Жусупбек Аймауытов Акбилек роман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 02:42, дипломная работа

Описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- Ж.Аймауытовтың өмір сүрген кезеңдегі қоғамның тарихи тынысын талдап, мәдени жағдайына ерекше мән беріп, уақыт ағымына қосқан үлесін анықтау
- «Ақбілек» романдағы идеясының пайда болу жолдарын анықтау:
- тәрбиелік бағыттағы өлендерінің табиғатына қарай талдап, ағартушылық идеяларын ашып көрсету:
- романдағы дидактикалық сыранды анықтап, дүниетанымдық көзқарастарын бағалау:

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3 - 5
І. ТАРАУ. Ж.Аймауытовтың әдеби мұрасы.
1.1. «Ақбілек» романындағы көркемдік жүйе......................................................6 - 8
1.2. Жүсіпбек Аймауытұлының суреткерлік қуаты...........................................8 - 10
1.3. Жекелеген бейнелердің монологтары.......................................................10 - 17
ІІ. ТАРАУ. «Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі
2.1."Ақбілек" романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры.............18 - 28
2.2. «Ақбілек» романның ағартушылық сипаты.............................................28 - 34
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................35 - 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................41

Работа состоит из  1 файл

Жусупбек Аймауытов Акбилек роман.doc

— 225.00 Кб (Скачать документ)

    Назар аударалық бір жайт-  автор роман оқиғасын түйінді, шешуші сәттен бастайды да, келесі кезекте соның себеп, сырын таратып, көркем, келісті баяндайды. Роман оқиғасы бұлайша өріс- арна  алуы кейіңгі жерде  баяндалар оқиғалардың кілті іспеттес.

Ендігі сөз роман  кеіпкерлері туралы.

      Шығарма атын иемденген басты тұлға- Ақбілек аяулы әке мен қымбат ананың алдында  ерке де әсем болып әсем болып өсті. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі мен көңілі сән беріп еді. Бірақ, бұл жарастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт «қалпағы бар, мылтығы бар, көк шекпенді, қақаңдаған, қоқиланған» төрт атты бұзған- ды. Олар бейбіт ауыл мен елдің апшысын қуырды. Үлкен – үй, дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсіріп,  орны толмас өкінішке  қалдырды. Оның бәйбішесін атып, «жас түлегі, жалғыз қызы- Ақбілекті» ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейіңгі жердегі Ақбілектің  өмірін, көрген зорлығы мен тартқан  азап- тауқыметін  ешкімде дұшпанына тілемес.

      Бұл – бай қызының ес білгелі кезікпеген кедергісі, жат адамдардың түсі  суық, жүрістері суыт әрекеттерімен де алғаш кезігуі де. Үмітін үрей басып, көлеңкесінің өзі қорқыныш әкелгендей болатын. Ең болмаса, ол ортада Ақбілектің көңіл- күйімен, жағдайымен санасқан ешкім болмады. Қосты айналып, қашуға әрекет жасамақшы да еді. Бірақ қырағы көз қалт жібермеді. Сұмдық сойқан,  жантүршігерлік жәбірлеу, азап- қорлыққа  толы өмір енді  басталды. Бұрын еркек атаулыға қарсы елмек тұрмақ, тікелей қарамаған, он екі де бір гүлі ашылмаған Ақбілек енді содырлы топтың ортасына түсті. «Ашу- дұшпан, ақыл – досты»  да, айла- амалды да  жүзеге асыру қиын- ақ. Жан сауғалап «одан қашқан, бұдан қашқан жетпіс шақты офицер, флоттар» Ақбілектің еркінен тыс әрекеттер жасады. Асыл қазынасы- абыройынан айырды, қара мұртқа ермек болды...

       Феодалдық- патриархалдық сана мықтап қалыптасқан кезде Ақбілек басынан өткерген ауыр хал, жан азаптары, тағдыр талқысы өмірлік таңба болып басылды. Жан сауғалап қашқан ақтардың артында «бұралқы  күшіктей қаңғырып Ақбілек» жалғыз қалды. Ақтардан тартқан жан азабынан соң да Ақбілектің көтерген қорлығы, күйзелістері көп- ақ.

