Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:25, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «Алыптар тобындағы» ірі журналист, ағартушы, прозаик және қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері Сәбит Мұқановтың алатын орнын анықтау. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................2
1.1. С. Мұқанов – қазақ әдебиетінің
көрнекті қайраткері.................................................................................3
1.2. Поэзиясы.............................................................................................5
1.3 С. Мұқановтың прозасы...................................................................11

ІІ. Негізгі бөлім: С.Мұқановтың «Ботагөз» романы
2.1. «Ботагөз» романы ...........................................................................14
2.2. Романдағы Ботагөз бейнесі...........................................................16
2.3. Романның көркемдік
ерешелігі............................................................................. ................24
ІІІ. Қорытынды.............................................................................................. 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................28

Работа состоит из  1 файл

с мукановi.doc

— 377.50 Кб (Скачать документ)

 

апарып соғады. Бұл — заңды да. Өйткені Ботагөз  от басының ғана  қамын

 

ойлайтын, малдыға барып, көптің бірі болып отыратын қарапайым  қазақ

 

қызы емес. Мұны жазушы басты кейіпкердің бірі Асқар ойымен айқындай

 

түседі. «Қазақтың қандай ақылды, көрікті қызы надан ауылда, ең жетілді

 

дегенде тәуір күйеуге  тиіп, өз қара басынан аса алмайтын, үй күңі болатын

 

еді. Оқыған, әлеумет ісіне  даярланған қазақ әзірге жоқ. Байдың қызы оқыса,

 

түпкі мақсаты — отбасында ана болу. Ботагөз — кедей қызы, дер шағында

 

оқуға түскен. Тұлғасында, мінезінде кісі боларлық белгілер бар. Олай болса,

 

түбінде бұдан әлеуметтік адам шығуында сөз жоқ». Ауыл мұғалімі Асқардың

 

осы ойы кейін жүзеге асады.

 

Ботагөзге тән қасиеттер әділдік, білімге. ұмтылу. Жақынға

 

жақсылығын аямау, арын таза ұстау, өмірге, махаббатқа, жақсылыққа сену,

 

босқа торықпау, досқа берік, дұшпанға қатал болу, әр істе батырлық,

 

батылдық көрсету, үйренуден  жалықпау, өзгеге үйретуден бас тартпау,

 

міне нағыз ұнамды кейіпкерге лайық осындай жақсы қасиеттер Ботагөздің

 

басына орнаған. Әрине, жазушы осының бәрін өзі баяндап, Ботагөздің

 

жақсылығын істе көрсетпесе, оқушы оған сенбес еді. Ботагөз бейнесінің

 

шыншылдығы, нанымдылығы сол, ол әлгі қасиеттердің бәрін өмір

 

жолында, күрес, сын үстінде  көрсетеді; оның еңбекшіл, қайырымды, өмір

 

тәжірибесі мол, ақылды, халықтың қалын ортасынан шықан  адал жан екені

 

толып жатқан іс-әрекеттер  үстінде байқалады, жазушы оның басына бар

 

тауқыметті үйеді де,  оны жеңдіреді.

 

1914—1916 жылғы аласапыран  кезінде Ботагөз Амантай тобымен

 

бірге, хатшы болып істейді. Орманға тығылған отрядпен ыстықты да,

 

суықты да бірге көреді. Амантай тобында соғысқа қатысуға да бар. Әйел

 

бала болған соң қиын болар, ел жаққа барып паналағаның  дұрыс деген

Амантай кеңесіне Ботагөз: «Мұндай арпалыс шақта қару асынып, ерлердің

 

қатарында майданға шыққан талай әйел бар. Мына Асқар балаңыз біледі.

 

Франция деген елдің  Жанна Д,Арк деген батыр қызы болған, орыстың

 

Надежда Дурова деген  батыр қызы болған»,— деп жауап  береді.

