Әскерге шақырылғандарды есепке алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 17:34, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қорына жіберілген әскери қызметтен босатылған азаматтар жергілікті жеріне келген соң әскери басқармаға (ЖӘБО) (қала және район) жеті күн ішінде әскери есепке тұруы тиіс. Өзімен бірге әскери билеті болуы керек.Жергілікті әскери басқармаға әскери есепке алынған азамат жаңа мекен-жайына келген соң бұрынғы мекен-жай бойынша әскери есептен алынғаны туралы анықтауы қажет.Офицердің әскери билетінен, офицердің уақытша куәлігінен, сержанттар мен солдаттардың әскери билеттерінен, сержанттар мен солдаттардың уақытша куәліктерінен дерексіздік, жасандылықты, басқа да жетіспеушіліктер байқалса сәйкесінше шаралар қолданылады.Әскери есепке алынғандағы әскери билеті толтырудағы қате жазулар, нақтылық болмаса сәйкесінше өзгертулер жасалады.Барлық әскери міндеттілерге алғашқы есепке алынғанда карточка толтырылады. Көрсетілген құжаттарды толтыру әскери билетпен сәйкестендіреді, сонымен бірге білім туралы, жұмыс орны, қызметі, мекен-жайы мен отбасылық жағдайы өзара әңгімелесу арқылы анықталып жазылады.

Содержание

1. Кіріспе
1.1 Әскерге щақырылғандарды есепке алу
1.2 Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу тәртібi
1.3 Қазақстан Республикасының әскерге шақырылушыларын есепке алу
1.4 Әскери есепке алуды жүзеге асыру тәртібi
1.5 Ұйымдарда азаматтарды әскери есепке алуды жүргізу тәртібi
1.6 Әскери есепке алу құжаттары
1.7 IIМ, ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА мен Қаржымині КБК-да қызмет өткеретін азаматтарды есепке алу тәртібі және ерекшеліктерi
1.8 Жұмысының сипаты мен жағдайлары тұрақты тұрғылықты жерінен шығумен байланысты немесе шалғай жерлерде жұмыс iстейтін азаматтарды әскери есепке алудың ерекшеліктерi

Работа состоит из  1 файл

Аскери кызмет есепке алу.doc

— 233.50 Кб (Скачать документ)

   5) ЖӘБО (қаланың, ауданның) жоқ елді мекендерде тұратын әскерге шақырылушылар әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін ауылдық (селолық) округтердің әкімдіктеріне келуге тиіс;

   6) әскерге шақырылушының жеке ісі  келген кезде есептік-алфавиттік  кітапқа және есеп картасына  тиісті белгі қойылады.

   Алынған жеке іс тексерілгеннен кейін тиісті картотекаға салынады. Алфавиттік карточка жойылады.

     Түзеу мекемелерінде жазасын  өтеген әскерге шақыру жасындағы азаматтарды әскери есепке алу түзеу мекемелерінде жазасын өтегені туралы анықтаманың көшірмесімен қоса, ЖӘБО (қаланың, ауданның) бастығының атына жазылатын жазбаша өтініш негізінде жүргізіледі.

   Егер  жазасын өтеу орнынан босатылған адамдар, олар жазасын өтегеннен кейін келген ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) бұдан бұрын әскери есепте тұрған болса, олардың жеке істері қалпына келтіріледі. Бұрын басқа ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) әскери есепте тұрған адамдарға осы ЖӘБО-дан (қаланың, ауданның) олардың жеке істері сұратып алынады, ал сотталғанға дейін әскери есепте тұрмаған адамдарға жеке істері мен басқа да құжаттар белгіленген тәртіппен ресімделеді.

     «Бейбіт уақытта әскери қызметке  жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі  түрде жарамды» деп танылған  әскери міндеттілер бейбіт уақытта медициналық қайта куәландыруға жатпайды.

