Түркі тілдерінің қалыптасуындағы кезеңдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:55, лекция

Описание

Түркі тілдерінің қалыптасуында Алтай дәуірі Түркі тілінің дамуындағы Алтай дәуірі – мерзімі жағынан әлі анықталмаған,ғалымдардың арасында дау туғызып келе жатқан мәселелерінің бірі. Türk dillerinin gelişme çağlarından olan Altay devri, zaman devri yönünden hala kesinleşmemiş, bilim adamları arasında tartışılagelen meselelerden biridir.

Работа состоит из  1 файл

Алтай дәуірі кезеңі.docx

— 49.33 Кб (Скачать документ)

Қазақ тіліндегі ене сөзі қандық туыстықты емес, неке арқылы болған туыстықты білдіреді (ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ене болады.). Басқа түркі тілдерінде ене «апа» т.б мағыналарда қолданылады. Салыстырыңыз: түрікмен тілінде энэ –«әкесінің әкесі», қырғыз тілінде энэ- «ана» мағынасында. Э.В Севортян өзінің этимологиялық сөздігінде ене сөзінің 8 түрлі мағынасын айта келіп, ене сөзін ана сөзімен байланыстырады.

Моңғол тілінде «ана»  мағынасында эх(е) сөзі қолданылады. Эхе сөзі түркі тілдеріндегі ене сөзі сияқты, тек адамға емес , жан-жануарға байланысты қолданылады. Қазақ тіліндегі «енесіне асыққан құлындай» деген тіркесте де ене «құлынның анасы» мағынасында қолданылып тұр. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ене сөзінің «бала тапқан ана» , «шеше», мағынасын ауыс мағынасы деп көрсеткен. Ал дұрысы- бұл оның о бастағы мағынасы болса керек. Моңғол тіліндегі эх(е) – «мал, матка, маточное поголовье» жоғарыда келтірілген қазақ тіліндегі мысалымызға сәйкес келеді.

Энэ сөзі сөзі тұнғұс-мәншіжүрде бар. Оларда бұл сөздің эни//энэ//эннэ//эникэ//эниэнэ формалары қолданылады да, мағынасы «ана, апа, әже» сөздерімен тең түсіп жатады.  В.И Цинциус моңғол тілдеріндегі эмэ, энэ сөздері мен экэ (эхэ) сөздерін түбірлес сөздер деп қарайды.

Аға сөзі түркі тілдерінің көпшілігінде жасы үлкен, туыс ер адамға байланысты қолданылады. Тек якут тілінде аға «әке» мағынасында қолданылады. Э.К Пекарскийдің сөздігінде ақа сөзінің «жас жағынан үлкен адам» , «әке», «басшы», «діни қызметкер», «поп» (священник) мағыналары көрсетілген. Басқа түркі тілдерінде де аға сөзі (түбірдегі ғ дыбысы г, қ х дыбыстарымен алмасып) қолданылады.  Сонымен бірге аға түбірінен бірнеше туынды сөздер жасалынған. Мысалы, түрікше адавсу (үлкен аға), әзірбайжанша ағатай (еркелету) , қазақша ағалық, ағатай, ағайын (аға-іні), т.б. Егер осы сөздің түркі тілдеріндегі мағынасын салыстырып, сұрыптайтын болсақ: 1. Жасы үлкен ер адам; 2. Туыстық қатысы болмаса да, жасы үлкен ер адам (қазақ тіліндегі аға және ағай сөздері); 3. Баба(дед), ата( қарашай-балқар, алтай, түрік тілдерінде); 4. Жасы үлкен туысқан қыз-апай (ертеде); 5. Әке (якут тілінде); 6. Жасы үлкен қарт адам (якут тңлңнде); 7. Поп, діни қызметкерлер (якут тілінде). Моңғол тілдерінде аха –«жасы үлкен адам», «аға»; көне моңғол тілінде – «жасы үлкен құрметті адам» мағынасында қолданылады. Қазіргі бурят тілінде ахай –«жасы үлкен аға», «мырза», диалектілерінде «әке», «апа», «жеңге» мағынасында да қолданылады. Сондай-ақ, аға(ака) сөзі тұнғұс-мәншіжүр тілдерінде де түркі тілдермен мағыналас.

Э.В Севортян аға сөзін «әке» сөзімен байланыстырып, екі сөзді де негізгі     -ақ , -оқ (қартаю) етістігінен өрбіген деген пікір айтады. Егер ақ түбірінің көне түркі тілінде шынымен-ақ «қартаю», «жас ұлғаю», «қарт», «ересек» деген синкретикалық мағынасы болса, онда қазақ тіліндегі «қосағыңмен қос ағар» деген алғыстың ағар сөзі де ақ түбірмен төркіндес болуы ықтимал.

Бөле сөзі қазақ тілінде «бірге туған апалы-сіңлілі кісілердің балалары арасындағы туыстық қатынасты» білдіреді. Нақ осы мағынада бөле сөзі (түрлі фонетикалық өзгерістерімен) қарақалпақ, қырғыз, хакас, алтай тілдерінде де кездеседі. Ал басқа түркі тілдерінде ол бөле «ағасының әйелі», «жеңге», «нағашыларының әйелі» (гагауз, түрік тілдерінде), башқұрт тілінде «шөбере» (правнук) мағынасында болса, якут тілінде бila (nila) «семья» мағынасын беретін ыңғайда қолданылады.

Моңғол тілдерінде де анасы  туыс балаларды бұл деп атайды. Бірақ моңғолша-орысша сөздікте бұл сөзінің «семья», «семья мүшесі» деген мағынасы да көрсетілген.  Б.Х Тодаева бүле сөзінің моңғол тілінде «бала», «ұрпақ» мағынасы барлығын айтады.  Сондай-ақ, қалмақ тілінде, во lo- «апалы-сіңілі кісілердің балалары», хакас, бурят тілдерінде бұл- «немере туысқандар» (двоюродные братья, сестры), т.б. Тұнғұс-мәншіжүр тілдері сөздігінің авторлары эвенк тіліндегі булэ сөзін көне моңғол жазба тіліндегі виle, қазіргі моңғол тіліндегі бұл, бурят тіліндегі булэ («семья» мағынасындағы) сөздермен байланыстырады.

Нағашы  мағынасында түркі тілдерінде нағашы, таға, дайы (тайы) сөздері бар. Л.А Покровская қазақ тіліндегі нағашы сөзін моңғол тілінің нағалы сөзінің варианты, яғни кірме сөз деп қарайды. Таға сөзі қырғыз, өзбек, ұйғыр тілдерінде кездеседі. Ал қырғыз тіліндегі тай сөзін К.К. Юдахин «ана жағынан туыс» (нағашы) деп түсіндіреді. Қырғызша-орысша сөздікте таға сөзін оңтүстік Тянь-Шань говорына тән деп көрсетеді. Біздіңше, таға сөзі тай және аға сөздерінің кірігуі негізінде пайда болған. Нақ осындай жолмен қырғыз тілінде таяке («нағашы әке» мағынасында) сөзі жасалған. Басқа түркі тілдерінде тай,дайн сөздері «нағашы» мағынасын береді. Бурят-моңғол тілінде нағашы мағынасында таабай сөзі қолданылады. Ескерте кететін жай: сол түркі тілдерінің ішінде алтай (таай),тува (даай), якут (таай) тілдерінде де түбір сөз құрамында созылыңқы дауысты дыбыс бар.

Әже сөзі қазақ тілінде «әкенің шешесі» мағынасын береді. Әже сөзінің басқа түркі тілдеріндегі мағынасында сәл де болса ауытқу байқалады. Мысалы, түрікмен тілінде  эще сөзі: 1) «ана», «апа»; 2) құрметтеу мағынасында жалпы есімнен кейін  қолданылатын сөз. Ал, эщелик «өгей ана» дегенді білдіреді. Сондай-ақ әже сөзі түркі тілдерінде бірнеше фонетикалық варианттарда қолданылады.  Салыстырыңыз: С.Е Малов ayi//аші,ісі сөздерінде «жасы үлкен туыс» , «аға» (дядя, старший брат, старшие предки) мағына барлығын көрсетеді.  Тува тілінде ача (әке), ұйғыр тілінде ача («әпке», «ана»), хакас тілінде іче («апа», «ана»), ача («аға»), ачы («немере аға»), шор тілінде  ача («аса»), алтай тілінде ачы («әкесінің інісі», «ағасының қызы», «ұлы», «немересі» мағынасында қолданылады.).

