Әскерге шақырылғандарды есепке алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 17:34, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қорына жіберілген әскери қызметтен босатылған азаматтар жергілікті жеріне келген соң әскери басқармаға (ЖӘБО) (қала және район) жеті күн ішінде әскери есепке тұруы тиіс. Өзімен бірге әскери билеті болуы керек.Жергілікті әскери басқармаға әскери есепке алынған азамат жаңа мекен-жайына келген соң бұрынғы мекен-жай бойынша әскери есептен алынғаны туралы анықтауы қажет.Офицердің әскери билетінен, офицердің уақытша куәлігінен, сержанттар мен солдаттардың әскери билеттерінен, сержанттар мен солдаттардың уақытша куәліктерінен дерексіздік, жасандылықты, басқа да жетіспеушіліктер байқалса сәйкесінше шаралар қолданылады.Әскери есепке алынғандағы әскери билеті толтырудағы қате жазулар, нақтылық болмаса сәйкесінше өзгертулер жасалады.Барлық әскери міндеттілерге алғашқы есепке алынғанда карточка толтырылады. Көрсетілген құжаттарды толтыру әскери билетпен сәйкестендіреді, сонымен бірге білім туралы, жұмыс орны, қызметі, мекен-жайы мен отбасылық жағдайы өзара әңгімелесу арқылы анықталып жазылады.

Содержание

1. Кіріспе
1.1 Әскерге щақырылғандарды есепке алу
1.2 Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу тәртібi
1.3 Қазақстан Республикасының әскерге шақырылушыларын есепке алу
1.4 Әскери есепке алуды жүзеге асыру тәртібi
1.5 Ұйымдарда азаматтарды әскери есепке алуды жүргізу тәртібi
1.6 Әскери есепке алу құжаттары
1.7 IIМ, ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА мен Қаржымині КБК-да қызмет өткеретін азаматтарды есепке алу тәртібі және ерекшеліктерi
1.8 Жұмысының сипаты мен жағдайлары тұрақты тұрғылықты жерінен шығумен байланысты немесе шалғай жерлерде жұмыс iстейтін азаматтарды әскери есепке алудың ерекшеліктерi

Работа состоит из  1 файл

Аскери кызмет есепке алу.doc

— 233.50 Кб (Скачать документ)

   Студенттерге  аттестаттау парақтары мен оларға офицерлер құрамының әскери атақтарын беру туралы белгісі бар есеп құжаттарын алған кезде ЖӘБО (қаланың, ауданның) оларды әскерге шақырылушылардың әскери есебінен шығарады, Ережеге 17-қосымшаға сәйкес запастағы офицерлердің әскери билеттерін (бұдан әрі - запастағы офицердің әскери билеті) толтырады және оларға тапсырады, ал бұрын берілген тіркеу туралы куәліктерді алады және белгіленген тәртіппен жояды. Студенттерге запастағы офицерлердің әскери билеттерін тапсырғаннан кейін олардың жеке істері мұрағатқа тапсырылады, ал қызметтік және алфавиттік карталары тиісті картотекаларға салынады.

     Әскерге шақырылушыны әскерге  шақырылушылар есебінен шығару  үшін Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрінің офицерлер  атағын беру туралы бұйрығының нөмірі мен күні көрсетілген аттестаттау парағы негіз болып табылады.

   Әскерге шақырылушыны әскери есептен шығару үшін әскерге шақырылушының есеп картасына және есептік-алфавиттік кітапқа жазба жазу қажет.

   3апастағы  офицерлер есебіне тапсырылған әскерге шақырылушылардың жеке істері әскерге шақыру туралы есеп жасалғаннан кейін ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) мұрағатында сақталады, жеке істің сақталу орны туралы белгі есептік-алфавиттік кітапқа енгізіледі.

     Денсаулық жағдайы бойынша әскери міндеттілер есебіне берілген («бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі түрде жарамды» және «әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз» деп танылған) әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығару облыстық әскерге шақыру комиссиясының шешімімен расталған аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі.

   Әскерге шақырылушыны әскерге шақырылушылардың әскери есебінен шығару және оны әскери міндеттілер есебіне беру үшін аудандық әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабынан көшірме-жазба жасауды жүзеге асыру қажет және әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабымен және әскерге шақырылушының есеп картасымен бірге ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығына қол қоюға ұсынылады.

   Әскерге шақырылушының жеке ісі аудандық әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабының көшірме-жобасымен бірге әскери билет толтыру үшін ЖӘБО-ға (облыстың) тапсырылады.

   Әскерге шақырылушы әскери билет алған кезде  ЖӘБО (қаланың, ауданның) тіркеу туралы куәлікті алады, ол белгіленген тәртіппен жойылады.

   Әскери  билет беру туралы әскерге шақырылушының  есеп картасына әскери билеттің сериясы  мен нөмірін көрсете отырып белгі  жасалады, ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) лауазымды адамы қол қояды  және елтаңбалық мөрмен куәландырылады. Есеп картасы мұрағатқа сақтауға беріледі.

   Әскерге шақырылушыны әскери есептен шығару туралы есептік-алфавиттік кітапқа  тиісті белгі жасалады.

     «Әскери міндеттілік және әскери  қызмет туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 28-бабында көзделген себептер бойынша бейбіт уақытта әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақырудан босатылған әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығару үшін аудандық әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабынан көшірме-жазба жасау қажет және әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабымен және әскерге шақырылушының есеп картасымен бірге ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығына қол қоюға ұсынылады.

   Әскерге шақырылушының жеке ісі аудандық әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабының көшірме-жазбасымен әскери билет толтыру үшін ЖӘБО-ға (облыстың) беріледі.

   Әскерге шақырылушы әскери билетті алған  кезде ЖӘБО (қаланың, ауданның) тіркеу туралы куәлікті алады, ол белгіленген  тәртіппен жойылады.

   Әскери  билет беру туралы әскерге шақырылушының  есеп картасына әскери билеттің сериясы мен нөмірін көрсете отырып белгі қойылады, ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) лауазымды (жауапты) адамы қол қояды және елтаңбалық мөрмен куәландырылады. Есеп картасы мұрағатқа сақтауға беріледі.

   Әскерге шақырылушыны әскери есептен шығару туралы есептік-алфавиттік кітапқа тиісті белгі жасалады.

     Қабылданған шешімдердің заңдылығын  растайтын құжаттар салынған  аудандық (қалалық) әскерге шақыру  комиссияларының шешімімен әскери  міндеттілер есебіне берілген  әскерге шақырылушылардың барлық  есеп карталары алфавит бойынша салынады, жеке іс (көктемгі және күзгі шақыру үшін бөлек) ресімделеді, ол 10 жыл бойы жеке істерден бөлек сақталады. 

1.4 Әскери есепке алуды жүзеге асыру тәртібi

     Әскери есепке алынуға тиіс азаматтар:

   1) өзімен бірге әскери билетін, әскери билет орнына берілген уақытша куәлігін немесе тіркеу туралы куәлігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және көлік құралын жүргізуге құқық беретін жүргізуші куәлігін (ол болған кезде) алып, шақыру (шақыру қағазы) бойынша белгіленген уақытта және жерге ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) немесе тұрғылықты жері бойынша әскери есепке алуды жүзеге асыратын өзге органға келуі;

   2) әскери қызметтен Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштерінің запасына шығарылған  кезде тұрғылықты жеріне келгеннен кейін жеті күн мерзімде ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) әскери есепке тұруы;

   3) жеті күн мерзімде ЖӘБО-ға (қаланың,  ауданның) немесе әскери есепке  алуды жүзеге асыратын өзге  органға жұмыс орнының немесе  лауазымының, білімінің, аудан,  қала шегінде тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабарлауы;

   4) жаңа тұрғылықты жерге немесе  уақытша тұратын жерге (3 айдан  артық мерзімге) көшкен кезде  әскери есептен шығуы және  жаңа тұрғылықты жерге келгеннен  кейін жеті күн мерзімде әскери  есепке тұруы;

   5) әскери билетін (тіркеу туралы куәлігін) жоғалтқан жағдайда әскери міндетті (әскерге шақырылушы) жеті күн мерзімде ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) немесе тұрғылықты жері бойынша әскери есепке алуды жүзеге асыратын өзге органға өтініш жасауы, жоғалған құжаттардың орнына құжаттар алу туралы мәселені шешу үшін өтініш жазуы қажет. Барлық мән-жайды (себептерді) анықтау кезеңіне запастағы сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға) Ережеге 18-қосымшаға сәйкес уақытша куәлік (әскери билеттің орнына) (бұдан әрі - сержанттар мен сарбаздардың уақытша куәлігі), ал запастағы офицерлерге Ережеге 19-қосымшаға сәйкес уақытша куәлік (әскери билеттің орнына) (бұдан әрі - запастағы офицердің уақытша куәлігі) беріледі.

     Жұмылдыру нұсқамасын немесе  ЖӘБО шақыру қағазын алған  азаматтар оларға Қазақстан Республикасының  заңнамалық кесімдерімен жүктелген  талаптарды орындайды.

   Оларды  әскери есептен шығару кезінде:

   1) әскери билетке және азаматтарды  тіркеу кітабына әскери есептен шығару туралы белгі қойылады;

   2) ауданнан, қаладан тысқары шығатын  азаматтардың жұмылдыру нұсқамалары  алынады, ол туралы әскери билетке  белгі қойылады;

   3) әскери есептен шығарылған азаматтардың  тізімі жасалады, ол алынған жұмылдыру  нұсқамаларымен бірге он күнде бір рет ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) белгіленген тәртіппен жіберіледі;

   4) әскери міндеттілердің бастапқы  есепке алу карточкаларында әскери  есептен шығарылған күні мен  себебі жазылады.

     Әділет органдары Қазақстан Республикасының  азаматтары ЖӘБО-ға (ауданның, қаланың) әскери есепке қою немесе шығару туралы мәліметтер берілуіне қарай оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді (тіркеуден шығаруды) жүзеге асыруға міндетті.

     ЖӘБО жоқ жерлерде әскери міндеттілерді  әскери есепке алуды ауылдық  (селолық) округтің әкімдері Ережеге 20-қосымшаға сәйкес бастапқы есепке алу карточкалары (бұдан әрі - бастапқы есепке алу карточкалары) бойынша, ал әскерге шақырылушыларды Ережеге 21-қосымшаға сәйкес әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылар тізімі (бұдан әрі - әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылар тізімі) бойынша қамтамасыз етеді.

     Олардың негізінде азаматтарды  әскери есепке алу жүзеге асырылатын  құжаттар мыналар болып табылады:

   1) запастағы офицерлер үшін - запастағы офицердің әскери билеті немесе запастағы офицердің уақытша куәлігі;

   2) әскери міндетті запастағы сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар)  үшін - әскери билет немесе уақытша  куәлік (сержанттар мен сарбаздардың);

   3) әскерге шақырылушылар үшін - тіркеу туралы куәлік.

     Әскери есепке алуды қамтамасыз  ету үшін кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің  әкімдері:

   1) Ережеге 22-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - есеп карточкасы) әскери міндеттілерді әскери есепке алуды/есептен шығаруды жүргізеді және өздерінің аумағына тұрақты тұруға немесе уақытша тұруға (3 айдан астам мерзімге) келетін (басқа ауданға, қалаға көшіп кететін) әскерге шақырылушыларды есепке алады;

   2) өздерінің аумағында орналасқан барлық ұйымдарды есепке алуды жүргізеді және әскери есепке алуды жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

   3) жылына кемінде бір рет әскери  міндеттілерді бастапқы есепке  алу карточкасы мен есепте  тұрған әскерге шақырылушылардың  тізімін салыстырады;

   4) ұйымдардың жеке карточкаларын азаматтарды тіркеу кітаптарымен, сондай-ақ аулалар бойынша аралап тексеру жолымен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың нақты болуымен салыстырады;

   5) азаматтарды ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) шақыру туралы хабардар етеді және осы шақыру бойынша көрсетілген пункттерге және мерзімде уақтылы келуіне жәрдемдеседі;

   6) бастапқы есепке алу карточкаларына  және әскерге шақырушылардың  тізімдеріне білімінің, жұмыс  орнының, лауазымының, отбасы  жағдайының өзгерістерін енгізеді  және ай сайын 25-і күні ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) хабарлайды;

   7) жыл сайын 1 қыркүйекке дейін  ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) 15-16 жастағы  азаматтардың тізімдерін, ал 1 желтоқсанға  дейін Ережеге 23-қосымшаға сәйкес келесі жылы әскери есепке тұрғызылуға тиіс азаматтардың тізімдерін (бұдан әрі - тіркеуге жататындар тізімі) ұсынады;

   8) Ережеге 24-қосымшаға сәйкес әскери есептің және әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды бекітіп қоюдың жай-күйін тексеру журналын (бұдан әрі - тексеру журналы) жүргізеді;

   9) азаматтарға әскери есепке алу  жөніндегі міндеттерді түсіндіреді  және олардың осы Ереженің  белгіленген нормаларын сақтауын  бақылауды жүзеге асырады.

     Азаматтарды ЖӘБО-ның (қаланың,  ауданның) әскери есебіне қою кезінде азаматтардың бұрынғы тұрғылықты жері бойынша әскери есептен шығуы туралы белгінің болуын, запастағы офицерлер мен әскерге шақырылушылардың жаңа тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) әскери есепке тұруын тексеру қажет. Запастағы офицерлердің әскери билеттерінде, запастағы офицерлердің уақытша куәліктерінде, сержанттар мен сарбаздардың әскери билеттерінде, сержанттар мен сарбаздардың уақытша куәліктерінде, тіркеу туралы куәліктерде айтылмаған түзетулер, дәлсіздіктер мен жасандылық, парақ санының толық еместігі анықталған кезде әкімдер бұл туралы тиісті шаралар қабылдау үшін ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) хабарлайды. Әскери билетті әкімдерге қалдыру қажет болған жағдайда әскери міндеттілерге Ережеге 25-қосымшаға сәйкес қолхат (бұдан әрі - қолхат) беріледі;

   Барлық  әскери міндеттілерге бастапқы есепке алу карточкалары толтырылады, ал әскерге  шақырылушыларға тізім жасалады және алфавиттік карточкалар толтырылады. Әскери міндетті сержанттарға (старшиналарға), сарбаздарға (матростарға) есеп карточкалары жүргізіледі. Көрсетілген құжаттарды толтыру әскери билеттердегі, уақытша куәліктер мен тіркеу туралы куәліктердегі жазбалармен дәл сәйкестікте жүргізіледі, бұл ретте білімі, жұмыс орны, лауазымы, тұрғылықты жері мен отбасы жағдайы туралы мәліметтер оларды жеке әңгімелесу кезінде анықтағаннан кейін жазылады. Дұрыс емес жазбалар анықталған жағдайда азаматтар әскери есепке қою ресімделгеннен кейін әскери билеттерге және тіркеу туралы куәліктерге тиісті өзгерістерді енгізу үшін ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) жіберіледі.

Информация о работе Әскерге шақырылғандарды есепке алу