     ЖӘБО (қаланың, ауданның) әскерге  шақырылушылардың әскери есебінен  азаматтардың мынадай санаттарын  шығарады:

   1) әскерге шақыру учаскесін ауыстырған  кезде жаңа тұрғылықты жерге  кететін;

   2) әскери қызметке шақырылған және әскерге жіберілген;

   3) әскери оқу орындарына курсант  болып қабылданған;

   4) әскерге шақыру комиссияларының  шешімі бойынша әскери міндеттілер  есебіне алынған және әскерге  шақыру комиссиялары "әскери есептен  шығара отырып әскери қызметке жарамсыз деп таныған;

   5) азаматтық оқу орындарында әскери  даярлықтан өткеннен және белгіленген  емтихандарды тапсырғаннан кейін  запастағы офицер және сержант  әскери атағын алған;

   6) еңбекпен түзеу мекемелерінде  жазасын өтеу үшін сотталған;

   7) қаза тапқан;

   8) шетел азаматтығын алған;

   9) Қазақстан Республикасы Ішкі  істер министрлігінің, Қазақстан  Республикасы Төтенше жағдайлар  министрлігі өртке қарсы қызметінің, Қазақстан Республикасы Әділет  министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің,  Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі - IIМ, ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА, Қаржымині КБК) арнайы есебіне алынған.

     Әскери есептен шығару үшін әскерге шақырылушы ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) жеке өзі келуге және әскери есептен шығару себебі мен жаңа тұрғылықты жерінің нақты мекен-жайын көрсете отырып, жазбаша өтініш беруге тиіс.

     Әскерге шақыру учаскесін ауыстыруға  қаңтар-наурыз және шілде-қыркүйек кезеңінде жол беріледі. Басқа уақытта әскерге шақыру учаскесін ауыстыруға мынадай жағдайда ғана жол беріледі, егер шақырылушы:

  • әкімшілікпен басқа жерге жұмысқа ауыстырылса;
  • тұрғылықты жерін өзгертсе;
  • оқу орнына түскенде және білімін жалғастыру үшін кеткенде.

     Әскерге шақырылушыларды әскери  есептен шығаруды тек ЖӘБО-ның  (қаланың, ауданның) бастығы немесе  оны ауыстыратын адам жүзеге  асырады. Жазбаша өтініштерде  әскерге шақырылушыны әскери  есептен шығарудың себебі міндетті  түрде көрсетіледі.

     ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) әскерге  шақырылушыларды әскери есептен  шығару мынадай тәртіппен жүргізіледі:

   әскерге шақырылушы әскери есептен шығару туралы жазбаша өтініш береді;

   тіркеу  туралы куәлікте мөртаңбамен әскерге  шақырылушыны әскери есептен шығару туралы белгі қойылады;

   жаңа  тұрғылықты жері бойынша әскерге  шақырылушының жеке ісін жіберу туралы ЖӘБО (қаланың, ауданның) бастығының сұрау  салуы;

   картотекадан  әскерге шақырылушының жеке ісі  алынады, әскерге шақырылушының  есеп картасына кеткен күні мен жерінің мекен-жайын көрсете отырып, әскери есептен шығару туралы белгі қойылады, сұрау ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) тиісті ісіне тігіледі, ол бір жыл сақталады;

   есептік-алфавиттік кітапта әскери есептен шығарылған күні, әскерге шақырылушының қай  ауданға, қалаға немесе елді мекенге кеткені көрсетіледі, күні, шығыс нөмірі және ол жіберілген ЖӘБО (қаланың, ауданның) көрсетіліп, әскерге шақырылушының жеке ісін жіберу туралы белгі қойылады.

     Егер бір ай мерзім ішінде  әскерге шақырылушыларды әскери  есептен шығарғаннан кейін тиісті ЖӘБО-дан (қаланың, ауданның) жаңа тұрғылықты жері бойынша олардың жеке істерін жіберу туралы сұрау түспеген болса, онда әскерге шақырылушыны әскери есептен алған ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастықтары олардың жеке істерін талап етудің кешігу себептерін нақтылауға тиіс.

     Әскерге шақырылушылар әскери  есептен шықпай кеткен немесе  олар жаңа тұрғылықты жері  бойынша әскери есепке тұру  үшін келмеген кезде ЖӘБО-ның  (қаланың, ауданның) бастықтары мұндай  әскерге шақырылушыларды ата-анасы,  ішкі істер органдары, оқу орындары және басқа да ұйымдар арқылы іздестіруге шұғыл шаралар қолданады.

