Еңбек қатынастарын ресімдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 20:09, курсовая работа

Описание

Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс.

Работа состоит из  1 файл

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰЖАТТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫ.docx

— 72.04 Кб (Скачать документ)

      1) констатациялык; 2) өкімдік.

    1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі) бөлікте, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады.

    Егер  бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз  болса, онда ол құжаттың аты, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.

    Егер  берілетін бұйрық түсіндіруді қажет  етпесе констатациялык бөлік жазылмайды.

    2. Өкімдік бөлік "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр бөлімі араб цифрларымен белгіленді. Бұйрықты дайындау барысында, оны орындалуына мүдделі мекемелер және құрылымдармен келісіледі. Келіскені туралы белгі бұйрық жобасынын бір данасына қойылады. Келісілген, бланкке басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойылган күннен бастап күшіне енеді. Бұйрық журналаға тіркеліп, оган нөмір қойылады және канцелярияда сақталады.

    Жеке  құрам жөніндегі бұйрықтар кадрлар  бөлімінде дайындалады. Бұл бұйрықтарда  мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне  байланысты қабылданған әкімшілік  әрекеттері мен шаралар айқын  көрсетіледі.

    Бұйрықтың өкімдік бөлігі нақты, қысқа, анық, басы артық түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу  керек және қашан істеу керек  деген мәселе ғана сөз болады.

    Егер  бұйрық орындаушының үнемі атқаруга тиіс мәселесіне байланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.

    Егер  бұйрық бірнеше бөлімнен тұрса, оның барлыгының орындалуына бір ғана адам жауапты болса, онда ол соңгы  бөлімде ғана корсетіледі. Мекеменің  ішкі іс қағазына жататын қызметтік  құжаттың бүл түрін сипаттай отырып, мынадай бұйрықтарды атап көрсетуге  болады:

-    жыл    бойы    үздіксіз    атқарылатын    жұмыстарға    байланысты бұйрықтар;

-    күнделікті  мәселелерге байланысты бұйрықтар;

-    арнайы  бұйрықтар;

-    төтенше  жағдайға байланысты бұйрықтар;

-    басқа  да бұйрық түрлері.

    Жыл бойы үздіксіз атқарылатын  жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының  ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтаға мекемедегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.

    Күнделікті  мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күнделікті болып жататын түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмыска ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.

    Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар, мекемеде күтпеген оқиға болған кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілдік (полномочие) те беріледі.

    Арнайы  бұйрықгар көбіне қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе квартал қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу, т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп, басылып,          1 дана марапатталған адамға тапсырылады.

    Басқа да бұйрык түрлері мекеменің күнделікті жұмыс барысындағы кейбір мәселелерді  қажет жағдайда шешу барысында беріледі. Мысалы, уақытша бөлім бастығының немесе басқа қызметкердің қызметін атқару, маусымдық жұмыс мерзімін белгілеу т.б. Түрлі жағдайға байланысты бұйрыктардың да түрлі нұсқалары  болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  « Қазақстан темір  жол»

  ұлттық  компаниясы»

  жабық акционерлік қоғамы

  БҰЙРЫҚ

  16.12.2010

  №364-Ц

  Астана  қаласы

  Жұмысқа қабырлау туралы

  Исина Аяужан Рахымжанқызы Бухгалтерлік есеп және әдіснама департаменті Жүк тасымалдары үшін есеп айырысу басқарумасы шағым-талаптар бөліміне 2 ай мерзімі белгіленіп, жалақысы штатттықкестеге сәйкес бас маман қызметіне 2010 жылғы 16 желтоқсаннан бастап ҚАБЫЛДАНСЫН.

  Негіздеме: А.Р.Исинанның жеке өтініші.

  Бухгалтерлік  есеп және

  әдіснама  департаментінің  директоры      Джумабаева М.С.

  Бұйрықпен таныстырылды: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

  (ЕҢБЕК  ШАРТЫ. КОНТРАКТ) 

  Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттан басталады.

  Еңбек шарты заңмен рәсімделген  екі жақтың (әдетте «жұмыс беруші» және «жұмысшы» деп  аталады), нақты бір  міндеттерді өзіне  ерікті түрде алу  туралы жазбаша келісімі болып табылады.

  Еңбек келісімі мыналардан тұрады:

  1. құжат аты;
  2. келісімнің жасалған орны мен күні;
  3. екі жақтың толық және шартты атауы;
  4. жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті біліктілік дәрежесі;
  5. келісім типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс);
  6. келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде ұзақ уақытқа ма);
  7. келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін);
  8. сынау мерзімі;
  9. жұмысшының міндеттері;
  10. еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс беруші міндеттері;
  11. жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат;
  12. еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;
  13. ақшалай беретін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет;
  14. демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет;
  15. келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;
  16. келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бұзылуы немесе қайта қаралуы мүмкін);
  17. келісім тоқтатылатын жағдай  атап көрсетіледі;
  18. екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері (деректемелері);
  19. екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура);
  20. шартқа қол қойылған күн;
  21. келісім қосымшасы (егер бар болса);
 

  Еңбек келісімін  безендірудің қызметтік құжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп  айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматты қағазда таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайды жазбаша жазылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЖЕКЕ   ЕҢБЕК   ШАРТЫ 

Акционерлiк  қоғам  (ЖШС, ҚЖС, ЖК)________________________ 

Бұдан әрi  «Жұмыс берушi» деп аталатын, ___________________

_______________________________________________________

(шартқа қол  қоятын тұлғаның аты-жөнi , лауазымы)

____________________________________негiзiнде әрекет ететiн

_______________________________________________________

(лауазымды тұлғаның  өкiлеттiгiн анықтайтын құжаттың атауы)

_______________________________________________________

____________________________

(заңды мекенжайы,  нөмiрi, күнi)

____________________________

____________________________

заңды тұлғаны  тiркегенi туралы

____________________________

куәлiктi кiм берген)

____________________________

жеке басын  куәландыратын

____________________________

құжаттың атауы, кiм берген)

 

және бұдан  әрi «Қызметкер» деп аталатын, ҚР «ҚР еңбек туралы» Заңы негiзiнде  іс-әрекет ететiн азамат________________________________ төмендегi мәселелер туралы осы шартты жасады. 

1-бап.  Шарттың мәнi

1.1. Жұмыс берушi  қызмет бередi, ал Қызметкер штаттық  кесте бойынша  және осы  шартта белгiленген жағдайларға  байланысты _____________________________________ лауазымының   қызметiн атқаруға келiседi.

1.2. Осы шарт  бойынша бұл жұмыс қызметкердiң  негiзгi  жұмыс орны болып табылады.

1.3. Қызметкердiң  басқа қызметтердi қоса атқаруға  құқығы бар және  өзiнiң негiзгi қызметiнен босамай-ақ  қосымша   қызмет атқара алады. 

2-бап.  Шарттың  қолдану мерзiмi

2.1. Осы шарт_____________________________________________________________

                                                                              (мерзiмiн жазбаша түрде көрсету  керек)

мерзiмге жасалды.

- басталуы : «____»_______________2000ж.

- аяқталуы: «____»_______________ 2003ж.

2.2. Қызметкердiң  ұйымдастыру қабiлетiн және бiлiктiлiгiн   тексеру үшiн ________________________ _________________________  айға  сынақ мерзiмi белгiленедi

- басталуы: «____»__________________ 200___ ж.

- аяқталуы: «____»___________________200___ж. 

2.3. 2.2 тармақшасындағы сынақ мерзiмi бiткенге дейiн _______________  апта (ай)  iшiнде тараптардың жазбаша хабарламасы бойынша бiр жақты тәртiпте шартты бұзуға болады.

2.4. Қызметкер  сынақ мерзiмiнде жүрген кезде   ҚР еңбек туралы заң актiлерiнде  және осы шартта белгiленген  нормаларды пайдаланады. 

3-бап. Қызметкердiң  құқықтары мен мiндеттерi

3.1. «____»______________ 200____ж. №_______«Лауазымдық нұсқаулық»  және  «____»______200__ж. № __________  «Қызметкерлер туралы» ережелерге  сәйкес қызметкерлердiң атқаратын  лауазымы бойынша құқықтары мен  мiндеттерi  болады.

3.2. Қызметкер   өзiнiң қызметiн орындауға тiкелей  қажеттi  Жұмыс берушi берген  мүлiктердiң  дұрыс сақталуына  толық материалдық жауапкершiлiкте  болады және осы Шарт бойынша  мiндеттердi орындауға мiндеттенедi (1-қосымша).

3.3. Қызметкер   қызмет бабына байланысты  өзiне  ғана  мәлiм Жұмыс берушiнiң  коммерциялық құпия мәлiметтерiн  жарияламау жөнiнде жазбаша түрде  мiндеттеме бередi (2-қосымша).

3.4. Қызметкер  ___________________________________ тiкелей бағынышты  болады.

                                                         (басшының лауазымы)

3.5. Қызметкер  жылына бiр рет Жұмыс берушiнiң  есебiнен Қазақстан Республикасының   «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99 жылғы  № 493-1 Заңының 88-бабында белгiленген  жағдайларға сәйкес, лауазымы бойынша   өзiнiң еңбектегi мiндеттерiн орындаудан  толық босатыла отырып, бiлiмiн  көтеруге құқығы бар.

3.6. Жұмыс берушi  ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы»  10.12.99 жылғы № 493-1 Заңының 91 бабының 2-7 тармақтарында белгiленген жағдайларда қызметкерге  келтiрiлген зардабтар үшiн  толық мөлшерде жауапты болады. 

4-бап. Жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

4.1. ҚР «ҚР-дағы  еңбек туралы» 10.12.99ж. № 493-1 Заңының 8-бабының және iшкi қолданыс  үшiн шығарылған жарғылар мен  актiлердiң талаптары шегiнде Жұмыс  берушiнiң  құқықтары мен мiндеттерi  болады.

4.2. Жұмыс берушi  қызметкердi осы Шартқа қатысты   барлық құжаттармен  таныстыруға  мiндеттi, оның iшiнде:

- «Қызметкерлер  туралы» ереже;

- лауазымдық  нұсқаулық;

Информация о работе Еңбек қатынастарын ресімдеу