Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 11:13, курсовая работа
Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй –жайларын және сынның белгісін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалы мысалы, көсемшелер арқылы да білдіріледі. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш болып қызмет атқаратын ондай есім, сөздер мен етістік формалары өздерінің бастапқы қасиеттерін жоймайды.
І. Кіріспе--------------------------------------------------------------------------------------3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақ тілі білімінде үстеу сөзжасамының зерттелуі----------------------------7
2.2. Үстеудің морфологиялық белгілері, түрлері және жасалу жолдары--------9
2.3.Үстеудің мағыналық топтары------------------------------------------------------14
2.4. Үстеудің сөзжасамның жүйесі-----------------------------------------------------17
2.5. М Әуезовтң «Абай жолы» романындағы үстеулердің сөйледегі қызметі---------------------------------------------------------------------------------------20
ІІІ. Қорытынды---------------------------------------------------------------------------24
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------------26
әлемдік тіл білімінде нолдік морфеме мәселесі ерте танылды. Ресейде нолдік сибрфема, сөз жасамдық нолшдік жұрнақ мәселесі Н.Ю. шведова, В.В. Лопатин, Е.С.Кубрякова, Е.А. Земская, А.И. Смирницки й сияқты ірі ғалымдар дәлелдесе, қазақ тілі білімінде А.үОмарова қазақ тілінің сөзжасамынан нолдік жұрнақтың барын алатын көрсетті. Ғылым дамуын сырт қалмау үшін үстеу сөзжасамда нолдік сөзжасам жұрнақтың алатын орнын анықталды.
Үстеудің сөзжасам жүйесінде қарастырылған мәселенің бірі- туынды үстеулер. Туцнды үстеулер түбір үстеулер және күрделі үстеулер болып бөлінеді.
Туынды түбір үстеулердің ішкі ерекшеліктері ескеріліп іштей көне туынды түбір үстеулер және қазіргі туынды түбір үстеулер болып жіктеледі.
Көне туынды түбір үстеулерге не уәждемесін не жұрнағы дәлелдеуді қажет ететін кешкірім, тысқары, жолай, күндіз сияқты үстеулер жатады.
Қазір туынды түбір үстеулерге мұсылманша, ойлап, ағайыншылап, сияқты уәжделеді де жұрнағы да анық, қолданыста таныған түрлері жатқызылады.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі уынды үстеулер біріккен, қосарланған, тіркесті үстеулер деп жіктеледі. Мысалы, таңертең кел деді де, үйден шығып кетті. (С. Жүнісов) Зәкіржанның не айтқалы келе жатқанын Қалдыбай алдын ала біледі. (Б.Майлин)
Тілдің сөзжасамдық жүйесіне сөзжасамдық мағыналар кіреді.
Біріккен күрделі үстеулер іштей кіріккен үстеулер және кірікпеген үстеулер деп бөлінеді. Ғылымда бұрын біріккен үстеу термині қолданылып келгені белгілі.
Біріккен
деген термин жалпы атауы
2.5. М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы
үстеулердің сөйледегі қызметі
Үстеулерде сөйлемдегі өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, қызмет атқарады. Олардың өздеріне тән тиісті синтаксистік қызметінің тану үшін, біріншіден үстеулердің сөйлемде қандай сөз топтарымен тіркесетінін, үшіншіден, үстеулердің сөйлемдегі орнын білу керек.
Кейбір үстеулер жіктеліп, баяндауыш ьа болады. Мысалы, мен мұндамын, (Ғ.Мұстафин) Мен сенімен біргемін (Ғ.Сланов) үстеулер үстеулік қасиеттен белгілі тексте ғана уақытша айрылып, я бастауыш я толықтауыш бола алады. ) Мысалы , бүгін халық мейрамы.Бүгінді ертең жеңеді.(Ғ.Сланов)
Егерде бірнеше үстеу қосса - қабаттаса қоланылса, ең әуелгі орында – мезгіл үстеу, онан кейін – мекен үстеуі, одан кейін – мақсат үстеуі , себеп , сын үстеулері тұрады.
