Жусупбек Аймауытов Акбилек роман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 02:42, дипломная работа

Описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- Ж.Аймауытовтың өмір сүрген кезеңдегі қоғамның тарихи тынысын талдап, мәдени жағдайына ерекше мән беріп, уақыт ағымына қосқан үлесін анықтау
- «Ақбілек» романдағы идеясының пайда болу жолдарын анықтау:
- тәрбиелік бағыттағы өлендерінің табиғатына қарай талдап, ағартушылық идеяларын ашып көрсету:
- романдағы дидактикалық сыранды анықтап, дүниетанымдық көзқарастарын бағалау:

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3 - 5
І. ТАРАУ. Ж.Аймауытовтың әдеби мұрасы.
1.1. «Ақбілек» романындағы көркемдік жүйе......................................................6 - 8
1.2. Жүсіпбек Аймауытұлының суреткерлік қуаты...........................................8 - 10
1.3. Жекелеген бейнелердің монологтары.......................................................10 - 17
ІІ. ТАРАУ. «Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі
2.1."Ақбілек" романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры.............18 - 28
2.2. «Ақбілек» романның ағартушылық сипаты.............................................28 - 34
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................35 - 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................41

Работа состоит из  1 файл

Жусупбек Аймауытов Акбилек роман.doc

— 225.00 Кб (Скачать документ)

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3 - 5

І. ТАРАУ. Ж.Аймауытовтың әдеби мұрасы.

    1. «Ақбілек» романындағы көркемдік жүйе......................................................6 - 8

1.2. Жүсіпбек Аймауытұлының суреткерлік қуаты...........................................8 - 10

1.3. Жекелеген  бейнелердің монологтары.......................................................10 - 17

ІІ. ТАРАУ. «Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі

2.1."Ақбілек" романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры.............18 - 28

2.2. «Ақбілек» романның ағартушылық сипаты.............................................28 - 34

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................35 - 39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

   Тақырыптың өзектілігі: XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде әйел теңдігі тақырыбы жаңа деңгейге көтерілді. Қазақ қыз - келіншеріктерінің тағдыры ұлттың зиянды қауымы, ақын - жазушылыларының назарында болды.

    Қазақ қыздарының бойындағы қайрат - жігері, жеңісі Жүсіпбек Аймауытовтың кейіпкерлері Ақбілек, Күнікей бойларынан терең танылады. «Ақбілек» романының негізгі   идеясы  Жүсіпбекке   «Қартқожаны» жазу үстінде (мүмкін, одан да ерте ) түскенге ұқсайды. Өйткені, романда елімізде азамат соғысының аяқталар тұсында қызылдардан жеңіліп, оңтүстік шекараға қарай шұбырған ақ әскерлерінің жолдағы қазақ ауылдарына жасаған зорлығы, елді тонауы, қыз - келіншектерді жәбірлеуі сияқты фактілер суреттелген еді»   деп Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын зерттеуші академик Серік Қирабаев тұжырым жасайды. Жасаушы таланты «Ақбілек» (1928) романында айқын көрінеді.

    Халық басынан өткерген ауыр күндерді, азамат соғысының зардабын Ақбілек басынан өткен аурылық  арқылы суреттейді. Қазақтың ең аяулысы- қызы. «Жат жұрттық деп оң жақта отырғанда аялап, баптайтын, қыз баланың арын қорлауды ең ауыр қылмыс санайтын халықтың ғасырлар бойғы  дәстүрін тас - талқан еткен оқыс оқиға қасіретін жас балғын қыз, оның отбасы, сүйгені, ауыл- аймағы қалай көтереді?», «Осы бейнелердің әр қайсысы жағдайдың ықпалына қарсы тұра алды ма?» деген сұрақтар төңірегінде ой қозғап,  жауабын табуға ұмтылады. Әлеуметтік қайшылықты ғана емес жазушы адамның адамгершілік, ізгілік, мейірімділік секілді ізгі қасиеттермен оған кереғар, өшпенділік, іштарлық мінездердің қақтығысын басты қазақ етіп алады.

    «Ақбілек» - дәуір келбетін,  сол тұстағы кезең шындығын  бейнелеген кесек туынды. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілек төңірегінде өрбиді. Жазушы қазақ қызының қайшылықты  тағдырын жеңілдетпей, үлкен психологиялық образ дәрежесіне көтерді. Ақбілек ауыр сезім – күйлерін басынан өткізді. Осыған орай қаламгер кейіпкер бейнесін жасауда, қыз суреттерін шынайы беруде, әртүрлі характерлерді нанымды танытуда көркемдік құралдардың мүмкіндіктерін мейлінше мол пайдаланғанына көз жеткізуге болады. «Жазушының палитрасы өте бай. Бірде автор атынан төгілте әңгімелесе, бірде кейіпкерлердің өзіне сөз беріп (офицер, Бекболат, Мұқаш) олардың өздерін сөйлетеді. Енді бірде автор кейіпкерлердің жан дүниесіне еніп, солардың не сезініп, не қойғанын, не ойлағанын солар болып баяндайды. Кейіперлерінің жан дүниесі, психологиялық құбылыстары, қуаныштары, күйзелістері, мақсаттары мен армандары жазушы назарынан бір сәт қақас кетпейді. Мейлінше көркем, мейлінше айқын сөйлемдер әндетіп терме-жыр айтып отырғандай әсер береді. Қазақ ауыз әдебиетінің ең озық, Шығыс пен Батыс әдебиетінің  көркем қара сөз және  дастандық үлгілерінің бір-бірінен қабысқан, ұштасқан жерін Ақбілектен көрдім  дер едім» деп жазушы Сайын Мұратбеков қаламгер шығармасынан орынды бағасын береді.

Жұмыстың мақсаты  мен міндеттері:

  • Ж.Аймауытовтың өмір сүрген  кезеңдегі  қоғамның тарихи  тынысын талдап, мәдени жағдайына  ерекше  мән беріп, уақыт  ағымына  қосқан  үлесін  анықтау
  • «Ақбілек» романдағы идеясының пайда болу жолдарын анықтау:
  • тәрбиелік бағыттағы  өлендерінің  табиғатына қарай талдап, ағартушылық идеяларын  ашып көрсету:
  • романдағы  дидактикалық  сыранды анықтап, дүниетанымдық көзқарастарын бағалау:

Жұмыстың ғылымилығы – қазақ әдебиетіндегі Ж.Аймауытовтың  көтерген Ақбілек тақырыбының материалдарын талдау барысында шығармашылығындағы  романның  даму  сипаттарын  айқындау болып табылады.

Курстық жұмысының  құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен  және  пайдаланған әдебиеттер  тізімнен  тұрады.

     Кіріспеде   жұмыстың  негізгі  қағидалары  мен  мақсаттары  баяндалып,  жұмыс  нысанының өзектілігі  көрсетіледі. Оның  теориялық және  тәжірбиелік маңызы, ғылыми  сипаты  баяндалады.

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ТАРАУ. Ж.Аймауытовтың әдеби мұрасы

 

1.1. «Ақбілек» романындағы көркемдік жүйе

 

       Жүсіпбек Аймауытов романының сюжеттік құрылымының өзі ерекше. Бас кейіпкермен таныспас бұрын ол мекендеген орынның тау-тасы мен аң-құсына дейін ерекше бір тебіреніспен суреттеп, оқырманын еліктіріп алатын қаламгер сол тамаша табиғат қойнауында өтіп жатқан оқиғалардың, оқиға әсерінен туындаған жайын алдыңа тартады. Алтайдың керемет табиғаты ақындық тілдің қуатымен сипатталған. Шытырман оқиғаға апарар жолды кейіпкер ойы, сезімі арқылы салт-санаға лайық өрнектейді. Мына диалогтен соны аңғаруға болады:

     «... Қасындағы қыздарына қабақ шытып, қыңқыл етіп, дауысы сыңқыл-сыңқыл етіп:

  • Көзім тартып тұрғаны несі? – деп, бір бұраңдап қойған еді...
  • Жай тартады да... қуанарсың... қай көзің?..
  • Қуанар ем: сол көзім, - деді бітті, кім елеген ондайды?»

    Жазушы диалогты жайдан-жай беріп отырған жоқ. Қазақы ырымға бағыштап болатын сұмдық оқиғаға кіріспе ретінде алып отыр. Романда мінездердің ішкі әлемінің қыртыстарын бақылау, әрекеттерді психологиялық тұрғыдан жан – жақты дәлелдеу, оқиғаның қым-қуыт дамуына тереңнен үңіліп, ойлау, кейіпкер тебіренісінің, арпалысының басым болып келуі, автор ойы мен қаһарман ойының тұтасып, шығарманың көркемдік табиғатына әсер етуі, көркемдік тұтастыққа айналуы – жазушы шеберлігінің үлгісі.

    Автор оқиғаның ауыр зардабы мен оның сыртқы ортаға әсерін көрсету арқылы жеке тағдырлардың басынан өткерген жайттарға байланысты өзгеріс жолдарын тосыннан бастайды. Адамның деңгейі іс-әрекеттен де, ой-пікірден де көріне алады.  Орыстың қатігез жүрегі мен қажырлы қолы қатар тиген Мамырбай бәбішесінің ащы дауысын, қиналыс кейпін мына бір диалогтан көруге болады.

«Аузында күбір-күбір  сұбқан», аяғы жыбыр- жыбыр еңкең  қағып, қораны орғытып бәйбіше келе жатыр еді, орыс алдынан тап болды.

  • Қайдан келесің?
  • Мына ... мына,-дей беріп еді.
  • Мә, саған мыны-мына! – деп білеуітпен ащы айғай басына қабат тигенде, көзінің оты жарқ етті. Жаулық кетті жапырылып, ауыз кетті опырылып "
  • Тап деген соң, тап, қызды!
  • Кімнің қызы, жасаған!
  • Сенікі, қыз сенікі.
  • Қызым жоқ, ойбай!
  • Қыз бар, табасың!

Бұл – диалог-деталь. Желге, күнге тигізбей, аялап өсірген  жалғызын "кәпірге" қорлыққа қиғаннан, өлгенін артық көрген ана бейнесін танытады.

    Диалогте кейіпкерлер репликалары мен авторлық ремарка жымдасып көріністің бояуын мейлінше қанықтырып тұр. Шығармадағы толып жатқан иірім-иірім оқиғалар желісі, бітім – болмыстар, мінездер реалистік бояулармен әсерлі де шынайы өрнектелген. Ақбілек төңірегіндегі сомдалған мінездер әлеуметтік, психологиялық қырларынан көрінеді."Іштен шыққан жау жаман" демекші, романда Ақбілектің ащы тағдырына себепші болған, жастайынан кісі есігінде байдың малын бағып, соның соққысына талай жығылған Мұқаштың жалпы бай атаулыға кегі күшті. Жазушының суреткерлігі мықты. Ұнамсыз қылықтарымен көрінген кейіпкерлерді де қаралап көрсетпей, табиғи ақиқат болмыстарымен суреттей біледі. Ақбілекті ақ әскерлеріне ұстап бергенімен "Япыр – ай, мен қазақтың ба? Қазақ болсам қаныма неге мұнша өшіктім?" деп өз жанымен арпалысып, сан түрлі сұраққа жауап іздеп, арын қамшылаған. Мұқаш монологында оқиға сюжетіне тігісін білдірмей жымдастырып жібереді.

     Ым-ишара, бейвербалды тәсілдер кейіпкердің белгілі бір оқиға кезіндегі, тіпті сол сәттегі көрінісін, көңіл – күйін, қол, көз, ерін жалпы қимыл – қозғалыс сөзбен бірге жымдасып, тұтасып, үндесіп, қосарланып жеткізілетін қатынас құралы. Әсіресе мына бір диалогте жазушы ым-ишара, түр-келбет суреттерін қолдану арқылы кейіпкер психологиясын шебер бейнелеген:

 "- Біз соғысқа барамыз, сен қайтесің? – деді Ақбілекке. Ақбілек көзі бажырайып не дерін білмей сасып қалды.

-Қайда болғың келеді? – деп тағы сұрағанда Ақбілек,  мойнын әнтек қисайтып бұғағын бұлтитып, жалынған назданған дауыспен:

-Аулыма қайтармайсыз  ба? – деді. Қара мұрт басын  шайқады.

Ақбілек кірпігін жыпылықтатып, жерге қарады.

Тілмаш тағы сұрағанда  Ақбілек:

-Тым болмаса, жақын  жердегі бір ауылға жеткіздірсеңіз, - деп көзіне жас мөлдіреп келіп қалды.

Қара мұрт басын тағы да бір шайқады да:

-Бізбен бірге жүргің  келмей ме? – деді.

-Соғысқа ма? – деді  Ақбілек еңсесін бүкжитіп.

- Соғысқа-деді қара  мұрт иегін бір қағып. Ақбілек  басын шайқап:

-Ендеше, мені осында  – ақ тастап кетіңіз, - деді.

Түнде жалғыз өзің қорықпайсың  ба? 

  • Қорықсам да қалайын... Сіздер қайтып келмейсіздер ме? – деді жұлып алғандай.
  • Мәлім емес, - деп қара мұртын дірілдетті"

Бұл ым – ишара  - қимылды  екеуара әңгіменің барысынан  бөліп алуға болмайды. Диалогкегі бүкіл түр-түс, қимыл-әрекеттері әр алуан астарлы психологиялық тосын жағдайларға әсер етіп тұр. Олар сөйлеушілердің айтқандарын толықтырып тұрғандай. Адам әлемін қаһарман болмысын танытудағы жазушы қолданған көркемдік амалдырдың мәні осынысымен тартымды, осынысымен шынайы

 

1.2. ЖүсіпбекАймауытұлының суреткерлік қуаты

 

Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан – Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби  мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих  пен таным арнасына, сын мен  сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады. Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты .

ХХ ғасырдың алғашқы  ширегінде роман секілді ірі  эпикалық көркем дүние жазуға кіріскен қазақ сөз өнері зергерлерінің  арасында Жүсіпбек Аймауытов басты  орын алды. Бұл жанрға әдебиетімізді тұңғыш рет түрен тигізген Міржақып Дулатовтың « Бақытсыз Жамалы», Спандияр Көбеевтің «Қалың малы», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы» бас бостандығы тақырыбын көтерсе, Жүсіпбек Аймауытовтың романдары адам тағдырын елдің әлеуметтік -  саяси кескін-келбетімен тығыз байланыста суреттеді. Эпостық  кең құлашты панорама жасауы, әлеуметтік- тарихи өмір заңдылықтарын терең талдаулары үстінде, адамның ішкі өмірі иірімдерін, психологиялық нәзік сезімдерін көркем сөздің құдіретті тілімен көркемдеді. Ұлттық романның принциптерін тұлғалауға жол салды. Сол себепті Жүсіпбек Аймауытовтың « Қартқожа» және «Ақбілек» атты туындылары қазақтың реалистік классикалық романының төлбасы саналады.

Жазушы өз уақытының  тамырын дөп басып,  дәуір шындығын ой- сезімін таразылап образ қуатымен қорытып, көркем шындық атты әсем әлем жасасты. Пьеса артынан пьеса, әңгіме соңынан әңгіме туғызып, жиырмасыншы жылдардың қайталанбас әдеби стилін қалыптастыруға ат салысқандардың алдыңғы сапында жарқырап жүрді.

Жүсіпбек өткен жол- қиямет қиын жол. Талай оттың ортасында жүрді. Бірде самғады, бірдеме суға кеткендей тал қармады. Алаш қозғалысына сыбанып қатысып, қазақ елі гимні есепті өлең жазды. Амал қанша, көп уақыт табынған туы жығылды. Төтеден ұлт қозғалысының үні өшті. «Замның түлкі болса, тазы боп шал» дейтін пәлсәпаға көндігіп, кеңес идеяларының сойылын соқты. Сонда да жақсы аты көрінбеді. Нақақтан- нақақ тұрпайысоциологиялық  сын қармағына ілікті. Ақыры тоталитаризм жауыздығының құрбаны болды. Енді, міне, уақыт бәрін орын- орына қойды. Ақталған, ағарған  Аймауытов енді бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның  рух беруші, жігер құюшы қымбат қадірлісіне  айналды. Жүсіпбек шығармалары, ірі прозалық туындылары қазағыма болсын дейтін идеяға иманындай берік жүректен тарайды. Қазақ соншама зауалға не себепті  тап болғанын ашына әшкере  еткен оның үздік шығармалары бұрын да, қазір де зор ықыласпен оқылуда.

Ж.Аймауытұлының сыншылдық  сипаттарынан:

  • қоғам мен кезеңдік көріністер айқын аңғарылады;
  • адам мұраты, оның өмірі мен еңбегі биік бел-белестерден көрінеді;
  • ұлт мұраты мен руханият мәселелері биік талғам, жоғары жауапкершілік тұрғыдан байыпты сараланады;
  • ақын мұраты мен ақындық өнер кеше-бүгін байланысы, жаңашылдық пен жалғастық тұрғыдан айқындалады;

Информация о работе Жусупбек Аймауытов Акбилек роман