Еңбек қатынастарын ресімдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 20:09, курсовая работа

Описание

Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс.

Работа состоит из  1 файл

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰЖАТТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫ.docx

— 72.04 Кб (Скачать документ)

     Еңбек  кітапшасы – қызметкерлер мен  жұмысшылардың еңбек қызметін  растайтын негізгі құжат. Бұл  құжаттың үлгісін, жүргізу тәртібін  және сақталуын ЕтЗК және басқа  да нормативті актілер белгілейді. Еңбек кітапшасын жүргізу кадрлар  бөлімінің қызметкерлері мен  басшылардан үлкен жауапкершілік  қажет етеді. 

   

  ЖЕКЕ  ІС ПАРАҒЫ 

  Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы – жұмысқа  қабылдану, сайланбалы органдарға сайлану  кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер  мен ведомстволар талап еткен  басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми  құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл  сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық  хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.             

                                                                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы

  1. Тегі  Исина

  Аты   Аяужан   Әкесінің аты Рахымжанқызы

  1. Жынысы әйел 3. Туған жылы, айы, күні 13 тамыз 1993ж.

  4. Туған  жері Карағанды обл. Нұра ауданы., Сарыөзен ауылы.

                                        ауыл,    аудан,    қала,    облыс

  5. Ұлты  Қазақ    Азаматтығы Қазақстан Республикасы.

  6. Әлеуметтік  тегі студент

  7. Білімі  арнайы орта білім.

  Есепші  аудитор.

  8. Қандай  тілдерді білесіз қазақ; орыс; ағылшын.                                     

қандай дәрежеде: орташа меңгергенмін, түсінемін, оқи аламын, сөздікпен аудара аламын, жаза аламын.

  9. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні,   

  туған жылы көрсетіледі) тұрмысқа шықпағанмын.

  10. Мекенжайы: 8 наурыз көшесі, 28а үйі. 

  16.12.2010ж                                                       Қолы _________ 
 
 
 
 

  Хабарлама (уведомления) – қандай да бір оқиғаның басталғандығы туралы екінші тарапты ескертетін ақпараттық құжат,

  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды  адамдардың аттарына хабарламалар жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы  мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген  лауазымды адам немесе мемлекеттік  өкімет пен басқару органының  басшысы хабарламаны дер кезінде  қарауға, ол жөнінде тиісті шешім  қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.

  Хабарламаның  үш түрі: - өтініш, арыз және ұсыныс. Олар мазмұны жағынан әртүрлі болып келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген құқтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жұмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі тұратын тұрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған байқалған кемшіліктерді атап жазады.

  Арызда – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарлама жасаушының ойынша іс-қимылы дұрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады.

  Ұсыныс – белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жұмысын жақсартуға, жетілдіруге назар аудартатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі.

  Хабарламаның  барлық  түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңесінде тіркеуден  өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялық парақ толтырылады. 
 
 
 
 
 

  ӨТІНІШ 

  Өтініш  – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат.

  Өтініш  жазылатын негізгі  жағдайлар төмендегідей:

  • жұмысқа қабылдау
  • жұмыстан босату
  • басқа жұмысқа ауыстыру
  • кезекті демалыс сұрау
  • кезектен тыс демалыс сұрау
  • материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау
  • жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      

                                

                                      

                                                             Астана қаласы №15

                                                           қазақ орта мектеп

                                                                         директоры А.Айбекұлына

                                                               есепші А. Исинадан 

  Өтініш 

  Сізден  отбасы жағдайыма байланысты, қыркүйек айының 30-нан бастап кезектен тыс 10 күндік демалыс беруіңізді сұраймын. 

  2010 жылғы 16 желтоқсан                                                     А. Исина 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Арыз

   Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды  адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша  болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару  органының басшысы хабарламаны  дер кезінде карауға, ол жөнінде  тиісті шешім қабылдауға және белгіленген  мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.

