Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 02:42, дипломная работа
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- Ж.Аймауытовтың өмір сүрген кезеңдегі қоғамның тарихи тынысын талдап, мәдени жағдайына ерекше мән беріп, уақыт ағымына қосқан үлесін анықтау
- «Ақбілек» романдағы идеясының пайда болу жолдарын анықтау:
- тәрбиелік бағыттағы өлендерінің табиғатына қарай талдап, ағартушылық идеяларын ашып көрсету:
- романдағы дидактикалық сыранды анықтап, дүниетанымдық көзқарастарын бағалау:
КІРІСПЕ..................................................................................................................3 - 5
І. ТАРАУ. Ж.Аймауытовтың әдеби мұрасы.
1.1. «Ақбілек» романындағы көркемдік жүйе......................................................6 - 8
1.2. Жүсіпбек Аймауытұлының суреткерлік қуаты...........................................8 - 10
1.3. Жекелеген бейнелердің монологтары.......................................................10 - 17
ІІ. ТАРАУ. «Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі
2.1."Ақбілек" романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры.............18 - 28
2.2. «Ақбілек» романның ағартушылық сипаты.............................................28 - 34
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................35 - 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................41
Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінің басым бағыттары мен оны танып, талдаудағы басты ұстанымдар, көзқарастар жиынтығы осыған келіп саяды.
Ең негізгісі, ұлттық сөз өнерін бар асылдан да жоғары қояды, ондағы ел өмірі мен тарихына, тағдыры мен тағылымына құрметпен қарайды. Ең негізгісі, ұлттық сөз өнерін бар асылдан да жоғары қояды, ондағы ел өмірі мен тарихына, тағдыры мен тағылымына құрметпен қарайды.
Романда жекелеген бейнелердің монологтары, өмірдегі мұраты мен міндеттері де айқын бедерленген, мәселен, Бекболат өзі жайында төмендегіше сыр толғайды: «Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін, Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр. Атым- Бекболат. Басымда барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, қара ала жапқан күміс белбеу, аяғымда көнелеу қисық табаным бар. Белбеуімдегі жарғақ далбағайым, шашақты сары қында мүйіз сапты өткір кездігім, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім- менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар».
Одан әрі Бекболат «бұрын байдың», қазір «орта шарқы үйдің ортаншы баласымын» дейді. Үй - ішілік , тұрмыстық жағдайларын да еске алып өтеді. Балалық, жастық шағының да босқа өтпегенін айтады. «Жаманбаланың шотпақ қара қызын менсінбей, Мамырбайдың Ақбілегін елден таңдап айттырғанын», соған жоыққалы шыққанда, ақтарға кезігіп, оң иығынан жарақат алғанын қысқа, шешен баяндайды. Алайда, Бекболат бейнесі , адамдық қасиеттері тұрғысынан, айнала - әлемге көзқарасы жағынан көңілге ұялағанымен, махаббат мәселесінде, әсіресе «елден таңдап айттырған» Ақбілегін аялап өтуге жігерлілік жетіспейді. Қаламгер де Бекболат өрісін аса көп дамытпайды.
Офицер – романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халықымыздың билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады. Автор роман өзегін – Ақбілек пен офицер арасындағы қатынасқа қарағанда «махаббат символының» үлгісі ретінде емес, керісінше, қазақ- орыс арасындағы «туыстық байланыс» тұрғысында терең ашады. Бұған өз жайынан бірер мағлұмат берген офицердің төмендегідей ойлары айқын дәлел: «Орыс сияқты жері мол, қолтығы кең жұрттың қол астына қарағанына қазақ тәубе қылу керек қой. Анығында , қазақ мемлекетке не пайда келтіріп отыр?.. Тек қымызын ішіп, қарнын сипап, қатынына қарап, борбайын тыр-тыр қасығанды біледі... Тегінде қазақтың солдат болудан қорыққаны бізге теріс те емес. Кім біледі , қолына қару берсе, оыс жұртына жау болып кетпесіне кімнің көзі жетеді?.. Әйтеуір, қазақ өз алдына ел болып жатқан жоқ. Ендеше, орысқа бағыну керек». Бұдан кейін офицер қазақ жеріне, әйеліне, малына көз тігеді. Ресей тағдырын ойлап қамығады.