     Мерзімді әскери қызметке жіберілген  әскерге шақырылушыларды әскери  есептен шығару ЖӘБО-ның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың  және астананың) облыстық жиын  пунктіне (бұдан әрі - ОЖП) жіберілген әскерге шақырылушылардың атаулы тізімдерінің екінші даналары негізінде ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) жүргізіледі.

     ОЖП-да толтырылатын атаулы тізімде  әрбір әскерге шақырылушының  тегі жазылған тұста жіберілген  күні және команда (эшелон) нөмірі көрсетіледі. ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) қайтарылған әскерге шақырылушыларға қайтару себебі көрсетіледі. Әскерге шақырылушыларды жіберу және қайтару туралы белгіге ОЖП-ның бастығы қол қояды және ол ЖӘБО-ның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) елтаңбалық мөрімен куәландырылады. ЖӘБО-дан (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) алынған атаулы тізімдер (2-ші даналары) ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) қызметтік құжаттарды есепке алу журналы бойынша есепке алынады. Әрбір атаулы тізім дана нөмірі мен парақ санын көрсете отырып, жеке нөмірмен есепке алынады.

   ЖӘБО (қаланың, ауданның) жұмысының кезектілігі:

   1) ЖӘБО-дан (облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың және астананың)  алынған атаулы тізімдер негізінде әскерлерге жіберілген әскерге шақырылушылардың жеке істері іріктеліп алынады;

   2) әскерге шақырылушының есеп картасында  әскерге шақырылушыны әскери  бөлімге жіберген күн, команданың  нөмірі көрсетіледі (жазбаға ЖӘБО-ның  (қаланың, ауданның) лауазымды адамы қол қояды);

   3) есептік-алфавиттік кітапта (Қарулы  Күштерге, басқа да әскерлер мен  әскери құралымдарға шақыру туралы  белгі) жіберілген күн және  команда (эшелон) нөмірі көрсетіледі;

   4) әскерлерге жіберілген әскерге  шақырылушылардың жеке істері  әскерге шақыру аяқталғаннан кейін мұрағатқа тапсырылады, онда әскерге шақырылушының есеп карталарымен бірге сақталады;

   5) есептік-алфавиттік кітапта жеке  істің сақталу орны туралы  белгі қойылады.

     Әскери-оқу орындарына қабылданған  әскерге шақырылушыларды әскери  есептен шығару әскери оқу орындары бастықтарының бұйрықтарынан көшірме-жазбалар негізінде мынадай тәртіппен жүргізіледі:

   1) әскерге шақырылушының есеп картасында  әскери оқу орнының атауын, қабылданған  күнін, әскери оқу орны бастығының  оқуға қабылдау туралы бұйрығының нөмірін көрсете отырып, жоғары оқу орнына қабылдау және жеке істің сақталу орны туралы жазба жазылады;

   2) әскери оқу орындарына қабылданған  әскерге шақырылушылардың жеке  істері мұрағатқа тапсырылады;

   3) әскерге шақырылушыларды әскери  есепке алу және есептен шығару жөніндегі іске ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) лауазымды адамының әскери есептен шығару туралы белгісімен бірге әскери оқу орындары бастықтарының бұйрықтарынан көшірме-жазбалар тігіледі.

     Түзеу мекемелерінде жазасын  өтеу үшін сотталған әскерге  шақырылушыларды әскери есептен шығару сот органдарының жазбаша хабарламалары негізінде жүргізіледі. Соттар бір уақытта ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) сотталғандарды тіркеу туралы куәлікті жібереді.

   ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) сотталғандығы туралы хабарлама түскен кезде картотекадан сотталған адамның жеке ісі алынады. Әскерге шақырылушының есеп картасына және есептік-алфавиттік кітапқа соттың атауын, шешім шығарылған күнді, Қылмыстық кодекстің баптарын және әскерге шақырылушыны жазалау мерзімін көрсете отырып, әскери есептен шығару туралы белгі қойылады. Үкімнің көшірмесі немесе сот органдарының хабарламасы әскерге шақырылушының жеке ісіне тігіледі, ол мұрағатқа тапсырылады және онда ол 27 жасқа толғанға дейін сақталады, одан кейін комиссия оны акті бойынша жояды.

   Есептік-алфавиттік кітапқа жеке істің сақталу орны туралы белгі қойылады. Сотталған  әскерге шақырылушыны тіркеу туралы куәлік белгіленген тәртіппен жойылады.

     Қаза тапқан әскерге шақырылушыларды  әскери есептен шығару АХАЖ  органдарынан олардың қайтыс  болғаны туралы алынған жазбаша хабарламалар негізінде жүргізіледі. Қайтыс болған күні мен жазбаны куәландыратын құжатты көрсете отырып, әскерге шақырылушының есеп картасына және есептік-алфавиттік кітапқа әскерге шақырылушылардың мұндай санаттарын әскери есептен шығару туралы жазба жазылады. Жеке іс мұрағатқа тапсырылады, онда бір жыл сақталады және белгіленген тәртіппен жойылады.

   Қайтыс  болғаны туралы хабарламада АХАЖ органдары қайтыс болған күнін және акт жазбасының нөмірін көрсетеді.

   Есептік-алфавиттік кітапқа жеке істің сақталу орны туралы белгі қойылады.

     Әскерге шақырылушыларды әскери  есептен шығару және оларды IIМ,  ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА және Қаржымині  КБК арнайы есебіне алу осы  мемлекеттік органдардың бұйрықтарынан  алынған көшірме-жазба негізінде,  ал IIМ, ТЖМ және ҚПА арнайы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын - оқу орындарының кадр органдарының бұйрықтарынан алынған көшірме-жазба негізінде жүргізіледі.

   Әскерге шақырылушының есеп картасына және есептік-алфавиттік кітапқа IIМ, ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА және Қаржымині КБК бұйрығының күні мен нөмірін көрсете отырып, әскерге шақырылушыны әскери есептен шығару туралы белгі қойылады. Жеке іс мұрағатқа тапсырылады және олар 27 жасқа жеткенге дейін сақталады.

   Есептік-алфавиттік кітапқа жеке істің сақталу орны туралы белгі қойылады.

     Оқу орындарының запастағы офицерлер  бағдарламасы бойынша әскери  даярлықтан өткен студенттері  әскерге шақырылушылардың әскери  есебінен шығарылады және әскери  есепке алу орны бойынша ЖӘБО-ның  (қаланың, ауданның) запастағы офицерлер  әскери есебіне беріледі.

   Оларды  запастағы офицерлердің әскери есебіне  беруді ресімдеу мынадай тәртіппен  жүргізіледі:

   оқу орындары орналасқан жер бойынша  ЖӘБО (қаланың, ауданның) әскери кафедралардан  офицерлер құрамына аттестатталған студенттерге атаулы тізімдер мен есеп құжаттарының ұсынылуына қарай бес күн мерзімде тіркеу туралы куәлікке "Университетте (институтта) әскери даярлықтан өтті. Офицерлер құрамына аттестатталды" деген жазу жазады, ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығы қол қояды және елтаңбалық мөрмен куәландырылады.

   Студентке тіркеу туралы куәлігі қайтарылады  және ол жеті күн мерзімде әскерге  шақырылушылардың әскери есебінен шығару және запастағы офицерлердің әскери есебіне алуды (ауыстыруды) ресімдеу үшін әскери есепке алу орны бойынша  ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) келуі қажет.

   Офицерлер құрамының әскери атақтарын беру туралы белгісі бар аттестаттау  парақтарын алған кезде студенттерге берілген әскери атақ бес күн мерзімде есеп құжаттарына жазылады.

   Студенттерге  офицерлер құрамының әскери атақтары берілгенге дейін олар ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) әскери есепте тұрады, оларды басқа офицерлерден бөлек тіркеу туралы куәліктердегі жазба негізінде жасалған алфавиттік карталар бойынша есепке алады. Тіркеу туралы куәліктер студенттерде қалдырылады.

Информация о работе Әскерге шақырылғандарды есепке алу