   Хабарламаның  үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмүны жағынан әртүрлі болъш келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеқе қүқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген қүқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жүмыс істейтін үжымдарда, мекемелерде, өзі түратын түрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.

   Арызда -  азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке қүқықтары мен мүдделерінің бүзылу фактісі туралы хабарлама  жасалып, оны қалпына келтіру  туралы талап-тілек айтылады, хабарламаижасаушының ойынша іс-қимылы дүрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің қүқықтары мен мүдделерін бүзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, үйымдардың, лауазымды  адамдардың атына сын айтылады.

   Ұсыныс - белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жүмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің  жолдары үсынылатын хабарлама түрі.

   Хабарламаның  барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялык парақ толтырылады.

   1.1.   Арыз (өтініш, кейде шағым).

   Арыз - ұйым басшысының, лауазымы жағынан  жоғары тұрған адамның атына белгілі  бір ақпаратты, отінішті, мәліметті  жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.

   Арыз  көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше  адамның немесе, үлкен үжымның  мүддесш көздейтін үжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі  бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана моселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуғе қүқы бар  адам атына жазылады.

   Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде  жазылатын арыз, шағым турінде  жазылатын арыз, түсініктеме түрінде  жазылатын арыз, констатация түрінде  жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы  ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты реквизиті  бар: кімге жолданғаны, кім жазганы, қүжат аты, мазмүны, қолы, датасы.

   Арыз  сиялы қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады. 

   Арыздың құрылымы:

   1)  құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);

   2)  құжат аты;

   3)  негізгі мәтін;

   4)  қосымша болса оған сілтеме;

   5)  жазылу мерзімі;

   6)  қолы;

   7)  арыз мазмүнымен келісушілер  қолы,

   Адресацияга лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні) адресацияда қөрсетілуі қерек. Мысалы, Петропавл қаласы сут заводының директоры Т.С.Пірімбетовке Көшірмесі: Петропавл қаласы СЭСмеңгерушісі Р.С.Садуовқа

   Тақырыбы  парақ ортасына адресациядан төмен жазылады. Мысалы, ШАҒЫМ, АРЫЗ

   ТҮСІНІКТЕМЕ

   Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, "Менін Сізге арыз беру себебім,". Ары қарай қүжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе  соз болады.   Мәтін соңында қүнделіқті қызмет этикасын  сақтау  сөздерін  қолдана отырып  адресаттан  қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы,  "Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сүраймын", "Нүсқау беруіңізді сүраймын" т.б. Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.

   Жазылу  мерзімі. Арыздың жазылған күні, айы (жазбаша) және жылы көрсетіледі. Жазылу мерзімі негізгі мәтіннен төмен, парактың сол жақ бөлігінде орналасады. Мысалы,

   24 наурыз 2000 жыл.

   Қолы.  Арыз жазушының  атқаратын қызметінің толық ресми  аты жазылады, кол  қойылады. Парақтың оң жағына фамилиясы, аты-жөні жазылады. Мысалы,

   Қазақ техникалық университеті

   саясаттану кафедрасының оқытушысы ________Бекенова А.К. 

   Егер  арызға кол қоюшылар бірнешеу болса  онда олар иерархиялық тортіппен  я болмаса алфавит төртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп  болатын болса онда арызға қол  қою парағы тіркелді.

   Арыз  мазмүнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат  та жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде  де датасы жазылып, атқаратын қызметі  көрсетіледі.

   Ескертулер:

   1. Егер арыз бірнеше адамның  атына қатар жазылса, олардың  барлығының ресми қызметі, аты-жөні  адресацияда көрсетілуі керек.

   2. Егер арыз бірнеше адамның  атынан жазылса, олар иерархиялық  тәртіппен я болмаса алфавит  ретімен жазылады.

   3. Арыз қолмен де, компьютермен  де қатесіз жазылуы тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                        Қарағанды қаласындағы

                                                           сүт зауытының директоры

                                                                              С.Н.Нұрымовқа

Информация о работе Еңбек қатынастарын ресімдеу