Демек, офицер бейнесінен, іс - әрекетерінен «ұлы халықтың» державалық саясатын, қазақ халқын ұлтсыздандыру мен әуел бастағы мәдени құнарынан қол үздіру секілді тағылық «мінезін» танимыз, билік пен білек күшін де, озбырлығын да көреміз. Ендеше, өткенің өкініші келешекте қайталанбайтындай сабақ болуға тиіс. Офицер бейнесінің «тағылымы» осы.
Ал, Мұқаш өзі жайында былай дейді: «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ес біле есікте жүрмін». Онан соң Тілеубайдың қозысын, Шаманбайдың қойын баққанын, балалық базары жат босағада, кісі қабағын бағумен өткенін еске алады. «Қалай Бадығұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады, - дейді ол. – Қашағанды жалғыз ұстаймын. Асауды жалғыз үйретемін. Күзетке жалғыз барамын. Боданда жылқы бағамын. Аязбен, асаумен, қараңғы ұзақ түнен, ұрымен, қасқырмен, қауып - қатермен алыспай, адам адам болмайды екен... Жылқы бақтым, кісі болдым». Мұқаш аузынан баяндалатын монологтан бұдан кейінгі жерде ел қатарына қосылғанын, отбасы болғанын, қызметке кірісе бастағанын, болыс болу ниеті барын да естиміз. Бірақ ел үстінен күн көрген жоғарыдағы «қызметтерінің» әсерінен болыстыққа сайланбайды. Мамырбайдың баласы іс- қағаздарды кеңсеге тапсырыпты дегенді естиді. Тілін шайнап, тісін қайрады. Кек қайыруды ойлайды. Ақтармен астыртын байланысып, Мамырбайдың Ақбілегін оларға көрсетіп беріп, ағасынан кегін қайтарады. Мұның соңы белгілі – Ақбілек бір топ еркектің ортасына түсіп, қара мұртқа ермек болады... Бұл ретте Мұқаш - өз мүддесі үшін жан алып, жан беретін бір есебі ішінде, түпкі ойында соны жүзеге асыруды ғана діттейтін пенде. Әйтсе де, «ішкі есебі» уақыт өте келе жария болып, соның азап – күйігін молынан да тартып жүреді. Жанама кейіпкер ретінде Мұқаш өз міндетін атқарғанымен Ақбілектің азапты, қасірет- күйінішке толы өміріне себепкер болды. Сол үшін де Мамырбай ауылының алғысын емес, қарғысын алады. Ал біздің қоғамымызға теріс ой екіжүзділік мінез жат. Мұқаш шындығы осы.
Жазушы жаңа өмірдің тыныс – тіршілігін әр алуан деңгейдегі адамдар арқылы да көрсетеді. Айталық, Ықаң (Ымтыбай), Тыпаң (Тынышбай) кезінде беделді де, достары да көп болғанымен «дәлет құсы бастарынан ұшқан адамдар». Әйтсе де ағалық-үлкендік жолдарын, ескі беделдерін көңілге медеу етеді. Төлегеннің үйіндегі бас қосуда Ықаң мен Тыпаңның мұндай «қасиеттері» танылған – ды. Олардан басқа да онда талай жігіт болған – ды. Оның бірі «қошқар туған қозыдай келбетті, бітімді Ақбала еді енді бірі келбеті де, киімі де қоңырлау, жүріс- тұрысы да салапттау Балташ деген жігіт еді. Төртініш – Доғаның жанында ершіктей, балтаның жанында шапашоттай жымырайған Жорғабек деген кісі еді». Жорғабек жеңіл, жылпостау көрінсе, Доға беделге ие, ішімдікке де жақын болып шықты. Ақбала сөзге жақын болса, Балташ тәп – тәуір қызметкер, махаббат мәселесінде де баянды ғұмыр кешеді. Бұл реттен алғанда аталмыш бейнелер өзіндік көзқарас, орындарымен ерекшеленеді.
