Әскерге шақырылғандарды есепке алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 17:34, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қорына жіберілген әскери қызметтен босатылған азаматтар жергілікті жеріне келген соң әскери басқармаға (ЖӘБО) (қала және район) жеті күн ішінде әскери есепке тұруы тиіс. Өзімен бірге әскери билеті болуы керек.Жергілікті әскери басқармаға әскери есепке алынған азамат жаңа мекен-жайына келген соң бұрынғы мекен-жай бойынша әскери есептен алынғаны туралы анықтауы қажет.Офицердің әскери билетінен, офицердің уақытша куәлігінен, сержанттар мен солдаттардың әскери билеттерінен, сержанттар мен солдаттардың уақытша куәліктерінен дерексіздік, жасандылықты, басқа да жетіспеушіліктер байқалса сәйкесінше шаралар қолданылады.Әскери есепке алынғандағы әскери билеті толтырудағы қате жазулар, нақтылық болмаса сәйкесінше өзгертулер жасалады.Барлық әскери міндеттілерге алғашқы есепке алынғанда карточка толтырылады. Көрсетілген құжаттарды толтыру әскери билетпен сәйкестендіреді, сонымен бірге білім туралы, жұмыс орны, қызметі, мекен-жайы мен отбасылық жағдайы өзара әңгімелесу арқылы анықталып жазылады.

Содержание

1. Кіріспе
1.1 Әскерге щақырылғандарды есепке алу
1.2 Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу тәртібi
1.3 Қазақстан Республикасының әскерге шақырылушыларын есепке алу
1.4 Әскери есепке алуды жүзеге асыру тәртібi
1.5 Ұйымдарда азаматтарды әскери есепке алуды жүргізу тәртібi
1.6 Әскери есепке алу құжаттары
1.7 IIМ, ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА мен Қаржымині КБК-да қызмет өткеретін азаматтарды есепке алу тәртібі және ерекшеліктерi
1.8 Жұмысының сипаты мен жағдайлары тұрақты тұрғылықты жерінен шығумен байланысты немесе шалғай жерлерде жұмыс iстейтін азаматтарды әскери есепке алудың ерекшеліктерi

Работа состоит из  1 файл

Аскери кызмет есепке алу.doc

— 233.50 Кб (Скачать документ)

   2) денсаулық жағдайы және басқа  да деректер бойынша әскери-техникалық мектепте оқуға жарамдыларды, ол туралы әскерге шақырылушының есеп картасына жазылады;

   3) бұл туралы әскерге шақырылушының  есеп картасында және оны зерделеу  парағында көрсете отырып, әскери  оқу орындарына түсуге тілек  білдіргендерді.

     Әрбір жұмыс күнінің соңында  ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығы  барлық азаматтардың өздері үшін  белгіленген күні тіркеуге келгенін  жеке өзі тексеруге тиіс. Тіркеуге  белгіленген уақытта келмеген  азаматтарға қатысты келмеу себебі  анықталады және бір уақытта оларды қайтадан шақыру немесе іздеу салу шаралары қолданылады.

     Әскерге шақыру учаскелеріне  тіркелген азаматтарға осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес жеке өзі қол қойып алатын әскерге шақыру учаскесіне тіркелгендігі туралы куәлік (бұдан әрі - тіркеу туралы куәлік) беріледі. Әскерге шақырылушының есеп картасына және тіркеу туралы куәлікке осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес әскери есепке алу/есептен шығару туралы мөртаңбамен (бұдан әрі - мөртаңба) тиісті белгі қойылады.

   Тіркеу  туралы куәлікті тапсыру кезіңде  әскерге шақырылушыларға Әскери есепке алу ережесін сақтау жөніндегі, ал өздеріне қатысты емделуге (медициналық  бақылауға) жіберу туралы шешім қабылданған  адамдарға тиісті емдеу-алдын алу ұйымдарына жүйелі түрде бару қажеттігі туралы олардың міндеттері түсіндіріледі.

     Әскерге шақырылушы тіркеу туралы  куәлігін (әскери билетін, сержанттардың  және сарбаздардың уақытша куәлігін) жоғалтқан жағдайда оған тіркеу  туралы куәліктің (әскери билеттің, сержанттардың және сарбаздардың уақытша куәлігінің) телнұсқасы беріледі. Тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру ЖӘБО (қаланың, ауданның) бастығының шешімі бойынша және осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес жоғалту жағдайлары көрсетілетін әскерге шақырылушының жазбаша өтініші (бұдан әрі - өтініш) бойынша беріледі.

   Тіркеу  жөніндегі комиссия әскери есептен  шығарумен әскери қызметке жарамсыз және бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптан тыс қызметке жарамды деп таныған әскерге шақырылушының есеп картасы растайтын құжаттармен бірге жеке іске тігіледі, ол 10 жыл сақталады.

     Әскерге шақырылушылардың жеке  істері мен есептік карталары  негізінде осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес есептік-алфавиттік кітап (бұдан әрі - есептік-алфавиттік кітап) толтырылады. Кітапқа тіркеуден өткен барлық шақырылушылар, оның ішінде тексерілуге жіберілген, тіркеу кезінде бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптан тыс қызметке жарамды, әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар енгізіледі.

     Азаматтарды шақыру учаскелеріне  тіркеу жөніндегі жұмыс аяқталғаннан  кейін ЖӘБО (қаланың, ауданның):

   1) барлық азаматтарды шақыру учаскелеріне  тіркеумен толық қамту мақсатында жыл сайын сәуірде ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) бар тіркеуден өткен азаматтардың есептік деректерін ұйымдардың есептік деректерімен салыстыруды жүргізеді;

   2) ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) тіркеуден  өткен әскерге шақырылушыларға  басталған жеке істердің болуын тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабының, есептік-алфавиттік кітаптың деректерімен және жиынтық тізіммен салыстырады, ол туралы запасқа жіберілетін әскерге шақырылушылардың тізімін қоса бере отырып, акт жасалады;

   3) әскерге шақыру учаскелеріне жүргізілген тіркеудің қорытындылары туралы есеп жасайды және белгіленген мерзімде әскерге шақырылушыны медициналық куәландырудың нәтижелері, өткен жылмен салыстырғандағы сапалық көрсеткіштер, сондай-ақ маман дәрігерлермен және диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілгендігі көрсетілетін түсіндірме жазбамен бірге оны ЖӘБО-ға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ұсынады.

     Әскерге шақыру учаскелеріне  тіркелуге тиіс, бірақ тіркелу  үшін белгіленген мерзімде келмеген  азаматтар келмеу себептері анықталғаннан кейін жеке ісін ресімдеумен және есептік-алфавиттік кітапқа енгізумен әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қабылданады. Көрсетілген азаматтарды медициналық куәландыру және олардың жарамдылық дәрежесін айқындау оларды әскери қызметке шақыру кезінде жүргізіледі.

     Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне  тіркеу жөніндегі жұмыс аяқталғаннан  кейін ЖӘБО (облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың және астананың):

   1) азаматтарды шақыру учаскелеріне  тіркеудің қорытындылары туралы  есеп жасайды, оны түсіндірме жазбамен бірге жыл сайын 30 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ұсынады;

   2) 15 күн мерзімде әкімге (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың  және астананың) тіркеу қорытындылары  жөнінде ақпарат ұсынады. 

1.3 Қазақстан Республикасының әскерге шақырылушыларын

есепке  алу

     ЖӘБО жоқ ауылдық жерлерде, қалалар  мен кенттерде тұратын әскерге  шақырылушыларды есепке алу азаматтардың  тізімі бойынша жүргізіледі. Ұйымдарда әскерге шақырылушыларды есепке алу осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес жеке карточка (№ Т-2) (бұдан әрі - жеке карточка) бойынша жүргізіледі. Есепке алудың бұл түрі осы ұйымда жұмыс істейтін шақырылушылар санын айқындау, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына әскерге шақырылатындарды уақтылы ауыстыруды дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, әскерге шақырылушылардың осы Ережені сақтауын бақылауды жүзеге асыру және жастарды әскери қызметке даярлауға ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) жан-жақты көмек көрсету мен әскери есепке алуды жүргізу мақсатында жүргізіледі.

     ЖӘБО (қаланың, ауданның):

   1) «Әскери міндеттілік және әскери  қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және осы Ереженің талаптарына қатаң сәйкестікте әскерге шақырылушыларды дербес есепке алуды жүргізеді, әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды және жаңа тұрғылықты жерге кеткен кезде оларды есептен шығаруды уақтылы ресімдейді;

   2) әскерге шақырылушылардың жеке  істері мен бақса да әскери-есептік құжаттарына отбасы жағдайының, білімінің, мамандығының, жұмыс орнының, тұрғылықты мекен-жайының өзгергені туралы мәліметтерді енгізеді;

   3) мерзімді әскери қызмет кейінге  қалдырылған әскерге шақырылушыларды  есепке алуды жүргізеді және  оларды кейінге қалдырудың заңдылығын бақылауды жүзеге асырады;

   4) әскери-есептік жұмысты орындайтын  адамдармен нұсқаулық-әдістемелік  сабақтар өткізеді;

   5) кемінде жылына бір рет әскерге  шақырылушыларды әскери есепке  алуды жүргізу құқығы жүктелген  ұйымдарда әскерге шақырылушыларды есепке алудың жай-күйін тексереді, олардың есептік деректерін ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) әскери есепке алу деректерімен салыстырады (әрбір әскерге шақыру алдында);

   6) әкімдерге (қаланың, ауданның) әскерге  шақырылушыларды әскери есепке  алудың жай-күйі туралы ақпарат береді және қажет болған кезде бұл мәселені аудан (қала) әкімінің қарауына шығарады.

     ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) әскери  есепке алу есептік-алфавиттік  кітаптар бойынша жүргізіледі,  оған тіркелуге тиіс емес адамдарды  қоспағанда, әскери қызметке жарамдылық дәрежесіне қарамастан, әскерге шақыру учаскесіне есепке алуға арналған тізімдерге қосылған барлық азаматтар енгізіледі.

   Есептік-алфавиттік кітаптар және жеке істердің болуы  әскерге шақырылушылардың санын  және олардың қозғалысын (кетуі, келуі) қамтуға тиіс. Есептік-алфавиттік кітаптардағы және әскерге шақырылушылардың жеке істеріндегі барлық жазбалар мен белгілердің тіркеу жөніндегі және әскерге шақыру комиссияларының тиісті шешімдеріне, жазылған жазбалар мен белгілердің заңдылығы мен негіздемесін растайтын басқа да ресми құжаттарға сілтемесі болуға тиіс. Есептік-алфавиттік кітаптарда және әскерге шақырылушылардың жеке істерінде өшірулер мен ескертілмеген түзетулерге жол берілмейді. Есептік-алфавиттік кітаптардағы түзетулерге ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығы қол қояды және елтаңбалық мөрмен куәландырылады. Әскерге шақырылушылардың жеке істерінде түзетулер қызыл сиямен жүргізіледі, ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) лауазымды адамының қолымен және елтаңбалық мөрмен куәландырылады. Әскерге шақыру ресурстарының болуын есепке алу және олардың қозғалысын бақылау үшін ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес есепке алу журналы (бұдан әрі - есепке алу журналы) жүргізіледі, онда әрбір күні әскерге шақыру ресурстарының құрамында болған өзгерістер көрсетіледі. Әскерге шақырылушыларды есепке алудың дұрыстығы, есептік құжаттамаларды жүргізудің толықтығы мен сапасы және оның сақталуы үшін ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) лауазымды (жауапты) адамы жауапты болады.

     ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) әскерге  шақырылушылардың барлық жеке  істері мынадай жүйелілікпен  картотекаларға бөлінеді:

   1) ағымдағы жылы әскерге шақыру  учаскесіне тіркелгендер (ЖӘБО-да (қаланың,  ауданның) алфавит бойынша және  селолық округтер бойынша);

   2) мерзімді әскери қызметке әскерге шақырылуға жататындар, сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда бөлек (ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) және селолық округтерде алфавит бойынша);

   3) шақыру кейінге қалдырылатын  құқығы барлар (картотека кейінге  қалдырудың сипаты бойынша жасалуға тиіс: «отбасы жағдайы бойынша», «оқу орындарында білімін жалғастыру үшін», «денсаулық жағдайы бойынша», «басқа да себептер бойынша»);

   4) емделуге мұқтаждар;

   5) денсаулық жағдайы бойынша бейбіт  уақытта жарамсыз және тіркеу  кезінде әскери есептен шығарумен жарамсыз деп танылғандар;

   6) әскери оқу орындарына түсуге  кандидаттар;

   7) жеке істеріне әлі сұрау салынбаған, жаңа тұрғылықты жерге көшуіне  байланысты әскери есептен шығарғандар  (бір айға дейінгі мерзімге  және бөлек - бір айдан артық);

   8) сотталғандар.

   Жоғарыда  көрсетілген картотекалардың әрқайсысындағы жеке істер алфавит бойынша қатаң  бөлінеді.

     Тұрақты немесе 3 айдан артық мерзімге  уақытша тұруға келген әскерге  шақырылушылар жеті күн мерзімде  әскери есепке қою үшін ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) жеке өзі келуге міндетті.

     ЖӘБО (қаланың, ауданның) әскерге  шақырылушылардың әскери есебіне  азаматтардың мынадай санаттарын  қабылдайды:

   1) белгіленген мерзімде әскерге  шақыру учаскелеріне тіркелген;

   2) тұрғылықты жерін ауыстырған  кезде аудан аумағына басқа ЖӘБО-дан (қаланың, ауданның) келген;

   3) түзеу мекемелерінде жазасын  өтеген.

     Басқа аудандардан келген әскерге  шақырылушыларды әскери есепке  қабылдау мынадай тәртіппен жүргізіледі:

   1) есептік-алфавиттік кітапқа әскерге  шақырылушы туралы деректер жазылады;

   2) Ережеге 16-қосымшаға сәйкес алфавиттік карточканың (бұдан әрі - алфавиттік карточкалар) 2 данасы толтырылады, олардың біреуі жеке істі алғанға дейін жеке папкада сақталады, ал екіншісі үш күн мерзімнен кешіктірілмей оның жеке ісін жіберу туралы өтініш жасаумен әскерге шақырылушының бұрынғы әскери есепке алынған орны бойынша ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығына жіберіледі;

   3) әскерге шақырылушылардың жеке  істерін алғанға дейін олар  ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) сақталатын алфавиттік карточкалар бойынша ескеріледі және есеп беру кезінде бұл адамдар әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылар қатарына жатқызылады;

   4) тіркеу туралы куәлікке әскерге  шақырылушыны әскери есепке алу/есептен  шығару туралы мөртаңба қойылады;

Информация о работе Әскерге шақырылғандарды есепке алу