Түркі тілдерінің қалыптасуындағы кезеңдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:55, лекция

Описание

Түркі тілдерінің қалыптасуында Алтай дәуірі Түркі тілінің дамуындағы Алтай дәуірі – мерзімі жағынан әлі анықталмаған,ғалымдардың арасында дау туғызып келе жатқан мәселелерінің бірі. Türk dillerinin gelişme çağlarından olan Altay devri, zaman devri yönünden hala kesinleşmemiş, bilim adamları arasında tartışılagelen meselelerden biridir.

Работа состоит из  1 файл

Алтай дәуірі кезеңі.docx

— 49.33 Кб (Скачать документ)

Інген-“қос өркешті түйенің  ұрғашысы”.К.К.Юдахин қырғыз тіліндегі  инген сөзін “ұрғашы түйе”,ал оңтүстік қырғыз диалектісінде “жеті  жастан асқан ұрғашы түйе”мағынасын білдіреді деп көрсеткен(ҚРС.C.302).М.Қашқари  “Сөздігінде”іңдн сөзі “ұрғашы түйе “мағынасын берген.(Iт.,142-б).Монғол тіліндегі  ингэ(н) сөзі де дәл сол мағынада.

Бота-“түйенің жаңа туған  төлі”.Көпшілік түркі тілінде ол бота түрінде айтылса,кей тілдерде(тува)оның бодаған,қазақша-ботақан,өзбек және ұйғыр тілдерінде ботилақ,буталаң  кішірейткіш формалары қатар  айтылса,көне түркі тілдерінде боту,ботуқ  түрі де кездеседі(МК.I.,142-б;III.,236-б).Қазіргі  монғол тілінде ботго, көне монғол тілінде  ботугу сөздері “бота”мағынасын  берген.Ішкі Монғолиядағы монғолдар  тілінде бұл сөздің ботог,ботого,ботуған  формалары бар.

Тайлақ-“бір жастан асқан  жас түйе”.Бұл сөз әзірбайжан тілінде тайлақ (tajlaq)жылқыға байланысты да айтылады.А.М.Щербак тайлақ сөзінің  түбір морфемасы тай түбірі мен - лақ деген қосымшадан (салыстыр:бота +лақ, қоша+лақ ,шақа+лақ)тұрады деп көрсетеді[204,107].Монғол тілінде тайлаг-“үш жастан асқан  еркек түйе”.Түркімен тілінде екі  жасқа дейінгі түйенің ботасын  төрум десе,тува тілінде дорум  деп атайды.Торым қазақ тілінде  жеке айтылмай,тек тоқты сөзімен  бірігіп,қос сөз жасайды(тоқты  торым). М.Қашқари “Сөздігінде”торум (ДТС,С.378)-“ түйенің баласы”.Демек,тоқты -торым қос сөзіндегі торым  бір кездерде қазақ тілінде де жеке-дара қолданылған болуы керек.Монғол тілінде тором-“бір жастан асқан  түйенің баласы”.

Құнанша-“екі жастан асқан  түйе”.Қазақ тілінде құнан,дөнен,құнажын,дөнежін  сөздері жылқыға және сиыр малына байланысты жасын және жынысын білдіреді.Құнан,дөнен  сөздері монғол тілінде де бар.Ал –жы(құнажын,дөнежін) қосымшасы монғол тілінде жыныстық белгіні білдірсе,түркі  тілдерінде ол байқалмайды.Сондықтан  бұл сөздерді кейбір ғалымдар түркі  тілдеріне енген монғол сөздері  деп қарайды.

Айғыр-“үйірге қойылатын  еркек жылқы”.Бұл сөз түркі  тілдерінің көпшілігінде-ақ бар:айғыр(көпшілік тілдерде)азгір(балқар),айтыыр(якут),айар(чуваш)т.б.Айғыр  сөзінің  қолданылуында да,мағынасында  да көп айырмашылықтың болуы оның өте көне сөз екенін көрсетеді.Мысалы,Э.К.Пекарский  якут тіліндегі атымыр сөзінің:1) “жеребец”,2) “бык”,3) “нехолощенный самец”,4) “табун”,5) “отличающийся большой величиной,крепкостью силой,властью”сияқты бес мағынасын  көрсеткен[145,11-16].Монғол тілінде “айғыр”мағынасында азрага(н) сөзі қолданылады.Айғыр сөзінің этимологиясына профессор Е.И.Убрятова толығыраө тоқталған.

Жорға-қазақ тілінде”жүрісі майда,жайлы жылқы”мағынасын береді.Бұл  сөз түркі тілдерінің біразында  бар;көне түркі тіліндегі шор//жор,яғни жүру сөзімен байланысты болса керек.Монғол тілінде жороо сөзі “жорға” мағынасын  береді.

Түркі және монғол тілдерінде әрі дыбыстық,әрі мағыналық жағынан  сәйкес келетін сөздер сөздік құрамның барлық саласында да кездеседі.Тіпті  басқа тілдерден алынбайтын етістіктер аралығында да ондай сәйкестік мол  кездеседі.

Сонымен жоғарыда келтірілген  дыбыстық,әрі мағыналық жағынан  өзара сәйкес сөздердің түркі,монғол,сондай-ақ тұнғұс-мәншіжүр тілдерінде бірдей кездесуі олардық осы тілдерге ортақтығынан,ең көне алтай дәуірінде қалыптасуынан  дерек беретін сияқты.Ол ортақ  туысқандық тарихи себептерге байланысты болуы мүмкін.

Грамматикалық ұқсастықтар. Түркі-монғол тілдері арасындағы ұқсастықтар грамматикалық категориялар арасында да анық байқалады.Түркі,монғол тілдеріндегі түрлі қосымшалар мағыналуы және дыбысталуы жағынан ғана емес,сонымен бірге олар түбір сөзге жалғану тәртібі бойынша да сәйкес келеді. Бұл сәйкестікті де ғалымдар түркі-монғол тілдерінің алтай дәуіріндегі ортақтығына байланысты деп қарайды.                                                                                                                                        Алтай тілдерінің барлығына ортақ,сөйлемдегі қызметтері де,мағыналары да тепе-тең түсіп жататын септік жалғауларын қарастырып көрейік.

Атау септігінің бұл тілдерде грамматикалық көрсеткіші жоқ,ол түбір сөз тұлғасына сәйкес. Ал, ілік септігінің түркі тілдерінде қосымшасы -ның//-нің,-дың//-дің,-тың//-тің,-нұң//-түң,-дұң//-дүн, т.б. болса,монғол тілінде -ны//-ни,-ну//-нү. Н.А.Баскаковтың пікірінше, көне монғол тілінде -ны//-ни қосымшасының толық формасы -ның//-ниң болған. Дегенмен кейбір монғол тілдерінің диалектісінде ілік септігінің -ын//-ин формасы да кездеседі. Мысалы, бурят-монғол тілінің алар диалектісінде ілік септігінің -ын//-ин формасы қолданылады: аха(аға) – ахатн(ағаның), шоно(бөрі) – шонотн(бөрінің).

Барыс септігі, негізінен, амал-әрекеттің бағытын,беталысын білдіреді де,түркі тілдерінде -ға//-ге//-қа//-ке,-на//-не, монғол тілдерінде -ра//-ре, -а//-е қосымшалары арқылы беріледі. Оның  -ра//-ре нұсқасы көне түркі тілдерінде қолданылғанымен,қазіргі түркі тілдерінде кездеспейді. Г.Д.Санжеев монғол тіліндегі барыс септіктің -а формасын көне -ра//-ре қосымшасының ықшамдалған (р түсіп қалған) түрі деп қарайды. Бұл пікірді Г.И.Рамстедт қолдайды.

Түркі тілдерінде табыс септігінің қосымшасы -ды//-ді,-ты//-ті,-ны//-ні,-ын//-ін болса, монғол тілдерінде -ы//-ны//-не.

Түркі тілдері мен монғол тілдері арасындағы ортақтық тек  септік жалғауларында ғана емес, басқа  грамматикалық тұлғаларда да (көптік,тәуелдік,жіктік жалғауларында да сөз жасайтын жұрнақтар  да) кездеседі. Мысалы, қазақ тілінде  етістіктен туынды түбір  зат есім жасайтын -ын,-ім//-м жұрнақтарын салыстырайық: келіс-ім, кес-ім, ал-ым т.б. Монғол тілінде де осы модель (-м//-им) кездеседі: хэрч (рубить) – хэрчим (кусок), алх (шагать) – алху (шаг), толго (играть) – толгом (игрушка), т.б.

-Ық//-ік//-қ//-к қосымшасы түркі тілдерінде етістіктен зат есім тудыратын болса, мысалы: кес-ік, бөл-ік, жыр-ық, тар-ақ т.б., монғол тілінде де солай: хэсэг (часть,кусок), бүлэг (группа,раздел), чимэг (наряд,украшение), т.б.

Қазақ тілінде -шы//-ші қосымшасы есім сөздерге қосылып, кәсіптік, мамандық мағына беретін зат есім жасайды. Мысалы, мал-шы, оқыту-шы, етік-ші, т.б. Монғол тілінде осы қосымшаның -чи(н)//-чы(н),-жы(н)//-жі(н) нұсқалары жалғанады: төмарчі(н) – кузнец, хоньчин – пастух, овец, чабан; яргачин – мясник, т.б.

-Лық//-лік,-лы//-лі,-тық//-тік,-ты//-ті формалары қазақ тілінде есім сөздерден сын есім тудыратын қосымша болып саналады. Мысалы, атты кісі, түйелі адам т.б. -Лы//-лі қосымшасының бастағы этимологиялық толық формасы -лық//-лік,-лұқ//-лүк. Мысалы, көне түркі тілінде: Қағанлық бұдұн артім (қағандық халық едім), сондай-ақ: табғач қағаның ічракі бадызчіг ыты (Табғач қағаны ішкі ұсталарын жіберді). Монғол тілінде нақ осы мағынада -лаг//-лег қосымшасы қолданылады. Мысалы, байан-лағ (богатство), төмөр-лег (металл,металлический), т.б.

Көпшілік түркі тілдерінде -ыс//-іс,-ыш//-іш қосымшасы етістіктен зат есім жасаса (тап-ыс/табыс, соқ-ыс/соғыс, шап-ыс/шабыс), монғол тілінде осы қызметті -ш қосымшасы атқарады: түл – түлш (топливо), хэвт – хэвтэш (лежанка,ложе), т.б.

Түркі-монғол тіл фактілерінен мұндай морфологиялық ұқсастықтарды  көптеп кездестіруге болады. Егер морфологиялық  тұлғалардың бір тілден екінші тілге  ауыса бермейтін категория екенін ескерсек, онда бұл фактілер алтай  дәуіріндегі біз қарастырған  түркі және монғол тілдерінің туыстығынан  дерек бергені.

Фонетикалық ұқсастықтар. Әр тілдің өзіндік дыбысталу жүйесі, ерекшелігі, заңдылығы болады. Мысалы, қазақ тілінде ж-мен басталатын сөздер татар тілінде й арқылы айтылады. Немесе қазақ тіліндегі  нан, барды сөздері өзбек тілінде  нон (хлеб), борди (пошел) болып, а дыбысының  о дыбысына ыңғайласуы да – бұл  тілдердің өзіндік заңдылыңы.

Түркі тілдері мен монғол тілдерін салыстырып қарасақ, төмендегі ортақтықты және ерекшелікті байқауға болады.

1. Тіл дыбыстарын дауысты  және дауыссыз деп екіге бөлу  – түркі – моңғол тілдеріне  ортақ қасиет. Бірақ түркі тілдерінде  созылыңқы дауысты дыбыстардың  табиғаты бірдей емес. Осы қасиетіне  қарай түркі тілдеріндегі дауыстылар  созылыңқы және қысқа дауыстылар болып өзара екіге бөлінеді. Қазақ тілінде созылыңқы дауысты дыбыстар мүлдем жоқ та, оларды бір қырғыз, хакас, тува, якут тілдерінен, сондай-ақ түркімен тілінен кездестіреміз. Бұл тілдердің бірінде ол дыбыстар жүйелі түрде кездессе, екіншісінде олай емес. Олар сан жағынан да біркелкі емес. Якут тілінде сегіз қысқа, сегіз созылыңқы дауысты дыбыс болса, хақас тілінде тоғыз қысқа, сегіз созылыңқы дыбыстар кездеспейді. Алтай тілдеріндегі дауысты дыбыстарды кесте арқылы салыстырып көрсетуге болады.

 

Тілдер

Қысқа дауысты    дыбыстар

Саны

Созылыңқы дауысты дыбыстар

Саны

Қырғыз

а, э/е, о, ө, у, ү, ы, и

8

аа, ээ, оо, өө, уу, үү

6

Алтай

а, э/е, ö, ө, у, ү, ы, и

8

аа, ээ, оо, өө, уу, үү, ыы, ии

8

Хакас

а, э/е, и, ы, і, о, ө, у, ү

9

аа, ээ, ыы, ии, оо, ө, уу, үү

9

Тува

а, е (э), ы, и, у, ү, о, ө

8

аа, ее, ыы, ии, үү, уу, оо, өө

8

Түркімен

а, и, о, ө, э (е), ы, ә, у, ү

8

аа, ии, оо, өө, уу, үү, әә, ыы

8

Монғол

а, э, ө, ү, о, у, ы, и

8

аа, ээ, ее, уу, оо, үү

6

Бурят

а, э (е), ө, ү, о, у, и 

7

аа, ээ, ее, үү, оо, уу, ии

7

Қалмақ

а, о, у, э, ө, ү, ә, и

8

аа, оо, уу, ээ, өө, үү, әә, ии

8


 

Алтай тілдеріндегі дауысты  және дауыссыз дыбыстар артикуляция  жағынан ұқсас, арасында айтарлықтай  алшақтық жоқ. Мысалы, монғол тіліндегі  а – тіл арты ашық езу дауысты  дыбыс. Ол сөздің барлық позициясында қолданыла береді. О – тіл арты (жуан) ашық, еріндік дауысты дыбыс. Ерін дыбыстарының буын таңдамай, сөздің барлық позициясында келе беруі монғол тілдеріне де, түркі тілдеріне  де тән құбылыс. Мысалы, қырғыз тілінде бірөө ( біреу), мөөре (мөңіре); ойно (ойна); якут тілінде: ооньоо(ойна), оттук (отты,шөпті), сонна (сонау), сонччо (сонша); хақас тілінде: тулку (түлкі), хыроо (қырау), хусхун (құзғын), т.б.

Әйткенмен, көріп отырғанымыздай, бұл заңдылықты да бір ізділік  жоқ. Жақша ішіндегі қазақша нұсқалары  соны көрсетеді, яғни қазақ тілінде  о тек сөздің бірінші буынында ғана кездеседі. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың алмасуы мен сәйкестік заңдылықтары жалпы алтай тілдерінен де, тіпті бір тілдің өз ішінен де байқалатын құбылыс. Мысалы,

Сырдың орта деңгейі мен  Қаратау айналасындағы қазақтар тілінде өңле,- тыңла,-аңла – болып айтылса, әдеби тілде аңызақ, арқылы. Бұл жерде а – ы дыбыстарының сәйкестігі көрінеді. Мұндай заңдылықтар монғол мен түркі тілдерінің арасында да кездесіп отырады. Кей жағдайларда ғана монғол тіліндегі а түркі тіліндегі у//ы дыбыстарымен сәйкес келеді. Мысалы, шарай-шырай, баатар- батыр, худаг – құдық, қатан - өатын, хонгар – қоңыр т.б.

Монғол тіліндегі э(е) дыбысы сөздің барлық позициясында қолданылады  және оған қазақ тіліндегі і сәйкес келеді. Мысалы: өңгэр - өңір (жаға, омырау мағынасында), зээ – жійен (жиен), бэлтрэг – бөлтірік, бүргэд- бүркіт, бүтэн-бүтін, т.б.

Монғол тіліндегі у,ү  дыбыстары да буын талғамайды. Қазақ  тілінде бұларға ы, ө дыбыстары  сәйкес келеді: цулбуур – шылбыр, хухэ – көк, бүлэг – бөлек, бүл-бөле, сувай-сыбай (сыбай-салтаң тіркесіндегі).

Ө дыбысы ерін үндестігі  бар түркі тілдерде барлық буында кездесе береді. Монғол тіліндегі  ө дыбысына қазақ тіліндегі і, е, ұ дыбыстары сәйкес келеді. Мысалы, чөдөр – шідер, төркөм – төркін, төмер – темір (ұйғыр тілінде төмүр), мөс (өн) – мұз, шөңхор – сұңқар, т.б.

Монғол тілінде н дыбысы қазақ тіліндегі н дыбысымен  сәйкес келеді, тіпті сөздерде келу орны да ұқсас. Салыстырыңыз: ногт-ноқта, санаа – сана («ақыл – ой» мағынасында), нағац – нағашы, чин – шын т.б. Кей жағдайларда монғол тіліндегі н дыбысына қазақ тіліндегі к, л, ң дыбыстары сәйкес келеді: сэрген – сергек, нашын – лашын т.б.

Р дыбысының түркі және монғол тілдерінде қолданылу жағынан  ұқсастық көп. Бірақ түркі, монғол тілдеріне  тән ротацизм заңдылығы –р менен  з-ның сәйкестігі – сақталып отырады: ихер – егіз, ухер - өгіз, түргэн – тез, херчик – кесу (қазақ тілінде керту сөзімен салыстыр) т.б. Н.А.Баскаковтың топшылауынша: алтай дәуіріндегі біртұтас тілдерден тұнғұс – мәншүжір, монғол және түркі тілдері бөлініп шығып, жеке – жеке тіл ретінде қалыптасқан. Ротацизм құбылысын (р – з) ол осы дәуірдің жемісі деп қарайды. Б.А. Серебренников пен А.М.Щербак (р – з) құбылысын басқаша дәлелдейді. Ал, тіл фактілеріне қарасақ, ротацизм түркі тілдерінің өз ішінде де байқалады: чуваш тіліндегі р – мен келетін кейбір сөздер басқа түркі тілдерінде з дыбысымен айтылады. Салыстырыңыз: хер – қыз, хур – қаз, хуран – қазан, ватар – отыз, хантар – құндыз, самар – семіз, зер – жүз , сур – жаз, чер – тізе, т.б. Жеке түркі тілдерінде де з мен р дыбыстарының сәйкестігі байқалады. Мысалы, түрікмен тілінің емут диалекті диалектісінде айтмаз және айтамар( екеуі де болымсыз етістікке жалғанған есімше формасы) түрінде қолданылады.

Д дыбысы – т дыбысының  ұяң сыңары. Сондықтан да оларды артикуляциялық жағынан түркі тілдерінде де, моңғол тілдерінде де алмастырып қолдану  байқалады. Салыстырыңыз: түрікмен тілінде  дөшек, дүземек, доймақ, дүшүрмек т.б. сөздер қазақ тілінде төсек, түзеу, тою, түсіру, болып т дыбысымен айтылады. Бұл құбылыс тіпті қазақ тілінің өз ішінде, жергілікті тіл мен әдеби тіл арасында да байқалады: тұз – дұз, тұзақ – дұзақ, тиірмен – диірмен, тілмар – ділмар, тоға – доға, т.б. Нақ осындай құбылыс моңғол тілдерінің өз ішінде де кездеседі: монғол тілінде: дагнур – тагнуур (борона), давцан – тавцан (платформа), нядлах – нятлак (производить убой); бурят тілінде: бараадаха – бараатаха (становиться темноватым), гэдәһән )(кишок), гадаһан – гатаһан (колышка) т.б. Қазақ тілінде д дыбысы сөз басында сирек қолданылса, сөз соңында мүлде қолданылмайды. Кей ғалымдарымыздың пікірінше, түркі тілдерінде сөз басында д дыбысы қолданылмаған, сөз д дыбысының қолданылуы – тек соңғы кезде болған құбылыс дейді. Бірақ монғол тілдерінде бұл дыбыс сөздің барлық позициясында қолданыла береді. Сондықтан да кейде монғол тіліндегі д дыбысына түркі тілдеріндегі ж, й, т дыбыстары сәйкес келеді. Мысалы, далве – жалбыз ( түркімен тілінде нарпыз), долгио(н) – толұын, хадам – қайын, дөш – төс, дэл – жал т.б. Түркі, монғол тілдеріндегі д дыбысының ж, й (j), з дыбыстарымен сәйкес келуі – бұл тілдерге алтай дәуірінен келе жатқан ортақ құбылыс. Ол әлі де жан – жақты зерттеуді талап етеді.    

Информация о работе Түркі тілдерінің қалыптасуындағы кезеңдер