Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 15:45, реферат

Описание

«Тіл біліміне кіріспе» курсы бастапқы, пропедевтикалық курс болып саналады. Бұл лингвистикалық курс гуманитарлық мамандық студенттеріне тіл білімінің ғылым ретіндегі статусы, оның басқа ғылымдармен байланысы және тілдің табиғаты мен құрылымдық ерекшеліктері туралы алғашқы мағлұмат/ ақпарат береді. Курстың мақсаты – бірінші курс студенттерін негізгі тілдік терминдер және ұғымдармен таныстыру, оларды лингвистиканың күрделі мәселелерін талқылауға дайындау.

Работа состоит из  1 файл

ТБН китап.docx

— 235.42 Кб (Скачать документ)

Ертедегі шумер, египет, қытай жазулары әрбір идеографиялық таңбаның белгілі бір түбір сөзге немесе түбір морфемаға сөйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Бұл тілдердегі идеографиялық таңбалар сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді (сондықтан да, аталған тілдердегі омонимдер әр түрлі иероглифгермен белгіленеді).

Осы жағынан алып қарағаңда, идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді. Айталық, 1, 2, 3 деген т.б. цифрлардың сандық мағынасын барлық халық бірдей ұғынады, бірақ бұлардың дыбысталуы әр халықта әр басқа.

Дүние жүзі тілдерінің ішінде идеографиялық жазудың дамуына қолайлы тілдер ретінде, әдетте, түбір тілдер (мәселен, қытай, ацтек,  америкалық   үнді   т.б.)   аталынады.   Өйткені   түбір   тілдерде   сөз грамматикалық жақтан өзгеріске көп түсе бермейді.

Идеографиялық жазудың  үлгілерін казіргі кездегі математика, химия, физика терминдерінің ішінен де кездестіреміз. Мысалы: +— "қосу",   = "тең", N - "түбір", Н - "сутегі", Ғ - "күш" т.б.

Идеографиялық  жазудың   жетіле   түскен   түрі   -   морфема- идеографиялық жазу. Бүл жазудың ұстанымы (принципі) бойынша, таңбалар бүтіндей сөзді емес, оның құрамына енетін морфемаларды белгілейді.  Осы ерекшелігіне орай ол морфемаларды белгілейтін таңбалар    морфемаграммалар    деп    аталынады.    Қазіргі    қытай иероглифі морфема-идеографиялық жазу болып табылады.

Бұл тұрғыдан идеограммаларды  екі түрге бөліп қарауға болады. Оның біріншісі  - сөздердің мағыналарымен тікелей байланысты  болса,  екіншісі  -  сөздердің фонетикалық жағымен байланысты.   Осыған  сәйкес біріншісін - идеографиялық иероглифтер (идеограммалар), екіншісін - фонетикалық иероглифтер (фонограммалар) деп атайды. Айырмашылықтары — идеограммалар көбінесе синоним сөздерді белгілеу үшін қолданылса, фонограммалар омонимдерді белгілеу үшін қолданылады. Сөздерді дәлме-дәл белгілеуде идеографиялық жазудың бұл екі түр-тармағы, әдетте, бір-бірімен ұштастырылып жұмсалынады.

Енді пиктографиялық жазу қоғам дамуының қай дәуірінде  пайда болған? - дегенге келелік. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бұл жазудың пайда болуы құл иелену дәуіріне сай келеді. Өйткені бүл дәуір мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың, сауда- саттықтың күшейген кезі болатын.

Идеографиялық жазудың  бірсыпыра  кемшіліктері  бар.   Олар: 1) идеограммалар өзі белгілеген сөздің дыбысталуын білдіре алмайды; 2) идеограммалар көп болады және күрделі болады; 3) идеографиялық жазу грамматикалық формаларды белгілеуге келгенде өте икемсіз келеді.

Соңына қарай  айтарымыз: кейбір ғалымдар идеографияны логографиялық (гр. logos"сөз" + grapho "жазамын") жазу деп атаған дәл болар еді, - дейді. Осыған орай олар идеограмманы логограмма деп атағанды жөн көреді.

10.3. Буын жазуы    

Идеографиялық     немесе        логографиялық   жазудың     даму барысында     буын   жазуы пайда    болды. Бұл  жазудың      шығуына, біріншіден, бұған дейін қолданылып келген     идеографиялық      таңбалар аффикстерді,   әсіресе шетел сөздерін, кісі,    кала аттарын         таңбалауға икемсіз болуы,   екіншіден,   ол идеографиялық      таңбалардың    саны көп болып, оларды меңгерудің     қиынға соққандығы   себеп болды.     Оның үстіне    біраз   тілдердің    (мәселен, шумер, жапон т.б.)    морфологиялық кұрылысы да     (сөздің түбіріне аффикстердің агглютинативті ұстаным бойынша жалғануы) буын жазуын қажет етті.

Буын таңбалары  ең алғашында бір буынды сөздерді белгілейтін идеографиялық таңбалардың негізінде жасалғанымен, кейіннен олар көп буынды сөздердің өздерімен яғни бір буынды сөздермен ұқсас дыбысталатын бөлшегін (буынын) белгілейтін болған. Сөйтіп, ол таңбалар дербес сөздердің таңбасы емес, буынның таңбасы ретінде ұғынылған. Мысалы, идеографиялық- фонетикалық жазу бойынша, яғни фонетикалық иероглиф бойынша шумер тілінде "садақтың оғы" дегенді ti деп белгілесе, осы таңба кейіннен (біздің заманға дейінгі үш мың жылдықтың ортасында) сөз құрамындағы ti деген буынды да таңбалау үшін қолданылды.

Олай болса, буын жазуында таңба сөзді емес, сөздің буынын белгілейді. Айталық, буын дара дауысты болса — Г (шумер тілінде: е ~ "үй", / і- "бес"), дауысты мен дауыссыздың қосындысы болса ГС (as — "бір", an - "аспан"), керісінше дауыссыз бен дауыстының қосындысы болса СГ (su — "қол", lu - "адам"), болмаса дауыссыз+дауысты+дауыссыз болса - СГС (kur — "ел") деген сияқты. Жазудың мұндай жүйесін ертедегі ассирия, вавилон, крит, кипр, эфиопия, үнді, жапон тілдері пайдаланған.

Идеографиялық жазуға қарағанда буын жазуы оқыту үшін де, қолдану үшін де қолайлырақ болды. Бұл жазудағы таңбалардың саны да жоғарғылармен салыстырғанда аздау. Егер идеографиялық жазуда мыңдаған таңбалар болса (тілде қанша сөз болса, сонша таңба), жазудың буындық жүйесінде ол 50-60-қа дейін (кейде 200-ге дейін) кеміген. Буын жазуы сөзді, әсіресе оның грамматикалық формаларын дәл беруге икемдірек келеді.

10.4 Әріп (дыбыс) жазуы                                                                                   Әріп   жазуы буын        жазуынан   кейін пайда болды.      Ғалымдар бұл жазудың шығуы   "біздің заманымызға дейінгі   бір мың   жылдықтың басында" - дегенді айтады.

Әріп жазуының шығуына және дүние жүзіне кең таралуына оның қарапайымдылығы, сөздердің дыбысталуын дәл беретіндігі, әр түрлі тілдерге қолайлығы себеп болды деуімізге болады.

Әрине, қазіргі кезде қолданылып жүрген әріп жазуына адамзат баласы бірден келе салған жоқ. Ол алғашында дауыссыз-дыбыстық жазу болды (мысалы, финикий, египет, арамей жазулары). Бұл ұстаным бойынша, таңбалар сөздегі дауыссыз дыбыстар мен жартылай дауыстыларды ғана белгілеп, ал толық дауыстылар ешбір әріппен таңбаланбаған. Кейіннен, жазудың даму барысында, біртіндеп дауысты дыбыстар да белгіленетін болды. Біреулер олардың әрқайсысын сөздегі өз орындарына қойып жазатын болса (мысалы, грек жазуы), екіншілер дауыстыларды дауыссыздардың асты-үстіне тиісті диакритикалық таңбаларды қою арқылы белгіледі (мысалы, араб жазуы).

Зерттеушілер  ең алғашқы таза дауыссыз-дыбыстық жазу деп финикий жазуын атайды. Онда 22 таңба болған. Бұлардың әрқайсысы жеке дауыссыз дыбыстарды таңбалаған. Олар өздерінен кейінгі дауысты-дауыссыз-дыбыстық жазу жүйелерінің жасалуына негіз болды (біз бұл жерде дауысты-дауыссыз-дыбыстық жазу деп - тек дауыссыздарды ғана емес, сонымен бірге, дауысты дыбыстарды да жеке таңбалармен белгілеген жазуды айтып отырмыз).

Әріп жазуы бір елден екінші елге ауысып отырған. Мәселен, жоғарыда аталған финикий әліпбиінің негізінде грек әліпбиі, грек әліпбиінің негізінде бүкіл Батыс Еуропа халықтарының әліпбиілері жасалды. Ал шығыс халықтарының (араб, Иран, еврей т.б.) жазуы арамей әліпбиінің негізінде пайда болды.

Ескерте кететін  нәрсе, әліпби бір халықтан екінші халыққа ауысқан кезінде негізінен әр тілдің дыбыстық ерекшеліктерін көрсететін қосымша әріптерді қосьш альш отырған. Мысалы, грек әліпбиінің негізінде жасалған славян әліпбиін түзу үстінде ағайынды Кирилдер (863 — жылы) гректерден 24 әріп алған да, оның үстіне славян тілдерінің ерекшеліктерін көрсететін 19 әріпті қосқан (сонда бәрі 43 әріп). Сөйтіп, олар грек жазуын өз тілдеріне дәл келетіндей етіп ыңғайластырған. Орыс әліпбиі осы аталған славян әліпбиінің заңды жалғасы болып саналады.

Ал Батыс Еуропа халықтарының латынға негізделген әліпбилері жайында мұны айта алмайсың. Өйткені олар тілдерінің дыбыстық құрамының әр түрлі болуына қарамастан, байырғы латын әліпбиін сол күйінде, яғни ешбір өзгеріссіз, толықтырусыз қабылдаған. Бұлардың үстіне әліпби иелері тек W. J деген екі-ақ жартылай дауысты дыбыстың әрпін қосқан. Соның салдарынан Батыс Еуропа тілдерінің дыбыстық құрамы мен әліпбиінің арасында алшақтық пайда болды. Мысалы, ағылшын тілінде (дифтонгтарды қоспағанда) — 15 дауысты, 15 дауыссыз, француз тілінде - 17 дауысты, 18 дауыссыз, неміс тілінде - 16 дауысты, 21 дауыссыз дыбыс бар. Дыбыстардың осыншама мол түрін белгілейтін әлгі тілдердің әліпбиінде тек 26 ғана әріп қолданылады. Оның алтауы дауыстыларды, жиырмасы- дауыссыздарды таңбалайды. Аталған тілдердегі біраз сөздердің бір түрлі жазылып, екінші түрлі айтылатын себебі сондықтан. Мәселен, ағылшын тілінде And you (Сіз ше?) дегеннің айтылуы — Энд ию (ию).

Түркі халықтары болса, оған дейін сына жазуын пайдаланып келгенімен орта ғасырдан бастап араб әліпбиін қолдана бастады. Қазақ тіл білімінің негізін калаушы А.Байтүрсынов оны 1910-15 жылдары өз тілімізге ыңғайлап, кайта жасаған болатын. Әріптердің ұзын саны - 28 ғана. Амал не, қүйтұрқы саясаттың кесірінен ол әліпбиіміз 1929 жылы латынға, ал 1940 жылы кирилицаға көшірілді. Сөйтіп, қысқа уақыттың ішінде біздің әліпбиіміз өз еркімізден тыс бір емес, әлденеше рет өзгеріске ұшырады. Бұл, әрине, жазу- сызуымыздың дамуына, қалыптасуына кесірін тигізбей калған жоқ.

Қысқасы, әріп (дыбыс) жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін маңызы орасан зор болды. Өйткені бұл жазу - жазу жүйелерінің ішіндегі ең ыңғайлысы. Тілдердің қайсысында болса да, ондағы сөздердің саны мен буын санынан дыбыстардың саны әлдеқайда аз. Осыған орай, әдетте, дыбыстарды таңбалау үшін 20-дан 40-қа дейінгі таңбаның өзі жеткілікті болады. Әріп таңбаларының мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйренуді жеңілдетеді. Бұл жазу, әсіресе, сөздердің дыбыстық жағы мен олардың грамматикалық формаларын дәлме-дәл беруде өте-мөте қолайлы.

Қорыта келгенде, жоғарыда айтылғандардан жазудың бірнеше  түрлерінің бар екендігін және олардың ұзақ тарихы болғандығын көреміз. Сонымен бірге, жазу өте ерте замандарда шығып, мыңдаған жылдар бойы біртіндеп өзгеріп, дамып, жетіліп отырғандығын байқауға болады.

 

11. Он бірінші  дәріс   Лексикография

Лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Сөзддіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдарды жинау және оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы лесикографиялық жұмыс деп аталады. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әр түрлі сөздіктерді жасау лексикологияны және лексикографияның теориясы мен практикасын жете білуді қажет етеді.

Лексикография теориясы әр түрлі сөздіктерді жасау жұмыстарының тәжірибелерін ғылыми тұтғыдан қорытындылаудың  негізінде және лексикологиялық  зерттеулер мен олардың жетістіктерін  таяныш етудің негізінде жасалады. Сөздіктерді жасау жұмысынды, олардың  сапасын арттыруда лексикография  теориясының маңызы айрықша.

Сөздіктерде сөздерге әр түрлі  жақтан сипаттама (мінездеме) беріледі. Осыған орай, лексикографиялық жұмысқа  тіл білімінің әр түрлі салаларының, мысалы, лексикологияның (оның ішінде семасиология мен фразеологияның), грамматиканың және стилистиканың  сөздерге мінездеме беру тұрғысынан қатысы келіп туады.

Сөздіктердің тіл - тілде  бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы  әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктержасалу  мақсатына қарай бірнеше түрге  бөлінеді.

1. Сөздіктердің ішінде  тілдің лексикасының шығуын, дамуын  және оның бірнеше дәуірін  қамтып сипаттайтын түрі бар.  Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер  деп аталады. Керісінше, сөздіктердің  кейбір түрі қазіргі тілде  жаппай және жиі қолданылатын  сөздерді қамтып, оларға талдау  жасап, сипаттама беруді мақсат  етеді. Мұндай сөздіктер қазіргі  тілдің сөздіктері (современные  словари) деп аталады.

2.Сөздіктердің белгілі  бір түрі тілдегі күллі сөздерді  түгел қамтып сипаттауды мақсат  етеді. Мұндай сөздік толық сөздік (полный словарь) деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуіріндегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік (неполный словарь) деп аталады. Сөздіктердің бұл түріне арнаулы сөздіктерді де (мысалы, терминологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік және т. б.) жатқызуға болады.

  1. Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: олардың алғашқысы - бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі - екі тілдік немесе көп тілдік аудапрма сөздіктер.
  2. Сөздіктер оларда берілген сөздердің алфавит тәртібімен көрселілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет - ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1. дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2. идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі (понятийный словарь).

Сонымен, сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға  болады.

I. Сөздердің шығу тегі  мен олардың семантикасының дамуы  туралы мағлұмат беретін сөздіктер.  Бұларға жататындар: 1. Этимологиялық  сөздік. 2. Тарихи сөздік

II. Қазіргі тілдердегі  сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат  беретін сөздіктер. 1. Түсіндірме  сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық  сөздік. 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер  сөздігі.

III. Сөздердің дыбыстық  құрылысы мен олардың жазылуы  туралы мағлұмат беретін сөздіктер. 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық  сөздік.

IV. Заттар мен құбылыстардың  ұғымдарын айқындап түсіндіретін  сөздіктер. 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративті сөздік.

Енді лингвистмкалық сөздіктердің әрқайсысына арнайы тоқталайық.

 

11.1 Түсіндірме  сөздік

Түсіндірме сөздік қазіргі  әдеби тілдегі жиі және жалпылама  қолданылатын сөздерді қамтып, олардың  мағынасын талдап, түсіндіруді мақсат етеді.

Информация о работе Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары