Абай Құнанбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 08:29, реферат

Описание

Ұлтымыздың ұлы перзенті — хакім Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне арналған бет.
Өз заманынан оза туған акынның терең ойлары мен асыл сөздері
келешек замандарда гауһардай жаркырап, көзі ашык, көкіректерге нұр болып кұйыла берері хақ.

Работа состоит из  1 файл

Абай Құнанбаев.docx

— 40.67 Кб (Скачать документ)

Бірақ ол күндегі тартыстың тәсілі сол. Ұлық арқылы мұқату керек болса  осындай жалалар жауып, соны жалған куәлік – жан күмән, ант иманмен  бекіту керек. Абайдың 17 кісі жауларын айдатқанда өзі қолданған әдісі, айласы да осы болатын.

Жаңағы 28 жасында 12 арызбен тергелуі сол өмір бойында талай рет  болған, кезек жабылатын пәле –  жаланың бірі ғана болса, бұл жылдары  іс, арыздық саны ғана молырақ болған. Бірақ Абай бұндай тартысқа ысылып, қалыптанып алған еді. Бір қыс  бойы қалада жатып, қарсы қимыл істеп  қайтаратын да, пұлын да шашып жүріп  «әні әкетті»,  «міні әкетті десіп» жаулары жүргенде, бұл ап – аман ағарып шығып пәледен бірақ құтылып  кетеді.

Осындай тартыс, даудың қалың ішіне  кіріп, белшесінен абып жүрегн уақытта  Абай қара күш, айламен қатар, тіл  безеуді, шешендік, жүйрікті де үлкен  құрал қылған. Ерте уақыттан ақ жауапқа  жүйрік, ескі жораға жетік, алғыр би қалпымен қалпына келіп алады.

Естімеген шешені ақыны, ескі сөзі некен  саяқ болады. Уақытындағы не жүйрік, не білгір ділмар болса соның еш қайсысынан кем түспейді, асып түсіп  отыратын болады. Бұнысы бұрыннан аыздан – ауызға көшіп, сақталып келе жатқан қазақ ішіндегі сөз қазынасын  молынан ұғынып, біліпалуына себеп  болдаы. Көп жерде өзі де өлеңдетіп, тақпақтатып, сырлап, сымбатты сөйлейтін  болады. Өлең жас күнінен білінген өнері болса да, дәл жаңағы қызу, тарбойына ылайық өнер деп білмейді. Қайта би басын кішірейтетін, абүйір атағын кемітетін нәрсе деп біледі. Ол кезде ақын тіл безеген, соны кәсіп  қылған әлсіздің, құнсыздың ісі сияқты бағаланатын. Абай өзі де солай қараған. Сол себепті ерте уақытының өлеңі, әлде қалай суырып салу ретінде айтылып, сол айтылған жерінде қала беретін  болған.

Өлеңді Абай бері келіп орта жасқа  іліне беріп қана ауысады. Бұған  бірнше себептер бар. Ең әуелі ел тартысына  жасы 35 – 40-қа келген шамада бар дегенін  істеп, әмір биліктің бәрін өз қолына, өз тұқымына меңгеріп барып алады. Тартыс өмір бойы үзілмейді. Бірақ кейінгі  тартысушылар Абайдан үстемдікті жұлып  әкетемін деушілер емес, соның қол  астынан, үстемдігінен құтылып шығам  деушілер болды. Өз басына жеке жуандық  жүргізем деушілердің талады. Бірақ  Абай сыбағасын тартып алам деушілер емес.

Сонымен орын дәрежесі, үстемдігі  өз тұқымына әбден нық орнаған  соң Абай, ел сөзін, ел билігін жалғыз өзі ұстамай өз інілеріне де ұстатады. Сыртқы үлкен таразымен, үлкен дау  дамайды өзі алып болыстық билікті  де сол інілеріне береді.

Осындай ретте өзіне билеуші  серігі есебінде өсіріп алған адам туған інілеріне Ысқақ, Оспан  және немере інісі Шәкәрім болдаы.

Ел сөзін көбінесе соларға беріп 1880 жылдар шамасына келгенде өзі кітап  оқып дінін толтыру сияқты істерге  беріле бастайды. Бұрын оқыған аз оқуы бар, соның үстіне көп дау шардың кезінде неше алуан ұлық пен шиновникке кездесіп орыс тілін бірталай біліп  қалған болатын. Және неғұрлым орыс адамдарына көп кездессе, соғұрлым орыс тіліндегі  өнер, білімді танығысы, білгісі  келген құмарлық пен талмай арта береді. Сонымен ел ісін тапсыратын сенімді  көмекшілері жетілген соң өзі  кітап оқуға беріледі.

