Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 14:56, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Журналистика – шығармашылық. Журналист – ешқашан бір жазғанын қайталап жазбайды, бір айтқанын сол қалпында бұлжытпай қайтадан айтпайды. Сондықтан да, теориялық деңгейде қабылдаған білімді тәжірибе жүзінде игеру үшін аудиториядағы дәрісті лабораториялық сабақтармен қатар өрбітіп, шығармашылық процесс ретінде пысықтап қою жеткіліксіз. Сонымен қатар, болашақ журналистер кәсіби маман ретінде қалыптасу үшін өндірістік журналистикадағы өрісіндегі кәсіби дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгеру мүмкіндігіне қол жеткізуі керек.
І.Кіріспе 3
Негізігібөлім 5
І.тарау. Журналистиканың функциялары 5
1.1 Идеологиялық функция 5
1.2Тікелей ұйымдастырушылық функция 8
1.3.Мәдени-ағартушылық функция 11
1.4 Жарнамалық-анықтамалық функция……………………………………………………...13
1.5 Реакритивті функция 17
ІІ.тарау Журналистика функциясының бүгінгі көзқарасы 19
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 28
Хабар таратудың басты мақсат-мұраты аудиторияның ортақ құндылықтарын қалыптастыру, жалпыадамзаттық, ұлттық, жалпы қалалық немесе аймақтық құндылықтарға баса назар аудару, ортақ тауқіметтерді бірлесіп шешуге үндеу, кертартпа күштер мен ықпалды шектеу болып қала береді[2].
БАҚ-ның аудиториясы үлкен болған сайын, оның жауапкершілігі де өседі. Тыңдармандардың ақпараттық сұранысы дегенде жас ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын, психологиялық көңіл-күйін, ұлттық және діни ұстанымдарын ескеру оңай шаруа емес. Журналистиканың интегративті міндеті кез-келген хабардан көрінеді. Публицистика болсын, өнер тақырыбы қозғалсын, спорт жаңалықтары сөз болсын бәрінде топтастыру, адамдарды жақындастыру идеясы тұрады. Кеңестік идеология заманында бізде бәрі жақсы, оларды бәрі нашар, кертартпа деген ұстаным басым еді. Қоғамның дамуы қандай дәрежеде болмасын журналист обьективті сараптама жасап, дұрыс тұжырымдар жасағаны абзал, мүмкіндігінше көңіл-күйге берілуге болмайды.
Журналистиканың
ақпаратты жанрлары аты айтып
тұрғандай ақпараттық функцияны
атқарады, ал талдамалы жанрлары ақпараттық
және талдамалы функцияны атқарады.
Соған сәйкес талдамалы жанрлардың
құрылымдық, тілдік-стильдік ерекшеліктері
айқындалады. Өйткені, оның маңыздылығын,
өзектілігін жоймаған әлеуметтік мәні
бар фактіге құрылатындығы
Комментарий. Бұл қандай да бір факті, оқиға немесе құбылыс жайлы құзырлы адамның, маманның немесе журналистің пікірі, жасаған талдауы, берген бағасы.
Комментарий– латынның талдау, түсіндіру деген сөзінен шыққан. Ол-қоғамдық саяси деңгейдегі өзекті мәселенің, оқиғаның, құбылыстың мәнісін түсіндіруге құрылған сараптамалық материалдардың бір түрі.
Комментарийдің негізгі жанрлық элементтері: автор тарапынан фактіге жасалған талдау мен оған берілген баға.
Эфирден берілу ретіне қарай комментарийді екі топқа бөлуге болады:
1)Дербес комментарий. Эфирден өз алдына жеке бір хабар ретінде өтеді.
2)Шағын комментарий. Көбінесе жаңалықтармен бірге беріледі, немесе үлкен бір хабардың құрамына еніп кетеді.
Тақырып аясындағы
сөз болатын мәселенің сипатына
қарай комментарий оперативті және
проблемалық болып екіге
1)Оперативті (нақты-оқиғалы) комментарий. Ол күннің айтулы оқиғасына арналады. Сондықтан да оқиғамен бірге іле-шала жедел эфирден ұсынылуы тиіс. Соған сәйкес көлемі де ықшамды болып келеді, яғни, бір жарым, екі минуттан аспауы керек.
3)Проблемалық комментарий. Оған заман ағымындағы толғақты мәселелер, саяси бағыттағы маңызды шаралар, халықаралық деңгейдегі назар аударарлық оқиғалар өзек болады. Оперативті комментарийде бір ғана оқиға немесе құбылысқа түсініктеме берілетін болса, ал проблемалық комментарийде деректер мен топшылаулар көбірек ұшырасады. Мұның өзі проблемалық комментарийдің құрылымдық ерекшелігі болып табылады[3].
Әңгімелесу–журналистиканың ең бір негізгі және күрделі жанры, көпшілікке арналған ауызша үгіттің ең басты формаларының бірі. Ол диалогқа құрылатындықтан сыртқы сипаты жағынан сұхбатқа ұқсайды. Ал ішкі мазмұны мүлде бөлек. Сұхбат нақты сұрақ пен нақты жауаптан тұрады. Ал әңгімелесу кезінде сұрақ ең алдымен, сөзді бастап беру үшін, содан соң тақырыпты ашып, оны жан-жақты тарқатып жеткізу мақсатында әңгімелесушінің кілтін тауып, оның ойын өрбітіп, сөзін сабақтау үшін, соңында белгілі бір тұжырымға келіп, ой түйіндеуіне мүмкіндік туғызу үшін қойылады. Сондықтан да әңгімелесу кезінде сұрақ екінші кезекке ығысады да, жауап берушінің сөзі үлкен мәнге ие болады.Өйткені, ол ағынан жарылып, сыр ақтарып, көңіл түкпірінде жатқан ойларды ортаға салып, шешіліп сөйлейтін болуы керек. Сондықтан да ол қойылған сұрақтарға жауап берумен шектелмейді, сол сауал төңірегінде жан-жақты ойланып-толғанып отырып өз тарапынан көкейінде жүрген кейбір мәселелерді қоса сөз етіп кеңінен көсіледі. Әңгімелесудің жанрлық ерекшеліктері осыдан келіп туындайды. Бұл жанрдың көтерер жүгі салмақты болғандықтан оған қойылатын талаптар да күрделі. Онда шебер сөйлеу, тіл құнарлылығы, ой нақытылығы, тыңдаушысын бірден баурап алатын сыршыл сипаттағы еркін әңгімелесу процесі жүзеге асуы тиіс.
Әңгімелесушінің жанды сөзі тыңдармандардың қызықты сұрақтары, емін-еркін тілдесу процесі, қызу пікірталас-осының бәрі әңгімелесу жанрына шынайылық сипат береді.
Әңгімелесудің сәтті шығуы аудиторияның сипаты мен психологиясын, оның негізгі мұқтажы мен жалпы проблемасын дәл есептеп, тақырыпты дұрыс таңдап, мүмкіндіктерді толық пайдалана білуге байланысты болады.
Радиоәңгімелесуде жанды сөз, оның эфирден берілу пішіні, дауыс ырғағы айрықша рөл атқарады. Сондықтан да радиоәңгімелесуге арнайы мәтін жазылмайды, ол көбінесе, суырыпсалмалық сипат алады. Радиоәңгімелесу үлкен бір хабардың құрамды бөлігі бола алмайды. Өйткені, радиоәңгімелесудің өзегі- арнаулы бір тақырып аясы.
Радиошолу. Бұл жанрға анықтама беру үшін оның өзіне тән ерекшеліктерін атап өту қажет.
1. Фактологиялық сипаты. Шолуда фактілер автордың айқындалған мақсатына сәйкес іріктеледі және топтастырылады.
2. Фактілер шолушы тарапынан өзара тығыз байланыста қарастырылады.
3. Тақырыптың зерттелу ауқымының кеңдігі. Егер комментарийге нақты бір факті немесе бір ғана оқиға өзек болатын болса, шолуда бір мәселеге қатысты барлық фактілер қамтылады, жинақталады.
4. Хронологиялық шеңбер аясында, белгілі бір сала бойынша жасалады.
5. Негізгі мәнісі жалпылама қорытынды жасау болып табылады.
Шолу-белгілі бір оқиға өзегіндегі бірқатар мәселелерді, соның аясындағы толып жатқан фактілерді, соның негізінде саналуан көзқарастар мен пікірлерді қамтып, сараптап-саралай отырып обьективті баға беру, құбылыстың алды-артын түгел шолып, нақты бір тұжырым жасауға арналған жанр. Сондықтан да шолуды кез-келген журналист жасай бермейді. Шолуды шолушы-журналист жасайды. Шолудың сәтті шығуы шолушы-журналистің көрегендігіне, тапқырлығына, фактілерді іріктей білу қабілетіне, оны аудиторияға тартымды етіп жеткізе білу шеберлігіне, журналистік позициясына байланысты.
Корреспонденция-ақпараттық және талдамалы жанрдың функциясын қатар атқаратын жанр. Онда болған оқиғаның мәні мен сипаты баяндалып, тілші тарапынан баға беріледі. Сондықтан да, оқиғаны кеңінен қамту мен қорытынды ой айту корреспонденцияның негізгі екі элементі болып табылады. Ақпараттың уақыт мөлшері 30-45 секунд көлемінде болса, ал корреспонденцияның көлемі 1,5-2 минутқа дейін созылады.
Корреспонденцияда факті хабарланады, сондай-ақ, факті туралы оны хабарлаушының пікірі беріледі. Негізінен, корреспонденцияны тілші микрофон алдында өзі баяндайды. Оқиға куәгерінің өз аузынан айтылған әңгіме әсерлілігімен, нанымдылығымен тыңдармандарды баурап алады. Ал корреспонденция диктордың оқуындағы мәтін түрінде берілсе, онда міндетті түрде «біздің тілшіміз хабарлағандай»деген мәлімдеме жасалады[4].
Мәдени-ағартушылық міндеттері.Хабар тарату көп қырлы мәдени-ағартушылық мақсатты жүзеге асыруда бірнеше кешенді міндеттерді қатар орындайды. Соның негізгілеріне жеке тоқталайық[5].
Эстетикалық міндеті. Қазіргі заманғы хабар тарату ісіндегі оның үш қыры назар аударуға тұрарлық.
1. Журналистиканың үздік үлгілері эстетикалық талапқа жауап беріп, мәдениеттіліктің бір қыры болып табылады. Яғни, жүргізушінің жалынды сөзі, диалогтардың психологиялық ширығуы, жанды пікірталас, тосын қисын мен жаңа идеялардың айтылуы, тыңдарманның қиялын қозғап, оқиғаны көз алдына елестететін дыбыстық бояулар, өзін оқиға ортасында сезінуі, хабардың ішкі байланысы мен өрбу динамикасы, жып-жылмағай құрастырылуы, сөз, саз бен табиғи шулардың өзара үйлесімділігі-осының бәрі эстетикалық талғамды қалыптастыратын, сананы өсіретін әдіс-тәсілдер. Журналист неғұрлым бейнелеуші құралдарын дұрыс қолданып, тыңдарман санасына күшті әсер ете алса, соғұрлым эмоциясын күшті тітіркендіреді және әдетте көңіл аудара бермейтін деректің өзі қатты тебірентеді. Қазіргі радионың көркемдік және құрылымдық мүмкіндіктері шексіз. Ол белгілі әдіс-тәсілдерді құбылта пайдалану арқылы деректі, оқиғаны соншалықты жанды, әрі әсерлі тыңдарманына жеткізуге қабілетті. Оның үстіне, қазір тікелей эфир тәсілі, яғни «жанды» эфир тәжірибеде кең қолданыс табуда. Мұның өзі журналистке көп артықшылық береді, әсіресе интерактивті режимде диалогтар құрып, шексіз импровизация жасауға, сөзді тауып айтуға, тыңдарманды қызықтыруға, бірге қуанып, күйінуге, сөйтіп, эмоциялық ахуалды күшейтуге ешкім шектеу жасай алмайды.
Эфир уақытын дұрыс пайдалансаң, өзіңнің бағың, танымалдығың артып, рейтингің өседі, кәсіби білігің мен эмоциялық күйің нашар болса, уақытты зая кетіргенің, тыңдарманды жоғалтқаның. Эфир заңы, осындай қатал.
2. Журналистика өмірге келген кезден бастап өнердің әр саласын: музыка, театр, әдебиетті насихаттап, танытып келеді. Көркем шығармаларды радиоэфирге шығаруда көптеген ізденістер жасалынып, небір пішіндер мен жанрлар дүниеге келді және олар шығарманың әрін кіргізіп, эстетикалық талғамын көтеруге тікелей ықпал етті. Сонымен бірге, өзі де басқа өнер салаларынан көп жайды үйреніп, әдіс-тәсілдерін байытты, рухани, мәдени және эстетикалық құндылықтарды бірге меңгерді.
3. Аудиомәдениеттің
үздік үлгілері жылдар бойы
қалыптасты және оның өзіндік
дәстүрі бар. Әдебиет пен
Сөйтіп, өзінің көп жылғы тәжірибесінде басқа өнер салаларын насихаттап қана қойған жоқ, сонымен бірге жеке дара өмір сүре алатын қабілеттілігін, өзгелермен тең екендігін, шығармашылық әдіс-тәсілдерінің сан қырлы екендігін дәлелдеді.
Журналистика қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның ағартушылық міндеті шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге кітаптар, газет-журналдар уақтылы жетпейді, телехабарлар тарамайды.
Көбіне, ойын-сауықтық
хабарлар журналистика талаптарына
толық жауап бере алмайды, сондықтан
оның аралық сипатына назар аударамыз.
Яғни, мұнда көпшілік мәдениет, шоу-бизнес,
эстрада мен әзіл-сықақ
Міне, журналистиканың міндеттері сан қырлы екендігіне көз жеткіздік. Оның эстетикалық табиғаты да шексіз, шығармашылық мүмкіндіктері де мол.
1979 жылы В.В.
Егоров пен В.Н.Ружников былай
деп жазады: “...радио мен телевизия
өнері ерекше жаңа түр ретінде
барған сайын өзінің мол
Жарнама –
спектакль концерт жиналыс
Спирттік және салқын сусындар шығаратын ірі фирма өз тауарларын елде жоқ бір әдіспен жарнамалауға бел байлайды.
«Жарнама» түсінігінің көптеген анықтамасы бар.Жарнама сөзі - французша reclame, немісше werbung деген, латынның reclamo«рекламо» сөзінен шыққан, үлгілеу «айқайлау» деген мағынаны білдіреді Ағылшын тілінде жарнама екі термин «advertising, advertisiement» және publicity қолданылады. «advertising» термині құрылу жағынан орысша “ жарнамалау” және «Жарнамалық іс - әрекет» сөзінің мағынасы жақын, ал «advertisiement» термині нақты жарнамалық іс - әрекеттің өнімін көрсетеді. Соңғы уақытта жарнаманы әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде көрсетуде кейбір авторлар «advertology» терминін жиі қолдануда. Қазір бұл терминнің орысша «адвертология» деген аудармасын көруге болады.
Ежелгі Римде, Грецияда базарларда, алаңдарда әр түрлі тауарларды мақтап қатты айқайлаған. Жарнамалық хабарландыруды ағаш тақталарына жазды, оны қатты қызығып оқитын алаңдарда және халық көп жиналатын жерлерге ілді. Жарнама копитализм дәуірінде жоғары дамыды. Копиталистік елдерде жарнаманың дамуы нарықта пайда берерлік өнім алу үшін күрес. Жарнама баспасының пайда болуы XYII ғасырдың басында У. Кекстон Англия және Т.Ренодо Франция аттарымен байланысты. 1611 жылы Лондонда әлемде біріншірет А. Горжа және У. Копа жарнамалық бюро құрды.
Жарнама –
ең талантты, өз уақытын ерекше лидерімен
ынтымақтасу мүмкіндігін
Жарнама жасаудағы шығармашылық ізденістер журналистік әдіс-тәсілдермен сәйкес келеді. Тыңдарманды селт еткізіп, көңілін аулауда юмор, метафора кең қолданыс тапты. Жарнама сценарийін жазуға ерекше талап қойылатын болды. Қысқа уақытта оқырмандар мен тыңдарманның назарын аудару, пайдалы ақпарат беру және соны санасына сіңіру шығармашылық иесінен еңбекқорлықты, ізденуді, жалықпай үйренуді талап етеді. Жарнаманың үздік үлгілері қалыптасып та үлгерді, жыл сайын үздік туындыларға бәйге тағайындалып та жүр. Міне, мұның бәрі журналистің шығармашылық шабытына қозғау салып, қиялын ұштайтын, қаламын қатайтып, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін факторлар болып табылады.