21. Көлденең көк аттыға елеусіз
ғана көрінетін туған жердің
тау-тасы, өзен-көлі, аймақ-даласы жазушының
шабытты қаламында қайтадан
22. Кейіпкерлердің қазіргі өміріне тікелей қатысы жоқ, бұрын өткен бірен-саран оқиғалар ғана еске түсіру арқылы белгілі болады. (қашан?)
23. Қазір Байдалы біржолата өзгерген сияқты, кең, баяу, байсалды үнмен тың әңгіме бастады. (қашан?)
24. Күн бата берген кезде аттарын қан сорпа қып Қарашоқыға жетті. (қай уақытта?)
25. Қазір бұл үйдің сойысы Ұлжан үйінен көп болғанға Күнке, әсіресе, күйінеді. (қашан?)
26. Былтыр Бөжей өлген күндерде басына қара тіккен ағайын қыстан бері асқа әзірленіп келген. Жазға салым, қой коздар кезде сауын айтылған. (қашан?)
27. Қазір, міне, осы ауыл Ботақанда отырған Байсалға Құнанбай жарлығын апарған Қаратай мен жорға Жұмабай. (қашан?)
28. Таң алдында бір ғана мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Бірақ әлі талған жоқ. (қай уақытта?)
29. Қазір (қашан?) Мәкіш барып қараған шақта(қай уақытта?), Абайдың мұрны мен бетінде азырақ жылтырап білінген, майда жұмсақ бір нұр білінеді.
30. Бүгін бұл сөздерде дағдылы арман емес, жалын, сенім тәрізді жарық сәуле елесі бар. (қашан?)
31. Қазір үлкен ауылдың бұл шетіндегі қолы бос жас-желең де, шүйе есіп, ұршық иірген кексе қатын, кәрі кемпір де түгелімен ауылдың екінші жағына құлақ салады. (қашан?)
32. Қазір бұл ауылдың үстінде бұрынғы барлық әбігер біткен де, енді қалың жиын Абай мен Әйгеримнің үлкен үйінің сыртында, үнсіз қадалып тұр екен. (қашан?)
33. Бүгін (қашан?) түстен бері сол аталған іргелес қалың елдер жайлауына бір үлкен бүлік араласты.
34. Бүгін біздің болыстың шетіне – Ақтомардағы Бөкеніш үстіне кеп түсті. (қашан?)
35. Өткен қыста осы Мыңжасар тағы бір жазықсыз ауылдарды қан қақсатқан екен. (қай мезгілде?)
36. Қоңыр салқын үңгірдің ішіне
ұзақ уақыт, кейде терең ойлы
сөз, кейде күлкі әзілмен
37. Бүгін Тәкежанды төсегінен шошытып, шоршытып тұрғызған және Оразбайға арашашы етіп, оны шыжық қып тұрған осындай тұсау сөз. (қашан?) Оспан бұлардың тұзақтарын үзіп талқан етті. Дәл мынадай бұрқ етіп шыққан өрт үстінде Тәкежан құда бола алмайтын болып қалды.
38. Әбіш биыл (қашан?) да жазғы (қай мезгілде?) демалысқа елге қайтқан. Бірақ бұл жаз (қай мезгіл?) соншалық басқа бөтен. Бала шағынан бері елге келіп жүріп, дәл қазіргідей жүдеу жүз, жадау көңіл аға-бауырын, аулын да білген жоқ-ты.
39. Ол қыс ортасында (қай мезгілде?) өзінің Жидебайдағы қыстауында Еркежан үйінде ауырды. Жаратылысында алып денелі Оспан соңғы жылдар (қай уақытта?) ішінде қатты семіріп кеткен еді.
40. Алғашқы үш күн бойында әкесінің қасында болған Әбіш, қазір (қашан?) Абайдың да үлкен уайымда екенін көрді. Бір Абай емес, биылғы жыл осы отырған бар ағайын, көп ауыл тегіс қаралы. (қашанғы?)
41. Күндіз (қашан?) болған жайды естігеннің үстіне Абай бағана (қашан?) түс ауа (қай мезгілде?) Мағаш пен Дәрменді жұмсап, шығасы кеткен егіннің анық жайын білдірген.
42. Әкесінің бүгін (қашан?) өзгеше қапаланған күйін естіген Әбіш кешке жақын (қай уақытта?) Абай отырған оңаша үйге әдейі жалғыз келеді. Мұндай жайын Абай бүгін (қашан?) Әбіштен жасырған жоқ.
43. Бүгін бұлардың арасында кеше соққы көрген мырзалардың да жүргені бар. (қашан?)
44. Бүгін (қашан?) таңертең (қай уақытта?) Абайға болыстың атшабары келіп бір топ хат, қағаз әкелді.
45. Бүрсігүні Абай жүріп кетеді. (қашан?) Соңғы күні барды шешіп, бетті ашып қалу керек. (қай уақытта?)
46. Мезгіл кешке тақаған болса да, сентябрь айының (қай мезгілінде?) бүгін (қашан?) ерекше жылы болған ашық күні әлі де салқындаған жоқ . (қашан?)
47. Бұрын (қашан?) бөгелмей жүріп келе жатқан жандарал, енді (қашан?) Абайдың жарым адымдай кейін басты да, жалт қарады.
48. Биыл (қашан?) қыстың басы адамға да, малға да әзір аса жайлы боп тұр.
49. Бүгін келіп жатқан қонақтармен бірге қызық сауық, көңілді өнер қоса келетінін Әйгерім жақсы білетін. Шын, бүгін Ақшоқыға өздерінің соңғы өнер табыстарын асығып әкелген өнерпаздар аз емес. (қашан?)
50. Қара түнде мешіттің түбінде
жүресінен отырған бұл топтың көбі үнсіз,
жабырқау. (қай мезгілде?)
Қорытынды
Жалпы тіл
білімінде үстеу түрліше
Үстеу қимыл-әрекеттің жай күйін, оның қанша ? қайда?қалай? жасалғанын білдіреді. А.Ысқақов, С.Исаев сөздері сөз таптарына жіктеуде семантикалық принципті негзге алады.Осы пікірге сүйене отырып, үстеу деп танылған сөздер үстеудің негізгі мағынасына сәйкес келуі керек деп танылады.
Үстеу мағынасына байланысты сөйлемде пысықтауыш қызметін тұрақты атқарады. Мысалы: Институтты биыл бітірді. (С.Жүнісов) Ол лезде келе қалды. (С.Мұқанов) Алайда пысықтауыш қызметіндегі барлығы үстеу бола бермейді, сондықтан лексикалық мағынасы жағынан қимылдың жай – күйін білдіретін болғандықтан, етістікпен тіркеседі. Мысалы:күнімен жүрді, оқтын – оқтын келеді. Сөздерді тапсыруда М.Балақаев, С.Исаев олардың тіркес жасау қабілетін негізгі белгісі ретінде ұсынады, соған сәйкес үстеулерді тіркес жасау қабілеті өзіндік белгілерінің бірімен саналды. Үстеу түрлемейтін сөз табы.Үстеудің осы белгісіне байланысты ғалымдар пікірлерін саралай келе, үш топқа жүктеуге болады. Үстеу түрленбейтін сөз табы деген пікірді жақтайтын ғалымдардан Н.К.Дмитрий , А.Н.Кононов , О. Джамалдинов, М. Щербак, А.М.Азиабаев Я.С.Псянчин,Э.З. Тасайнаева, Е.Саурықтарды атауға болады. А.Ысқақов,С.Фузаилов, А. Ақперова үстеу ішінара түрленеді деген пікірді жақтайды. Оны А.Ысқақовтың үстеуге берген анықтамасынан көруге болыады (үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін лексика-семантикалық жағынан өз алдынатоп болып қалыптасып, сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз).Ал К.М.Мұсаев, Ә.Ыбырайым үстеуді түрленетін сөз табы деп санайды.Үстеудің өзіне тән грамматикалық категориясы деп, сондықтан ғалымдар үстеуді түрленбейтін сөз табы деп сипаттаған.