Түркі тілдерінің қалыптасуындағы кезеңдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:55, лекция

Описание

Түркі тілдерінің қалыптасуында Алтай дәуірі Түркі тілінің дамуындағы Алтай дәуірі – мерзімі жағынан әлі анықталмаған,ғалымдардың арасында дау туғызып келе жатқан мәселелерінің бірі. Türk dillerinin gelişme çağlarından olan Altay devri, zaman devri yönünden hala kesinleşmemiş, bilim adamları arasında tartışılagelen meselelerden biridir.

Работа состоит из  1 файл

Алтай дәуірі кезеңі.docx

— 49.33 Кб (Скачать документ)

Түркі  тілдерінің қалыптасуында Алтай дәуірі Түркі тілінің дамуындағы Алтай дәуірі – мерзімі жағынан әлі анықталмаған,ғалымдардың арасында дау туғызып келе жатқан мәселелерінің бірі. Türk dillerinin gelişme çağlarından olan Altay devri, zaman devri yönünden hala kesinleşmemiş, bilim adamları arasında tartışılagelen meselelerden biridir.

Тілдерді салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеп,туыстық жақындығын анықтағанда олардың ортақ беогілеріне  сүйену қажеттігі жоғарыда айтылған болатын. Dilleri karşılaştırmalı tarihi metodla araştırarak, akrabalık ve yakınlıklarını ortaya koyarken onların ortak özelliklerine dayanma gerekliliği yukarıda belirtilmişti.

Осындай туыстық белгілер түркі-монғол тілдерінің арасында да бар  және олар фонетика жүйесінде де,лексика  мен грамматикалық құрамында  құрамында да кездесетіндігін ескере келіп,бір топ ғалымдар «түркі тілдері  өз алдында бөлініп шыққанға дейін  алтай тілдері тобында болған»  деген топшылау айтады. Bu tür akrabalık Türk-Moğol dilleri arasında da vardır ve bunlara birçok bilim adamı fonetik sahasında, söz hazinesi ve gramer kuruluşlarında da rastlandığını hatırlatarak, Türk dillerinin ayrı birer dil oluncaya kadar Altay dilleri içerisinde olduğu konusunda fikir yürütmüşlerdir.

Олар алтай тілдері  тобындағы тілдерден:1) түркі-монғол тілдері; 2) түнгус-маньчжур тілдері; 3)жапон-корей  тілдері бөлініп шықты деген  болжамды ортаға салады. Bilim adamları, Altay dili içerisinden: 1.Türk-Moğol dilleri, 2.Tunguz-Mançu dilleri, 3.Japon-Kore dillerinin çıktığı şeklinde düşünceler ortay koymuşlardır.

Ал Х.Винклер,С.М.Широкогоров ,Б.Колиндер,М.Рясянен,Д.Шинор,А.Дильачар сияқты ғалымдар тіпті алтай тіл  бірлнстігінен де арыға барып,орал-алтай  тіл бірлестігі теориясын ұсынады. H.Vikner, S.M.-Şirokogorov, B.Calinder, M.Resenen, D.Sinor, A.Dilaçar gibi alimler, Altay dil birliğinden daha ileri giderek Ural-Altay dil birliği teorisini savunmuşlardır.

Бұл жоба бойынша:бір кездерде,уақыт  кезеңі анықталмаған дәуірде орал тілдері  генеологиялық жағынан туыстас  болған. Bu taslağa göre; bir zamanlar, tarihi bilinmeyen devirlerde Ural dilleri ile Altay dilleri kök bakımından akrabadır.

Тайпалар одағының ыдырауы  негізінде орал тілдері алтай тілдерінен бөлініп шыққан. Kavimler birliğinin parçalanması sonucunda Ural dilleri Altay dillerinden ayrılmıştır.

Өз ретінде,уақыттың өтуіне байланысты,орал тілдері екі топқа (угро-финн және самодиә)ыдыраған. Kendi arasında, zamanın geçmesine bağlı olarak, Ural dilleri iki bölüme (Fin-Ugor ve Samoyed) ayrılmıştır.

Алтай тілдері жоғарыда айтылған үш тармаққа бөлінген. Altay dilleri ise yukarıda belirtildiği gibi, üç guruba bölünmüştür.

Орал-Алтай тіл бірлестігін  халықтардың этникалық құрамы жағынан  да дәлелдеуге болады. Ural-Altay dil birliğini halkların etnik kuruluşları yönünden de isbat etmek mümkündür.

Эстон ғалымы Ф.Видеман угрофинн халықтары(чуд халықтары)ертеректе  Орта Азияда татар,монғол,мәншіжүр халықтарымен көрші өмір сүрген деген жорамал  айтса,М.Кастрен(алтай теориясының  негізін салушылардың бірі) угро-финдер Алтай,Саян тауларының айналасында,Орта Азияда,Обь,Ертіс,Енисей өзендерінің  сағаларында өмір сүрген дейді. Eston alimi F.Videman, Fin-Ugor halkları (Çud halkları) geçmişte Orta Asya’da Tatar, Moğol, Mançu halklarıyla komşu yaşamışlardır derken, M.Castren (Altay teorisinin temelini atanlardan biri) Fin-Ugorların Altay dağlarının eteklerinde, Orta Asya’da Obi, İrtiş, Yenisey nehirlerinin kıyılarında yaşadıklarını belirtir.

Бірақ кейінгі археологиялық  зерттеулер бұл пікірлерді әлі дәлелдеп бере алған жоқ. Fakat daha sonraki arkeolojik araştırmalar hala bu fikirleri isbat edememiştir.

Орал-алтай тіл бірлестігі жайындағы пікірлерге негіз болатын  бұл тілдерде ұқсастықтары бар. Bu dillerde, Ural-Altay dil birliği yönündeki fikirlere esas teşkil edecek benzerlikler vardır.

Мысалы:дауысты дыбыстардың  үндесуі,дауыстылардың біршама ұқсастығы,жалғамалық белгісі,жалпылылық мағыналы түбірдің жекеше формасы арқылы беру мүмкіндігі,атау септігінің,тәуелдік жалғауының болуы,анықтауыш,пысықтауыш,толықтауыштардың өздері қатысты сөздерінің алдында  тұруы,сандық сәйкестіктің болмауы,құрмалас сөйлемдердің көсемше,есімше формаларымен құрмаласуы,т.б. Бұл сияқты ұқсастықтар қаншалықты қызықты болғанымен,типологиялық ұқсастықтан асып түсе алмайды.Mesela, ünlülerin uyumu, seslerin asimilasyonu, kökteki ünlü seslerin sürekli benzerliği, eklenmelik belirtisi, çokluk anlamlı gövdenin teklik şeklinden sonra verilme imkanı, yalın halin, iyelik halinin olması; tamlayan, zarf ve nesnelerin kendileriyle ilgili kelimelerin önünde bulunması, birleşik cümlelerin sıfat-fiil şekilleriyle birleştirilmesi vb. Bu gibi benzerlikler, oldukça ilgi çekici olmakla birlikte, tipolojik benzerlikten öte gidememektedirler.

Себебі бұл тілдер аралығында дыбыстық немесе формалық сәйкестік  жоқ. Sebebi ise, bu diller arasında ses ve şekil benzerliği yoktur.

Орал-алтай  тіл бірлестігінен  гөрі «алтай тілдері»деген түсінік  қазіргі тіл біліміне сіңісіп,көптеген қолдаушылар тауып отыр. Ural-Altay dil birliğine göre, Altay dilleri teorisi çağdaş dilbiliminde yerini almış ve birçok savunucu bulmuştur.

Қазіргі кезде алтайтанушы  ғалымдардың халықаралық комитеті (Международның алтаистический комитет ) және оның жыл сайын өтетін конференциясы (Постоянная интернациональная алтаистическая конференция -ПИАК)бар. Şu anda altayist bilim adamlarının milletlerarası komitesi (Milletlerarası Altayistler Komitesi) ve onun her yıl yapılan konferansı (Milletlerarası Daimi Altayistler Konferansı - PİAK) vardır.

Алғаш рет орал-й тіл  бірлестігі теориясының негізін  салған I Пердің кезінде тұтқын болған швед офицері Ф.И.Табберт-Страленберг  болатын. Ural Altay dil birliği teorisi olarak ilk temelini atan, 1.Petro zamanında esir olan İsveç subayı F.İ. Tabbert-Strahlanberg olmuştur.

Сібірде ұзақ өмір сүріп,ол орал-алтай тілдерінің типологиялық ұқсастығына алғаш көңіл аударып,1730 жылы өз еліне келген соң ол туралы еңбек жариялаған. Uzun süre Sibirya’da yaşamış ve Ural dillerinin tipolojik benzerliğine ilk defa dikkat çekmiştir.

Бұл теорияның қолдаушылары болғанымен,айтарлықтай табысқа  ие бола қойған жоқ. 1730’da ülkesine döndükten sonra bu konuyla ilgili eser yayınladı. Bu konunun taraftarları olmakla birlikte, bahse değer bir çalışmaya sahip olan yoktur.

Кей ғалымдар (мысалы,Ю.Немет,Б.Коллиндер,М.Рясянен)орал-алтай  тілдерінің ұқсас белгілерін,даулы  мәселелерін дұрыс көрсете білді. Bazı bilim adamları (mesela, J.Nemeth, B.Collinder, M.Resenen) Ural-Altay dillerinin benzer yönlerini, tartışmalı meselelerini ortaya koyabildiler.

Мысалы,Ю.Немет 300-ге жақын  орал-алтай тілдеріндегі ұқсас элементтерді тауып,олар не ертедегі туыстықтың бір  белгісі,не ертедегі қарым-қатынасқа  байланысты тіл арасындағы ауыс-түйіс  болуы ықтимал деген қорытынды  жасайды. Mesela, J.Nemeth Ural-Altay dillerindeki 300’e yakın ortak elementi buldu, ancak onların ne eski devirlerdeki bir akrabalığın bir işareti, ne de birlikte yaşama sonucu diller arasındaki alış verişten kaynaklandığı şeklinde bir görüş ileri sürdü.

Салыстырмалы-тарихи зерттеулер алтай тілдерінің деректерінде көптеген ұқсас келетін тілдік материалдардың барлығын анықтады. Karşılaştırılmalı tarihi araştırmalar Altay dilinde çoğunlukta benzerlik gösteren dil malzemelerinin varlığını ortaya koydu.

Жалпы,алтай тілдерінің бірлігінің құрамына енген тілдерде дыбыс үндестігі,екпіннің тұрақтылығы,жалғамалы тіл болуы,сөз  алдынан келетін көмекші сөздердің (предлогтардың) болмауы,жыныс (род)категориясының болмауы,т.б. Mesela, Altay dil birliğinin içerisine giren dillerde ünlü uyumu, vurgunun devamlılığı, eklemeli dil olması, ön eklerin olmaması, cinsiyet ayrımının olmaması gibi...

Көпшілік тілшілер алтай  тіл бірлігін анықтауда дыбыстық сәйкестікке көбірек көңіл бөледі. Birçok dilçi, Altay dil birliğini izah etmekte ses uyumuna büyük önem verir.

Мысалы,Н.А.Баскаков осындай  белгінің бірі ретінде тунгус тіліндегі m дыбысы мен мәншіжүр тіліндегі  с дыбыстарының и дыбысының алдында  тұрғанда түркі тілдеріндегі ч,ш  дыбыстарымен сәйкес келетіндігін көрсетеді  Mesela, N.A.Baskakov, bu uyumlardan biri olarak, Tunguz dilindeki t sesiyle Mançu dilindeki s seslerinin i sesinin önüne geldiğinde ç,s sesleriyle denk düştüğünü gösterir.

Түркі,монғол және тұнғұс-мәншіжүр тілдерін салыстыратын болсақ,бұл типтегі  фонетикалық сәйкестіктер басқа  дыбыстар арасында да байқалады. Türk, Moğol ve Mançu-Tunguz dillerini karşılaştıracak olursak; bu tip fonetik denklikleri başka sesler arasında da görürüz.

Мысалы,сөз басында түркі,монғол тілдеріндегі д дыбысына тұнғұс-мәншіжүр тілінде з ,  кәріс тілінде ч  дыбысы сәйкес келеді. Altay dillerindeki bu tür uygunlukları, A.M.Şçerbak gibi tipolojik (akrabalık değil) uygunluk olarak kabul edenler de olmuştur.

Салыстырыңыз: түркі тілдерінде дуз (тұз),монғолша dabusun ( dabu-sun ),тунгус-маньчжур тілінде зujar,сөз басында к, к, х, п, б, сөз ортасында с, з, д, т дыбыстарының сәйкес келуі байқаладыА.М.Щербак алтай  тілдеріндегі бұндай сәйкестікті типологиялық (генетикалық емес)сәйкестік деген  де болатын. Fakat Altay dil birliğini kabul edenlerin tamamının aynı fikirde birleştiklerini söylemek mümkün değildir.

Мұндай салыстыра зерттеулер лексика,морфология және синтаксис  салалары бойынша да жүргізілген. Bu tür karşılaştırma çalışmaları leksikoloji, morfoloji ve sentaks sahalarında da yapılmıştır

Г.И.Рамстедт сияқты ғалымдар алтай тілдерінің барлық саласы бойынша  зерттеу жүргізіп , олардың басқа  да туыстық белгісін ашқан. .. G.İ.Ramstedt gibi alimler, Altay dillerini bütün yönleriyle araştırmış, onların daha değişik akrabalık işaretlerini de ortaya koymuşlardır.

Бірақ алтай тілі теориясын  қолдаушылардың барлығын да бірізді  пікірде деуге болмайды. Bazı Altayistler (B.Y.Viladimirtsov, E.D.Polivanov, N.Poppe, G.İ.Ramstedt vb.) Altay dillerini köklü bir dil olarak kabul ederken, ikinci bir kısım Altayistler (V.L.Kotviçz, L.Ligeti, S.G.Clauson vb.)

Бір топ алтайтанушылар (Б.Я.Владимиров,Е.Д.Поливанов,Н.Н.Поппе,Г.И.Расмстедт  т.б.)алтай тілдерін тегі бір туыс тілдер деп санаса,екінші бір топ  алтайтанушылар (В.Л.Котвич,Л.Лигети,ДЖ.Клоусон,т.б.)алтай  тілдеріндегі ұқсастылық-типологиялық ұқсастық деп санайды. Altay dillerindeki benzerlikleri, tipolojik benzerlikler olarak kabul ederler.

Кеңес ғалымдары ішінен алтай  теориясына өз үлестерін қосып, түрліше пікір айтып келе жатқандар:  А.Н.Баскаков,Г.Д.Санжиев, Дж.Киекбаев, Ш.Ш.Сарыбаев, В.И.Цинциус,О.П.Суник, К.А.Новикова,И.В.Кормушин, Д.М.Насилов тағы басқалар. Sovyet bilim adamları içerisinde Altay teorisine kendi fikir hislerini katıp, çeşitli görüşler ileri sürenler: A.N.Baskakov, G.D.Sanceyev, D.J.Kiyekbayev, Ş.Ş.Sarıbayev, V.İ.Tsintsiyus, O.P.Sunik, K.A.Novikova, İ.V.Kormuşin, D.M.Nasilov ve başkaları. 

Бұл теорияға байланысты Н.А.Баскаков,Дж.Киекбаев,т.б. еңбектерінен басқа арнаулы жинақтар да жарық көрді*.

Кеңес мамандары арасында да,шетел ғалымдары ішінде де алтай  тілі теориясына сенімсіздікпен қарайтындар  да жоқ емес.Мысалы,белгілі түрколог А.И.Щербактың пікірінше,алтай тілдеріндегі ұқсастықтар олардың генетикалық  туыстығына байланысты емес,олар ұзақ мерзімді қарым-қатынастың негізінде  пайда болған делінеді.«Түркі,монғол және тұнғұс-мәншіжүр тілдерінің арасындағы ұқсастықтар қандай қатынас негізінде  қалыптасты ? »деген сауалға ол өзінше жауап береді [206;11].Түркі халықтарының тарихында монғол тайпалары мен  түркі тілдес тайпалардың араласып,тығыз  қатынаста болғаны белгілі.Алғаш  Орталық Азияда өмір сүрген тайпалар туралы деректерде (түркі тілдес хунну,монғол тілдес дун- ху,палеазият тілдес дун-и  тайпалар)көрші өмір сүріп,бірі екіншісін  жаулап алып отырған.Мұндай қатынас  соңғы хун дәуірінде де жалғасады.

