Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 14:56, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Журналистика – шығармашылық. Журналист – ешқашан бір жазғанын қайталап жазбайды, бір айтқанын сол қалпында бұлжытпай қайтадан айтпайды. Сондықтан да, теориялық деңгейде қабылдаған білімді тәжірибе жүзінде игеру үшін аудиториядағы дәрісті лабораториялық сабақтармен қатар өрбітіп, шығармашылық процесс ретінде пысықтап қою жеткіліксіз. Сонымен қатар, болашақ журналистер кәсіби маман ретінде қалыптасу үшін өндірістік журналистикадағы өрісіндегі кәсіби дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгеру мүмкіндігіне қол жеткізуі керек.
І.Кіріспе 3
Негізігібөлім 5
І.тарау. Журналистиканың функциялары 5
1.1 Идеологиялық функция 5
1.2Тікелей ұйымдастырушылық функция 8
1.3.Мәдени-ағартушылық функция 11
1.4 Жарнамалық-анықтамалық функция……………………………………………………...13
1.5 Реакритивті функция 17
ІІ.тарау Журналистика функциясының бүгінгі көзқарасы 19
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 28
Барлық ақпарат құралдарының ең негізгі басты міндеті жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сай ақпараттық сұранысын қанағаттандыру болып табылады[7].
Бұқаралық ақпарат құралдары на анализ жасау.Жарнамалық агенттіктер бұқаралық ақпарат құралдарын тиражына, физикалық мүмкіндіктеріне, бағасына, жұртқа әсер етуіне қарай зерттейді.
«Ақпарат» сөзінің бірнеше баламасы бар, біз тар және нақты мағынасында қолданып отырмыз. Адамдарды әлемде және елімізде болып жатқан оқиғалар және жаңалықтармен таныстыруды ақпараттық қызмет деп танимыз. Ол арқылы тыңдарман өмірде болып жатқан құбылыстармен танысып, баға береді, білімін толықтырады, кеңестер алады, бағдар жасайды, түйсіктейді, қуанады, болмаса ренжиді. Бағдарламалар ішкі элементтері арқылы бірін-бірі толықтырып сол күннің оқиғаларынан толыққанды ақпарат береді. Мысалы, таңертеңгілік сол күні жүзеге асуға тиісті маңызды оқиғаларға назар аударады, түске қарай оның барысынан ақпарат таратады, әдетте, кешкісін қорытындыларын шығарып, түйіндейді.
Кез-келген
адам үшін әлеуметтік мәні бар ақпаратты
ұдайы естіп отыру қазіргі
өмірдің қажеттілігіне
Қазақстанда бұл тәжірибені жандандыратын уақыт келді. Қазір радиоарналар мен телеарналар қаржылық жағынан аяғынан тұрды, енді шығармашылық өсудің жолдарының бірі ретінде тікелей репортаждарды жиірек қолдануға болады. Одан радиостанция да, тыңдарман да ұтады. Радиоақпараттың жеделдігі артады, имиджі жақсарады, тыңдарман еш боямасыз оқиға ортасынан берілген хабарға құлақ түріп, қиялымен жаһанды кезеді.
Халықтың ақпаратты еркін алуы, оның мазмұнының әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағалануы, әр түрлі көздердің қамтылуы қоғамның дамығандығынан, өркениеттілік дәрежесінен хабардар етеді. Әсіресе, төтенше оқиғалар жағдайында, саяси науқандар кезінде дәл және сенімді ақпарат берудің маңызы артып отыр. Адамдар табиғатынан күмәншіл, бір ақпаратты бірнеше көзден естіген соң ғана барып, сенім ұялайды. Мысалы, жапондықтар жиі болып тұратын жер сілкіністері жағдайында ең алдымен NHK (Ен-ейч-кей) телерадиокорпарациясының хабарларына назар аударып, соған байланысты өз іс әрекеттерін жоспарлап отыратын көрінеді. Жапондықтарда бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім мықты. Қазақстан жағдайында оны айтуға ертерек. Мысалы, Алматы қаласы жер сілкіну мүмкіндігі жоғары аймақта орналасқан және осыған байланысты түрлі қауесеттер жиі естіліп қалады. Жергілікті БАҚ көп жағдайда кешігіп, ақпаратты кеш түсіндіреді, көбіне материальдық жағдайы мәз емес болжау мекемелерінен сұхбат ұйымдастырады. Ал, тұрғындар оған аса сене қоймайды. Мәселенің екінші қыры, балама ақпарат көздері көп жағдайда назардан тыс қалады[8].
Нарықтық
экономика жағдайында Қазақстанда
осыған байланысты ақпаратқа сұраныс
артты. Көп адамдар шағын және
орта бизнес саласында істейді, бәрі
де тұтынушы болып табылады. Қазақ
радиосынан басқа радиостанциялар
экономикалық саясатты түсіндіру, көпшілік
көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеуге
аса көңіл бөлмейді. Мұндай ақпараттың
қажеттігі сезіледі. Екінің бірінің
телехабарларды ертеден кешке дейін
көруге мүмкіндігі жоқ. Ал, радиоақпаратты
басқа тірлікпен айналысып
Осыдан келіп, жарнамалық міндеті шығады. Жарнама да ақпараттық міндетпен ұқсас, тек өзіндік ерекшелігі бар. Жарнаманың міндеті айқындау, ол-белгілі бір тауар, болмаса кәсіпорын туралы құлағдар ету, оның жағымды имиджін қалыптастыру және тұтынушы ретінде назарын аудару болып табылады. Жарнама қажет емес деп ешкім айта алмайды. Өйткені, қазіргі тауарлар мен қызметтердің сан алуан түрі ұсынылатын жағдайда дұрыс ақпарат беру, түсіндіру, сендірудің еш артықтығы жоқ. Жарнама жасауға радиожурналист те белсенді араласады, оның өзі кәсіби біліктілікті, сауаттылықты, тыңдарман көңілін дөп басуды қажет етеді. Қысқа уақытта тартымды сөзбен тыңдарманды баурап алу, айтқан уәжіңе сендіру, тұтынуға итермелеу айрықша әдіс-тәсілдерді, ыждаһатты еңбекті қажет етеді.
Радиожарнама мен тележарнама соңғы 10-15 жылда ғана қалыптасты деген пікір айтылып қалады. Радиожарнаманың да, тележарнамада тарихы тереңде жатыр, оның элементтері қай кезде де болған. Тек кеңестік идеология салтанат құрған дәуірде оны жасанды шектеді, онсыз да хабарлардың үгіт-насихаттық сипаты басым болды, барлық іс-әрекет бір арнаға жұмылдырылды. Кеңестер одағының күш-қуаты мен болашағына еш күмән келмеуі тиіс еді. Бұқаралық қуатты құралдардың бірі ретінде радио тікелей мемлекет тарапынан қаржыландырылды, мүмкіндігінше дамуына қамқорлық жасалды, соған сәйкес қалтқысыз қызмет ету талап етілді.
Жарнамадан түсетін қаражат БАҚ-ның бірден-бір табыс көзі болып отыр. БАҚ-ның өмір сүруі, барлық техникалық тарату шығындарын өтеуі, қызметкерлеріне еңбекақы төлеуі, уақыт талабына сәйкес материальды-техникалық жарақтануы-бәрінің көзі жарнама, одан түсетін қаражат. Соңғы жылдары Қазақстанда радиожарнама мен тележарнама ісі жедел дамыды, тұрақтылыққа қол жеткізді. Бұл көбіне орталық республикалық радиостанцияларға қатысты, енді жергілікті радиостанциялар мен телеарналарда да осындай дәрежеге көтерілсе, тыңдармандарға берілетін ақпараттың мазмұнына да оң ықпал ететіні күмәнсіз. Сондықтан, радиожарнаманың болашағы зор деп есептеледі[9].
Кез-келген бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде хабар таратушылар да, әртүрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан тыс қала алмайды, белгілі бір дәрежеде осындай науқандардың жетегінде кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларға баға беруде, деректерді екшеуде, жаңалықтар топтамасын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу журналистен өте сарабдал білгірлікті талап етеді. Көп жағдайда журналистердің өзі де қоғамдық процесстерге араласып, соған атсалысып кетеді, соның жетегінде әртүрлі хабарларды әуе толқынына шығарады. Кей хабарлар еш өңдеусіз, тікелей эфирге тарайды, оған тосқауыл қойып, айтар ойды шектеу мүмкін де болмайды.
Ақпараттарды іріктегенде оларға жақпайды-ау дегендер эфирден түсіп қалады, керісінше, жарнама сипатындағы жағымды хабарларға көбірек орын беріледі. Журналистикаға жат жағымпаздық, жағынушылық қасиеттер өтпелі кезең тәжірибесінде кеңінен орын алды.
Сонымен бірге, мемлекеттік ұстанымдар мен әлеуметтік, адамгершілік ахуал да белгілі бір мақсатты алға шығарады да, кейбір жақсы мүдденің өзі екінші қатарда қалып қояды. Оның бәріне уақыт төреші, радио да уақыт ағымында қызмет атқарады. Мысалы, күні кешегі кеңестік кезеңде радионың дамуына айрықша мән берілді, ол ұжымдық насихатшы, үгітші және ұйымдастырушы деп бағаланып, ақпараттық саясаты осы мүдде тұрғысынан екшелді, цензура болды, сөз еркіндігі шектелді. Сөйтіп, идеологиялық қуатты қару радио мемлекеттік биліктің қатаң бақылауында болды, қызметі жоғарыдан реттеліп отырды.
Қоғамдық дамудың демократиялық жолын таңдаған егемен Қазақстан жағдайында БАҚ шынайы сөз бостандығын алды, цензура жойылды, жекеменшіктік қатынас орнықты, бәсекелестік күшейді, ақпараттық саясаты көбіне тыңдарман ықыласына қарай өзгерді. Енді БАҚ ақпараттық, демалыстық міндеттері алдыңғы қатарға шығып, ағартушылық қыры бәсеңсігендей болды. Адамның еркін ойлауы мен еркін жүріп тұруына, өз іс-әрекетіне толық жауап беретін қоғамдық қарым-қатынастар орнықты және соны жетілдірудің жолдары қарастырылуда.
Қоғамда ақпарат туралы өзгеше пікір, бұқаралық ақпарат құралдарына деген жаңа көзқарас қалыптасуда. БАҚ эволюциясын ақпараттық қоғамдағы өскелең сұраныстырмен түсіндіруге болады. Ал, технологиялық төңкерістің қозғаушы күші Интернет желісінің дамып, кең тарауы және компьютерлердің есептеу қуаты шексіз өскендігі, бағдарламалардың кең ауқымдылығы болды. Интернет ақпарат өндіру, тарату мен тұтынудың құнын едәуір арзандатып, коммуникациялық ландшафтты түбегейлі өзгертті.
Сонымен қазіргі заманғы ғылыми-
Жаңа ақпараттық кеңістікте журналистика да қиын кезеңді бастан кешіруде. Бірінші кезекте оған қойылатын талаптар деңгейі де тым жоғарылап кетті[10].
Ақпараттың
жанрлық элементі тек қана факті
болып табылады. Сондықтан да ақпаратта
тілші тарапынан пікір
1. Дәлдік.Ақпараттарға әрбір фактіні, мерзімін, адамдардың аты-жөнін, қызметтерінің атауын міндетті түрде эфирге дейін тексеріп, анықтап алу қажет.
2. Хабарламалық. Жаңалыққа талдау жасалмайды. Онда факті қысқа-нұсқа, нақты хабарлануы тиіс.
3.Мәнерлілік. Дұрыс қойылған дауыс ырғағының сақталуы, артық демнің, қажетсіз дыбыстың естілмеуі қамтамасыз етілуі керек.
4. Ізеттілік. Кез-келген ақпаратты ұсынғанда аудиторияға құрметпен тіл қату-парыз.
5. Айтылудағы анықтық. Жаңалықтар легіндегі сөздер эфирге шықпас бұрын екпін сөздігі арқылы екшелуі-шарт.
Сұрақ қоятын журналистің алдына қойған мақсаты мен оған қол жеткізу тәсілдеріне қарай сұхбат 5 топқа бөлінеді.
Ақпараттық сұхбат. Сұрақ нақты пікір білу үшін немесе қандай да бір мәлімет алу үшін қойылады. Сұхбаттың бұл түрі фактінi және пікірді қамтиды. Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл-күй мен ішкі толғаныс, яғни, эмоциональдық фон болуы тиіс. Сондықтан да, көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистің қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені, бұл жерде қойылған сұрақ емес, оған қайтарылған жауап маңызды роль атқарады.
Портреттік сұхбат. Сұхбаттың бұл түрі жеке тұлғаның образын ашуға арналады. Сол себепті портреттік сұхбат әлеуметтік-психологиялық сипатымен ерекшеленеді. Өйткені, портреттік сұхбат адам бойындағы құнды қасиеттерді анықтауға негізделеді.
Сауалнамалық сұхбат. Белгілі бір нақты сұраққа әртүрлі адамдардан жауап алу арқылы жасалады. Қысқа-нұсқа 1-2 сұрақтың аумағында жауап алынатын болғандықтан, оны жедел сұхбат, яғни, экспресс - интервью деп атайды. Негізінде, сұхбаттың бұл түрі қоғамдық пікірді анықтаудың өзіндік бір тәсілі болып табылады.
Хаттамалық сұхбат. Мемлекеттік саясат деңгейінде туындаған сауалдар төңірегінде ресми тұлғадан, я болмаса, құзырлы қызмет иесінен нақтылай жауап алу. Әлбетте, ресми тұлға ресми жауап береді. Сұхбат кезінде қойылатын сауалдар алдын-ала әзірленіп, мемлекеттік жауапты қызметкердің (президенттің, министрдің, т.с.с.) көмекшісіне немесе баспасөз хатшысына ұсынылады. Бұл ретте журналистің жеке пікіріне орын жоқ. Эфирде ресми тұлға сол алдын-ала ұсынылған сұрақтарға жауап қайтарады, журналист келісілген сұрақтарын қоюмен шектеледі [11].
Проблемалық сұхбат. Проблемалық сұхбаттың басты түйіні-журналистік позиция, көпшілік талқысына ұсынылатын қоғамдық маңызы бар ашық мәселе. Мақсат – халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап алу, күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселелер төңірегінде сөз қозғау. Сұхбаттың бұл түрі тікелей эфирде ұйымдастырылуы – шарт. Және студияға шақырылған қонақ журналистің ғана емес, сонымен қатар, телефон желісіндегі тыңдармандардың да сұрағына жауап қайтаруға тиіс. Сұхбат беруші мен тыңдармандар арасында белгілі бір жағдайда дау тууы мүмкін. Дәл осындай сәтте журналист өзінің тақырыпты толық меңгергенін, сол тақырып аясындағы фактілерді жан-жақты білетінін, сұхбат берушімен кез-келген сауал төңірегінде тепе-тең дәрежеде обьективті жауап алу үшін сөз таластырып, қажет болған жағдайда қорытынды тұжырым жасай алатындығын көрсетуі керек. Проблемалық сұхбатты жүргізген журналистің қателесуге, қандай да бір фактіден бейхабар болуға хақысы жоқ.
«Функция»
сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік
мақсаты мен шеңбері деп
Журналистика
теориясы бойынша жұмыстарда журналистика
функцияларын талдауға дәстүрлі маңызды
орын бөлінеді. Бұл – кездейсоқ
емес. Әлеуметтік қызметтің кез келген
жүйесінің функцияларын қарастыру
мен талдау – оның теориясының
маңызды сәті. Бұл «әлеуметтік
қызметтің әрбір жүйесінде