Қалада жатсын, елде жүрсін кітапханамен байланыс жасап – ақ ұдайы іздену тленушімен болады. Сөйтіп кітап қарастырып жүргенде Семей кітапханасында Михаэлиспен  таныс болады. Бұл семейде Петробордан  айдалып келген 80 – жылдың социалистерінің  бірі болатын. Бұлар патша үкіміне  қарсы алысқан бұқарашыл –  халықшыл қауым еді. Саяси басшы  санашылар Чернышевскийлер болатын. Михаэлис өзін Чернышевскийдің шәкіртімін деп санаған.

Абайдың ақылы, талабы өзге қазақтан ерекше болып бөлініп Михаэлис бұған  жақындайды. Өзі ғана емес бірге  айдалып келген дос серіктері  Гросс, Долгонолов сияқтыларды да таныс  етеді. Жазғы уақытта әрқайсысы  Абайдың ауылына қонаққа кеп  бірер айлап тұрып қайтатын да болады. Сол араластардың үстінде  бұл адамдардың барлығы да Абайды неге құмар, не өнері бар екенін түсініп, бұның оқып өсуіне жәрдем ете бастайды. Оқитын кітаптарын таңдап беріп ұдайы  жетекшісі болады. Абай өзін осы  адамдарға қатты қарыздар сманайтын. «Дүниеге көзімді ашушы Михаэлис»  дегенімен қатар олармен араласу, олар берген көп кітапты оқу Абайдың  ішкі дүниесін де қатты өзгерткен  сияқты. «Күн шығысым күн батыс, күн  батысым күн шығыс боп өзгеріп  кетті» дептағы өзі айтқан екен.

Абайдың кейінгі сақталып қалған өлеңдерінің  басы 1884 – 1885 жылдардан басталады. Бұл  сол өзгергеннен соң кіріскендегі сөздері. Жаңа оқып өрлей бастап бет  түзей берген кезінің шығармалары. Содан бастап өле - өлгенше кітаптан қол үзбей ғылым өнерін тереңдете  өсіре өзі өсумен қатар қоғам  ішіндегі тіршілікке, оның бүгінгі  қалпына, тарихи бағытына да бағасы, көзқарастары өзгеріп, сыны молаяды. Ортасын сынай  отырып өзін де сынайды. Таптық үстемдігімен дәреже мүліктен бойын алып қашып  кетпейді. Бірақ жас күнінде «айлаға, ашуға да жақтым шырақ» дегендей боп  қыңыр, теріс бірақ бетпен келген болса, мына дәуірде ол күнгі мінез, іс, талаптың барлығын сынап, сөгіп, жиренішпен еске алады.

Міне, оқу, өсу арқылы ой тұрлысы  осындай боп сыртқы орын дәрежесі, әдеті бұрынғыша боп, бір қос  қыртыстық қайшылыққа ұшырайды. Жиырма жыл бойына жазылған әдебиет қызметі  Абай ішіндегі сол мол қайшылық, екі ұдайылықты баян етеді. Анығында бұл қайшылық Абайдың өз басының  ғана қайшылығы емес. Оның қанының  қайшылығы. Бұны шығарған қоғамдық таптың сол күнгі, сол 19 ғасыр аяғында  шаруашылық, әлеуметтік, саяси тарихи жолындағы қайшылық, екі ұдайылығының салдары еді. Ол жайын шығармаларын тексергенде толығырақ қарастырамыз.

Әзірше айтатынымыз Абай әншейінде  жас кезінде сол қайшылықты көп  сезбей сыртына айқын қылып шығара алмай жүрсе, оқып ашалып алған соң, өнер аркасына түсіп алған соң, өз табының өзге адамдарының барлығынан әде қайда ашық сөйлесетін болады. Сол қайшылықты  ашық айтатын  болады. Бұл табының көзі ашық алдыңғы  қатар санашылдығы. Сондықтан өз табындағы тарихи өзгерістерді шын  мол айлаға түсіріп көрсетеьін болады.

Жылдан жыл асқан сайын Абай оқи – оқи үдей береді. Оқыған сайын білімге құмарлығы артады. Семей қаласынан 250 шақырым жерде  жатқан қыстауынан қалаға әдейі кісі жіберіп кітапханаға оқып бітірген кітаптарын жеткізіп, екінші тың кітаптар алғызып оқитын болған. Көп оқығаны  әдебиет. Әсіресе орыстың классик  әдебиетін түгел зерттеп тексеріп шыққан. Содан ары жалпы тарих, табиғат ғылыми, философия кітаптарын оқыған. Бұл оқыған кітаптарының ішінде Дарвин, Спенсер, Дреперлер бар.

Оқуы тегінде жалғыз орысша емес, мұсылман ғұлама шайырларын да тастамаған сияқты. Және оқу, зерттеу жалпы білім  ойын тереңдетіп отырғанымен көп  жерде бұның санасын, ой жүйесін  бұзып, өз қанжығасына бөктеріп әкеп берген. Сол ретте ол 80 – жылдың төңкерілісшілерімен жолдас болып  Чернышевский, Добралюбовтарды оқығанмен  де төңкерісшілдік пікірлеріне, хатта  патша әмірін сынау пікірлеріне  де баспаған, бармаған. Табиғат ғылымын  оқып, Дарвин затшылдар қисыны сияқты жүйелерге де бермеген. Бұнысы өзінің таптық құрылысымен салт – санасын  бермеймін деп әдейі нық ұсамағанын көрсетеді. Сол ретте мұсылман үлгісінде  дін иесі болуынан да жазбаған. Оның да себебі әлгі.

Бірақ, оқу, жазу арқылы өзінің бір  бетімен күнде түлеп өсе берген. Ғылым іздеуді жалпы өз басына ғана алмай, басқаларын да оқытқан. Ең көп оқыған офицер болған баласы Әбдірахман 90 – жылдарда құрт ауыруынан өледі. Оның артынан сүйеніші болып жүрген мықты інісі Оспан өледі.

Осы екі өлім Абайға бас қайғысының ішіндегі үлкен қаза болып тиеді. Екеуінің өліміне арнап шығарған күйініш қаза өлеңі ақынның көңіл  лирикасының ішіндегі ең бір күшті  сөздері.

Бас қайғысымен қатар Абай сол жылдары  аяз алдында өзінің меншігіндегі дос деген адамдарының қиянатын, алдауын, өтірігін де көреді. Бір сайлауда бұрынғы әдетпен өзінің інісін болыс  сайлаймын деп зор сеніммен келгенде, бұрын ешбір сыр бермейтін  тынышг жүрген достары бірақ түнде  жай беріп жат болып шығып, бұның інісін жардан құлатып, өз кісілерін  сайлап кетеді. Абайды алдаған да мазақ  ете алдаған сияқтанады, түңіле сөйлеген көп сөзіосындай қолдармен байланысатыны  да бар. Оның үстіне бәрі кәліп өлім алдына жақындаған уақытында кәрілікке  тарту салдарымен және бұрынғы қылғандарының  көбіне өкіну ретімен және көп  биліктен ой білімі қара озып асып кетіп, бұрынғы басқан ізінің көбін енді қанағат етпей мінеумен барып  ертеде жаулар, сауырлап қуған ағайынының көбімен татулық іздеп, кешірімге  келіспек талабын да істеді. Бұнысы да билеуші таптың, сол таптық мұратын  көксеу жағында табиғи бір жол  есепті.

Сондай күйде жүргенде, ежелден  тобықты ішінде бұнымен көп сілкісіп келген басшы жауы. Оразбай деген  Абайды  бір сайлауда өз кісілеріне сабатып та алады.

Бұл кез Абайдың өз басы жаңағы айтылған күйлер мен тартысқа шабан  тартып салқындап қалған еді. Әкесі  үшін кек құрушы іні болатын болады. Ел ішінде тағы көп пәле ылаң басталады. Бірақ оның бәрі енді кейінгі бала шәкірт інілерінің сыбағасына қалады.

Абай өзі осы сияқты әр алуан  соққылармен шөгіп келе жатқанда 1904 жылы көктемде ең жақсы көрген өнерлі ойлы баласы. Мағауия өліп, соның  артынан 40 күннен соң өзі де өледі. Мағауияның өлімінен соң ешкіммен сөйлеспейтін боп үндемей отырып алған болса  керек. Дерті болса өзінде бір  алуан осы сияқты дерт болады. Немесе өмірінен қажыған соң өзін - өзі  өлтіру ретінде таңдап алған өлім түрі осы болуы керек.

1904 жылы 23 июньде өзі де қайтыс болады. Сүйегі өзінің ата қыстауы Жидебай деген жерде қойылған.

 

 

Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған.

 Абай әуелі ауылда Ғабитхан  деген татар молдасынан мұсылманша  хат таниды. Абайды әкесі он  жасында Семей қаласындағы Ахмет  Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың  ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа  Хафиз, Навои, Физули,Фирдоуси  шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби  мұралармен танысады.

 

 Абай медреседе небәрі үш-ақ  жыл оқып соңғы жылдары өз  бетімен «приходская школаға»  түсіп, орысша да оқиды. Бірақ  мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы  тола бастаған шақта өткір,  зейінді Абайды әкесі Құнанбай  ел билеу ісіне араластырып  тәрбиелемек болып, оны оқудан  елге алып кетеді.

 Әкесінің жұмсауымен Абай  ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге  араласады. Ол көптеген ескі  әңгімелерді, өлең-жырларды халық  ішінен үйренеді.

 

Абай және қазақ, Шығыс әдебиеті. Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу  арқылы Абай араб, парсы, шаатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының  шығармаларымен танысуға мүмкіндік  алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін әжесі  Зере бәйбішеден, халық ақындары Шөже, Бәйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады.

 Абай және орыс, Батыс әдебиеті. 1860 ж-дың аяғында Абай өзінің  білімінің таяздығын сезініп,  Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына  келіп орыс, Батыс классиктерінің  шығармаларын өз бетінше ізденіп  оқи бастайды. Осы кітапханада  Л.Н.Толстойдың шығармаларын оқып  отырған Абай Петербург университеті  студенттерінің саяси ереуіліне  қатысқаны үшін жер ауып келген  жартылыстанушы ғалым Е.П.Михаэлиспен  кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас  дос болып кетеді.

 

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (29.07.1845 — 23.06.1904) — қазіргі Шығыс Қазақстан  облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген, бейіті Жидебайда. Абай — ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол бала кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді  тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен  көзге түскен. Шортанбай, Дулат, Бұқар  жырау, Шортанбай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған.

 

Абай 8 жасында «Ескітам” медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабиханнан оқыған. 10 жасқа толған соң Семейдегі  Ахметриза медресесінде 3 жыл оқып, одан «Приходская школаға” түсіп  онда 3 ай орысша оқиды. Абай өз бетімен  ізденуге құмар болған. Абай Шығыс  классиктері Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Жәмилердің, т.б. еңбектерін, екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, И.А. Некрасов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевскийлерді көп  оқыды. Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі  ғылыми салалар бойынша зерттеулер жүргізді.

 

Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875—1878 жж. Қоңыр, Көкше  еліне болыс болады. Бұл жылдары  өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға  күш салады. Абай кейін Михаэлистің  ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып  сайланды. Абай 1880 жылы И. Долгополов, А.А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз  қарым -қатынаста болған. Абай ел ісіне  араласқан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.

 

Абай өлеңдерін 10 жасынан («Кім екен деп келіп ем, дүние қуған”) қағаз  бетіне түсіре бастады. «Сап, сап, көңілім”, «Шәріпке”, «Абыралыға”, «Жақсылыққа”, «Кең жайлау” оның алғашқы өлеңдері. Сонымен бірге аударма жасаумен де айналысқан. Оның «Қансонарда” (1882), жылдың төрт мезгілін суреттеген «Қыс”, «Күз”, «Жаз”, «Жазғытұры” өлеңдері, «Масғұт”, «Ескендір”, «Әзім” поэмаларының қазақ әдебиетінде орны ерекше. Араб, парсы, түркі білім көздеріне  Абай ерекше көңіл аударып. Осы тілдерді өз бетімен жүйелі түрде оқып игереді.

 

Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік көзқарастары қара сөздері  арқылы да берілген. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз  өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы  даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың  қара сөздері тақырыбы жағынан бір  бағытта жазылмаған, әр алуан оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай” журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай музыка саласында да мол мұра қалдырған. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.

Информация о работе Абай Құнанбаев