Түркі-моңғол тайпаларандағы жоғарғыдай аралас-құралас отырған  жағдайларды да есепке алған жөн. Дж.Клоусонның пікірін негізге ала  отырып, А.М Щербак түркі тілдері  мен моңғол тілдері арасындағы 3 түрлі араласуды атап көрсетеді. Олар:  IV-VII ғасыр;  VIII-XII ғасыр және  XIII-XIV ғасыр аралағындағы араласулар. Моңғолдар мен түркі тайпаларының араласуы бұл дәуірлерден кейін  де болғандығы тарихтан мәлім. Мысалы, қазіргі тувалардың дархаттармен, буряттардың  якуттармен, ойраттар мен Алтайда  тұратын түркі тілдес халықтардың  арасындағы қатынас соңғы кезге дейін үзілмей келді. Сондай-ақ «Ақтабан шұбырынды» кезіндегі ойрат-қалмақтар мен қазақтардың тілдік тоғысуын тілдік мысал ретінде көрсетуге болады. Бірақ тілдік қасиеттер тілдердің ұқсастығына негіз бола алмайды және олар тілдің барлық деңгейлерінде байқалмайды. Егер ондай ұқсастық байқалса, олар белгілі бір заңдылыққа бағынбайды, жүйелілікке ие бола алмайды. Сондықтан да соңғы кездерде түркі-моңғол тілдерінің қандық туыстығы бар деген пікірді қолдаушылардың саны көбейеді.

Сөйтіп, алтай тілдерінің туыстығы туралы пікірді жинақтап, екі топқа бөлуге болады. Бір топ  ғалымдар  Г.И Рамстедтің  пікіріне қосылып, алтай тобына енетін тілдердің  (түркі-моңғол, тұнгұс-мәншіжүр, кәріс-жапон) қандық туыстығын мойындайды. Олар (В.В Владимиров, Е.Д. Поливанов, Н.Н.Поппе, Н.А.Баскаков, О.П.Суник, І.Кеңесбаев, Ш.Ш. Сарыбаев, т.б.) алтай тілдері бір негізден тараған, сондықтанда ортақ негізді мойындауға олар мүмкіндік береді десе, екінші бір топ ғалымдар В.А Котвичтің пікіріне сүйеніп, о баста өзара көрші орналасқан тілдер генеологиялық жағынан туыстығы болмаса да, талай ғасыр бойы араласу негізінде жаңа қасиетке ин болған дейді. Сондықтан да олар (Л.Лигети,Г.Д.Санжиев, Т.А. Бертагаев, т.б. ) алтай тілдеріндегі ұқсастық туыстық қандақ негізінде қалыптасқан деп тұжырымдайды.  Дегенмен де түркі және моңғол тілдерінде кездесетін жүздеген, мыңдаған ортақ қасиеттердің бәрін де кірме  материалдар деп қарауға  болмаайды  сияқты. Біріншіден, мұндай ортақ қасиеттердің саны өте көп.Екіншіден, ортақ элементтердің бәрі де белгілі бір (фонетикалық,грамматикалық) заңдылықтар бойынша қарастырылып отырады. Үшіншіден, ортақ ұқсастықтар тілдің барлық деңгейінде,  әсіресе негізгі түбір құрамында көптеп кездеседі. Егер оған диалектілердегі ұқсас белгілерді қоссақ, ортақ дүниенің едәуір көбейетіндігіне күмән жоқ.

Сонда да алтай тілдерінің туыстығы туралы пікір бір түйінге  келген жоқ, әлі де болса дау туғызатын, зерттей түсуді қажет ететін мәселелер  аз емес. Ал түркі тілдері мен  моңғол тілдерінің туыстығы туралы мәселе дәлелденген деуге болады. Тұңғұс-мәншіжүр тілдерінің түркі тілдерімен туыстығын  әлі де болса дәлелдеуді қажет  ететін жәйттері молдау. Кәріс жапон  тілдерін алтай тілдерін құрамына қосу мәселесі әлі шешілмеген .

Алтай тілдерінің туыстығын  дәлелдейтін  фактілерді  ғалымдар лексикадан, фонетика мен грамматика саласынан да көптеп келтіріп жүр. Салыстырмалы-тарихи зерттеудің тиімді жері осы орайда жақсы байқалады.

Лексикалық ұқсастық.  Лексика- тілдің өзгеріске ең бейім саласы. Сондықтан тіл мен тіл арасында лексикалық ауыс-түйістер басқа элементтерге қарағанда көбірек кездеседі, осы қасиетіне байланысты  қандық туыстықты анықтауда лексикалық сәйкестік қажетті бір көрсеткіш болса да, шешуші түйін болып саналмайды. Егер кез келдің тілдің сөздік құрамына көз салып қарайтын болсақ, олардың барлық саласы бірдей өзгеріске түсіп, ауыса бермейді екен. Олардың ішінде тұрақтылары да, өзгергіштері де кездеседі. Сондай біршама тұрақты лексика-тақырыптық топқа- туысқандық атаулары, дене мүше атаулары, күнделікті тіршілікке  байланысты тұрмыстық атаулар т.б.  жатады. Ал, етістік болса, зат есімдерге қарағанда әлдеқайда тұрақты, тіпті, ол- бір тілден екінші тілге мүлдем ауыспайтын категория. Сондықтан да түркі-моңғол тілдеріндегі туыстықты, ортақтықты, параллелдікті анықтау үшін ғалымдар, әдетте, төмендегі лексика-тақырыптық топтарды көбірек салыстыра зерттейді.

Туыстық атаулар. Туысқандық атаулардың өздері де семантикасына қарай: а) қандақ туысқандық және б) некемен байланысты туысқандақ болып екіге бөлінеді екен.

1.Қандық туысқандыққа: ата, апа, әке, іні, аға, қарындас, сіңлі, бөле, ұл, қыз, т.б жатады. Моңғол тілінде ав сөзі «әке» мағынасында қолданылады. Көне жазба моңғол тілінде бұл сөздің ава түрі де кездеседі. Аба сөзі хакас, қырғыз, алтай, татар, башқұрт, түрікмен тілдерінде де бар. В.В. Радлов аба сөзінің «отец, предок, дядя со стороны отца, старший брат» (Опыт 1, 620) сияқты мағынасын көрсетеді. Сондай-ақ моңғол тілінде авака, түрікмен тіліндегі абга- жасы үлкен адамдарға байланысты айтылатын сөз.Ал, моңғол тіліндегі авгай- қыздардың жасы үлкен анасына байланысты қолданылатын сөз. Түрікмендердің сөйлеу тілінде аба «әке» мағынасын білдіреді.  Көне түркі тілдерінде тиісті жазба ескерткіштерде аба//ава сөздері «предки, прородитель», сондай-ақ, «ата, апа» мағынасында қоланылған. Демек аба сөзі «арғы ата» мағынасынан «ата-ана» мағынасына ауысып, одан кей тілдерде жалпы жасы үлкен адамдарға байланысты қолданылатын болған. Қазіргі татар тіліндегі абзый қазақ тіліндегі абысын сөздерінің түбірі осы аба сөзімен байланысты болса керек. Э.В. Севортян ава сөзін ана (мать) сөзімен түбірлес деп санайды. Түркі тілдерінің фонетикалық заңдылығы негізінде б мен п дыбыстарының алмасуын дәлелдеуге болады. Якут тілінде абақа сөзі 1) белгілі бір рудың қарт адамы, 2) өлкенің үлкен ағасы сияқты мағынаны береді. (Э.К Пекарский.1) . 2) Моңғол тілдерінде ав(а) қандық туыстықты білдіреді де, жасы үлкендерге байланысты айтылады. Моңғол тілінде бұл сөздің созылыңқы дауысты дыбыспен де (аав) , қысқа дауысты дыбыспен де  ( ав) айтылатын нұсқасы бар. Бір ескертетін жағдай: моңғол тілінде аба «әке» мағынасында қолданылса, аву «әкенің інісі», тіпті бала мағынасында да қолданылады.

Информация о работе Түркі тілдерінің қалыптасуындағы кезеңдер