Жылтыр – ісінде бірлік, сөзінде береке жоқ кейіпкердің бірі. «Оның қылмаған бұзақылығы жоқ. Ол әуелде Матайдың Әбеніне тілмәш болған. Әбенмен бірігіп елді қанаған. Әбенге шәкірт болған. Ол қазынаның ақшасын да жеген... абақтыға жүз түсіп, жүз шыққан... Оның өтірігіне найза бойламайды». Бұл реттен алғанда Жылтыр ойымен де , ісімен де Әбен, Мұқаштар қатарында. Романда оқиғалардың даму эпизодтарының өзара байланыстары тұсында бұған әбден көз жеткізуге болады. Осы орайда жазушы бедерлеген бейнелердің әрбірі өз орындарында әрі іс- әрекеттерімен нанымды сөз болатындығын байқаймыз. Демек, қаламгер кейіпкер жансарайын ашуда да едәуір жетістіктерге жеткен, оларды даралауда дәлдік, нақтылық секілді сипаттарымен де ерекшеленеді.
Күрделі жанрдағы туындының төртінші бөлімі алғашқыларына қарағанда екпін – серпіні мол, публистикалық сарында өріс алады. Ақбілек пен Кәмиләнің кездесуі, өткен өмірлері, өзара сүхбаттары, күнделік шерткен сырлары – тұтастай қазақ әйелі тұрмысынан, іс - әрекеттерінен мол деректер береді.
Романдағы әйелдер бейнесін еске алғанда, Ақбілектің жақын, жақсы көретін жеңгесі – Ұрқия жақсылыққа жаны құмар, мейірімді жан. «Бір айыбы – пұшпағы қанаған жоқ, әйтпесе жібі түзу әйел». Мамырбайдың бәйбішесі дүниеден қайтқанда да Ақбілектің ақ соладаттары жұртында қалып, Іскендір дуана арқылы еліне келген соң жанашыры да, сырлас – мұңдасы да Ұрқия болды. Қайын сіңілісінің бақытты болғанын қалаған Ұрқия оны Бекболатпен де кездестіреді, баласын бауырына басып, тәрбие де береді. Бұл реттен алғанда –Ұрқия жаңалық жақсылықты өзгенің басына тілеуді, өзі соның жылу – шапағатымен өмір сүргенді қалайтын, әрі оның үстіне адалдығы мен адамгершлігі мол, қиындық – қиналыста жол табатын бедерлі бейне ретінде есте қалады. Ал, Өрік болса «үйге жылан кіріп келгендей сүйкімсіз», «қара сұр адам». Ақбілектің бауырларына да жағымсыз жайсыз жан. Өмір – тағдырына назалы Өрік ашу – азасын да Ақбілектен алатындай, жас өскін – Сара мен Қажікенге де осы ретпен қырын қарап, қаһарын, қарғысын сәт – сайын сездіреді. Әсіресе, «Ақбілек екіқабат» деген сөзді естігенде көктен іздегені – жерден, жанынан табылғандай күй кешеді. Ақбілекке бірер күн «араздығын ұмытқан кісідей» сөйлесіп, жылы ұшырап оң қабақ танытады. Ақбілек мұның шын екенін , аярлық екенін біле алмаған кездері де болады. Бірақ бұл «кісімсу кезеңі» ұзаққа созылмайды. Ақбілектің аяғы ауырлығына көзін жеткізген соң аяушылығын ұмытып, араздығын өршіте түседі. Бұл орайда, Өріктің мінезі мен іс - әрекеттерінен образ болмысына қатысты белгілер мол, әрі троптың түрлері: ирония (кекесін) иірімдері, сарказм (мысқыл) сипаттары, сатиралық элементтер де молынан ұшырасады. Автор сөз өнерінің көркемік құралдары бар бояу, бедерімен пайдалану нәтижесінде Өрік образын күншілдіктің көрсеткіші, арсыздық пен теңсіздіктің барометрі ретінде көрсетеді. Сондай – ақ бағынан соры басым Кәмилә - ескі салт, әдет – дағдыны құрбаны болғанымен дүниетанымы кең, жаны таза, төзімі берік бедерлі бейне.
Өмірде өз ісі мен орнын ілетін адамдар аз емес. Романда да онадй тұлғалар бар. Бірақ көп те емес. Айталық, Алтынайдың (Мұқаштың келіншегі) күйеуі кекшіл, даңқ пен дақпыртқа жақын болғанымен , өзі « үй міндеті - әйелде» екенін жақсы түсінген. Ал, Іскендір дуана – жақсылық, жанашыр жанның бейнесі ретінде көрінген. Тау- тас, сай –сала, ескі мола – бәрі де оған үй. Онда ел де жоқ. Оның елі дүйім қазақ. Онда мал да жоқ. Ол дүние жинамайды. Ақша берсең кез – келген ауылдың баларын жарыстырады да, бәйге үлестіреді. Іскендір дорба салмайды, ірімшік , құртыңды алмайды, оған қолма – қол тамақ берсең болғаны. Ол істеген ісін, жасаған жақсылықтарын саудаға салмайды. Онда жасырын сыр, ішкі есеп жоқ. Міне, осындай кісі, яки пайдасы болмаса зияны тимейтін жан Ақбілекке кезіккен болатын. Ақбілек адасқанын айтқанда: « алып барайын, жолға салайын», - деп нақты көмек еткен. Жасын да, еңбегін де есепке алмаған Іскендірдің бұл жақсылығы Ақбілекке ғана емес, оқырманға да жылы, тағылымды әсер қалдырады. Роман авторы адам – пендені өмірдегі орны жақсылық жасаумен, ізгілік- өнеге көрсетумен баянды, мағыналы екенін Іскендір дуана арқылы нанымды көрсеткен.
«Ақбілек» романы жанр табиғаты мен талабына толық жауап берумен бірге кемел ой мен көркемдікке, нақышты тіл мен келісті суреттеулерге де толы. Оны, тап айтқанда, Алтай мен ауыл көріністері, Ертіс- Күршім сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң – құс, жан – жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері мен этнографиялық деректер байыта, толықтыра түседі. Сайып келгенде, қазақ қызының өмірі, тағдыр жолын баяндағанда да Жүсіпбек Аймуытовтың ескі ауыл, этногрфиялық суреттерді, адамдар қарым – қатынасын ой мен сезім өрілімі арқылы риясыз жеткізер тіл байлығына, шеберлік иірімдерінің үлгі - өрнектеріне көз жеткіземіз. Сондай – ақ, романдағы әлеуметтік – психологиялық иірімдерен, жекелеген кейіпкерлерді мүсіндеу мен олардың ішкі монологтарынан, ең негізгісі қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, уақыт сырынан реалист суреткердің қолтаңбасы айқын көрінеді.
Көрнекті сөз зергері Ғабит Мүсірепов «Чудесный нәрсе» деп романға қатысты қасқа да ұтымды баға беріп, «Мен Аймауытовтың қолын таныр едім», «Менің ұстазым – Аймауытов!» деуі оның таланты мен шығармашылығына әділ көзқарасын аңғартары анық. Бұл бағытта, академик С.Қирабаев: «Ақбілек» бір қыздың тағдыры негізінде әлеуметтік революциялар дәуіріндегі ахауалдың жанаруын суреттейтін алғашқы қазақ романының бірі» десе, профессор Т.Кәкішев: «Ж.Аймауытовтың әдебиет тарихына оралуы – оның «Қартқожа», «Ақбілек» романдарымен, талай мәнді драматургиялық шығармаларымен әдебиетіміздің қалыптасу дәуірінде де сыншыл реализм дәстүрінің озық үлгілері өзінің орасан зор ықпалын жасап қана қоймай, жаңа көркемдік әдіске ұласқанына нақты дәлел бола алады» деп жазушы шығармашылығын, сөз өнеріндегі орнын нақтылы көрсетіп берді. Жазушы Р.Тоқтаров «Ақбілек» романынан адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады» деп қысқа да нақтылы түйін жасайды.
Осындай ой – пікірлер – М.Атымов, М.Базарбаев, Ш.Елеукенов, Б.Байғалин, Д.Досжан, С.Дәуіт, Б.Майтанов, Р.Нұрғали, С.Мұратбеков, Қ.Керейқұлов, Р.Тұрысбек, А.Ісімақов, Г.Пірәлиева, Д.Ысқақұлы т.б. зерттеу еңбектерінің негізгі нысанына айналды.
Тегінде, мұндай ой-пікірлер, ізденістер көп – ақ. Бәрін де «Ақбілек» романы қазақ халқының өмірі мен тұрмысынан алынып, болған оқиға ізімен жазылған, идеялық – тарихи тұрғыдан негізді, көркемдік – тілдік, стильдік құбылыстары жағынан өзіндік көзқарасы қалыптасқан қолтаңба мәнері бар шығарма екендігі ашық айтылады. Бұған қоса аталмыш шығарма табиғаты, әйел теңдігі тақырыбындағы туындалар «Бақытсыз Жамал», «Қыз көрелік», «Қалың мал», «Әділ мен Мәрия», «Адасқандар» т.т. адам әлемін ашуымен, оның өмірдегі, болмыс – бітімін тағдыр – талайын бейнелеу мәнерімен де, образдық өзгешеліктерімен де, ең негізгі көркемдік амал – тәсілдерімен, психологиялық ерекшеліктерімен, дүниетаным иірімдерімен дараланатынын айрықша атап айтқымыз келеді. Демек, «Ақбілек» романы – халқымыз басынан өткерген күрделі кезең көрінісін, негізгі тұлға мен оның төңірегіндегілер өмірін кең көрсететін танымдық – тағылымдық , парасатты туында. . .
Тұтастай алып қарағанда, Жүсіпбек Аймауытұлының шығармашылық мұрасы, әсіресе күрделі жанрдағы туындылары қазақ әдебиетіндегі реалистік прозаның даму белестерін айқындап қана емес, қоғамдық кезеңдік құбылыстарды, адами – рухани мәселелерді көркемдік – идеялық тұрғыдан шеберде шынайы бейнелеуімен биік белеске көтерілгендігінің, алыс – жақын шет ел қаламгерлерінің профессионалдық дәрежесіне жеткендігінің бірден – бір дәлелі де, дерегі де бола алады. Мұның өзі халық даналығында айқын бедерленегендей: «Шеберлік өмірді көре де түсіне білуден, сосын объектіні дұрыс таңдап ала білуден басталады».
Жүсіпбек Аймауытұлы шығармашылық шеберлігінің мың сан шындығының бір сыры осында жатыр.
Бұл – «Ақбілек» романына да қатысты айтылар кемел ой мен маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, «Ақбілек» әлемі – халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр-талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды. Ұлт руханиятын, көркемдік танымды биік белеске көтерген даңқты туынды, айшықты қолтаңба жемісі.
«Ақбілек» әлемінің ақиқаты осы.
ІІ. ТАРАУ. «Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі
2.1. "Ақбілек" романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры