Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:25, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «Алыптар тобындағы» ірі журналист, ағартушы, прозаик және қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері Сәбит Мұқановтың алатын орнын анықтау. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................2
1.1. С. Мұқанов – қазақ әдебиетінің
көрнекті қайраткері.................................................................................3
1.2. Поэзиясы.............................................................................................5
1.3 С. Мұқановтың прозасы...................................................................11

ІІ. Негізгі бөлім: С.Мұқановтың «Ботагөз» романы
2.1. «Ботагөз» романы ...........................................................................14
2.2. Романдағы Ботагөз бейнесі...........................................................16
2.3. Романның көркемдік
ерешелігі............................................................................. ................24
ІІІ. Қорытынды.............................................................................................. 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................28

Работа состоит из  1 файл

с мукановi.doc

— 377.50 Кб (Скачать документ)

 

тарихына енді.

 

  Сәбит Мұқановтың алғашқы прозасы  «Адасқандардан» басталады

 

(1928).

 

      Бұл   роман   1927—28   жылдары   болған   оқиға   негізінде   жазылған.

 

1959  жылы   ұзақ   жылдар   бойғы   сын   мен   ескерту пікірлерді ескере

 

отырып, жазушы романды өңдеп, толықтырып «Мөлдір махаббат» деген

 

атпен шығарды. 1962 жылы роман орысшаға аударылып «Светлая любовь»

 

деген атпен басылды. Роман едәуір өңделіп толықса да, негізгі оқиға

 

бұрынғыша сақталған. Романда Бүркіт пен Бәтестің махаббат тарихы

 

айтылады. Жазушы 1927 жылы кісі өлімі қаралған сотта қоғамдық

 

айыптаушы болып сөйлеген. Сот ісі Бүркіттің Мүсәпірді өлтіруінен

 

басталады. Ескі әдет-ғұрыппен шырмалған ауыл адамдары, әсіресе байлар

 

Бүркіт пен Бәтестің қосылуына қарсы болады да, Бәтес қалаға оқуға кетеді.

 

Осы кезде  Мүсәпір оны алдап қолға түсіріп үйленеді. Әрі таптық өші бар, әрі

 

қызғаныш  буған Бүркіт Мүсәпірді атады. Жазушы романға осы оқиғаларды

 

арқау еткен. Бірақ бар мәселе от басындық мөлшерде, үйлену-үйленбеу, сүю-

 

сүймеу сияқты мәселенің төнірегінде қалмайды, таптық, қоғамдық, жалпы

 

әлеуметтік жайлар терең қозғалады. Оқиғаның өсіп-өрбуі, шиеленісу, кейін

 

шешілуі көбіне осы қоғамдық мотивтерге байланысты жүріп жатады.

 

Мәселен, Бүркіттің әкесі кісі жалдаған ірі бай есебінде сотталады. Оның

 

ұлтшыл жақындары да, ауыл мен қалада бірдей ден алып, күшейіп келе

 

жатқан жаңа кеңестік тәртіптің нәтижесінде ығысып, інге қуып тығылған

 

қасқырдай ызаға булығады. Елде жаңа жер бөліс басталады, кәмпескелеу

 

жүреді. Бұл сәтте таптық өшпенділік күшейіп, қастандық, жаулық істеу үшін.

 

байлар бар әдісті қолданады. Соның бірі — Бүркітті қол шоқпар ету. Ол өзі

 

де осыған даяр жан. Ақырында, алданған, қорланған Бәтес (ол да байдың

 

қызы) шырмауда, адасқан жан есебінде өкініш пен күйініште қалады.

 

Романның алғашқы аты осыдан шыққан. Бірақ автор кейінгі нұсқасында көп

 

өзгерістер енгізіп, Бәтес махаббатын таза, мөлдір махаббат етіп суреттеп, оны   романның   ұнамды   кейіпкері   ретінде   көрсеткен.

 

  Жалпы алғанда «Мөлдір махаббат» кезінде оқушы жұртшылықтың көп

 

назар аударып, көп сын, ескерту айтқан, бірақ сүйіп оқыған шығармасы

 

ретінде әдебиет тарихына енді. Тап күресінің күшейіп, қанаушылардың тап

 

жауы ретінде  күйреу кезеңіндегі сан алуан оқиғаларды алып, оларды жаңа,

 

кеңестік  тәртіп әкелген талаптар тұрғысынан талдап көрсеткен жазушының

 

шын-шыл романы бүгін де қызыға оқылатын идеялық-көркемдік үлгісі мол

 

туынды болып отыр. Әсіресе езілген таптың еңбекші шаруалардың

 

психикасындағы өзгерістер жақсы көрсетілген. Еркін, Шоқпыт сияқты

 

бұрын бай есігінде жүрген жалшылар, енді жер мен суға өздері ие бола

 

бастайды, мұнан олардың  өкіметке деген сенімі артып, жеке меншіктің

 

орнына колхозға ұйымдастыру  қажеттігіне көздері жетеді; өйткені  онда күш

 

молаяды, табыс   көбейеді   деп   ойлайды.

 

Кейінгі жылдарда очерк, әңгіме, повесть, романдарды С. Мұқанов көп

 

жазды. «Алтын аймақ», «Каспийге саяхат» сияқты ірі-ірі очерктер жинағы

 

шықты. «Балуан Шолақ» (1944) повесін, «Сырдария» (1949) романын

 

жазды.

 

 Әрине, осынша жақсы, көркем жазылған, роман, повестердің ішінде ең

 

жоғары баға алып, кезінде халықтың төл шығармасындай болып кеткен

 

«Ботагөз» романын ерекше атап айту қажет.

 

2.1. «Ботагөз»   романы

 

Әуелде роман «Жұмбақ, жалау» деген атпен 1938 жылы басылып

шықты. Кейін автор көпшілік оқушылардың сұрауымен және біраз өңдеу,

толықтыру енгізуге байланысты кітаптың атын «Ботагөз» деп өзгертті.

Мұнысы өте орынды еді. Өйткені романда бастанаяқ айтылатын кейіпкер,

бүкіл оқиғаны, сюжетті  ұстап тұрған басты бейне — Ботагөз қазақ қызының

бейнесі.

 

Алдымен «Ботагөз» романы кезінде қазақ әдебиетінің тарихында сапасы

 

жағынан өскен әдебиеттер талабын көтере алатын, бірден-бір күрделі

 

оқиғалы, сақа туынды аталғанын  айту жөн. Осы күнге дейін сан рет басылып,

 

оқушысын тауып отырған  бұл шығарма бүкіл кеңестік дәуірдегі  әдебиет

 

қорының төрінен орын алды, орыс тіліне аударылуы арқылы Кеңес Одағының

 

көптеген халықтарының сүйіп оқитын кітабына айналды. Өйткені роман

 

оқушысын, біріншіден, көркем жазылған, сом соғылған туынды болуымен

 

тартса, екіншіден, онда айтылмақ жайттар көптеген ұлттардың, әсіресе Орта

 

Азия халықтарының барлығының дерлік басынан кешкен қиын-қыстау хал-

 

деріне ұқсауымен, яғни патшалық Ресейдің бұрын отарлы ел болып келген

 

халықтарының көкейкесті жайын баяндауымен тартты.

 

   Бұл сәтте айта кететін жәйт қазір романға көзқарастың өзгеруі КСРО

 

құлағаннан  кейін большевиктер партиясының Кеңес өкіметінің романда 

 

дәріптелуі артық, қате деп танылып отыр.

 

    Романда қазақ халқының ұлттық сипаттары, дәстүрі, әдет-ғұрпы, мінез

 

құлқы, қоғамдық, саяси іске араласуы және оны ұғуы, ғылым-білімге,

 

болашаққа ұмтылуы, революцияны  түсінуі және оның соңынан адал сенген

 

пейілмен  еруі, осы жолда асқан ерлік, батырлық мінездер көрсетуі романда

 

большевиктер  партиясы қойған талап тұрғысында   көрсетіледі.

 

   Оның үстіне қазақ халқының осы романда суреттелетін кезеңдегі хал-

 

жайы өз алдына бөлек, томаға-тұйық баяндалмайды, бүкіл Ресей өмірімен,

 

ондағы алуан қырлы, мың сырлы оқиғалармен байланыстырыла айтылады.

 

Өйтпейінше, тарихи шындық сақталмаған болар еді. Жазушы бұл  шындықты

 

берік сақтайды. Әсіресе Ресейдегі төңкеріс қозғалыстар мен ағымдар XX

 

ғасырдың бас кезінде Столыпин реакциясы тудырған айдау, қысымдар салда-

 

рынан кейін, жаңа өрлеулер тудырған кезеңдер, патшалық Ресейдің

 

Германиямен соғысы, яғни дүние жүзілік бірінші  соғысқа араласуы — мұның

 

 

бәрі алыстағы Қазақстанда елеулі, яки зардапсыз өтіп жатқан оқиғалар емес-

 

ті. Жазушы шыншыл суреткерлікпен осындай алуан түрлі оқиғаларды

 

қамтып, олардың құяр арнасын, негізгі желісін тапқан.

 

  «Ботагөз» романы композициялық құрылысы жағынан үлкен үш  

 

бөлімнен   тұрады.

 

   Бірінші бөлім «Тұңғиықта» XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қауымын

 

суреттеуге  арналған, екінші бөлімі «Таң атарда»  қазақ, ауылында бай мен

 

кедей арасындағы наразылықтың үдей түсуі, әсіресе 1916 жыл оқиғасына

 

байланысты, патшаның маусым жарлығы салдарынан ұлт-азаттық

 

қозғалысының тууы сөз болады, үшінші бөлімі «Күн күлімдегенде» қазан

 

төңкерісі кезеңін, онан соңғы азамат соғысы жылдарын қамтиды.

     

       Сонымен, романның үш бөлімінде бас-аяғы он-он бес жылдың оқиғасы

 

айтылады. Бірақ бұл тек Қазақстан көлемінде ғана емес бүкіл Ресей тіпті

 

дүние жүзі көлемінде шын мәнісіндегі тарихи оқиғаларға толы кезең еді.

 

Патшалық  Ресейдің сонау отарлы аймағы Қазақстан  қаймағы

 

бұзылмастан феодалдық  салт-сананың шырмауында еді. Атқамінерлер мен

 

феодалдардың, байлардың кедейлерді, жарлы-жақыбайларды қанауының

 

шегі жоқ. Әсіресе патша  шенеуніктерінің озбырлығы, болыс,

 

ауылнайлардың зорлық-зомбылығы  қарапайым халықты қорлауға дейін

 

баратын.

 

      Осындай тап қайшылығы шиеленіскен  аймақта патшаның 1916 жылғы

 

маусым жарлығы, майға от кұйғандай, наразылықты бірден бұрқ еткізді. Бұл

 

жарлық бойынша  қазақ және басқа шығыс халықтарынан майданға, қара

 

жұмысқа адам алынатын болды. Біріншіден, патша 1914 жылғы дүние

 

жүзілік соғысқа араласып, елді күйзеліске, сансыз құрбандыққа  ұшыратса,

 

екіншіден, сол жөнсіз соғысқа жаппай адам жинау туралы жарлығымен

 

бұрын сырттай болса да, бейбіт отырған ұлттардың ашу-ызасын келтірді.

 

Ауыл атқамінерлері  маусым жарлығын өздерінше орындап, байлардың, би,

 

болыстың  балаларын алып қалып, оның орнына жасы толсын-толмасын,

 

жылатып-еңіретіп кедей, жарлылардың балаларын тізімге ала бастады. Итбай

 

сияқты болыстар өз өктемдігін баса-көктеп жүргізді. Романдағы алғашқы

 

шиеленіс осы мәселенің  төңірегінде болып, ақыры көтеріліске  шыққан

 

халық Итбайды өлтреді, бірақ алға үлкен мақсат қоя алмаған, ұйымдасу

 

жағын ойдағыдай  келтіре алмаған жұрт жеңіліс  табады. Амантай сияқты

 

басшылары қуғынға ұшырайды.

            

 

      2.2.  Романдағы Ботагөз  бейнесі

        

 

           Романның  атына  лайық  оның  ең  басты кейіпкері, әрине, Ботагөз.

 

Қазақ поэзиясы мен прозасында сондай-ақ драматургияда сол кезеңде дәл

 

Ботагөздей қазақ қызының бейнесі жасалмаған еді. Рас, ауыз әдебиеті

 

туындыларында, түрлі  аңыз, ертегілерден алынған шығармаларда, жаңа

 

өмірге арналған алғаш  повесть, әңгімелерде ондай кейіпкерлер болды.

 

Мәселен, Сәкен  Сейфуллиннің Айшасы, С. Мұқановтың Сұлушашы, т.б.

 

Бірақ жаңа өмір үшін саналы күреске шығып, өмірдің ащы-тұщысын татып,

 

қоғамдық-саяси іске белсене араласып, қазақ қызына тән сан алуан қасиетті

 

толық көрсете алған кейіпкер — Ботагөз. Тарихи кезеңнің қиын-қыстау

 

жылдарында өсіп, ер жеткен, оқу, білім алуы да сан қилы оқиғалармен  тұс

 

келетін, бірақ саналы күрескер болып қалыптасуына әсіресе  тұрмыс

 

сабағының әсері көп болған Ботагөз жаңа заман табалдырығын аттаған бүкіл

 

қазақ әйелінің бейнесін елестетеді. Тап Ботагөздей өсіп, мықты, білікті

 

қайраткер болып отытрған әйелдер көп. Бұл Ботагөз бейнесінің кездейсоқ

 

емес, типті бейне екенін, жалпыға ортақ, көпке тән бейне  екенін аңғартады.


 

Жазушы Ботагөздің саналы күрескер қатарына қосылуын оқушыға бірден


 

тартпай, кейіпкердің  толып жатқан соқпақ жолдарымен келгенін шебер

 

көрсетеді. Яғни ағасы Балтабектің қолында өскен  Ботагөз ақ пен қара

 

қайсы, әділет пен әділетсіздік қайсы, бай не дейді ал соның жалшысы болып

 

жүрген Темірбек не дейді  — мұның бәрі зерделі қыз бірте-бірте  біліп, көңілге

 

тоқи береді. Романда Ботагөздің өмірге деген көзқарасының қалыптасуы

 

нанымды баяндалады. Атасы Кенжетайды урядник Кошкин сабапты дегенді

 

естігенде Ботагөздің қаны қайнайды. «Ботагөздің Кошкинді атарға оғы

 

болмайтын еді оны  жек көргендіктен, егер көшеде қарсы ұшыраса, бұрылып

 

кететін еді; Кенжетайды Кошкиннің ұрғанын Ботагөз кімге айтуды білмей,

 

іштен кіжінетін еді. Кеше, губернатор келгеннен бері оны ең жоғарғы әкім

 

және әділдік иесі деп түсінген Ботагөз: «Реті келсе, айтармын-ау» деп ойлап,

 

«реті келмейді ғой, губериаторға жолықпаймын ғой!»— деп өкінген  еді.

 

Міне, енді реті кеп қалғанын Ботагөз білді». Бұл үзіндіден Ботагөздің әлі

 

ысылмаған, ақ көңіл жан екені көрінеді. Өйткені губернатордан әділдік іздеу

 

қасқырға барып жүгінгенмен барабар еді. Әйтсе де көз қылып, Кошкинге

 

губернатор ұрысқан  болады. Бірақ, әрине, қайшылық мұнымен жарасып кетпек емес. Ботагөз оны кейін ұғады.

 

Ботагөзді екінші ширатқан жай — жексұрын Йтбай болыстың оны

 

айттырмақ болғаны.  Нағашысы Амантай осыны ойлап, өзіне мынадай   серт  

 

береді.   «Жоқ,—   деді   ол   ішінен   өзіне-өзі   жігер беріп,—   мен   бұл іске  

 

енді   белімді   байламаймын.   Мен   өлмей, Ботагөзді Итбай ала алмайды.

 

Табанына қадалған шөгір  маңдайыма қадалсын дейтін Ботагөздің әкесі —

 

енді мына мен». Барлық ағалары, туған туысқандары Итбайдың бұл

 

пиғылына наразылық білдіріп қарсы тұрады. Мұның аяғы екі жақты бірдей

 

өшпенді етіп, Итбай болыстың сан қилы зиянкестік дұшпандық әрекетіне

Информация о работе Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романы