       Ақбілектің жандауысы, шерлі мұңы кеудесінде жаны, сезімі барға жеткендей- ақ. Бірақ, оған тіл қатып, үн қосқан ешкім болмады. Ең негізгісі, ол ертеңгі күнге сенімін жоғалтпады, жақсы, қайырымды жандарға жолығармын деген үмітін де үзбеді. Осы мақсатпен көк пен жерге де, тау мен өзенге де сыр ашты, «күздің сарғыш жапырақтарына», «саялдық қара бұлттарға» мұң шақты. Көзі көріп, көңілі сенген, бастан өткерген көрініс- жайларды бөлісті. Іскендір дуана мен кездескеннен кейін жаның жегідей жеген азап пен қорлықтың салмағы бір мезет жеңілдеп, ұмытылғандай болып еді. Бірақ, нағыз азап, күйзелістер алдынан тағы шықты. Ел ішіндегі өсек- аяң, бұрыңғы ғашығы Бекболаттың тояттаған соң, сырт айналуы т.т.с. Ақбілектің жан- жарасын одан сайын қоздырды. Бұған «көзі тікшиген, тымырайған» қатыгез мінезді өгей шешесі Өріктің де кері әсері мол болды. Ес біліп, бой түзей бастағаннан тағдыр тауқыметін мол тартқан Ақбілекті араға бес жыл өткен соң көргендегі әсер өзгеше. Ағасы Төлегеннің артынан іздеп барып, оқуға түседі, нағашысы Кәмилә мен кездесіп, өз өмірлері төңірегінде өрбіткен сыр- сұхбаттары, Ақбала, Балташ т.б. қатынастар мезгіл әуенін аңғартумен қоса басты тұлғаның дүниетаным эволюциясын да танытады. Жас өмірін өксікпен өткізген Ақбілектің Балташ сынды азаматпен көңіл қосып, Іскедірмен қайта табысуы жан- жарасын жазып, нұрлы өмірге батыл, сеніммен қадам жасатады. Роман тілімен айтсақ, Ақбілектің «жүрегін  жуып тазартқан алтын леген- аяулы жаны, қаратаудай қайратты, ай мен күндей ғылым еді». Қысқасы, дүбірлі дәуірдегі қазақ қызының өмір тағдыр жолы шындыққа сыйымды келісті көрініс тапқан. Демек, Ақбілек бейнесі қазақ қызының тағдыр- талайын танытумен бірге бақытқа ұмтылған, жаңа өмірді, қызық қуанышты алдан күткен күрделі әрі бедерлі бейне. Қаламгер мұраты- жеке адам, яки Ақбілек арқылы халық өмірін, тарихы мен тағдырын, тұрмыс- тіршілігін шындық оқиғалар, нақтылы көріністерімен көрсету болса, бұл міндет күрделі жанр- роман арқылы ұлттық- эстетикалық деңгейге көтерілген, әрі еуропалық үрдістегі туындылар табиғатына үндес сәйкес келеді.

Қорытынды

 

   Бүгінгі қазақ романының ХХ ғасырдың басында туғанына ешкім де күмән келтірмейді.Роман жанрының қазақ әдебиетінде туып, қалыптасуы – бірсыпыра уақытты қажет етіп,көптің көмегімен, көптің көркем ойымен жүзеге асқан.

      Қазақ романының ту басында М.Дулатовтың   «Бақытсыз Жамалы»,  С Торайыровтың «Қамар сұлуы»,  «Кім жазықтысы?»,  М.Әуезовтың  «Қилы заманы»,  Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», «Қартқожа» секілді шығармалары тұр деп біз нық сеніммен айта аламыз.

Осы романдардың ішінен мен Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын қазақ романдары ішінен шоқтығы биігі дер едім.

     Себебі, Жүсіпбектің романдарын алғашқы «қазақ романдары» деп  пікір айтқан С Қирабаев өзінің «Ж.Аймауытов» атты еңбегінде  С.Сейфулиннің «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасымен салыстырып, «Тар жол, тайғақ кешуді» тарихи-мемуарлық, деректі шығарма дей отырып, роман жанрының алғашқы үлгісін Ж.Аймауытов жасады» дейді.

     «Ақбілек» романында кейіпкер болмысы мүлде жаңа қырынан көрінеді; қоғамдық жағдайлардың ауысуына байланысы адам бойындағы пайда болған өзгерістер мен оның тарихи көңіл-күйі суреттеледі; кейіпкердің тағдырын, оның қалыптасу және даму процестерін көркемдік кеңістік пен уақыт аясында жан-жақты толық етіп көрсетеді. Ақбілек бейнесі сол кезде жазылған ( тақырыптас) шығармалардағы әйел образдары: Жамал, Қамар, Ғайша, Шұға, Ботагөзбен өсу жолын, тағдырын, санасын, әлеуметтік жағдайын салыстырып қарар болсақ, көп ерекшеліктерді байқаймыз.

      Дулатов, Көбеев т. б. шығармаларындағы кейіпкерлер сыртқы көркі ішкі жан дүниесінің сұлулығына сай, сүйген адамына жан-тәнімен берілген, өз махаббаты үшін бәрніне дайын жандар. Сүйгендерінен айрылған Шұға, Қамар да қасіретпен мерт болады.  Тек Ғайша ғана қашып құтылады.

     Бір қарағанда бір-біріне ұқсамайтындай көрінетін кейіпкерлердің өзара ортақ белгілері – бәрінің де періште кейіпкердің (идеальная героиня) сипатын көрсететіні, бәрінің де махаббат пен адалдық идеясын ту етіп көтеретін; әлеуметтік қайшылықтан, теңсіздік кесірінен шырмалып жоғары шыға алмауы. Автор қазақ қызының басындағы бар қиындықты ашып көрсетеді, бірақ одан қалай шығу керектігін айтпайды. Бірақ біз олай деп кінә тақпаймыз, мүмкін дәл сол кезде қыз өз еркін алуы мүмкін де болмаған шығар. Ал Жүсіпбекте жоғарыда айтқандай дәріптеу (идеализация) жоқ, тіпті оның көркемдік жүйесіне де тән емес десек те болады. Ол өзінің бас кейіпкерін өзіне ұнайтын, жанына жақын етіп ешқашан да көкке көтеріп дәріптемейді. Жалпы адам бойындағы жақсы да, жаман да қасиеттер Жүсіпбек кейіпкерінің бойынан табылады.

      Жүсіпбек романында көркем бейне жасаудың принциптері мен деңгейлері – оның өз шығармашылығында фольклорлық эстетикалық дәстүрдің ілгері озғандығы арқылы көрінеді.

ХХ ғасыр  басында әйел бостандығы - әлеумет  бостандығының ең негізгі мәселесі болып есептелді. Шынында да, анасының көзі жасты, қызының көңілі мұңды ұлтта қандай бостандық болуы мүмкін. Ғасыр басындағы шығармалардың әйел тағдырына орайлас келуінің бірден – бір себебі  де осы шығар. «Ақбілек» те дәл осындай шығармалардың бірі, яғни романның негізгі тақырыбы - әйел бостандығы.

Шығарманың  бас кейіпкері Ақбілек қиыннан  жол тауып, төңкеріске араласып, күрескерлік  мінез танытқан қыз емес, немесе кедейшілік,жоқшылық көрген де емес, бірақ  Жүсіпбек бір ғана Ақбілек бейнесі  арқылы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамының үлкен көрінісін жасады және сол дәуірдегі тұлғаның рөлін, қалыптасу жолын көрсетті.

Суреткер Ақбілектің шиеленіске толы күрделі  де бай  ішкі әлемін қоршаған ортадан әсте бөлмей, бір тұтас күйі қарастырады. Кейіпкер санасы мен психикасының эволюциясы сыртқы себептермен тікелей байланыста болады. Егер В. Г. Белинскийдің « роман тарихи уақытың көркем идеяларымен, әсіресе «тұлға идеясымен» ... байланысты» деген пікірін ескерсек, Аймауытовтың кейіпкер табиғатын, бақытты өмір сүруге құқылығын, бостандығын, тағы сол сияқты тұлғаға байланысты проблемаларды дұрыс танумен тікелей байланысы деп тұжырымдаймыз.

«Ақбілек» ─ әлеуметтік – психологиялық роман. Себебі, ары мен намысы аяққа тапталған Ақбілек оң, солын танып, білім алып, қатарға қосылып, ірі парасат деңгейіне көтерілгеннен кейін ғана рухани түлеуге, кір-қоңынан тазарып, дүниеге жаңа келген сәбидей өмірге үмітпен қарауға мүмкіндік табады. Міне, осы арқылы Ақбілектің ішкі психологиясы да өзгеріп, мүлдем жаңа бейне болып шыға келеді.

Дүниеде ең үлкен дерт надандық екенін талай ғұламалар айтып кеткені мәлім. Өйткені жақсы мен жаманды айыру үшін парасат керек, ал парасат өмірден көрген, кітаптан оқыған біліммен, әрі түйсікпен келеді. Ақбілек үлкен парасаттыққа қол жеткізу арқылы дүние ортадан ауыл үйдің өсегімен ғана анықталатын құндылықтардан биіктеп, үлкен тұлғаға айналды. Осылайша Ақбілек өзінің өмірлік  проблемасын тазару, адамгершілік кемелдену арқылы шешеді.

Ақбілек трагедиясы – бүкіл халықтық трогедияның  бір ұшқыны. Ақбілекті ақтардың алып қашып кетуі, оны қара мұрт офицердің әйел қып ұстауы – бір қыздың ғана емес, бүкіл елдің ұлттық намысына тиетін ауыртпалық. Қыздың орыс тұтқынынан босауы, бостандыққа ұмтылғанмен, ел бетін көре алмай қиналуы, әкесінің Ақбілекті қабылдамауы, атастырған жігітінің сырт айналуы, ел-жұрттың оған бір түрлі, аяушылықпен (екінші жағынан таңсыққұмарлықпен) қарауы – бәрі де алақанға салып, мәпелеп өсірген қазақ қызына өлімнен де ауыр еді. Оның үстіне орысты кәпір деп қарайтын ұғым бар. Бұл жағдай тілге өрескел еді, өйткені ел түсінігінде кәпір атаулының бәрі жау, онымен араласқан елдің бәрі –жат, діннен безген харам болып көрінетін.

Роман Ақбілектің жау қолына түсуінен басталады. Ес білгелі  әке-шешесінің көз алдында болып, ерке өскен, қиындық пен қорлыққа кезікпеген Ақбілек өмірі сын тезіне түскенде өң  мен  түстің аралығында үмітінен үрейі басым қатерлі кезеңге тап болады. Сұмдық сойқан, жан түршігерлік жәбірлеу, азап, қорлыққа толы өмір енді басталады.  Бұрын еркек атаулыға қарсы келмек түгілі, тіке қарамаған Ақбілек енді содырлы топтың ортасына түсіп, қара мұртқа ермек болады. Ақбілектің өмірінің осы кезде тас талқаны шыққан еді. Бұл - шығарманың шарықтау шегі.

Әйелдің осал жері – сұлулық, осал жері – мақтан. Жүсіпбек Ақбілекті идеал етіп  алмайды, оның бойындағы мақтаншақтықты да көрсетеді. Мысалы: «…жалғыз-ақ Ақбілек үшін қара мұрттың жанын қиғаны рас. Ендеше, жақсы көргені де рас. Жақсы көргендей  Ақбілек сұлу екен. Қазақ тұрсын, орыстың боздақ жігіті де Ақбілекке қызығады екен, жанын қияды екен, әйелге бұдан артық құн бола ма? Сый бола ма? Оның үстіне Ақбілек енді көп орыстың талқысына түспейді, асыл қазынасын бір-ақ кісіге қияды.»

Жазушы кейіпкерін әр алуан ситуацияға түсіріп сынайды, кейіпкер психологиясын отқа да, суға да салып пісіргендей, тоңдырып, жандырып, әр алуан жағдайға түсіріп, жан-жүйесін қалтарыссыз ашады. Ақбілек әйелдікке көнгелі отыр. « ... Қандай кісіге? Өзі үшін жанын қиған ер жігітке» десе де, артынша «...бірақ, ойбай-ау! Ер жігіт деп отырғаны аузы түкті кәпір ғой!..» Соны ойлаған кезде ақторғын маңдайына екі тік сызық көріне қалады. Апасы есіне түседі де, көзінен екі моншақ домалап кетеді. Жан апасынан мәңгілікке айрылып, бас қаралы жүз жаралы боп отырып, не бетімен бай іздегені? Апасын өлтіріп кеткен, өзін тартып әкелген ... орыстың тұқымына не қып өз еркімен көнгені? Енді Ақбілек жыландай жиырылып, әйелдік сезімін тежеп, қатайып ала қойды. Осылайша роман аяқталғанша жазушы әйел жанына қапысыз үңіліп, қалтқысыз бақылайды.

Орыстың ұлы  жазушысы Толстой кім көрінгеннің  қолтығында кетіп бара жататын намыссыз  орыс әйелі үшін күйінсе, Жүсіпбек қазақ әйелін өзге ұлт өкілі еркінен тыс алып кетіп, намысын таптап жатқанына күйінеді.

Ақбілек қорлығы осымен бітпейді.«Ауылыма барсам болды, бәрі жақсы болады» деген Ақбілектің тек өз ойы, пәк сезімі ғана, ал бар  қорлық алда күтіп тұр еді. Қайғыға  берілгенмен, Ақбілек іссіз, әрекетсіз  емес. Оның қара мұрттың оғынан өзін арашалап қалуы - өмір үшін күрестің басы, яғни оның қиыншылықпен арпалыстағы бірінші жеңісі. Ал екінші жеңісіне ол ессіз табиғатпен, меңіреу,мылқау түн қаупімен күресте жетеді. Қосты қоршаған қасқырмен арпалыса жүріп ол от жағып қорғанады. Мұның барлығы өмір үшін күрестегі  Ақбілектің жеңістері еді.

Ақбілектің  жан күйзелісін бірде шуақты, бірде  бұлтты, бірде жігерлі, бірде жүйрік сезімдермен қайшыластырып беретіні секілді, оның (жалпы) тағдырын да бірде  үмітті, бірде күдікті етіп, бірде  қырға шығарып, бірде ойпаңға  түсіріп күрделендірсе, соған орай оның жан дүниесін аласапыран күйге бөлеп береді. Бір өңкей қуаныштан өрілмейтін, бір өңкей қайғыдан құралмайтын өмір. Ақбілекке де тас емшегін бірде мәңгі жібіместей қатып қалғандай иітпей қойса, бірде тағдыры күлімсірегендей үміттендіре қарайды. Сол аралықта Ақбілекте жұмыр басты пенде ретінде бірде күйініп, бірде Жүсіпбектің  үлкен прозасы қазақ әдебиетінде айрықша орынға ие. Алатайдай асқақ әдебитеіміздің  сілеміндегі биік құзар шың. Сол шыңның шұрайлы, құнарлы баурайынан көр роман, повесть бұлақтары жамырай тарайды. Ұлы Ғабит Мүсіреповтың өзі: «Менің ұстазым Жүсіпбек Аймауытов. Маған жазуды үйретке, қалай жазудың үлгісін көрсеткен  Жүсіпбек еді...» деп ағынан жарыла мойындаған. Адам жананың қазасына, психологиялық байлығына көркем  тіл бітіріп суреттеген          сүрініп алау-далау күй кешеді.. Болашақ жары Бекболаттың  ел өсегіне  қарамай  алмақшы болуы Ақбілек үмітін қайта жалғағандай болып еді. Бірақ бәрібірде Бекболат қазақы ұғымнан ұзап шығып кете алмайды. Орыстан бала тапқан Ақбілек енді мүлдем ел бетіне қарай алмай қалады.

...Ауылдан пана таппаған  Ақбілек ағасына еріп қалаға  барады. Бұл жайт бүкіл романның  қақ ортасын бөліп тұрған көпір,  яғни әңгіменің шарықтау шегінен  төменге түсуі, ал Ақбілек өмірінің  жаңа кезеңі.Онда оқу оқып, жаңаша тәрбие алады. Жаңа ортаға ойысады, алғаш таңсық көргенімен, оның бәрі жат емес екенін сезеді, өзіне осы ортадан жар тауып, бақытты отбасы құрады.

Алғашқы тарауда  автор өзі сөйлесе, кейінгі тарауда  Ақбілектің жеткен жеңісін өз аузынан  сөйлетеді. Ақбілектің өсу жолын дәл сондай тағдырды басынан кешкен Кәмиләмен салыстыруға болады. Романда мұны Ақбілек өзі баяндайды, өз өмірі мен Кәмиләнің өмірін салыстырып, ой қорытады. Кәмилә ескі көсқарастың шырмауынан шыға алмай қалса,  Ақбілек сол жолды өтіп барып, бақытын табады.

Роман соңында  сүйгенімен қол ұстасып елге қонаққа  келген Ақбілектің заман алдындағы, ескілік алдындағы рухани жемісін  паш етеді. Жазушы қызды бұрыңғы  жары Бекболаттың аулына соқтырып әкетуі де Ақбілек жеңісін Бекболаттарға  көрсету сияқты, сондай қыздан айрылып қалған, ескіліктің шырмауыннан аспаған жігітке сабақ етеді. Ақбілектің ауылға келіп оқыған жеңгесімен бірігіп әйелдерді аз күн болса да хат танытуы осы идеяны аша түседі.

Ақбілек - білім  алып, заманның жоғарғы сатысына көтерілген әйелдердің өкілі, тың бейне. Ақбілек өмірінің ең жоғарғы даму шегі мына сөзден байқалады: «...оқымаған әйел қор ғой, қапастағы құстай ғой» дейді.

Енді Ақбілек  « баяғы емес, өзгерген, өнер тапқан, жетілген. Әйелдерге көсем болған... ол енді ақсақалдың ғана емес, көптің баласы» дейді.

Осындай қарапайымшылықтан күрделі  тұлғаға дейін көркем тілмен, шебер  оймен, шытырман оқиғамен жеткізу –  Жүсіпбек шеберлігінің шыңы десе де болғандай.

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі

 

  1.  Қазақ романы және « Ақбілек». «Қазақ әдебиеті» газеті. 28 мамыр 2004
  2. Әбдікова Қ. Ж. Аймауытов туындыларындағы тұлға. - Алматы , 1998
  3. Қирабаев С. Ж. Аймауытов.- Алматы, 1993
  4. Аймауытов Ж. Ақбілек.Роман -  Астана ,1998
  5. Қазақ әдебиеті (ХІХ ғ.) Алматы «Мектеп» 2006 ж.
  6. «Қазақ әдебиеті».Жұмажанов Т. Алматы «мектеп» 2006 ж.
  7. «Қазақ әдебиеті» Кирабаев С. Мырзағалиев Қ.  Алматы «Мектеп» 2002 ж.
  8. «Қазақ әдебиеті» Абдиманулы О. Дюсебаев С.  Алматы «Мектеп» 2007 ж.
  9. «Қазақ әдебиеті»  Х. Әдібаев, М. Базарбаев, З. Кобдолов, Р. Нұрғалиев          

Информация о работе Жусупбек Аймауытов Акбилек роман