 

Ақтармен соғыс кезінде  тұтқынға алынып хабар-ошарсыз кеткен

 

туыстары мен Асқарды  Ботагөз зор үмітпен күтеді. Кішкене  сәбимен от

 

басында қалса да, өзін революция солдаты деп түсініп, солдатша

 

қимылдайды. Ақтар қалаға қайта келген кезде (олар атып кеткен көп өлік

 

ішінен Амантайдың өлігін іздейді ) Мадиярдан Асқармен жолығуды өтініп,

 

бірақ онан ештеңе шығара алмайды, ретін тапса, үйленіп, немесе қорлап

 

кеткелі жүрген Алексейді тұтқындайды, тап осындай пиғылмен

 

жарамсақтанған Итбайдың баласы Сарыбастың торынан құтылады - осындай

 

қиын-қыстау кезеңдерде асқан ерлік, табандылық көрсетеді. Оның нағашысы

 

Амантай, сүйген жары Асқар  дегенде жүрегі қарс айрылып, бар қолдан

 

келген жәрдемін жасауға ұмтылады.

 

Романның ақырында Шалқар көлінің ортасындағы дінгек таста  тұрып

 

Ботагөз атқан таңды  қарсы алады. Сол тасқа келіп тығылған Алексей

 

Кулаков қаны қайнап, қасында тұрған Ботагөзді атып тастауға бата алмай,

 

тығылған. үңгірінде қала береді. Мұның өзі үлкен ойды аңғартатын сурет.

 

Енді оқ атып бәйге  ала алмайтынын білген жау, қарсыласуға шамасы

 

келмей, тығылады.

 

Ботагөздің ескі салт-сана шеңберінде қалмай, осындай жоғары сатыға

 

көтерілуіне оқып білім алуы үлкен себеп болғанын, онан соң мұғалім

 

Асқардай саналы күрескерден  үлгі-өнеге көруі де сеп болғанын романнан

 

айқын байқауға болады. Жазушының роман соңында «күн көзіндей жарық

 

бар Ботагөздің көзінде, телегей-теңіз тарих бар Ботагөздің сөзінде» дегені —

 

Ботагөз бейнесінің бүкіл шығармадағы кейпін, аңғартып тұрғандай.

 

Асқар — шығармадағы ең басты кейіпкердің бірі. Ол — қазақша да,

 

орысша да білімді, жаңа типтегі адам. Алғаш жолын бала оқытудан бастаған

 

Асқар 1916 жыл оқиғасы  ортасында болып, көз жасын бұлаған кедейлердің

 

мүшкіл халін, патша  шенеуніктері мен болыс-билердің зорлық-зомбылығын 

 

көзімен    көреді.

 

Асқардың алғаш саяси сезімінің оянуын жазушы әр түрлі жағдайлар

 

арқылы байқатады. Мәселен, айдауда жүрген Кузнецовпен бірінші

 

әңгімелескенде, ол Ресейде әр қилы саяси партия барын, олардың

программалары да әр басқа  екенін түсінеді.

 

Романовтар тұқымының  таққа отыруына 300 жылдығына Итбайдың,

 

тілмашы болып Петербургке  барған Асқар ондағы тұрмыс-салтпен таныса

 

жүріп, көптеген саяси  кітаптар оқиды.

 

         Петербургтегі ұсталу (маркстік әдебиеттер оқығаны үшін) Асқарды

 

онан әрі ширатады. Алыстағы Шу бойына жер аударылады. Құлаққа ұрған

 

танадай тыныш осы шығандағы елде газет-журналсыз, ешбір я мәдени, я

 

саяси хабарсыз Асқар аттай үш жыл өткізеді. Омбыдан ерік берілген, әрі

 

шақыртқан қағаз  алып, Асқар Итбай ауылына, онан соң Амантай тобына

 

келгенде, күрестің, көтерілістің жаңа қызып келе жатқан үстінен шығады.

 

Мұнан соңғы жол — ең қиын, ең қауіпті жол. Бірақ саяси жағынан шындалған

 

Асқар алған беттен тайсалмай, ұйымдастыру жұмысына кіріседі. Амантаймен

 

ақылдасып Петербургке  екінші рет барған Асқар Ресей орталығындағы хал-

 

жаймен тағы танысып қайтады. Большевиктер оған қазақтың еңбекші 

 

көпшілігінің  көтерілісін  басқаруды тапсырады.

