Меншікке қарсы қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:44, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

Содержание

МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік сипаттамасы
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі
Ұрлықты тергеу әдістемесі
Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі
Алаяқтықты тергеу әдістемесі
Қорқытып алуды тергеу әдістемесі
Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуді және ысырап етді тергеу әдістемесі
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

menshikke__1179_arsy__1179_ylmystar.doc

— 212.00 Кб (Скачать документ)

Сеніп тапсырылған бөтен  мүлікті иеленіп алудың немесе  ысырап етудің құрамы үшін заң шығарушы мынандай саралаушы нысандарды қарастырған:

  1. адамдар тобының алдын ала  сөз байлануы бойынша жасалған;
  2. бірнеші рет жасалған;
  3. қызмет бабын пайдаланып жасалған;
  4. ұйымдасқан топ жасаған;
  5. ірі мөлшерде жасалған;
  6. ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан көп рет сотталған адам жасаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алаяқтық

 

Бұл іс-әрекеттің қоғамға  қауіптілігі сонда, оның жасаудың нәтижесінде  меншік құқығы бұзылады.

Алаяқтық объектісі  меншік болып табылады. Алаяқтың заты ретінде тек мүлік қана емес, сонымен  қатар оған құқық, сондай-ақ мүлікке  кейбір өклеттіктер де табылады.

Алаяқтың ерекшелігі осы қылмыстың жасалу тәсілінде  – мұнда алдау және сенімге  қиянат келтіру орын алады.

Алдау болған адам бір  нәрсені жалған  ұғынады, адасады. Алдау белсенді нысанда не пәс  мінез – құлықта көрініс табады. Белсенді нысандағы алдауда адамға қандай да бір фактілер, оқиғаларжайында  жалған деректер беріледі. Пәс алдауда  шындық айтылмай қалады, егер фактілер мен мән-жайлар жайында дұрыс ақпарат алса, жәбірленуші өз мүлкіне билік етуден тартынған болар еді. Мүліктік құқық қатынасының шарты мен мазмұнын елеулі өзгертіп мән-жайларды айтпау да пәс алдауға жатады.

Алаяқтық жасаудың тәсілі ретінде алдау өткен немесе қазіргі кездегі фактілерді бұрмалап көрсетуде ғана емес, алаяқтың келешекте болатын мән-жайларды да бұрмалауында.

Алаяқтың көп тараған түрлерінің бірі келешекте болатын оқиғалар жайында алдау. Мысалы: қымбат автомобиль сатып аламын деп немесе жай «қарызға» жәбірленген ақша алу сондайғ ажатады. Алдау сөз нысанында да немесе жәбірленушіні қатерілестіретін басқа әрекеттер арқылы да көрініс табады.

Мүлікті немесе мүлікке  құқықты алаяқтық жолмен алудың басқа  бір тәсіліне заң сенімде қианат жасауды жатқызады, бұл жағдайда айыпты өзінің меншік иесімен немесе мүліктің заңды иегерімен арадағы  сенімдік қатынасты пайдаланады. Алаяқ  пен жәбірленуші арасындағы сенімді қатынасты пайдаланады. Алаяқ пен жәбірленуші арасындағы сенімдік қатынастың негізінде тек құқықтық негіздеме ғана емес, сонымен қатар сенімдік қатынасты тудырған өзге де мән-жайлар, мысалы: жеке таныстық, туысының ұсынысы, қалыптасқан нақты жағдай, т.б болады.

Алаяқтың объективтік  жағының өзіне тән ерекшелігі сонда, жәбірленуші қатерлескендіктен  алаяққа мүлікті немесе мүлікке  құқықты өз еркімен береді.

Мүліктің өтуі сырттай  қарағанда, тараптардың келісімі, мәміле сияқты болып көрінеді. Бірақ мұндай мәміле заң талабын қанағаттандырмайды, себебі ол жәбірленушінің еркіне қарсы жасалған, объективтік жағынан алаяқтық аяқталған деп саналады, егер мүлікке өзінікіндей билік етуге немесе сол мүлікке құқықты іске асыруға айыпты мүмкіндік алған болса.

Субъективтік жағынан алғанда алаяқтықта тікелей ниет болады: алдау немесе сенімге қианат ету жолымен бөтен мүлікті заңсыз иемдениетін немесе сол мүлікке құқықты алатынын субъект ұғынады, нақты зиян келтіруі мүмкін екенін немесе оның қалай да болатынын алдын ала біледі, соны тілейді. Бұл қылмыстың субъективтік жағының міндетті нышаны – пайда көру мақсаты, яғни айыптының бөтен мүлікті өз пайдасына немесе үшінші адамның пайдасына айналдыруы. Алаяқтықты ұрлықтан ажыратқан жөн. Ұрлық кезінде алдау кейін бөтен мүлікті жасырып алғанда соны жеңілдететін шарт қана (мысалы: үй-жайға, қызметтік немесе өндірістік жағдайға кіру үшін алдау). Алаяқтық жасалғанда алдау мүлікті субъектіге берудің негізгі себебіне айналады. Және де, ұрлық жасағанда мүлік жәберленуден жасырын, оның еркінсіз ұрланады. Ал, алаяқтықта мүлік қылмыскерге «еркімен» беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

Тонау мен қарақшылықты

 

Тонау дегеніміз -  бөтен  мүлікті ашық ұрлау. Бұл қылмыстық  іс-әрекеттің қоғамға қауіптігі, ол меншікке құқықты бұзады.

Осы қарастырылып отырған  қылмыстың объектісі меншік.

Қосымша тікелей объект ретінде адамның денсаулығы алынады (күш қолданып тонағанда).

Тонаудың құрамы конструкциясы  жағынан материалды, сондықтан да бұл іс-әрекеттің объективтік  жағын:

а) қоғамға қауіпті  әрекеттер;

б) қоғамға қауіпті салалдар;

в) солардың арасындағы себептік байланыс құрайды.

Тонау кезіндегі қоғамға  қауіпті әрекет бөтен мүлікті  ашық ұрлауға бағытталған. Күш қолданып тонау – осы іс-әрекеттің сараланған құрамы болып табылады. Бірақ алудың ашық тәсілі, сонда да мүлікті иелену үшін айыпты тарапынан  қандай да бір күш  жұмсалуын қарастырады.

Жәбірленуге залал келтіру  фактісі мен мүлкті  ашық түрде  иеленуге бағытталған айыпты адам әрекетінің арасында қажетті тікелей себептік байланыс болуға тиіс.

Тонаудың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінә мен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.

Қылмыстық Кодекстің 14 және 15 баптарына сәйкес тонаудың субъектісі жасы 14 толған, есі дұрыс адам бола алады.

Ұрлаудың тек тонау  сияқтынысанына ғана тән саралаушы  нышанға жәбірленушінің өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті емес күш қолдану не сондай күш қолданамын деп қорқыту жатады.

Жәбірленушінің денсаулығы немесе өмірі үшін қауіпті емес күш  қолдану деп  кішігірім жарақат, қанталау, дене тырналуы түрінде денсаулыққа  келтірген жеңіл зиянды түсіну керек.

Адамның жанына бататын, бірақ жарақат қалдырмайтын ұрып-соғу немесе өзгедей күш қолдануәрекеттері  де сондай, зорлыққа жатады.

Бөтен мүлікті иелену үшін  жәбірленуші бостандықтан айыру немесе бостандығын шекте, байлап тонау, ұстап тұружәне басқандай да айыпты қолданған әрекеттер де денсаулыққа немесе өмірге қауіпті емес зорлықтар қатарына жатады.

Тонауды күш қолданған  деп тану үшін жәбірленушінің өмірі  мен денсаулығы үшін қауіпті зорлық әрекеттерінің қолданылуы міндетті емес, оны қолданудың, нақты қауіпінің төнуіжеткілікті, бірақ күш қолдану да, психикасына  қысым жасау да  мүлікті иеленуге немесе  оны ұстап қалуға  бағытталуы тиіс.

 

Қарақшылық

 

Қарақшылық объектісі  күрделі қылмыстар қатарына жатады. Онда  бөтен мүлікке ғана емес, жәбірленушінің өз басына  қастандық жасалады.  Шабуылға ұшыраған  адамның өмірі мен  денсаулығы үшін қауіпті  күш қолданылады. Қарақшылық шабуыл жасаушының заты мүлік деп танылады, яғни ол өз иесінің мұқтаждығы не тікелей (тағам, жиһаз, автомашина, киім) не жанама (ақша, құнды қағаздар, және басқа) қанағаттандыра алатын материалдық әлемдегі заттар.

Объективтік жағынан  алғанда қарақшылық жәбірленушінің денсаулығы немесе өмірі үшін қауіпті  зорлықпен немесе, ондай зорлықта тікелей қолдану қаупімен ұштасқан шабуыл арқылы сипатталады.

«Шабуыл» термині жәбірленушіге  кенеттен, ойламаған жерден  психикалық қысым жасаумен байланысты.

Шабуыл кенеттен болғандықтан жәбірленуші өз мүмкіндігінше тойтарыс беру қабілетін жоғалтады немесе үшінші адамның көмегіне жүгіне алмайды, себебі күш көрсету  әрекеті табан асты туындайды. Қарақшылықта зорлық пен мүлікті иемдену бір уақытта жүзеге асырылады. Күш қолданусыз шабуыл жасау мүмкін емес.

Адамның дене құрылысына және физиологиялық жағдайына  тіптен әсер етпейтін немесе шамалы ғана әсер ететін қалыпты қызметін бұзбайтын әсері күшті және есеңгірететін  заттарды ағзаға еңгізу, ол заттардың денсаулыққа  және өмірге қаншалықта  қауіпті екендігіне байланысты, тонау немесе қарақшылық  ретінде сараланады.

 Қарақшылық кезіндегі   шабуылды кең мағынада  түсіну керек. Ол  жәбірленушінің жеке басына кез келгеннысанда күш көрсетіп ықпал жасаумен сипатталады, нәтижесінде оның өміріне немесе денсаулығына қауіп туады.

Жәбірленушінің ағзасына  әсері күшті уды, есеңгірететін  заттарды оның еріксіз және егі жоқта күштеп еңгізу заң нормасында көрсетілген мақсатта болса, онда оның қарақшылықпен шабуыл жасау деп  саналатын арттан келіп ұруды, тасада тұрып атудан айырмашылығы жоқ.

Зорлықтың жалпы мазмұны  қайсыбір адамға заңға қарсы қандай да бір күш қодануда жатыр. Жалпы қабалданған пікір бойынша күш қолдану адамның дене бітіміне және психикасына жасалған  зорлық деп бөлінеді.

Дене бітіміне зорлық дегеніміз – жәбірленушінің ағзасына, сыртқы және ішкі органдарына, оның еркімен  санаспай, механикалық құралдармен, сондай-ақ химиялық және электр құралдарымен де  жасалған әртүрлі қоғамға қауіпті заңсыз әсер.

Зорлық өмірге қаіпті ме, жоқ па анықтау үшін сот істің  барлық мән-жайын ескеруге тиіс: қылмыс жасау құралын, көрсетілген зорлықтың  сипатын, жәбірленушінің жанды жерінің жарақаттыған, алған жарақатына жәбіленушінің психикалық көзқарасын,  сот-медициналық сарапаттаудың қорытындысын және тағы басқаларды.

Бұл аталған мән-жайларды сот зорлықшының өмірге қауіптігін анықтау кезінде де ескеруге тиіс.

1988 жылғы 1 шілдедегі Денсаулыққа зиянның ауырлығын сот-медициналық тұрғыдан бағалаудың Ережесіне сәйкес салған кезде тікелей өмірге  қауіп төндіретін дене жарақаты да, патологиялық жағдай да  өмір үшін қауіпті деп танылады. Оған мидың, жүректің жарақат алуы, ірі қантамырларының көп қан кетуі, тағы басқа жатады. өмір үшін қауіпті деп, сонымен қатар, өмір және денсаулық үшін маңызды болып табылатын органдар мен орталықтардың  бүлінуі де саналады, атап айтқанда, бас сүйекке, төске және қарынға, жұлынға өткен жарақаттар, жеңіл болса да ішкі органдардың бүлінуі, өмірге қауіп төнетін жағдайға әкеп соғатын жарақаттар (клиникаық естен тану, коллаж, қан жоғалту,май эмболиясы). Жарақаттын қауіптілігін бағалағанда адамның емделгеннен кейінгі жағдайы емес, жарақат алған кездегі жағдайы ескеріледі.

Қарақшылық кезінде, көп  жағдайда,  денсаулыққа нақты  қауіптілік төнеді. Бұл мән-жай едәуір  мөлшерде зорлықтың жасалуы  тәсілімен  анықталады.

Мүлікті қылмыскердің иеленген-иеленбегендігіне қарамастан, жәбірленушінің  өмірі  мен денсаулығы үшін қауіпті зорлыққа ұласқан шабуыл жасаған кезеңнен бастап қылмыс аяқталған болып саналады.

Қарақшылықтың субъективтік жағы тікелей ниетпен және пайдакүнемдік  мақсатпен сипатталады.

Қарақшылықты саралаушы  ныандары ретінде заң мыналарды  таниды:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байланысуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен;

г) қару немесе қару ретінде  пайданылатын заттарды қолданумен жасалған.

Ерекше саралаушы нысандарға мыналар жатады:

а) ұйымдастырушылардың толық қараушылық жасауы;

б) денсаулыққа зауыр  зиян келтіріп қарақшылық жасау;

в) мүлікті ірі мөлшерде ұрлау мақсатында  қарақшылық жасау;

г) ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет соталған адамдардың қараушылық жасауы.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 27 қазандағы «Қарудың кейбір  түрлерінің айналымын мемлекеттік  бақылау туралы» заңынды тірі және өзге де нысаналарды құлатуға конструкциясы әдейі  арналған құрылғылар мен заттар, сондай-ақ қарудың функционалдық  міндетін анықтайтын оның негізгі бөліктері  қару деп танылады делінген.  Заң қаруға оның  мына түрлерін жатқызады: атылатын, суық, газды, электр, пневматикалық қарулар.

Қарақшылық жасағанда  қарудың болуы жеткіліксіз: ол қолданылуы тиіс. Қаруды қолдану дегеніміз –  қылмыскердің оны нақты пайдаланылуы, яғни ол жәбіренушінің өмірі мен  денсаулығына қауіпті жарақат салады, сондықтан да мұндай заттар тек сырттай  көрініс қана бермей, нағыз қарулар қатарына жатуға тиіс.

Қаруды немесе өзге заттарды қолдану дегеніміз – қарудың  атылуы, көрсетілген заттарды ұрып-соғуға, тұншықтыруға, жаншуға пайдалану, және тағы басқа.

Қараушылық шабуылының зардабы ретінде саналатын денсаулыққа  ауыр зиян келтіруді заң шығарушы жаңа Қылмыстық Кодексте осы іс-әрекеттің саралаушы нышаны деп қарастырған. Бұл саралаушы нышан сондай зардап орын алған жағдайда ғана адамға кінә болып тағылады.

Мынандай жарақаттар салынғанда денсаулыққа ауыр зиян келген деп есептейміз:

а) салған кезде өмірге қауіпті;

б) көру, сөйлеу, есту қабілетін  немесе қандай да бір органды жоғалтуға  не органның өз функциаларын жоғалтуғаәкеп  соғатын;

в) бет әлпеттің сиқын  бұзатын;

г) денсаулықтың бұзылуына, сонымен қатар жалпы еңбек  қабілетінің келгінде  үштен бір тұрақты  жоғалтуға әкеп соғатын;

д) кәсіби еңбек қабілетін  толық жоғалтуға әкеп соғатын;

з) нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауруға әкеп соғатын  жарақаттар.

Сонымен жәбірленуші  қарақшылық шабуы кезінде ұрып-соғу, оның денсаулығына жеңіл, орта ауырлықты зиян келтіру Қылмыстық Кодекстің 179 бабының 1 бөлігі бойынша сараланады, қарақшылық кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру 179 баптың 3 бөлігі бойынша сараланады, егер де қарақшылық шабуылдың нәтижесінде жәбірленуші өлсе, онда әрекет Қылмыстық Кодекстің 96 бабы 2 бөлігінің «з» тармағы мен 179 бабының 1 бөлігінің жиынтығы бойынша сараланады.

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстар