Абай Құнанбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 08:29, реферат

Описание

Ұлтымыздың ұлы перзенті — хакім Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне арналған бет.
Өз заманынан оза туған акынның терең ойлары мен асыл сөздері
келешек замандарда гауһардай жаркырап, көзі ашык, көкіректерге нұр болып кұйыла берері хақ.

Работа состоит из  1 файл

Абай Құнанбаев.docx

— 40.67 Кб (Скачать документ)

 

         Ынсап,  ұят, ар-намыс, сабыр талап,

 

         Бұларды  керек қылмас ешкім қалап…

 

         Терей ой, терең ғылым іздемейді

 

         Өтірік  пен өсекті жүндей сабап, - деп  кейбір жастардың іс-әрекетін  қатты сынға алады. Абай қазақ  қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге  байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде  («Жігіттер, ойын арзан, күлкі  қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді  ермек үшін» т.б.) айқын білдіреді.  Ол халықтың артта қалушылығын,  надандығын мінеп, әдебиет пен  ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа,  ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі  қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл  орыс мәдениетіне жақындай түсуді  уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді  шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің «Қырқыншы сөзінде»  жалпыға бірдей білім беру  талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді.

 

         Ұлы ағартушы  өз айналасын қоршаған әділетсіздік  қазақ халқын аздырып бара  жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге  теріс ықпалын тигізетіндігін  байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше  көңіл аударды.

 

         Ал жастар  бойына дарытуға тиісті жоғары  адамгершілік қасиеттер ретінде  туған елге деген сүйіспеншілік  пен ерлік, табандылық пен адалдық,  парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға  қайырымдылықпен қарау, еңбек  сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық  т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір  өлеңінде ақын:

 

         Қартайдық,  қайғы ойладық, ұлғайды арман,

 

         Шошимын  кейінгі жас балалардан.

 

         Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

 

         Теп-тегіс  жұрттың бәрі болды аларман,- деп  өз кезіндегі жастардың осындай  жағымсыз мінездері н қатаң  сынға алды. Абай уақытын еңбексіз  бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілдерді, адамгершілік қасиетке  ұмтылмайтындарды мейлінше жек  көрді. Ондайлар туралы:

 

         Осындай  сыйдаң жігіт елде мол-ақ,

 

         Бәрі де  шаруаға келеді олақ.

 

         Сырын түзер  біреу жоқ, сыртын түзеп,

 

         Бар өнері  – қу борбай – сымпыс шолақ-деп,  күйзеле жазады ұлы ақын.

 

         Гуманист  – ақын Абайдың ХІХ ғ.орта  шенінде халқымыздың бойындағы  жағымсыз қасиеттерді қатты сынға  ала отырып, айтқан ойларының,  көтерген өзекті мәселелерінің  бүгін де маңызды, күн тәртібінен  түспей отырғандығын атап өткіміз  келеді. Абайдың айтқан ойлары  бүгінгі Мақатаев сияқты ақындарымыздың  ойларымен үндесіп жатыр.

 

         Табиғатты  айтсын мейлі, махабатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын, жан түршіген міні мен арамза  мінез-қылығын айтсын, қазақтың ақиық  ақыны Мұқағали ағынан жарылып  айтады, әрбір өлең жолынан ақынның  жүрек лүпілін естіп, жан айнасын  көреміз, адам бойында әлі де  арылып болмаған сұмдық пен  сараңдылықтан жериміз, жамандықтан  түршіге түңілеміз. Сондықтан  да ол:

 

         Мамсапқорлардың  қасынан

 

         Шықпайтындарға  ашынам !

 

         Жалданып  өскен жасынан

 

         Жағымпаздарға  ашынам !

 

         Өзіңе ғана  бас ұрам,

 

         Сенесің  бе, Отан осыған !?

 

         Алаяқтарға  ашынам !

 

         Ашынам-дағы  тасынам

 

         Құнымды  несін жасырам, - деп адам бойындағы  жағымсыз мінез құлықты ашына  сынға алды. Мұқағали  айтқандай,  осы жағымсыз қылықтар да бүгін  де арамызда бой көрсетіп қалады.

 

         Сол кезде  Абайдың көтерген мәселелері  бүгін де маңызды, өзектілігін  ерекше айта кеткен жөн.

 

         Абай тарихқа  ең алдымен кемеңгер ойшыл  ақын, ағартушы ретінде енді. Абай  өлеңдері мен қара сөздерінің  тәрбиелік-тәлімдік мәні зор,  идеялық деңгейі жоғары болып  келеді.

 

         «Мен жазбаймын  өлеңді ермек үшін,

 

Жоқты-барды, ертегіні термек үшін»,

 

 

 

- деп ақынның өзі айтқандай  оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық  мәні мейлінше терең. Ең алдымен  ол өз халқына өлеңдері, қара  сөздері арқылы ұдайы ой салды,  оның көкірегін оятып, оны надандықтан,  жаман қылықтардан сақтандырды,  мәдениетті болуға, прогреске шақырды.

 

Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде:

 

«Қалың елім қазағым, қайран жұртым,

 

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,

 

Жақсы мен жаманды айырмадың

 

Бірі қан, бірі май боп енді еккі ұртың» – деген сөздері дәлел  бола алады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, бекер сал  шашуға, өтірік, өсек айтуға, жалқаулыққа  қарсы шықты. «Бес нәрседен қашық  бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам  десеңіз», - дей келіп, Абай «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап  қой, Бес асыл іс, көнсеңіз», - деген  өсиет айтты.

 

Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!»  деген сөздер соның айғағы. Қазақ  елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан  бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін  келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін  келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.

 

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,

 

Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді.

 

Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты  ұстаз тұтты, олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мәселен, «Татьянаның хатын», «Онегиннің хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.

 

1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің  «Жолаушының түнгі әні» деген  өлеңін «Горные вершины спят  во тьме ночной» деген атпен  аударған болатын. Гетенің бұл  өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға  әсер етті. Ол Абайдың да жүрегіне ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер маужырап» деп аударды. Сонымен қатар, Абай шығыс мәдениетінен де нәр алды. Фирдоуси, Науан, Низами, Хафиз, Сағди шығармаларына еліктеді.

 

1995 жылы бүкіл еліміз Абайдың  150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі  бойынша әлем болып тойлады.  Ұлтымыздың рухани мақтанышы,  ұлы гуманист, ақын-ағартушы Абайдың  ғылыми-педагогикалық мұрасының  зерттелу жайы туралы және  Қазақстанда төңкеріске дейінгі  педагогикалық ой-пікірдің даму  тарихында алатын орны туралы  айтқанымызда ұлы ғұлама ойшылдың  педагогикалық мұрасын алғашқы  зерттеушілер, педагогика тарихы  саласындағы көрнекті қазақстандық  ғалымдар, педагогика ғылымдарының  докторлары, профессорлар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев, Қ.Б.Жарықбаев,  С.Қ.Қалиев және т.б. ғалымдардың  еңбектерін ерекше атап өткен  жөн.

 

Ұлы гуманист-ақынның педагогикалық, тағылымдық мұраларының мәні мен  маңызы бүгінгі таңда да өміршең, өзекті екендігін дәлелдейді.

 

ХХ ғасырдың басында бір кезде  Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық  қозғалыстың туын Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтар жалғастырды.

 

 

 

Абай Құнанбаев 

 

Абай 1845 жылы бұрынғы Семей облысының, Семей уезі, Шыңғыс болысында туған. Шыққан руы – Тобықты. Ата –  тегі сол тобықты ішінде билік  құрып, ықпалын жүргізіп, үстемдік етіп келген тұқым. Үлкен әкесі Өскембай тобықтының атақты биі болып өткен. Өз әкесі Құнанбай көп заман тобықты  болысына старшын боп кеп, бір  уақыт Қарқаралы округіне аға  сұлтан да болады.

Ол, уақытта Сібір өлкесіндегі  қазақ аймақтарының 1822 жылдың «Сібір қазақтары турасындағы устав» деген  законы бойынша биленетін. Бұдан  бұрын патша үкіметі бекіткен хандық-хандыққа бөлініп жүретін  қазақ өлкесі мына заңнан соң, округ  – округке бөлінетін болған.

Сондай округтердің бірі жоғарыда айтылған Қарқаралы округі. Округті  округ округтік приказ билейді. Бұл  бес адам. Соның бастығын аға сұлтан деген. Орынбасары кіші сұлтан. Қалғандары мүше. Құнанбайдан бұрын Қарқара  округіне аға сұлтан болушылар Бөкей  нәсілі төрелер екен. Құнанбай тұсында  кезектесіп аға сұлтан болып жүргенде Жамантай, Құсбек дегендер болады. Аға  сұлтандардың төреден сайлануы ол кездегі  патша өкіметінің саясатына шарт есепті болады. Бұрын хандық құрған қазақ ұлығы төрелер арқылы билей  тұру керек. Оларға аналарды әкімшіліктен шұғыл жұлып тастаса ел бүлініп  өлке басы ноқтадан шығып кететіндей көрінген. Сол себепті аға сұлтандық  сияқты дәрежемен әуелі осындай  топтарды алдандыра тұрмақ болады. Алдандырады да.

Міне, осындай жайда Құнанбайдың  аға сұлтан болуы дағдыдан тысқары  іс болған. Ол аға сұлтандықты алғанда  Құсбек, Жамантайдың бақталас партиясы арқылы арадан килігіп, бейнетсіз алып кеткен. Бірақ қалайда болса алғаш  рет төре еместің аға сұлтан болушысы осы. Бұл оқиғаның өз тұсындағы қазақ  ру басшылары «қарадан хан болған, жабыдан тұлпар туған» деп көтеріп  Құнанбай басына көп абырой даңқ бітірген.

Сондаймен округ көлемінде «жүлде алған», «хан баласына қарамай озған» Құнанбай өзінің тобықты руының ішінде теңі жоқ жалғыз әмірші қаліне ие болды. Дәреже, атақпен қатар мол байлық оралды. Оңды – солды көрші рулардан, әлсіз жақтарынан жер молайды, қоныс  баптап алады. Жалпы тобықты қонысын  бір молайтты, соның ішінде өз атасы  өз ауылының қоныс қыстауларын тобықты  жерінің тап ортасынан сара тіліп  алып, кейінгі ұрпағының байлық сақтауына  да ірге қалайды.

Заманындағы ел билеген әміршілерге  үлгі қылып, діндарлықты ұстайды. Қарқаралы  қаласынан мешіт салып, Меккеге  тәкия салады. Қолындамолдалар, дін  басылар ұстайды.

Осындайдың бәрінен атақ даңқын зорайтып, әміршілік, үстемдік салмағын нығатып алып, тобықты руларын  бір шыбықпен айдайды. Әмірші жалғыз өз емес, бұның інісі ағайыны болса  бәрі де тобықты көпшілігінің басына қамшы үйіруде, тізе көрсетуден айықпайды.

Бірнеше үлкен руларды мекен  етіп отырға қоныс қыстауларынан  аударып екінші жерге әкеп сап, оның орнына тысқа сондай мол руларды  тойдырып қондыру сияқты көп –  көп аударыс, төңкерістер жасайды.

Сол сияқты көп мінез, көп қылықтардың  салдары тобықты ішінен құнанбайға қарсы күшті ереуіл, үлкен қимыл  туғызады. Жаулық ел ішінің көлемінен  асып, ұлыққа шығу, араздасу, бас кетіру сияқты қалдерге жетеді.

Сенер туысқаны әлді болмай жалғыздық  көруге айналған құнанбай өз балаларын  іске салады. Соның ішінде алдымен  көмегіне алып сүйеніш алғаны Абай болады.

Қысқасы кейін ақын болатын Абай өз әкесінен үлкен күші, үлкен үстемдік билеушілікті мұраға алумен қатар сол  әкесінен бері келе жатқан тобықты  ішінен үлкен «араздық, жаулық, жұлқысуын  да» мұра қылып алады. Абайдың  балалық, жастық шағында алдыңғы  заманнан жуан атадан қалған сыбаға міндет осылайша болған.

Абай әкесінің алты баласының ішінде ертеден дәме қалғаны болады. Сол  себепті оны әкесі жас күнінде  Семейге апарып Ахмет Риза деген  иманның медресесіне оқуға береді. Бірнеше жыл сонда мұсылманша оқудан алғаны: араб, парсы ақындарымен  шағатай үлгісіндегі түркі әдебиетімен  танысқан. Бұның үстіне өз уақытына дін жайында жетіп, молдалығы  бар бала болып, қалады. Медреседегі  кезде көбірек бой салып оқығаны  ақындар болу керек. Бірен – саран  сол уақытынан сақталып қалған «әліп  би өлеңі», «жүзі раушан» деген  сияқты бірен – саран өлеңі  араб, қарсы ақындарын оқып танысу ғана емес солар үлгісіндегі жазып  байқамақ талабында көрсетеді.

Зейінді, талапты шәкірт жасының  аздығына қарамай өзінше нәрлі оқу  деп таңдағанда, дін схолостикасынан  гөрі сол ақындарды сүйісіп кеткен сияқты.

Бірақ оқуы ұзаққа бармаған, 13 жасынан  ары сол шала сүрлеу оқудың да есігі  жабылады. Ел тартысында жалғыздық  сезе бастаған әкесі бұны оқудан алып өзге жұмысқа қосады. Ол жұмысы –  ел сөз, ел билеу жұмысы. Әуелі ат үсті «барып келіп», «пәленге пәлен  сәлем айтып келмек» жүріп  аяғы азғана жылдың ішінде жап –  жас Абайдан мықты, жуан би, руласы, ел тартысының атқа мінері қалыптанып шығады.

Әкесіне көмекші ғана емес, әр уақытында  ол істер жүрген іс, биліктің, бәрін  өз қолына меңгеріп алады. Құнанбаймен  алсықан туысқанмен 17 кісіні Сібір  айдатады. Сонымен бір тартыстың  бастықтары бұлардан жеңіледі. Бірақ  сол жеңудің өзі де атадан ұрпаққа  кететін үзілмес жаулықтың себепшісі  болады. Әкесі бастаған істі аяқтаймын  деген Абай өзінің ұзын өміріне жетерлік пәле, тартыс талоас бәлесін тілеп  алады.

Ұлық пен ағайын ішіндегі күш  салмақпен жеңіп алған Абайға тартысушы жаауларының өштігі кемімейді. Күшейе береді.Бұның өзі қолданған  әдісті қолданып үстінен ұлық атаулыға арыздар  беріледі. Неше алуан жала жабылады. Бұл бір ғана жыл емес әрбір жыл болып отырады. Мысалы, 28 жасында келгенде бір қыс ішінде 12 түрлі зор қылмысты іспен тексерілетін болған кезі де бар. Ол істердің түрлері  кісі өлтіру, ауыл шабу, қос талау, жер  өртеу тағы – тағы сондайлар. Әрине, Абай бұның бәрін өз қолымен істемеуі мүмкін. Көбі сол күнгі шағым қойылып, жалақорлық арқылы беруден өтірік арыз, жалған куәлік, бос жала болуға тиіс.

Информация о работе Абай Құнанбаев