Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 11:13, курсовая работа
Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй –жайларын және сынның белгісін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалы мысалы, көсемшелер арқылы да білдіріледі. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш болып қызмет атқаратын ондай есім, сөздер мен етістік формалары өздерінің бастапқы қасиеттерін жоймайды.
І. Кіріспе--------------------------------------------------------------------------------------3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақ тілі білімінде үстеу сөзжасамының зерттелуі----------------------------7
2.2. Үстеудің морфологиялық белгілері, түрлері және жасалу жолдары--------9
2.3.Үстеудің мағыналық топтары------------------------------------------------------14
2.4. Үстеудің сөзжасамның жүйесі-----------------------------------------------------17
2.5. М Әуезовтң «Абай жолы» романындағы үстеулердің сөйледегі қызметі---------------------------------------------------------------------------------------20
ІІІ. Қорытынды---------------------------------------------------------------------------24
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------------26
Абай жолы романындағы мезгіл үстеулерді талдай отырып романның улттық құндылығын тәрбиелеп маңызын ашу
курстық жұмыстың мазмұны
Курстық жұмыстың тақырыбы
Абай жолы романындағы мезгіл үстеулер
Жұмыстың мақсаты ; сөз топтарының ішінде үстеулерді жан –жақты зерттеу, олардың түрлеріне тоқталу. Үстеулердің ішінде мезгіл үстеуді толық талдау.
Абай жолы романындағы мезгіл үстеулерге талду жүргізу
Мазмұны
І.
Кіріспе-----------------------
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақ
тілі білімінде үстеу
2.2. Үстеудің
морфологиялық белгілері,
2.3.Үстеудің
мағыналық топтары-------------
2.4. Үстеудің
сөзжасамның жүйесі------------
2.5. М Әуезовтың «Абай жолы» романындағы
үстеулердің сөйледегі қызметі-----------------------
ІІІ.
Қорытынды---------------------
IV.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі------------------------
Кіріспе
Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй –жайларын және сынның белгісін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалы мысалы, көсемшелер арқылы да білдіріледі. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш болып қызмет атқаратын ондай есім, сөздер мен етістік формалары өздерінің бастапқы қасиеттерін жоймайды. Осы себептен пысықтауыш мүше болған сөздердің барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес. Ол осы үйде тұрады және Мен мынау колкоздан пана таптым, енді орным осында. М. Әуезов деген схөйлемдерді алсақ, бірінші сөйлемдегі пысықтауыш үйде деген сөз болса, екінші сөйлемдегі пысықтауыш – осында деген сөз. Бірақ мағына жағынан бұл екі пысықтауыштың арасында елеулі айырмашылық бар: жатыс септігінде қолданылып пысықтауыш болып тұрған үйде деген зат есім жатыс септікте тұрып қана пысықтауыш болып тұрса, осында деген пысықтауыштың бастапқы түбірі осы деген есімдік болғанымен, - онда қосымшасы оның табиғи бөлмесі болып тұрақталып, көнеленіп қалған. Сол қалпында ол тек пысықтауыш қызметіне жұмсалады.
Сол сияқты бірге бірді қосса, екі болады: Бірге жасасып келгенмен, жақынға жақынның қасиеті бірден танылмайды (М.Ә.). деген сөйлемдерді бірге –ні салыстырсақ, екеуінің түрі бірдей болғанымен, мағынасы мен қызметі екі басқа. Олардың екеуінің де түбірі –бір, екеуінің де қосымшасы – барыс септікжалғауы –ге. Бірақ бұл сөз мағына жағынан екі жарылып сараланған. Алғашқы сөйлемдегі бірге өзінің тура мағынасында қолданылып, толықтауыш болып тұр. Ол барыс септіктің нешеге? Қаншаға? Деген негізгі сұрауларынажауап береді.
Ал, екінші
сөйлемдегі бірге (өзінің тура мағынасындақолданылып,
сөзді бастапқы мағынасынан, алыстап
демек, объектілік мәнмен адвербиалдық
мағынаға көшіп, қимыл қалай жасалатындығын
білдіреді. Ендеше, алғашқы сөйлемдей
бірге деген сөз барыс
Осылар тәрізді бірден –бірді кемітсе, нольқалады; қуаныш, қайғы бірден қысқан Жамбылдың көзі, бұлаудай (Ғ. Мұстафин) дегендегі бірден деген сөз алғашқы сөйлемде шығыс септіктегі зат есім (толықтауыш) болады да, екінші сөйлемде үстеу сөз (пысықтауыш) болады.
Осылайша мағына жағынан әуелі төркіндерімен (Мысалы: зат есімдердің, сын есімдердің, есімдіктердің қатарларынан ) бөлініп лексикалық мазмұны жағынан қимылдың алуан түрлі күй –жайларын білдерітен сөздер үстеуге жатады. Тіліміздегі бірге, бірде (кейде деген мағынадағы), бірден, кенеттен, амалсыздан, кейде, шалқасынан, жүресінен, зорға, жатқа, басқа теке, қапыда, абайсызда, жөнімен, ертемен, алға, арқа, алда, артта, мұнда, сонда, осында сияқтанған үстеулердің барлығы да жоғарыдағыдай көнелену жолымен, қалыптасқан үстеулер.
Қазақ тілінде үстеулер осындай көнелу тәсілі арқылы бір –жолата үстеуге айналғаны, немесе мағынасы жағынан екі жарылып, сараланып, демек, бір жағынан, үстеуге айналса, екінші жағынан, өздерінің әуелі лексикалық топтарының да (мысалы: өздерінің әуелгі лексикалық топтарының да Мысалы: есімдердің де) қатарында қалып жүрген сөздер көп. Мұндай сөздер, әсіресе,жатыс, шығыс, барыс, көмектес септіктердің формаларында жиі ұшырайды.
Есімдерден
көнелену арқылы туған үстеулер сияқты
етістік формаларынан көнеленіп
шыққан үстеулер де бар. Етістік түрлерінен
көшіріп шыққан үстеулер де көбінесе
көсемше формаларментүрлес
Ал аздап, аз –аздап деген сөздерден сөйлей, сөйлеп деген сөздердің қасиеттері табылмайды. Өйткені аздап, аз –аздап деген сөздерге тікелей жіктік жалғаулары жалғанбайды: Олар жай сөйлемде де, құрмаластық бағыныңқысында да баяндауыш қызмет атқармайды. Бұл сөздерде етістіктерге тән шықтық және басқа қасиеттер де жоқ. Бұлар (аздап, аз -аздап) сөйлемде пысықтауыш болып қана қызмет атқарады да, аздап, азғана, аз –аздап, аздан –аздан, азғана –азғанадан деген сияқты мағынаны білдіреді.
Оның бер бағында етістікке жалғанатын болымсыздық журналы –ма (ме), -па (пе), -ба(-бе) бұларға қосылмайды (мысалы: сөйлеп ем деп айтуға болса, аздап, аз –аздамап деп айтуға болмайды). Сөйтіп, бұл сөздер (аздап, аз -аздап) көсемшелерге тек форма жағынан ұқсас, бірақ ол ұқсастық тек сыртқы тұлғасында (пішінінде) ҒАНА. Осындай аздап, аз – аздап сияқты көсемше түрлес үстеулерді етістіктермен төркіндес үстеулер деп есептейміз.
Етістіктермен төркіндес болып келетін (көсемше формалар) үстеулер де тек мағына жағынан ғана емес, қызметтері жағынан (ғана емес, ) да көсемшелерден алыстап кеткен сөздер болады. Мысалы: қайта, қайра, қайтара, жалғай, айнала деген көсемше тіркес үстеулерден қайтадан, қайтардан деген сиятқы туынды жаңа үстеулер жобалады. Кейде –олар айналаң, айналасы деген сияқты түрде тәелденіп те келеді.
Көсемше формадағы сөздің екі рет қайталануы я синонимдес (мағыналас) көсемшелердің қосарлануы арқылы үстеу тудыру тәсілі –аса құнарлы жолдың бірі. Мысалы: Абай көре –көре көсем болады. Сөйлей –сөйлей шешен болады. (Мақал): Айтып –айтып өтті қарт. Көнбеді жұрт. Не лаж (Абай)
Осындай көсемше тұлғада (формада) қосарлану арқылы жасалған үстеу сөздерге жата –жастана, сүріне –жығыла, ішпей –жемей, тұрмай, тиіп –қашып, билеп –төстеп сасып –тасып т.б. сөздер жатады. Формасы жағынан азды көпті ерекшелігі бола тұрса да, үстеу сөздерге жүр –жүрлеп, айт-айттап, тез –тездеп, кес –кестеп сияқты көсемше формалы қос сөздер де жатады. Мысалы: Әбубәкір оны джүр –жүрлеп сүйрей бастадыү (Ғ. Мұстафин)
Сонымен, үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін (некен –саяқтап қана түрленетін) лексика - семантакылық жағына өз алдына топ болып қалыптасып, сөйлемде қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз.
2.1. Қазақ тіл білімінде үстеу сөзжасамының зерттелуі.
Қазақ тіл
білімінде үстеу мәселесін
«Тіл құралдың» 1915 жылғы басылымындағы А. Байтұрсынов үстеуді дербес схөз тобы деп танып, үстеу жасайтын қосымшаларды көрсетпесе де, туынды үстеулер терминін қолданады.
Үстеу сөзжасамына
қатысты біршама толық мәліметтер
С. Аманжолов грамматикасында
Наречие указывает на ризнаки действия или состояния, выраженного глрголами; наречие обазначает также признаки самих признаков, выраженных прилагательными и самым наречен» (1,81 б)
Қазақ тілі
оқулықтары мен грамматикаларында
күшейткіш үстеулер тобындағы аса,
тым, тіпті, өте сияқты тілдік бірліктер
туралы даулы мәселе толастамай келеді.
Бұл тілдік бірліктерді Қ. Жұбанов
, М. Балақаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиев
үстеуге қате қосылған деп, оларды көмекші
сөздер тобына қарастырады. С. Исаев, Н.
Бралбай ол пікірдің дұрыстығын ғылыми
негізде дәлелдеді. Н. Сауранбаев тіл
білімінің мәселелерін
Қазақ тіліндегі үстеуді алғаш ғылыми негізде зерттеген А. Ысқақов еңбегінде мына мәселелер шешімін тапты: 2) үстеулердің сөз табы ретінде қалыптасуына пысықтауыш қызметі негіз болған; үстеу қатарына көмекші есімдердің қате қосылғаны анықталды; қосымшалардың түбірге кірігу мәселесі зерттеледі. Пысықтауыш қызметі негіз болған; үстеу қатарына көмекші есімдердің қате қосылғаны анықталы; қосымшалардың түбірге кірігу мәселесі зерттелді; пысықтауыш қызметіндегі сын есімдердің сөз табы жағынан тек сын есім болып танылатыны дәлелденді үстеудің мағыналық тобының бары тілдік деректермен дәлелдейді.
Үстеудің сөз жасамы туралы мәліметтер оқулық көлемінеде ғана беріліп келеді. Сөз таптарының сөзжасамында негізгі қызмет атқаратын бірліктің бірі сөзжасамдық жұрнақтар болатын болса, үстеу сөзжасамында қатысты бұл мәселе ғылымда түбегейлі шешілмеген.
Үстеу сөзжасамындағы ерекшеліктерінің бірі септік жалғауларының түбірге кірігуі арқылы туынды үстеулердің қалыптасуы. Ғылымда ерте танылғанысен қандай кәсіп арқылы жасалу деген мәселеде әр түрлі пікірлер айтылып жүр. 1962-64 жылғы грамматикалардан қосымшалардың көнелуі арқылы жасалған деп жеке тәсіл ретінде көрсетсе, Ғ. Әбуханов морфология – синтаксистік тәсіл деп, Ә. Төлеуов, Қ. Есенов, Н. Оралбай және 2002 ж шыққан «қазақ грамматикасында сөзжасамдық жұрнақ ретінде беріліп синтетикалық тәсілге жатқызылып жүр. Сөз түрлендіруші қосымшалардың бойында сөзжасамдық қасиеттің жоғын ескерер болсақ, үстеу сөзжасамның бұл мәселесі де шешімін таппаған мәселердің бірімен саналатыны сөзсіз.
2.2.
Үстеулердің морфологиялық
Үстеу сөздерді морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан 2 топқа бөлуга болады:
Негізгі
үстеулер ден қазіргі кезде
Негізгі үстеулерге мынандай сөздер жатады: әрең, азар, (әсер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі,дереу, шапшаң, қазір, енді, бағана, ілгері, жоғары, төмен, әрі, бері, кері, әрмен тым, тіпті, аса, мүлде, әбден, ерекше т.б.
Қазіргі
кезде мүшелеуге
Сонымен, негізгі үстеулердің көпшілігі тарихи жағынан ерте кездерде әр түрлі формаларда көнеленіп қалыптасқан туынды сөздер болған. Негізгі үстеулердің үш түрлі ерекшеліктері бар:
Туынды үстеулеп деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай –ақ кейбір сөз тіркестерінің тұрақтану арқылы жасалған (л үстеуге айналып) үстеулерді айтамыз.