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшілері;

19) жұмылдыру – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсыбір бөлігін (ішінара жұмылдыру) соғыс жағдайы режиміне көшірумен байланысты жалпымемлекеттік іс-шаралар кешені;

20) бастапқы әскери даярлық - әскери іс және адамның қауіпсіздігі мен тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету негіздері бойынша міндетті оқыту пәні (оқу пәні);

21) ұйымдық-штаттық іс-шаралар – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда өткізілетін штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныштылығын өзгерту, ұлғайту мен қысқарту жөніндегі іс-шаралар;

22) кейінге қалдыру – азаматтарды әскери қызметке шақыруды осы Заңда көзделген негіздер бойынша кейінге қалдыру;

23)  отставка - әскери қызметшілерді әскери қызметтен босату немесе запаста болудың шекті жасына жеткен әскери міндеттілерді әскери есептен шығару не әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды әскери есептен шығара отырып әскери қызметтен босату;

24) офицерлер – офицерлер құрамының тиісті атағы берілген әскери қызметшілер;

25) тексеру жиындары – соғыс уақытының ұйымдық-штаттық құрылымындағы міндеттерді орындауға арналған әскери бөлімдердің даярлығын тексеру мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі;

26) әскерге шақырылушылар – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарының шақыру учаскелеріне тіркелген және мерзімді әскери қызметтен өту үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыруға жататын еркек жынысты азаматтар;

27) шақыру учаскесі – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары азаматтарды әскерге шақыру және шақыру учаскелеріне тіркеу кезеңінде құратын учаске;

28) шақыру пункті – азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу және әскери қызметке шақыру кезінде оларды медициналық куәландырудан өкізетін, сондай-ақ әскери патриоттық және спорттық-көпшілік жұмысты жүргізетін пункт;

29) запаста болу - әскери міндеттілердің әскери есепте және әскери есепте болған кезеңінде әскери жиындарда қызмет өткеруге байланысты міндеттерді атқаруы;

30) жиын пункті - әскерге шақырылушыларды бақылау медициналық куәландырудан өткізу, медициналық көмек көрсету, әскери-патриоттық, спорттық-көпшілік жұмысты жүргізу, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскерге шақырылушылардың командаларын құру және жөнелту пункті;

31) сержанттар (старшиналар) – сержанттар (старшиналар) құрамының әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;

32) сарбаздар (матростар) – сарбаздар (матростар) құрамының әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;

33) тыңдаушылар – жоғары әскери оқу орындарында, офицерлер құрамының білімін жетілдіру (қайта даярлау) курстарында оқитын офицерлер құрамының әскери қызметшілері;

34) арнайы жиындар – төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін әскери жиындар түрі;

35) мерзімді әскери қызмет – еркек жынысты азаматтарды осы Заңда айқындалған тәртіппен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыруға негізделген әскери қызмет;

Информация о работе Қазақстан Қарулы Күштері