Қазақстан Қарулы Күштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 19:01, реферат

Описание

Военная сила Республики Казахстана

Содержание

Кіріспе ............................................................................................3
Қазақстан армиясы ........................................................................4
Қазақстан Армиясының қарулары ..................................................14
Ұлан туралы білесің бе? .................................................................17
Тұңғыш қазақ генералы .................................................................20
Қосымша №1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы ............22
Қосымша №2. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан
Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштері туралы .............24
Қосымша №3. Қазақстан Республикасының Заңы:
Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы ...............................35
Қосымша №4. Әбілқайыр хан ......................................................53
Қосымша №5. Бөгенбай батыр ......................................................56
Қосымша №6. Аңырақай шайқасы .............................................59
Қосымша №7. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында ....................62
Қосымша №8. Генерал Сағадат Нұрмағамбетов ............................65
Қосымша №9. Ауған соғысы: Саңлақ жауынгер .............................68
Қосымша №10. Қазбриг ...............................................................70
Қосымша №11. Даналық сөздер ...................................................73
Әдебиеттер тізімі .......................................................................76

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Қарулы Күштері.doc

— 372.50 Кб (Скачать документ)

36) оқу-жаттығу жиындары - әскери міндеттілерді даярлау мен қайта даярлау мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының  әскери міндеттілік және әскери  қызмет туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Әскери міндеттілік мазмұны

1. Әскери міндеттілік азаматтарды әскери мамандықтар бойынша даярлау және бейбіт кезде және соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді.

2. Әскери міндеттілік:

1) азаматтарды әскери қызметке даярлауды;

2) азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тіркеуді;

3) әскери қызметке шақыруды;

4) әскери қызметті өткеруді;

5) запаста болуды;

6) запаста болған кезеңінде әскери жиындардан өтуді;

7) соғыс жағдайын енгізу кезеңінде азаматтарды жалпы әскери оқытуды қамтиды.

3. Әскери міндеттілікті  атқару тегіне, әлеуметтік, қызметтік  және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына,  саяси және өзге де сенім-нанымына, қоғамдық бірлестіктерге тиістілігіне, тұрғылықты жеріне байланысты  болмайды.

4. Азаматтар осы Заңда көзделген негіздер бойынша әскери міндеттіліктен босатылады.

    5. Әскери міндеттілікке  қатысы бойынша азаматтар әскер  жасына дейінгілер, әскерге шақырылушылар,  әскери қызметшілер, әскери міндеттілер  және әскери міндетті еместер  санаттарына бөлінеді.

4-бап. Әскери қызмет  мазмұны

1. Әскери қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда белгіленеді.

2. Әскери қызмет:

1) шақыру бойынша әскери қызметті;

2) келісім-шарт бойынша әскери қызметті қамтиды.

Шақыру бойынша әскери қызметке:

1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының мерзімді әскери қызметі;

2) осы Заңның 24-бабына сәйкес шақырылған офицерлердің әскери қызметі;

3) жұмылдыру, соғыс жағдайы, соғыс уақыты және әскери жиындардан өту кезіндегі әскери қызмет жатады.

Келісім-шарт бойынша  әскери қызметке:

1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметін өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметі;

2) әскери оқу орындары курсанттарының және тыңдаушыларының әскери қызметі мен оқуы жатады.

3. Әскери жиындарға  шақырылған әскери міндеттілер  әскери  қызмет міндеттерін атқарады.

4. Азаматтардың ішкі істер, қаржы полициясы органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі оқу орындарының және өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарының күндізгі оқу бөлімдерінде оқыған уақыты мерзімді әскери қызметті өткеруге теңестіріледі.

5. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адалдығы туралы әскери ант қабылдайды.

Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер оны әскери жиындарға  және жұмылдыруға шақырылған кезде  қабылдайды.

6. Осы Заңмен айқындалған тәртіппен азаматтар әскери қызметтен кейінге қалдырылуы немесе әскери қызметтен босатылуы мүмкін.

 

2-тарау. Азаматтарды  әскери қызметке даярлау

10-бап. Азаматтарды  әскери қызметке даярлау

1. Азаматтарды әскери қызметке даярлау - әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы азаматтарды әскери қызметтің негіздеріне үйрету мақсатында олармен міндетті түрде жүргізілетін іс-шаралар кешені.

2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау:

1) бастапқы әскери даярлықты;

2) әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлауды;

3) жалпы орта білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлауды;

4) жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды;

5) дене шынықтыруды, медициналық көмекті, әскери-патриоттық тәрбиені қамтиды.

3. Азаматтарды әскери  қызметке даярлауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік ұйымдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

4. Ұйымдардың басшылары әскер жасына дейінгілер мен әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

5. Азаматтарды әскери қызметке даярлау ісінің ұйымдастырылуы мен өткізілуін бақылауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.

11-бап. Бастапқы әскери  даярлық

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалпы орта, бастауыш кәсіби және орта кәсіби білім беру ұйымдарында азаматтармен бастапқы әскери даярлық жүргізіледі.

2. Әскерге шақыруға жататын және бастапқы әскери даярлықтан өтпеген азаматтар тиісті жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша одан мерзімді әскери қызметке шақырылар алдында өтеді.

3. Бастапқы әскери даярлықтың өткізілуіне бақылауды Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы, Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бастапқы әскери даярлықтың практикалық сабақтарын ұйымдастыруға, оқу-материалдық базасын құруға көмек көрсетеді.

5. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

17-бап. Азаматтарды  шақыру учаскелеріне тіркеу

1. Азаматтарды шақыру  учаскелеріне тіркеу – тиісті  жергілікті атқарушы органдар әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүргізетін әскери есеп іс-шаралары.

2.Тіркелетін жылы он  жеті жасқа толатын еркек жынысты  азаматтар шақыру учаскелеріне  тіркелуге жатады.

Шақыру учаскелеріне тіркеу жыл сайын қаңтар-наурызда:

1) азаматтарды әскери есепке алу;

2) олардың санын анықтау;

3) әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау;

4) жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу;

5) дене даярлығы деңгейін анықтау;

6) әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу;

7) әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында жүргізіледі.

3. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

4. Кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары жыл сайын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде тиісті жергілікті әскери басқару органдарына шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін береді.

5. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аудандарында шақыру учаскелері және құрамында:

комиссия төрағасы –  тиісті жергілікті әскери басқару органының  бастығы;

комиссия төрағасының  орынбасары – жергілікті атқарушы органның уәкілетті өкілі;

комиссия мүшелері:

тиісті ішкі істер  департаменті (бөлімі) бастығының орынбасары;

медицина қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайтын дәрігер  – медициналық комиссияның төрағасы;

хатшысы бар тіркеу жөніндегі  комиссия құрылады.

Тіркеу жөніндегі комиссияның  дербес құрамын және оның жұмыс тәртібін жыл сайын тиісті жергілікті атқарушы орган бекітеді.

6. Шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде азаматтар әскери қызметке

жарамдылық деңгейін анықтау үшін Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекітетін Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережелерінде (бұдан әрі - Әскери-дәрігерлік сараптама ережелері) айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді.

      Медициналық  комиссиядан өткен азаматтар тіркеу жөніндегі комиссияның шешімімен әскерге шақырылушылардың әскери есебіне алынады, ал әскери-медициналық комиссияның шешімімен әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар әскери есепке алынбайды.

7. Он жеті жасқа толатын жылының 1 сәуіріне дейін дәлелді себептерсіз әскери есепке тұрмаған әскерге шақыру жасына дейінгілер әскери есепке қоюдан жалтарғандар деп есептеледі.

8. Азаматтар әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылады.

9. Тіркеуді жүргізу тәртібі Әскери есеп ережелерімен айқындалады.

 

4-тарау. Азаматтарды  әскери қызметке шақыру

22-бап. Әскери қызметке  шақыруға жататын азаматтардың міндеттілігі

Әскери қызметке шақыруға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматтың  жеке өзіне жергілікті әскери басқару  органдарының лауазымды адамдары немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйымның басшысы қол қойғызып тапсырады.

Шақыру қағазын азаматтың  жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету  тиісті ішкі істер органына жүктеледі.

23-бап. Азаматтарды  мерзімді әскери қызметке шақыру

1. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы

Президентінің Жарлығы  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі  рет жүргізіледі.

Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге  қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті мөлшерде мерзімді әскери қызметке шақыруға жатады.

2. Оқу орындарынан шығарылған, сондай-ақ осы Заңның 16-бабының 4-ші тармағында көрсетілген, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар осы Заңға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруға жатады.

28-бап.Әскери қызметке  шақырудан босату

1. Бейбіт уақытта шақыру бойынша әскери қызметке шақырудан:

1) әскери міндетті өткеріп жүрген немесе өткерген;

2) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;

3) жиырма жеті жасқа толғаннан кейін мерзімді әскери қызметке заңды негізде шақырылмаған;

4) әскери қызметті өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інісі немесе апа-қарындасы) қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған;

5) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;

6) ғылыми дәрежесі бар азаматтар босатылады.

2. Офицерлер құрамының әскери атағы беріле отырып, запасқа қойылған азаматтар жиырма тоғыз жасқа толғаннан кейін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметке шақырудан босатылады.

3. Әскери жиындарға шақырудан:

1) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйымдарда мамандықтары бойынша жұмысқа кірген әскери міндеттілер, жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында қорғанысты, қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар;

3)  Мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналы;

4)  ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс істейтін адамдар, егіс және егін жинау жұмыстары кезеңіне;

5)  күндізгі нысанда оқытатын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері оқу жылы кезеңіне;

6)  күндізгі нысанда оқытатын білім беру ұйымдарында оқитындар;

7) әскери міндетті әйелдер;

8)  әскери міндеттілер запасқа шығарылғаннан кейінгі екі жыл ішінде;

9)  он сегіз жасқа дейінгі үш және одан да көп баласы бар адамдар;

10) өздеріне қатысты анықтау, алдын-ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе сот қылмыстық іс қарап жатқан адамдар;

Информация о работе Қазақстан Қарулы Күштері