 

  Ақтармен соғыс кезінде Асқар өз елінің, жұртының алдындағы борышын

 

толығынан орындайды. Бір кездегі интеллигент әбден шыныққан революция

 

солдаты болады. Жазушы суреттеуі бойынша әріден келе жатқан жаулардан

 

алашорда  жетекшілерімен талай айқаста Асқар табанды большевик, күрескер

 

екенін танытады.

 

Асқар бейнесімен жазушы қазақтың дарқан даласынан шыққан оқыған,

 

әділ азаматты көрсеткен. Бауырмалдық, тапқырлық, мақсатына беріктік, әр

 

істе сабырлылық, төзімділік ету кейіпкердің аспай-саспай ақылмен

 

қимылдайтын қалпына жарасып тұр. Адамды сүю, әділетті, шындықты

 

жақтау, әлсізге болысу — мұғалім болып, бала тәрбиелеп, білім таратып

 

жүрген адамға бірден-бір лайық іс. Мұны жазушы аса нанымды суреттейді.

 

Асқардың Ботагөз үйімен араласып, Сағит сияқты жастарға

 

мейірімінен осы бауырмалдық  байқалса, Итбай, Кулаков сияқтылармен

 

қатынасынан оларға деген өшпенділік айқын көрініп отырады. Әуелде

 

осындай жек  көру, не жақсы көру ретімен орнаған қатынас, кейін нағыз

 

қайшылыққа, бітіспес мүдделердің қатынасына айналады. Асқар өсуіндегі

 

эволюция, — жазушының  үлкен шеберлігі, тапқырлығы. Өйткені Асқар

 

әуелден белсенді күрескер болды десе, оқушыға нанымсыз болар еді. Ескі

 

қазақ аулы жағдайында ол мүмкін емес. Жалпы наразылық бола тұрғанымен

 

оны белгілі  бір бағытқа сілтеу үшін, қателеспеу үшін саяси білім керек. Көтерілістің қызған кезінде Амантаймен кездескен Асқар ойынан осы саяси

 

арнаны іздейтіні көрінеді. «Жұрттың қимылына, сөзіне қараса,— деп

 

ойлайды Асқар, — тауға  беттеген өзендей жоғары көтеріліп келеді, көтеріліп

 

келеді. Тасымай  қояр түрі жоқ оның, бірақ қайда ақтарылады тасыса, оны

 

білер бұл топта ешкім  жоқ».

 

Қазіргі көзбен қарасақ, жазушы, әрине, «ұлтшылдар» жайында әділ баға

 

айта алмаған. Мәселен, ақтарға қосылып, соның сойылын соғып жүрген

 

ұлтшылдардың  «қазағым», «халқым», «ұлтым» деп зарлаулары да Асқарды

 

дұрыс жолдан тайдырмайды  дегенді уағыздайды автор. Өйткені  олардың

 

таптық мүддесі тіпті басқа. Оқыған Базархан, елдегі Мадияр сиқтылар

 

ақтардың қол шоқпары болып айдалада қалады. Итбай сияқты болыстар

 

1916 жыл кезінде жазасын алады. Мұның бәрі — тарихи шындық. Жазушы;

 

Асқар бейнесі арқылы қазақ халқы өткен осы тарихи жолды көрсеткен.

 

Асқар — қазақ халқының барлық жақсы қасиеттерін бойына жинаған кейіпкер.

 

Оның әрбір қылығына, жалпы адамгершілік сипатына оқушы сүйсініп

 

отырады. Ұнамды кейіпкерді жасағанда жазушы оқушы қауым соны көрсін,

 

ұқсын, үлгі алсын дейді. Ондай парасатты адам Асқар — романның жарқын

 

жақтарының  бірі.

 

Ботагөздің  нағашысы Амантай - кедей шаруа адам. Аулы бөлек. Жиендері

 

Балтабек, Кенжетай, Ботагөз аулына анда санда соғып  тұрады. Бүркіт салып

 

аңшылық етеді. Көтеріліс жылдары келгенше Амантай осындай момын жан

 

есебінде танылады. Әрине, Итбай, Кулаков, Кошкин сияқтылардың

 

зұлымдық  қылықтарын ол біледі, өшпенділік бірте-бірте есейе, өсе береді.

 

Ақыры осы өшпенділік Итбайды өлтірумен тынып, әрі  қарай ашықтан

 

ашық күрес  жолына  апарады.

 

Амантай Ботагөз бен  Асқар сияқты оқыған адам емес. Қара танымайды.

 

Бірақ өмір мектебінің сабағын олардан көбірек алған. Сондықтан да көкірегі

 

де, көзі де қырағы. Амантай романда батыл қимылды, ер жүрек, әлді, қызу

 

қанды адам болып  суреттеледі. Осындай өзіне тән ерекше батырлық

 

мінездерімен ол басқалардан  бөлек, оқшау көзге түседі. Бірақ ол ожар емес.

 

Шапшан шешімі сырт қарағанға болмаса, көп ойланып-толғанудан басқа

 

айла жоқтықтың нәтижесі екені роман барысынан анықталып отырады.

 

Солдатқа адам алу кезіндегі ала-сапыранда қолға түсіп, каторгаға айдалған

 

Амантай, қайтып келіп орманға  тығылады да, тобын кебейтіп, Итбайға қарсы

 

соғысын   күшейтеді.    Амантай    Сібірде   айдауда    жүріп    «патша өкіметінен, оның тірегі — байлардан құтылмай, еңбекші көпшілікке жарық жоғын»

 

түсінед.  Патшаны құлату да ең зор күш — орыс халқы екенін де Амантай

 

жақсы  ұққан.

 

Өмір толқыны талай рет Амантайды жағаға жаңқадай лақтырса да, ол

 

қайта ұмтылып, өрге, айдынға  қарай жүзе береді. Алынбаған кек бір қуат

 

берсе, ісінің әділдігіне сену, құлаған патшаның құйыршықтары — ақтарды

 

жоймай тыныштық жоғын ұғыну екінші күш береді. Сан рет ұсталып, сан

 

рет қашқанда Амантай  алған бетінен бір рет те қайтқан емес. Онда тайсалу

 

жоқ. Тек беріктігінің арқасында ғана ойлаған мақсатына жетеді.

 

   Жазушы  Амантай  бейнесі  арқылы  кедей  шаруадан  шыққан қазақтың

 

қарапайым адамының революцияға  деген ықыласын танытқан.   Патша

 

үкіметінің   құлап,   жаңа   Кеңестер   өкіметінің еңбекшілер     өкіметінің

 

орнауын     бүкіл     езілген     халықтар қуанышпен қарсы алғаны мәлім. Сол

 

көп халықтың,  бұқараның өкілі — Амантай. Қазақ даласынан Амантай

 

сияқты талай ерлер шығып,   Қазан   төңкерісінің   ұранын   бүкіл Қазақстанға  

 

таратуға ұйытқы болғаны тарихтан белгілі.  Мәселен, азамат соғысының

 

батыры  Амангелді   Иманов   -   осындай адам.  Амантай  бейнесінде оның

 

іс-әрекетінде Амангелді  сияқты батырға лайық жайттар көп. Бұл  Амантай 

 

бейнесінің  шынайылығын, имандылығын  танытады. Романның соңында

 

Асқар, Кенжетайлармен бірге Шалқар көлінің ортасында    Ботагөзбен   

 

көріскен    Амантайдың    қалпы    азаппен, қуғынмен   өткен   түнек   өмірдің  

 

артта   қалып,   енді   атып   келе қатқан  таң    шапағымен   бірге   бақытты   

 

заман    басталғанын  байқатады.  Амантай  —  сонау  он  төртінші,   он 

 

алтыншы  жылдардан  бастап түскен қиын, бірақ қасиетті азаттық жолының

 

талмай     келген     жолаушысы,     күрескері.     Адамгершілік,     ізгілік,

 

ақылдылық,  осымен бірге  батылдық, өжеттік,  қайсарлық Амантай 

 

бейнесінің ерекшеліктері.

 

                   Романда   ұнамды   кейіпкерлермен   қатар, бірнеше ұнамсыз кейіпкер

Информация о работе Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романы