Моңғол тіліндегі  ээж, эчч сөздері «әже», «апа» мағынасын береді. Моңғол тілінде адіе –«ата», аджіу-«аға», аджід-«аға» мағынасында қолданылады. Осы сөздермен ұйғыр тіліндегі һәдә «апа» (старшая сестра) сөзінің төркіндес екенін дәлелдеуге болатын сияқты. Барлығында да тұлғалық, дыбыстық, мағыналық өзгеріс байқалады.        

2.Некемен байланысты  туыстық атаулар.Түркі монғол тілдерінде некемен байланысты да туысты атаулар баршылық.Солардың бірі-құда.Құда,құдағи-қазақ тілінде күйеумен қалыңдықтың ата-аналарына байланысты айтылатын сөздер.Құда сөзі(аздаған дыбыстық ерекшелігімен) өзбек,ұйғыр,қырғыз,тува,қарақалпақ т.б тілдерде қолданылады.Құда сөзінен құдағи (құдаға),құдаша,құданда сөздері өрбіген.Л.А.Покровская –ғый//- ғай қосымшасын екіге бөліп,-ғы//-ға жыныстық белгіні білдіретін монғол тілінің элементі деп көрсетеді[146,74].Монғол тілінде де қуд(а) сөзі қолданылады.Сондықтанда оның қай тілге тән екенін дәлелдеу қиын.Дұрысы-екі тілге де ортақ деп қарау.

Қатын сөзі қазақ тілінде  де,басқа түркі тілдерінде де қолданылады.Ертеректе  хатын сөзі түркі-монғол тілдерінде ханша,госпажа мағынасында қолданылған.

Ер сөзі де түркі-монғол тілдеріне  ортақ.Ол әр//ер //ар//ир түрінде қолданылып, “жыныстық белгі”, “еркек”, “әйелдің күйеуі” мағынасында қолданылады.

Бажа сөзі-апалы-сіңлілі  адамдардың күйеулерімен байланысты ұғым.Кейбір түркі тілдерінде бажа сөзі тек ер адамға ғана емес,әйелдерге де қатысты  қолданылады.Мысалы,түрік,әзербайжан тілдерінде апа-сіңлілерге байланысты да айтылад;түркімен тілінде башы-“апа-сіңлілер”,түрікше baci –“апа”,бірақ түркімен тілінде  баща сөзі де бар,мағынасы-“бажа”.Ал алтай  тіліндегі бадьа “бажа” ұғымымен қатар “әйелінің туысқаны” деген  мағынаны да білдіреді.Э.К.Пекарский  саха  тіліндегі бата(бадьа) сөзін  “қайнысының әйелі” деп аударған(Iт.,335-б).Монғол тілінде баз “туысқан қыздардың  күйеуі” мағынасын білдірсе,бурят  монғол тілінде базаалын әрі “бажа”,әрі  “абысын”мағынасын білдіреді.Бажа(база) эвенк тілінде “туысқан қыздардың  күйеуі”, “қарындасының күйеуі”.

Қазіргі қазақ тілінде  қайын сөзі “әйел мен күйеудің туысы” мағынасын береді де,аздаған  дыбыстық ауытқулармен басқа түркі  тілдерінде де кездеседі.Қайын сөзі қайын ата,қайын ене,қайын жұрт,қайын  апа,қайнаға(қайын)аға сияқты күрделі  сөздердің құрамында да кездеседі.М.Қашқари  “Сөздігінде”қазін сөзі мен қазақ  тіліндегі қайын және қатын сөздері-түркі  тілдеріндегі белгілі заңдылық –з~д/т~й  дыбыс алмасуы негізінде пайда  болған о бастағы бір сөз.

Адамның дене мүшесіне байланысты атаулар.Туыстық қатысты білдіретін сөздер сияқты дене мүше атаулары да-тілдің лексикалық қорының ең көне қабаттарының біріне жатады.Олардың біразы түркі-монғол тілдеріне ортақ.

Адамның,жан-жануарлардың қол,көз,бас,аяқ  сияқты мүшелерінің барлық тілдерде де атауы болуға тиіс.Осы лексикалық топтағы ұқсастық,ортақтық та түркі-монғол тілдерініңжақындығынан дерек беретін  сияқты.Бірнеше мысал келтірейік.

Шырай сөзі қазақ тілінде  “адамның көркі”, “бет ажары”, “жүзі” мағынасын білдіреді.Бұл сөз басқа  түркі тілдерінде де  кездеседі.Мысалы,қарайым  тілінде чирай нұсқалары:жырай,чарай,чирэй,чырай,чэрай.Өзбек  тілінде чирой сөзі-“бет”, “жүз”, “көркі”, “жалпы көрініс”, “көңіл күй”мағынасын  білдіреді.Монғол тілінде де царай  “бет”, “түр- тұлға”, “пішін”, “жүз”, “кескін”, “кейіп”,т.б. мағыналарды  білдіреді.

Түркі тілдерінде дене мүше атауларының бірі-қабырға.Мысалы,хакас  тілінде хабырға,өзбек және ұйғыр  тілінде қовурға,түркімен тілінде  гапырға,қарайым тілінде қабургга// къабургга,түрік тілінде кавида,т.б,Монғол тілінде хавирга(н).

Қазақ тілінде қолдың шынашақ  пен иық арасындағы сүйегін қар(қолдың қары)деп атайды.Бұл сөз басқа  түрік тілдерінде де,көне түркі тілдінде де кездеседі:қар-“верхняя часть руки”, “плечо”( ДТС.С.422).Монғол тілінде гар  “қол” мағынасында қолданылады.Осыған қарап кей ғалымдар қар сөзі түркі  тіліне көне монғол тілінен енген  деген жорамал айтады.Әрине бұл  дәлел емес.Қар сөзі түркі тілдерінде кеңінен тарап,көптеген туынды тұлғалар жасаған:қарма,қарыс;қарына тартпағанның қары сынсын т.б. Ал монғол тілдерінде бұл сөздер жоқ.

“Өлшем” мағынасында сүйем  сөзі де түркі монғол тілдерінде бірдей кездеседі.Монғол тілінде сөөм,саха тілінде сүйем.Э.К.Пекарский түркі  тілдерінде бұл сөздің cöyam, cöm,cym,cyam формалары барлығын ескертеді(IIт.,23-98бб.)

Қазақ тілінде алақан сөзі де-туынды түбір.Бұл сөз көпшілік түркі тілдерінде қолдың білек пен  саусақ аралығындағы бөлшегінің ішкі жағын білдіреді.В.В.Радлов алақан сөзін  ал(“ бір затты алу”, “иемдеу” мағынасында) және –аған//-ақан (“алаған  қолым берген” дегендегі )қосымшасынан тұрады деп көрсетеді.Э.В.Серовтян бұл  сөзді монғол тілінен енген деп  есептейді.Монғол тілінде  алақан мағынасын  алға сөзі береді.Бұл сөздер әлі  де зерттей түсуді керек етеді.

Түркі тілдеріндегі дене мүше атауларының бірі тамыр-“қан жүретін  жолдар”.Тамыр//дамыр түркі тілдерінің бәрінде кездеседі.Ол көне түркі  тілдерінде tamar(тамар)формасында қолданылған(ДТС,С.529).Тамыр  сөзі тамир түрінде монғол тілінде  де бар.

Омырау қазақ тілінде  адамның төсін,көкірегін білдіреді.Бұл  сөз басқа түрік тілдерінде омраз,омуроу,омырағ,амар,омра формаларында қолданылып,негізінен  “төс”, “көкірек”, “ бұғана” сияқты мағына білдіреді.Ал монғол тілінде  омруд-“бұғана”, бурят тілінде  оморюу(н)-“аттың төсі”,қалмақ тілінде омруһ//омру –“төс”, “ көкірек тұсы” сияқты мағыналарда қолданылады.

Түркі монғол тілдерінде : маңдай,таңдай,бауыр,бүйрек,көмек,арқа,білек,сақал,ерін,мең,секпіл,сүбе т.б. мүше атаулары мағына жағынан да,тұлғасы жағынан да сәйкес келіп жатады.

Үй жануарлары және жабайы аңдарға байланысты қолданылатын атаулар. Көне дәуірден бастап ақ түркі және монғол тайпалары мал шаруашылығымен айналысып,аңшылықты кәсіп еткен.Сондықтан  бұл тайпалардың тілінде,лексикалық құрамында мал шаруашылығы мен  аңшылық кәсібіне байланысты көптеген ортақ сөздер сақталған.Егер түркі  тайпаларының Орхон-Енисей өңірі мен  Алтай,Саян баурайларында өмір сүрген дәуірінде де мал  шаруашылығымен айналысып, монғол тайпаларымен аралас құралас өмір кешіргендігін еске алтын болсақ,онда бұл екі тілдің құрамында да ортақ сөздердің  болатындығы заңды сияқты.Түркілер баққан малдары(қой,ешкі,сиыр,жылқы,түйе)монғол тайпалары да баққан.Монғолдар да тркілер сияқты малдарды жасына,түсіне,дене бітіміне.жынысына т.б. ерекшеліктеріне  қарап ажыраты білген,өзінше атаған.

Түйе малы ертеден ақ құиды,шөлді  аймақтарға бейім,жүк таситын енгізгі  көлік болып саналған.Түйе сөзі өзбек  тілінде түя,ұйғыр тілінде төгә,хакас  тілінде тибе,қырғыз тілінде төө,түркімен тілінде дүэ,көне түркі тілінде  тебе//теве(ДТС.C546-556)түрінде қолданылған  болса,А.М.Щербактың көрсетуінше,түйеге байланысты басқа да көптеген атаулар  түркі және монғол тілдерінде сәйкес келеді[204,109].Түйе ұғымында монғол тілінде  тэмээ(н) сөзі қолданылады(IIт.,С.235).

Атан-жүк тасуға ыңғайлы,піштірілген  түйе.Монғол тілінде де ат(ан),М.Қашқари  “Сөздігінде” де атан сөзі сұлуланған,ақталанған түйе мағынасын білдіреді.Атан сөзінің  төркіні туралы да пікір әр түрлі: А.М.Щербак оны табумен байланыстырса,Э.В.Севотрян екі морфемаға бөліп,ат-түбірі мен -ан қосымшасынан(- ған қосымшасының ықшамдалған түрі)тұрады деп қарайды.Мұндағы  ат-түбірі “пішу” мағынасын білдіретін етістік дейді[164,202].Екінші бір ғалымдар атан сөзін ақтаған сөзінің ықшамдалған  формасы деп есептейді.[102,91]

Ақта сөзінің өзіне  келсек,ол қазақ тілінде түйеге байланысты қолданылмайды.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ақта сөзіне “азбан”, “пішпе”  деп түсінік берілген.Ақта сөзі көбінше  піштірілген жылқыға байланысты қолданылады.Түркі тілдерінде ло ахта,ағта,аһдa(ахда)формасында да кездеседі.Монғол тілінде агт(ан) сөзі піштірілген жылқы мағынасында  беріледі.Бұл сөз азын-аулақ дыбыстық өзгешеліктермен тұнғұс-мәншіжүр тілдерінде де жұмсалады.Ақта сөзі туралы алғаш  пікір айтқан П.М.Мелиоранский бұл  сөз түркі және монғол тілдерінде XIII ғасырда парсы тілінен енген  деген болатын.Бұл пікірге А.М.Щербак та қосылады.Бұл сөздің тарихын басқаша  түсіндірушілер де бар.

Бура қазақ тілінде-еркек(аталық)түйе.Қырғыз тілінде буура,өзбек,ұйғыр тілдерінде буғра,көне түркі тілінде буғра (ДТС,С.120),қазақ  тілінде бура сөзінен буыршын  сөзі жасалып,ол төрт жасар еркек  түйені білдірсе,бура сөзінде ондай  жастық  мөлшерді білдіретін мағыналық  реңк жоқ.Ал қырғыз тіліндегі бууржун  бес жасар еркек түйе мағынасын  береді[164,105].Соңғы мысалдағы –шын//-жун- бір-ақ қосымша. Э.В.Севотрян,С.Броккельманның пікірге қосыла отырып,оны кішірейту  мәніндегі қосымша деп көрсетеді.Монғол тілінде де бугра/буура сөздері  қолданылады.

Информация о работе Түркі тілдерінің қалыптасуындағы кезеңдер