Меншікке қарсы қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:44, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

Содержание

МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік сипаттамасы
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі
Ұрлықты тергеу әдістемесі
Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі
Алаяқтықты тергеу әдістемесі
Қорқытып алуды тергеу әдістемесі
Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуді және ысырап етді тергеу әдістемесі
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

menshikke__1179_arsy__1179_ylmystar.doc

— 212.00 Кб (Скачать документ)

Қарақшылық пен тонау  болғанда қылмыстық іс жәбірленушінің немесе олардың туыстарының, куәгерлердің хабарлауы бойынша немесе жеке арыз бойынша қозғалады.

Қарақшылық шабуыл жасау  және тонау туралы істер бойынша  анықталуға мыналар жатады:

      • қарақшылықтың немесе тонаудың болған орны, уақыты, мән-жайы;
      • қылмыстың жасалу тәсілі, оның нақты көрініс алған физиологиялық немесе психикалық зорлықтың қолданылуы; қару қолданды ма, қалай; қылмыскер көлік құралын қолданды ма және оның белгілері қандай?
      • қылмысқа дайындық болды ма, қандай, қатаң және кіммен жүргізілді?
      • қылмысты жасыруға қылмыскер  қандай тәсілдерді қолданды?
      • түрін өзгертті ме, киімін ауыстырды ма, қылмыстың іздерін жойды ма, басқа қылмыстың көрінісін жасауға тырысты ма?
      • қарақшылық шабуыл жасауға, тонауға кімдер қатысты, жәбірленушілерде қандай дене жарақаты қалды, еңбек ету қабілетінен айырылды ма?
      • не тоналды және оның құны, тоналған заттар мен ақшалар кімге тиесілі;
      • қарақшылық немесе тонауды кім істеді, тығылған қылмыскердің белгілері, сырт бейнесін өзгертутәсілдері, жабылғандардың саны, олардың әртүрлі қылмыскерлердің тұлғасы туралы көрсетпелерді жинау;
      • қарақшылыққа немесе тонауға неше адам қатысты, олардың арасындағы келісімнің болуы, топ құрамы, олардың қалыптасу шарты, әрқайсысының қылмыс істеудегі ролі, осы тұлғалармен басқа да қылмыстар жасалды ма?
      • қандай, қашан, қайда және осы қарақшылықпен олардың байланысы бар ма?
      • тоналғанды тығушы, алушы, шағыстырушылардың, табушылардың берген тұлғаны сипаттайтын көрсетпелері;
      • қарақшылық немесе тонауға ықпал етуші мән-жайлар.

Тонау мен қарақшылық шабуылды жасау тәсілдері:

а) зорлықсыз күтпеген жерден болған жағдайды қолданып; тұрғын үйлерде, алаңдарда немесе ашық жерлерде шабуыл жасау;

б) зорлық пен қорқытуды  қолдану арқылы ашық жерлерде, сондай-ақ есік алдында және подъездерде шабуыл жасау;

в) белгілі бір сылтаумен  немесе зорлықты қолдану арқылы тұрғын алаңдарға  кіріп, азаматтарға шабуыл жасау;

г) мемлекеттік немесе коммерциялық  банк кассирлеріне, сатушыларға, сату мекемелерінде, қаржылық ұйымдарда, байланыс бөлімшелерінде және басқа  мемлекеттік немесе жеке ұйымдар  мен мекемелерде болатын шабуыл;

д) теміржол, су және басқа көліктердің қозғалмалы құрамындағы азаматтарға шабуыл жасау;

е) такси жүргізушілеріне, олардың ақшасына немесе автокөліктеріне  иелену мақсатында шабуыл жасау.

Тонау мен қарақшылықты тергеудің бастапқы кезеңінде көбінесе мынандай тергеу түрлі жағдайларды қалыптасады.

А) тонаған немесе қарақшылықпен  шабуыл жасаған сезікті тұлға  қылмыс болған жерде немесе оның болуынан кейін ұсталуы.

Осы жағдайда тергеудің  әрекет жоспары мынандай: сезіктіні  ұстау, оны жеке тінту, қажет болған жағдайда куәгерлендіру, жәбірлеушілерді жауаптау, қажет болғанда оның киімін қарау және куәгерлендіру; оқиға болған жерді қарау; сезіктіні жауаптау; сезіктінің тұрақты мекен жайын тінту; көрген куәгерлерді жауаптау; сот - медициналық, криминалистикалық және басқаа сараптаманы тағайындау;

Б) қылмысты жасаған сезікті  тұлға ұсталған жоқ, бірақ тергеушіде іздестіру мен ұстауды шешетін  дәлел бар.

Бұл жағдайда бастапқы тергеу әрекетінің реті сынандай: сезіктіні  жауаптау, куәгерлендіру және киімін қарау; оқиға болған жерді қарау, куәгерлерді жауаптау, сот сараптамаларын тағайындау; жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу.

В) қылмыс істеген тұлға  туралы мәлімет құқық қорғау органдарында жоқ.

Бұл жағдайда бастапқы тергеу әрекетінің басқа жоғарыда аталған, сезікті тұлғаларды анықтаумен ұрланған затты іздестіруге бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары қолданылады.

Тонаумен  және қараушылықпен  шабуыл жасау туралы  істер бойынша  сот – медициналық сараптаманың шешетін мәселері:

      • жәбірленушінің, сезіктінің денесінде қандай жарақаттар бар;
      • бар залалдың сипаты қандай;
      • қарудың қандай түрлерімен залал келтірген;
      • нақта заттарға залал тиген бе;
      • зақым беру кезінде қылмыскер мен жәбірленушінің орналасу аралығы қандай;
      • зақымның түсу ескілігі мен ауырлығы қандай;
      • зерттелуші зата қан бар ма;
      • ол адамға тиісті ме;
      • қан тобы қандай;
      • қан нақты бір тұлғаға тиісілі болуы мүмкін бе.

 

 

2.3. Алаяқты тергеу  әдісі

 

Алаяқтық – бұл  бөтен мүлікті  ұрлау немесе бөтен  мүлікке құықты алдау немесе сенімге  қиянат жасау арқылы алу.

Алаяқтық әрекеттерді  істегенде, қылмыстық қол сұғудың пәні болып ақша, өндірістік тауарлар, бағалы қағаздар, зергерлік бұйымдар және т.б табылады.

Объект -  мнешік.

Объективтік жағы – бөтен  мүлікті ұрлау, бөтен мүлікке  құқықты алу, сенімге қиянат жасау  арқылы алу.

Субъект – 16 жасқа толған тұлға.

Субъективтік жағы – тікеле қасақаналық, падакүнемдік мақсатта.

Қылмыстық іс жәбірленушінің арызымен қозғалады. Егер де алаяқтылық қылмыскердің құрбаны өнеркәсіп  немесе мекемелер болса, қылмыс іс меншік иелерінің, лауазымды тұлғалардың  хабарлауы мен және де тергеу органдарының бастамасымен де іс қозғалады.

  Қылмыстық істерді  берілген дәрежесі бойынша   дәлелдеуге жататын жағдайлар  қатарына мыналар жатады:

      • алаяқтық орынға иеленді ме;
      • алаяқтың орны, уақыты, шарты, тәсілі, қылмысты білген, көрген кім,
      • қылмыстық ойдың болуы;
      • алаяқтың пәні алаяқпен қанша мөлшердегі ақша заңсыз түрде алынған;
      • алаяқтық кімге қатысты істелінген (мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым, коммерциялық құрылым, жеке тұлға);
      • қылмыскердің тұлғасы туралы деректер (жұмыс орны, еңбек мінездемесі, сотталғандығы);
      • алаяқтық қылмыстық топ және әр жердегі қатысқан басқа тұлғалар туралы деректер;
      • жәбірленушінің тұлғасы (алаяқтықпен қатынасқа түсуі туралы деректер);
      • алаяқты істеуге ықпал ететін мән-жайлар.

Алаяқты істеудің негізгі  тәсілдері дәстүрлі және қазіргі  заманға лайықты болып бөлінеді.

Дәстүрлі тәсілдерге мыналар жатады:

а) карта және де басқа  да құрамалы ойындарда алдау;

б) жасанды асыл бұйымдарды сату;

в) ақшалық және заттық «қуыршақты» пайдалану;

г) ақша купюраларын эквивалентсіз  аудару;

д) бақылау және құқық қорғау органдары өкілдері түріндегі тонау;

Қазіргі заман тәсілдеріне  мыналар жтады:

а) жасанды құжаттармен  банктік кредиттерді алу;

б) тұрғын құжаттарын өз иелігіне өткізу салдарымен өтірік фирмаларды құру;

в) тұрғын үймен заңсыз мақсаттағы мәселе;

г) банкоматтардан ақша алу немесе сауда мекемелерінен тауар алу үшін бөтен немесе жасанды пластикалық карточкаларды пайдалану;

д) ақша аударуда шетел  төлқұжаттарын, визаларды, акцияларды сатуда және бағалы қағаз туындыларын  жасауда алдау.

Алаяқты тергеу, бастапқы кезіндегі мазмұны қалыптасқан тергеу жағдайына байланысты. Ондай жағдайларды берілген іс дәрежесіне байланысты қылмыскердің тұлғасы туралы деректемелердің  болуы негізін жатқазап төрт түрін бөлуге болады:

А) алаяқ белгілі, оның алаяқтық әрекеттерінде немесе одан кейін ұсталынуы.

Бұл жағдайда тергеудің  мынандай реті тән: сезіктіні жеке тінту  мен оны жауаптау;  тінтудегі  алынған заттық  дәлелдерді қарау; оқиға болған жерді қарау; жәбірленуші  мен куәгерді жауаптандыру;

Б) алаяқ белгілі, бірақ  ол тығылып жүр.

Келесі тергеу әрекеті  жүргізіледі: жәбірленуші мен куәгерді жауаптандыру; заттық  дәлелдерді қарау;  сезіктіні іздестіруге ішкі істер  органдарының бөлінуі; жедел іздестіру  іс-шараларды ұйымдастырады; сезіктінің тұлғасын білу, оның болатын орны бойынша  шаралар қолдану;

В) алаяқ белгілі, бірақ  оның әрекеттері заңды мәліметтер негізінде  көрсетіліп тұр.

Мұндай жағдайда сезіктімен  жүргізілген операциялар қатарына  қосатын сипаты мен құқық негізін  зерттейді; алаяқтық мәліметтерді жүргізетін құжаттарын алу; оған қатысты лауазымды тұлғаларды анықтау және жауаптау; ұқсас операцияларды регламентін заңдарды оқу; мүлікті, ақшаны  және фирма құндылықтарын іздестіру; оның банктік шарттарын қамауға алу;

Г) алаяқ белгісіз

Бұл жағдайда тергеуші мынаны ұйымдастырады: субъективтті портретті құру; криминалистикалық тергеу бойынша тексеру; жедел іздестіруші іс-шараларды жүргізу;

Алаяқтық туралы істерді  тергеуде жүргізетін сот сараптаманың кешені, ааяқтық тәсілі мен оны  анықтауға жататын көлемді мән-жағдайларға  байланысты. Қылмыскерді әшкерелеу үшін: сот физикалық сараптамасы (материалды тану); сот-бухгалтерлік сараптамасы, сот-химиялық сараптамасы, сот-тауартанымдық сараптамасы, сот материалдық сараптамасы, криминалистикалық сараптамасы (фактилоскопия, трисология, қолжазбатанушы) жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Қорқытып алушылықты  тергеу әдісі.

 

Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлікті  немесе мүлікке  құқықты  беруді немесе бүлдірумен қорқытуң арқылы мүліктік сипаттағы  басқа да іс-әрекеттер жасауды  талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын  масқаралайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін, өзге де  мәліметтерді жариялау.

Қорқытып алушылықты көбінесе  ұйымдасқан қылмыстық  топ жасайды, адамдарды кепілге де алуы мүмкін. Қылмыскерлер жан-жақты дайындалады, жәбірленушінің материалдық жағдайын, байланысын, өмір сүру жағдайын анықтап алады.

Қорқытып алушыларды 2 топқа бөлуге болады:

    1. ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері;
    2. коммерциялық және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Қорқытып алушылардың  жәбірленушілерін де 2 топқа бөлуге болады:

      1. заң бұзушы азаматтар, коммерциялық іспен айналысатындар, мемлекеттік қызметкерлер
      2. параалушылар, заңсыз мәмле жасаушылар, заңсыз ақша жуу, жасау кезіндегі делдарлар, финанстық пирамидалардың ұйымдастырушылары.

Қылмыскерлер бір адамды кепілге алып сол арқылы ақшы, мүлікті, акцияларды беруді, мүлікке құқықты  сенімхат беруді талап етеді. Жәбірленуші  келіспесе оған тиесілі сауда  үйін, машинасын жаруды, кепілге  алған  туыс адамдарына  күш көрсетуі, ол адамды өлтіруі мүмкін екендігін ескертеді.

Қылмыстық іс жәбірленушінің арызы немесе туысының, танысттарының  хабарлауы бойынша және тергеу органдарының бастамасынан қозғалады.

Объект –меншік, адамның  басындағы ар-ожданы, қадір-қасиеті, жеке дербестігі.

Объективтік жағы – бөтен  мүлікті немесе мүлікке құқықты  беруді талап ету.

Субъект – 14 жасқа толған тұлға.

Субъективтік жағы –  тікелей қасақаналық, пайдакүнемдік  мақсат.

Қорқытып алушылық бойынша  келесі мән-жайлар анықталуға жатады:

      • қорқытып алушылықтың дерегі орын алды ма;
      • мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық немесе азаматтардың жеке мүліктік қатынасында қорқытып алушылық болады ма; бұл мүліктер қандай мекемеге, ұйымға, кәсіпкерлікке немесе жеке тұлғаға тиесілі;
      • қорқытып алушылық істелінген уақыты, орны және тәсілі;
      • қорқытып алушылықтың мәні болып не табылады, егер баспалаушы белгілі бір орынға иеленген жағдайдағы материалды залал құны қандай;
      • қорқытып алушылықты істеген кім, егер ол бір топ  адаммен істелсе, топ құрамы мен әрбір қатысушының ролі қандай?
      • қорқытып алушының эпизоттарының қаншасы орын алды;
      • қорқытып алушылық басқа қылмыстармен бірге жүргізілді ме, жүргізілсе, қандай қылмыстармен;
      • жәбірленуші кім;
      • қорқытып алушылықты жүргізуге ықпал етуші себептер мен  шарттар қандай.

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстар